Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12599 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Камералдық бақылау жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 598 бұйрығымен
бекітілген

Камералдық бақылау жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Камералдық бақылау жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағида) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 9) тармағына сәйкес әзірленді және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның камералдық бақылауды жүргізу тәртібін айқындайды.

      Осы Қағиданың мақсаттары үшін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган деп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган деп қазынашылық органдары ұғынылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 25.10.2016 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) камералдық бақылау – ақпараттық жүйелер деректерін, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстырып тексеру негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісіне (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектісі) бармай Комитет және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асыратын бақылаудың өзге нысаны;

      2) тәуекелдердi басқару жүйесi - тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруды және мемлекеттік аудитті жүргізуді, бар тәуекелдер жиынтығын жан-жақты талдауды, оларды біріздендіру мен бағалауды, ден қою шараларын әзірлеу және қабылдауды, қабылданған шаралар нәтижелерінің тиімділік мониторингін қоса алғанда, мемлекеттік аудиттің анағұрлым басым бағыттарына ресурстарды таңдау, оңтайлы бөлу қағидаттарына негiзделген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де қызметін қамтамасыз ететін әкiмшiлiк ету жүйесi;

      3) тәуекел – Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтамаудың, мемлекеттік аудит объектiсiне оқиғаның немесе iс-қимылдың тигiзетiн жағымсыз әсерiнiң ықтималдылығы, ол қаржылық бұзушылықтарға, бюджет қаражатының ұрлануына (ысырап болуына) әкелiп, мемлекетке экономикалық зиян шектiруi мүмкiн, сондай-ақ бағдарламалық құжаттарда және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында қарастырылған нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізбеу және толық көлемде орындамаудың ықтималдығы;

      4) тәуекелдер бейіні (бұдан әрі - бейін) - мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы мәліметтерді талдау жолымен айқындалатын және белгілі бір бұзушылықтарды анықтау мақсатында әзірленетін деректерді таңдау талаптарының жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 25.10.2016 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы Қағидада пайдаланылатын басқа да ұғымдар Заңда айқындалатын мәндерде қолданылады.

      4. Камералдық бақылауды Комитет және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстырып тексеру жолымен, сондай-ақ тәуекелдердi басқару жүйесiн қолдану нәтижелері бойынша, Заңның 30 бабына сәйкес және осы Қағидада белгіленген тәртіпте мемлекеттік аудит объектісіне бармай тұрақты негізде жүргізеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 25.10.2016 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Камералдық бақылау жүргізудің мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, мемлекеттік аудит объектісіне камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

      6. Мемлекеттік аудит объектілеріне бұзушылықтарды дербес жою құқығын беру үшін камералдық бақылау тек салдарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоюға болатын бұзушылықтар бойынша жүргізіледі.

2-тарау. Камералдық бақылау жүргізу тәртібі
1-параграф. Бейіндерді әзірлеу және бекіту

      7. Комитеттің тиісті бөлімшесі бейінді жасау үшін бұзушылықтарды айқындау мақсатында жан-жақты талдау жасайды.

      8. Бейінді әзірлеу белгілі бір бұзушылықты барынша растай отырып, мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру үшін деректерді таңдау талаптар жиынтығын айқындауды қамтиды.

      9. Әзірленген бейінді Комитеттің Төрағасы бекітеді.

      10. Камералдық бақылау жүргізу барысында бұзушылықтарды анықтау бекітілген бейіндер арқылы жүзеге асырылады.

2-параграф. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу және орындау тәртібі

      11. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда Комиет және оның аумақтық бөлімшелері бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтарды сипаттай отырып, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама (бұдан әрі - хабарлама) ресімдейді және мемлекеттік аудит объектілеріне жібереді.

      12. Хабарлама мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс Хабарламаларды тіркеу журналында міндетті тіркелуге жатады: реттік нөмірі, хабарлама нөмірі, хабарламаны тіркеу нөмірі, мемлекеттік аудит объектісінің атауы, мемлекеттік аудит объектісінің ЖСН/БСН, заңнама нормаларын бұзушылық, ұсыну тәсілі, жіберілген күні, ұсыну күні.

      13. Мемлекеттік аудит объектісі Хабарламаны орындауды ол ұсынылған (алғаннан) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      14. Хабарлама мынадай жағдайларда орындалды деп танылады:

      1) келіскен жағдайда – осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес хабарлама жіберген Комитетке немесе аумақтық бөлімшеге қағаз немесе электрондық тасығышта бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды міндетті түрде ұсына отырып, хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жою;

      2) келіспеген жағдайда – мемлекеттік аудит объектісі Заңының 37-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ұсынған қарсылықты қарау нәтижелері бойынша Комитеттің оң қорытындысы.

      Мемлекеттік аудит объектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны жіберген Комитеттің аумақтық бөлімшесін бір мезгілде хабардар ете отырып, Комитетке хабарлама берілген (алған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес қарсылық жіберуге құқылы.

      Егер қарсылықты ұсынған тұлға хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуі үшін негіз ретінде растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда, онда мұндай құжаттардың көшірмелері қарсылыққа қоса беріледі.

      Қарсылықты қарауды Комитет оны алған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес қорытынды ресімделеді.

      Егер, қарсылықты қарау барысында уәкілетті органның қорытындылары қажет болған жағдайда, Комитет тиісті сұратуларды жолдайды.

      Қарсылықты қарау мерзімі тиісті Комитеттің уәкілетті органдарға сұратуларды жолдаған уақыттан бастап жауап алған уақытқа дейін тоқтатыла тұрады.

      Егер Комитет қарсылықты қарау барысында хабарламада көрсетілген бұзушылықтардың жоқтығы анықталса, қорытынды оң деп танылады, бұл ретте хабарлама орындалған болып саналады.

      Егер қарсылықты қарау барысында хабарламада көрсетілген бұзушылықтар қайта расталатын болса, мұндай хабарлама орындалған болып саналады, ал бұзушылық жоюға жатады, бұл ретте қорытынды теріс деп танылады.

      Хабарламаны орындау мерзімі қарсылықты қарау кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      Қарсылықты қарау кезеңі Комитетке қарсылық келіп түскен сәттен басталады және мемлекеттік аудит объектісіне тиісті қорытынды беру сәтіне дейін болады.

      Қорытынды Қорытындыларды тіркеу журналында міндетті түрде тіркелуге жататын мынадай: реттік нөмірі, қорытындының тіркеу (бекіту) күні, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауы, мемлекеттік аудит объектісінің атауы, мемлекеттік аудит объектісінің ЖСН/БСН, хабарламаның нөмірі мен күні, қаралып жатқан қарсылықтың нөмірі мен күні, қарсылықты қараған лауазымды тұлғаның аты-жөні, қарсылықты қарау нәтижелері, ұсыну тәсілі, алған күні мәліметтерін қамтуға тиіс.

      Қарсылықты қарау нәтижелері туралы қорытынды мемлекеттік аудит объектісіне қорытындыны тіркеген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 25.10.2016 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Хабарлама, қорытынды мемлекеттік аудит объектісіне жеке қол қойдырып немесе жіберу мен алу фактісін растайтын өзге тәсілмен ұсынылады.

      Бұл ретте мынадай жағдайларда төменде көрсетілген тәсілдермен жіберілген хабарлама, қорытынды мемлекеттік аудит объектісіне берілді деп есептеледі:

      1) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы – мемлекеттік аудит объектісінің пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына, қорытындысына белгі қою күнінен бастап;

      2) электрондық тәсілмен – хабарламаны, қорытындыны адресатқа бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесінде жеткізу күннен немесе мемлекеттік аудит объектісіне хабарламаны, қорытындыны мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жеткізу күнінен бастап.

      16. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен қазынашылық органдарда ашық шоттары бойынша, Заңның 32-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.

3-параграф. Мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен қазынашылық органдарда ашық шоттары бойынша, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

      17. Мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен қазынашылық органдарда ашық шоттары бойынша, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды Комитет Заңның 31-бабы 2-тармағында көрсетілген мерзім аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін жүргізеді.

      18. Мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен қазынашылық органдарда ашық шоттары бойынша, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы Комитеттің өкімі (бұдан әрі - өкім) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілеген нысан бойынша шығарылады және қазынашылық органы, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшіне енеді.

      19. Комитет мұндай өкімді қазынашылық органдарына, банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз тасығышта немесе ақпараттық-коммуникациялық желілер бойынша беру арқылы электронды түрде жібереді.

      Өкім мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс Тіркеу журналында міндетті тіркелуге жатады: реттік нөмірі, өкім нөмірі, өкім күні, өкім мәртебесі, жіберу тәсілі, мемлекеттік аудит объектісінің ЖСН/БСН, мемлекеттік аудит объектісінің атауы, қазынашылық органының, банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, қабылдамау/бас тарту себебі, қабылдамау/бас тарту күні, күшін жою себебі, күшін жою нөмірі, күшін жою күні, күшін жою мәртебесі.

      20. Өкімді қазынашылық органдары, банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар сөзсіз орындауы тиіс.

      21. Өкімді Комитет мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен қазынашылық органдарда ашық шоттары бойынша, сондай-ақ банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себептері жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей қазынашылық органдарына, банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өкімнің күшін жою туралы құжатты жіберу арқылы күшін жояды.

      Өкімнің күшін жою туралы құжат ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауын және БСН, мемлекеттік аудит объектісінің атауын және БСН, оның негізінде мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтата тұрылған өкімнің нөмірі мен күнін, ол бойынша шығыс операцияларын қайта бастау қажет мемлекеттік аудит объектісінің коды мен шоттарының нөмірін, Комитет Төрағасының не оның орнын ауыстыратын адамның қолын қамтиды, Комитеттің елтаңбалы мөрімен куәландырылады.

      22. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен қазынашылық органдарда ашық шоттары, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектісінің банк шоты жабылған жағдайда қазынашылық органы, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өкімді Комитетке қайтарады.

3-тарау. Камералдық бақылау нәтижелерін есепке алу және есептілігі

      23. Камералдық бақылау материалдары есеп жүргізу және есептілік, сондай-ақ тәуекелдердi басқару жүйесiн қолдану мақсатында "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің "Қаржылық бақылау. Тәуекелдерді басқару жүйесі" кіші жүйесінде жинақталады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 25.10.2016 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Комитет мемлекеттік құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнама талаптарының қамтамасыз етілуін ескере отырып, камералдық бақылау нәтижелерінің жариялануын қамтамасыз етеді.

  Камералдық бақылау
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою

      туралы хабарлама

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 25.10.2016 № 564 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20___ жылғы "____" __________№ _________

      _______________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауы)

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 30-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылдағы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 11-тармағына сәйкес 20 ______ жылғы "____" ____________ анықталған бұзушылықтарды

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісінің атауы, орналасқан жері, БСН)

      хабардар етеді.

      Заңның 31-бабы 2-тармағына сәйкес Сізге осы хабарламаны оны берген күннен (алғаннан) кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындау қажет.

      Мынадай жағдайларда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалды деп танылады:

      келіскен жағдайда – осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес хабарлама жіберген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетке (бұдан әрі - Комитет) немесе аумақтық бөлімшеге қағаз немесе электрондық тасығышта бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды міндетті түрде ұсына отырып, хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жою;

      - келіспеген жағдайда – мемлекеттік аудит объектісінің Заңның 37-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ұсынған қарсылықты қарау нәтижелері бойынша Комитеттің оң қорытындысы.

      Қағиданың 14 тармағына сәйкес, мемлекеттік аудит объектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны жіберген Комитеттің аумақтық бөлімшесін бір мезгілде хабардар ете отырып, Ішкі мемлекеттік аудит комитетке хабарлама берілген (алған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес қарсылық жіберуге құқылы.

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен қазынашылық органдарда ашық шоттары бойынша, Заңның 32-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға, сондай-ақ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.

      Заңның 60-бабына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы бар қосымша ___ парақта.

      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті

      органның басшысы

      __________________________________________________ __________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

      Мөр орны

      (болған жағдайда)

      Хабарламаны алдым

      __________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, күні)

      Мөр орны

      (болған жағдайда)

  Камералдық бақылау жүргізу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      ___________________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауы)

      Хабарламаны орындау туралы ақпарат

      Осымен_________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісінің атауы, БСН)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (хабарламада көрсетілген бұзушылық)

      бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған

      ____________________________________________________________________

      (хабарламаны жіберген ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті

      органның атауы)

      20__ жылғы _____ _____________ № ___хабарламасын қарап шығып,

      жоғарыда көрсетілген бұзушылықтармен келісетінін және қазіргі уақытта

      жойылғанын хабарлайды.

      _____________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (бұзушылықтардың жойылғаны туралы мәліметтер)

      ____________________________________________________________________

      (қоса берілген құжаттардың тізбесі)

      Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы

      ___________________________________________ __________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)

  Камералдық бақылау жүргізу
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      ____________________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауы)

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою

      туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтарға қарсылық

      Осымен

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісінің атауы, БСН)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (хабарламада көрсетілген бұзушылық)

      бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған

      ____________________________________________________________________

      (хабарламаны жіберген ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті

      органның атауы)

      20__ жылғы_____ _____________ № ___хабарламасын қарап шығып, жоғарыда

      көрсетілген бұзушылықтармен мынадай негіздер бойыншща келіспейтінін

      хабарлайды

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қарсылықты ұсынған өкілдің хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен

      келіспеу үшін негіз болып табылатын жағдаяттардың сиппатамасы)

      ____________________________________________________________________

      (қоса берілген құжаттардың тізбесі)

      Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы

      _______________________________________________ ____________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)

  Камералдық бақылау жүргізу
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

      __________________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауы)

      Қорытынды

      20___ж.___________ №______

      _____________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауы)

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20___ жылғы_______________

      № _______ бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу

      қағидаларының 14-тармағына сәйкес

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      _______ бұзушылықтары анықталған

      __________________________________________________________________

      (хабарламаны жіберген ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті

      органның атауы)

      20___ жылғы_______________ № _______хабарламасына

      __________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісінің атауы, БСН)

      20___ жылғы_______________ № _______ қарсылығын қарап шығып, мынаны

      хабарлайды.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _________________________________________________________

      Осыған байланысты Қорытынды______________________деп танылады.

      (оң/теріс)

      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі

      уәкілетті органның басшысы

      ________________________________________________ __________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) (қолы)