РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 қаңтардан бұрын емес қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 28 желтоқсан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 26 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 1-1/1069 бұйрығымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл
шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған
шығындарын субсидиялау қағидалары 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одағы (бұдан әрі – тексеру одағы) – коммерциялық емес ұйым нысанында құрылған және оған кіретін ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қаржы-шаруашылық қызметінің ішкі аудитін, осы қызметті үйлестіруді, тексеру одағының мүшелеріне ішкі аудитке ілеспе қызметтер көрсетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, тексеру одағының құрылтай құжаттарында көзделген өзге де қызметті жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ерікті бірлестігі;
2) ішкі аудит қорытындысы – кооператив мүшелеріне және кооперативтің бухгалтерлік есептілігін өзге де пайдаланушыларға арналған және тексеру одағының кооперативтің бухгалтерлік есептілігінің дұрыстығы, кооперативтің бухгалтерлік есептілікті жүргізу тәртібінің заңнамаға сәйкестігі, кооперативті басқару органдарының жарғының және заңнаманың ережелерін сақтауы туралы белгіленген нысанда білдірген пікірін, сондай-ақ кооперативтің, кооперативтер одағының қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін нашарлатуға немесе олардың дәрменсіздігіне (банкроттығына) әкеп соғуы мүмкін анықталған бұзушылықтар туралы деректерді қамтитын ресми құжат.
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) жыл сайын ағымдағы жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне қажетті ақпаратты қоса бере отырып, алдағы қаржы жылына арналған субсидиялау сомаларына деген болжамды қажеттілікті ұсынады.
2. Субсидияларды алушылар
4. Субсидиялар ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын өтеу үшін тексеру одақтарына төленеді.
3. Субсидиялар алу шарттары
5. Мыналар:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімнің болуы;
2) оған (оларға) қатысты өтінім берілген ауыл шаруашылығы кооперативі (-тері) ішкі аудитінің ағымдағы жылы берілген қорытындысының (-ларының) болуы;
3) оған (оларға) қатысты өтінім берілген Ауыл шаруашылығы кооперативінің (-терінің) ішкі аудитін жүргізуге ағымдағы жылы субсидиялар төлеудің болмауы субсидиялар алудың шарттары болып табылады.
4. Субсидияларды есептеу тәртібі
6. Субсидиялауға өтінім берілген сәт есебімен бір ауыл шаруашылығы кооперативінің ішкі аудитін жүргізуге кеткен 130 (жүз отыз) АЕК (айлық есептік көрсеткіш) көлеміндегі шығындар жатады.
5. Субсидияларды төлеу тәртібі
7. Тексеру одағы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі – бөлім) немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың басқармасына (бұдан әрі – басқарма) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.
8. Бөлім немесе басқарма тексеру одағы өтінім берген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде оның осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді. Шарттарға сәйкес болған жағдайда субсидиялар төлеу туралы, ал сәйкессіздік жағдайында субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
9. Субсидиялар төлеу туралы шешім қабылданған күннен бастап – бөлім немесе басқарма 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тексеру одағының шотына субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады, субсидияларды төлеуден бас тартқан жағдайда тексеру одағын субсидиялар бермеу себептерін көрсете отырып, жазбаша хабардар етеді.
6. Субсидиялау бойынша есептілік
10. Бөлім есепті айдан кейінгі айдың 3 күніне дейінгі мерзімде басқармаға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы жиынтық ақпарат ұсынады.
11. Басқарма есепті айдан кейінгі айдың 5 күніне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы жиынтық ақпаратты ұсынады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының интернет-ресурсында орналастырады.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің
тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау қағидаларына 1-қосымша
Нысан
____________________________________________________________облысының
(ауданның,облыстың, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы
бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Өтінім
Жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудиті үшін
ауыл шаруашылығы кооперативтері тексеру одақтарының шығындарын
________ теңге сомасына субсидиялау жүргізуді сұраймын.
Субсидиялау шарттарына сәйкестікті растайтын мәліметтер:
р/с |
Деректер көзі* |
Қажетті мәліметтер |
Деректер |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама |
тіркеу нөмірі |
|
тіркеу күні |
|||
атауы |
|||
орналасқан жері |
|||
мемлекеттік тіркеу күні |
|||
кім берді |
|||
2. |
Тексеру одағының ағымдағы шотының бар-жоғы туралы екінші деңгейдегі банктiң немесе ұлттық почта операторының анықтамасы |
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) |
|
Бенефициар коды (КБЕ) |
|||
Банктің немесе почта операторының деректемелері: Банктің немесе почта операторының атауы: |
|||
Банктік сәйкестендіру коды (БСК) |
|||
Жеке сәйкестендіру коды (ЖСК) |
|||
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) |
|||
Бенефициар коды (Кбе) |
|||
3. |
Ішкі аудит жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама** |
тіркеу нөмірі |
|
тіркеу күні |
|||
атауы |
|||
орналасқан жері |
|||
мемлекеттік тіркеу күні |
|||
кім берді |
|||
4. |
Ішкі аудит қорытындысы |
қорытынды берілген күн |
Ескертпе:
* Өтінім берушіден аталған құжаттардың түпнұсқаларын және
көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.
** Жоғарыда баяндалған кестенің 3 және 4-жолдарындағы
мәліметтер ішкі аудитіне арналған шығындарды субсидиялауға осы өтінім
берілген әрбір ауыл шаруашылығы коперативі үшін толтырылады.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес
мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын.
Басшы ______ ________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын
құжатта бар болса))
Бас бухгалтер (бар болса) ______ ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (жеке
басын куәландыратын құжатта бар болса))
Мөр орны
20__жылғы «___»______________
Өтiнiм 20__жылғы «___»____________қарауға қабылданды.
________ ___________________________________________________________
(қолы) (өтiнiмді қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің
аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса))
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің
тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау қағидаларына 2-қосымша
Нысан
_______________ ауданының, облыстың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың ___ жылғы ______ бойынша субсидиялау туралы
(ай)
жиынтық ақпараты
р/с |
Ауданның атауы |
Өтінім берген тексеру одағының атауы |
Бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) |
Заңды мекенжайы |
Ішкі аудит жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау бойынша өтінім берілген ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны |
Өтінім берілген және олар бойынша субсидия төлеу туралы шешім қабылданған ауыл шаруашылығы кооперативтерінің саны |
Төленген субсидиялардың сомасы (теңге) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Жиыны: |
______________________________________________________________басшысы
(облыстың (ауданның), облыстық маңызы бар, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы
басқармасының (бөлімінің) толық атауы)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар
болса), қолы)
Мөр орны