Ішкі істер органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 977 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12598 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 10-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ішкі істер органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
      2. Мына:
      1) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығының 1-тармағы 4) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 20 тамыздағы № 379-383 (26777) сандарында, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2011 жылғы № 31 санында жарияланған (тираждың шыққан күні 2011 жылғы 30 қараша);
      2) «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 71 бұйрығының 1-тармағының 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21-абзацтарының (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10365 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

Қазақстан Республикасы  
Ішкі істер министрінің  
2015 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 977 бұйрығымен бекітілген

Ішкі істер органдарының кадр резервін қалыптастыру, кадр
резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын
талаптарды және кадр резервіне қойылған қызметкерлердің
ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Кадр резерві ішкі істер органдарында (бұдан әрі - ІІО) кадр резервін қалыптастыру және ІІО-дағы бос басшы лауазымдарды сапалы жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында құрылады.
      2. Кадр резервіне қойылған қызметкерлер бос лауазым болған, біліктілік талаптарға сәйкес келген жағдайда олардың келісімі бойынша үш жылдың ішінде тиісті санаттағы лауазымға тағайындалады.

2. Кадр резервін қалыптастыру

      3. Кадр резерві әрбір ІІО-да ішкі істер органдары және жоғары тұрған органдар номенклатурасы сияқты кейіннен бос басшы лауазымдарға жоспарлы негізде орналастыру үшін ауыстыруға жататын, әрбір лауазымға кемінде екі үміткер есебінен қалыптастырылады.
      4. Кадр резерві:
      1) аттестаттау нәтижесі бойынша басшы лауазымдарға жоғарылатуға ұсынылған;
      2) қызметтік міндеттерін атқару кезінде не арнайы тапсырмаларды орындау кезінде ұйымдастырушылық қабілетін танытқан қызметкерлерден ІІО бөліністерінің тікелей басшыларының ұсынымдары негізінде, бәсекеге қабілеттілігі көрсеткішін есепке ала отырып, қалыптастырылады.

3. Кадр резервіне қойылатын қызметкерлердің біліктілігіне
қойылатын талаптар

      5. Кадр резервіне қою үшін кандидаттарды іріктеу кезінде Қазақстан Республикасы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес ішкі істер органдарының лауазымдар санатына қойылатын біліктілік талаптар сақталады, сондай-ақ мыналар:
      1) қызметкердің бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші;
      2) болжанған қызмет түрі бойынша тиісті кәсіптік даярлығының және жұмыс тәжірибесінің болуы;
      3) тиісті басшылар санаттарының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді білуі;
      4) денсаулық жағдайы;
      5) кәсіптік қайта даярлау мен біліктілігін арттыру нәтижелері ескеріледі.

4. Кадр резервіне қою

      6. Адамдарды кадр резервіне қою осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімін оларды тізімге қосу арқылы жүргізіледі.
      7. Қызметкердің кадр резервінде тұру мерзімі үш жылдан аспауға тиіс.
      8. Аттестаттау комиссиясының хаттамасы, осы Қағидаларға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр резервіне қою туралы ұсынымы, қызметкердің қызметтік тізімі, қызметтік мінездеме мен өзіндік қауіпсіздік бөліністері берген беделіне кір келтіретін мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама кадр қызметіне жолданады.
      9. Қызметкерге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін тәртіптік жазалау шарасы қолданылған жағдайларда, ол кадр резервінен шығарылады.
      10. Кадр резервінен шығару осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр резервінен шығарылған қызметкерлер тізімін жасау арқылы ресімделеді.
      11. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кадр резервінен шығару туралы ұсынымы, қызметкердің қызметтік тізімі, қызметтік тергеу материалдары, тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың көшірмесі кадр қызметіне жолданады.

5. Ішкі істер органдарының кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық деректер банкімен жұмыс істеуі

      12. Тиісті лауазымдар санаты бойынша кадр резервіне қойылған және шығарылған қызметкерлердің тізімдері ІІО уәкілетті басшысымен бекітіледі және ведомстволық деректер банкіне енгізіледі.
      13. Ведомстволық деректер банкі кадр резервіне қойылған қызметкерлер туралы мәліметті қамтиды және автоматтандырылған ақпараттық жүйе негізінде жұмыс істейді.
      14. ІІО кадр қызметтері кадр резервіне қойылған қызметкерлердің ведомстволық деректер банкін олардың бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін көрсете отырып, жүргізеді.
      15. ҚАЖК, ТЖК, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының ІІД, КІІД, ҚАЖД, ТЖД, ІІМ білім беру ұйымдары және ішкі істер органдарының бөліністері мен мекемелерінің кадр қызметтері электрондық нұсқада кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімдерін комитет төрағалары мен аумақтық ІІО бастықтарының лауазымдар номенклатурасы бойынша қалыптастырады.
      16. Ақпараттың толықтығы мен шынайылығы, кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімдерінің уақтылы жаңартылуы үшін жауапкершілік кадр қызметіне жүктеледі.
      17. Автоматтандырылған ақпараттық жүйедегі қызметкерлердің қызметтік тізімінде кадр резервіне қойылған күні туралы жазба лауазымдар санатын көрсете отырып, шығады.
      18. Кадр резерві туралы ақпарат автоматтандырылған ақпараттық жүйеде жинақталады.

Ішкі істер органдарының кадр резервін
қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын
талаптарды және кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық деректер
банкімен жұмыс істеу қағидаларына  
1-қосымша              

Нысан

«Бекітемін»             

______________________________________

______________________________________
(тізімді бекітетін адамның лауазымы, атағы,
тегі, аты-жөні, қолы)                    
201__жылғы «___» _____________    

Кадр резервіне қойылған қызметкерлердің тізімі

р/с №

Атағы; тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде); атқарып отырған лауазымы; лауазымда қай уақыттан бері

Туған күні, білімі (қашан, нені бітірді), берілген атақта қай уақыттан бері

Лауазымның қандай санатына жоғарылатуға ұйғарылады (лауазымның санаты және атауы)

Лауазымға тағайындау туралы белгі






      Қолы _________________________
     (тізімді жасаған адамның лауазымы,
      атағы, тегі, аты-жөні және қолы)
      201__жылғы «___» ________________

Ішкі істер органдарының кадр резервін
қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын
талаптарды және кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық деректер
банкімен жұмыс істеу қағидаларына  
2-қосымша              

Нысан

Кадр резервіне қоюға
ҰСЫНЫМ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)___________________
      2. Туған күні, айы, жылы және жері ____________________________
      3. Білімі, мамандығы, біліктілігі _____________________________
      _______________________________________________________________
      4. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы_______________________________
      5. Лауазымы, тағайындау күні __________________________________
      _______________________________________________________________
      6. Бар атағы___________________________________________________
      7. Қызметкердің кәсіби, іскер және жеке қасиеттерін, сондай-ақ
қызметтік жұмысының санды өлшенетін көрсеткішін көрсете отырып,
қысқаша мінездемесі:_________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      8. _________________________________________________ лауазымына
кадр резервіне қабылдауға ұсынылады.

      ____________________________________
      (лауазымы, басшының қолы, тегі, аты,
      әкесінің аты (ол болған кезде))
      201__жылғы «___» _____________

Ішкі істер органдарының кадр резервін
қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын
талаптарды және кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық деректер
банкімен жұмыс істеу қағидаларына  
3-қосымша              

Нысан

«Бекітемін»             

______________________________________

______________________________________
(тізімді бекітетін адамның лауазымы, атағы,
тегі, аты-жөні, қолы)                    
201__жылғы «___» _____________    

Кадр резервінен шығарылған қызметкерлердің тізімі

р/с №

Атағы; тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде);

Кадр резервінде қандай лауазымда тұр

Кадр резервтен шығару себебі





      Қолы _________________________
     (тізімді жасаған адамның лауазымы,
      атағы, тегі, аты-жөні және қолы)
      201__жылғы «___» ________________

Ішкі істер органдарының кадр резервін
қалыптастыру, кадр резервіне қойылатын
қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын
талаптарды және кадр резервіне қойылған
қызметкерлердің ведомстволық деректер
банкімен жұмыс істеу қағидаларына  
4-қосымша              

Нысан

Кадр резервінен шығаруға
ҰСЫНЫМ

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)___________________
      2. Туған күні, айы, жылы және жері ____________________________
      3. Білімі, мамандығы, біліктілігі _____________________________
      4. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы_______________________________
      5. Лауазымы, тағайындау күні __________________________________
      _______________________________________________________________
      6. Бар атағы __________________________________________________
      7. Кадр резервінен шығару себебінің қысқаша сипаттамасы
      _______________________________________________________________
      8. ________________________________________________лауазымына
кадр резервінен қоюға ұсынылады.

      ____________________________________
      (лауазымы, басшының қолы, тегі, аты,
      әкесінің аты (болған кезде))

      201__жылғы «___» _____________