Қаржыландыру көздеріне қарамастан, мемлекеттік сараптама ұйымы орындайтын құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама бойынша сараптама жұмыстар жүргізудің бағаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 167 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 сәуірде № 10631 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 780 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 21.12.2015 № 780 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы сәулет, кала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 64-2 бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қаржыландыру көздеріне қарамастан, мемлекеттік сараптама ұйымы орындайтын құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама бойынша сараптама жұмыстар жүргізудің бағалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                  Е. Досаев

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 ақпандағы 
№ 167 бұйрығымен бекітілген

Қаржыландыру көздеріне қарамастан мемлекеттік сараптама ұйымы орындайтын құрылыс жобаларына кешенді ведомстводан тыс сараптама бойынша сараптама жұмыстарын жүргізуге арналған бағалар

ЖІЖ құны (2001 жылғы базалық баға деңгейіндегі ҚҚС-сыз), млн. теңге

Құрылыс жобаларының кешенді ведомстводан тыс сараптама бойынша сараптама жұмысын жүргізу құны (2015 жылғы ағымдағы бағадағы, ҚҚС-сыз), мың теңге

1

2

0,098 дейін

51,14

0,36

187,34

0,72

356,82

1,44

674,88

2,16

881,98

3,60

1 075,40

5,76

1 291,24

6,48

1 351,66

9,36

1 559,52

12,24

1 730,90

15,12

1 878,72

18,00

2 010,96

20,88

2 129,90

29,52

2 436,94

36,00

2 632,26

54,00

3 081,80

72,00

3 446,22

108,00

4 034,84

144,00

4 512,12

216,00

5 282,38

324,00

6 088,36

432,00

6 669,38

547,20

7 189,22

648,00

7 586,32

792,00

8 085,26

936,00

8 526,06

1 080,00

8 924,30

1 224,00

9 286,06

1 368,00

9 620,08

1 512,00

9 930,92

1 656,00

10 222,00

1 800,00

10 495,98

      Ескерту:
      1. 1-бағанда 2001 жылғы базалық бағадағы ҚҚС-сыз жобалау-іздестіру жұмыстарының (бұдан әрі - ЖІЖ) құны келтірілген.
      2. 2-бағанда 2015 жылғы ағымдағы бағадағы (ҚҚС-сыз) кешенді ведомстводан тыс сараптама құны келтірілген.
      3. Кешенді ведомстводан тыс сараптаманың кестеде көрсетілмеген аралық мәндегі құны желілік интерполяциялау тәсілінің көмегімен анықталады.
      4. ЖІЖ-нің құны 1 800 млн. теңгеден астын жобалар үшін (2001 жылғы базалық деңгейдегі бағадағы ҚҚС-сыз) кешенді ведомстводан тыс сараптама құны:
      Қквс = ЖҚбк х УН, мұндағы:
      Қквс - кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу құны, теңгеде;
      ЖҚбк - мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асыратын сараптама жүргізудің бір адам-күнінің жоспарлы құны, теңгеде;
      УН - мемлекеттік сараптама жүргізуге арналған уақыт нормалары, адам-күнде.
      Мемлекеттік сараптама ұйымы жүзеге асыратын 2015 жылға арналған сараптама жүргізудің бір адам - күнінің жоспарлы құны ҚҚС-сыз 3800 теңге құрайды және мынадай формула негізінде есептеледі:

      ЖҚбқ = __ЖШ___ х (1 + КН), мұндағы:
             ШАСхКК

      ЖШ - мемлекеттік сараптама жүргізуге жиынтық жоспарлы шығындар;
      «Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 178 бұйрығында (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 қаңтарда № 10150 тіркелді)) көзделген қағидаттарды қолданумен қызмет көрсетуге арналған жоспарлы шығындары.
      ШАС - Мемлекеттік сараптама ұйымының Даму жоспарына сәйкес жоспарланып отырған кезеңге Мемлекеттік сараптама ұйымының өндірістік және әкімшілік-басқару песроналының штаттық санының жиынтығы, адам;
      КК - жоспарланып отырған кезеңге жылына күнтізбелік күн саны, күндерде;
      КН - кіріс нормасы, пайызбен.
      ЖІЖ құны 1 800 млн. теңгеден асатын (2001 жылғы базалық баға деңгейінде ҚҚС-сыз) жобаларға сараптама жүргізу үшін уақыт нормасын анықтау:
      УН = ЕС + 0,1 ЕС.
      ЕС = 142,5 Х0,382, мұндағы:
      ЕС - сараптама жүргізудің еңбек сиымдылығы, адам-күнмен;
      X - ЖІЖ құны (2001 жылғы базалық баға деңгейінде ҚҚС-сыз), млн. теңге.