Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 15.04.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 224-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Келісу комиссиясы туралы ереже;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Келісу комиссиясы туралы регламент бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 746 бұйрығына 1-қосымша |
Келісу комиссиясы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Монополияға қарсы орган ведомствосының (бұдан әрі – ведомство) келісу комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың жобаларын тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды отырысқа шақыра отырып, олардың толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу фактілерінде келтірілген дәлелдемелердің сапасы тұрғысынан қарау мақсатында құрылды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2017 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен2. Комиссия ведомство жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
2. Комиссия функциялары
4. Комиссия функциялары:
1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қорытындылардың жобаларын олардың толықтығы мен онда келтірілген бұзушылықтар фактілерінің дәлелдемелері тұрғысынан қарау;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қорытынды жобасын қарау нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсынымдар енгізу және тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жұмыс үшін жіберу;
3) тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) уәжді қорытындысын қарау;
4) уәжді қорытындыны қарау нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) ескертулер мен ұсынымдар енгізу.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2020 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Комиссияның құқықтары
5. Жұмыс органының анықтамасы, тергеп-тексеру объектісі өтінішінің көшірмесі, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасы Комиссия отырысының күні белгіленгенге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірілмей Комиссия мүшелерінің назарына жеткізіледі.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.07.2017 № 276 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен4. Комиссияның қызметі
6. Комиссияны монополияға қарсы орган ведомствосының басшысы басқарады.
7. Монополияға қарсы орган ведомствосының басшысы болмаған кезде оның функцияларын оның міндетін атқарушы адам орындайды.
8. Комиссия отырыстары, егер онда комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, құқылы болып саналады.
9. Комиссия құрамы монополияға қарсы орган ведомствосы басшысының шешімімен тергеп-тексеру объектісінің әрбір өтініші бойынша жасалады.
10. Комиссия мүшелерінің саны жеті адамнан аспауға тиіс.
11. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 746 бұйрығына 2-қосымша |
Келісу комиссиясының
Регламенті
1. Келісу комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және Келісу комиссиясы туралы ережеге және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады.
2. Комиссия төрағасы монополияға қарсы орган ведомствосына (бұдан әрі – ведомство) тергеп-тексеру объектісінің өтініші түскен күннен бастап комиссия отырысының уақытын белгілейді.
3. Комиссия ведомствоға тергеп-тексеру аяқталған күнге дейін кемінде күнтізбелік жиырма күн мерзімде берілген тергеп-тексеру объектісінің өтініштерін қарамайды.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2017 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен4. Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) монополияға қарсы орган ведомствосының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
5. Жұмыс органының анықтамасы, тергеп-тексеру объектісі өтінішінің көшірмесі, Қазақстан Республикасы монополияға қарсы заңнамасының бұзушылықтарын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасы Комиссия отырысының күні белгіленгенге дейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия мүшелерінің назарына жеткізіледі.
6. Комиссия отырысы монополияға қарсы орган ведомствосы басшысының кіріспе сөзінен кейін ашық деп есептеледі.
7. Комиссия отырысы оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы болған кезде өтті деп есептеледі.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 11.04.2017 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен8. Тергеп-тексеру объектісі өкілінің қарсылықтарын қарау кезінде Комиссия мүшелері тергеп-тексеру объектісі өкілінің қарсылығын қабылдау немесе қабылдамау бойынша өз пікірін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сүйене отырып білдіреді.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2020 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Комиссия шешімі қарапайым көпшіліктің дауысымен қабылданады.
10. Дауыс беруге Комиссия мүшелерінің ғана құқығы бар.
11. Комиссияның әрбір мүшесі бір ғана дауысқа ие болады.
12. Дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасы соңғы шешімді қабылдайды.
13. Комиссия мүшелері алған мемлекеттік және коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтер жариялауға жатпайды.
14. Комиссия отырысының нәтижелері қажетті құжаттарды қоса бере отырып, хаттамамен ресімделеді.
15. Хаттамада Комиссия құрамы, шақырылған адамдар, отырыс орны, мерзімі және күні, Комиссия мүшелерінің айтқан ұстанымдары, сондай-ақ шақырылған сарапшылар болған кезде олардың пікірлері көрсетіледі.
16. Хаттама жобасын оның отырысына қатысқан Комиссия мүшелері келіседі.
17. Хаттамаға Комиссия төрағасы қол қояды және тергеп-тексеру объектісінің және тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамның (адамдардың) назарына жеткізіледі.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2020 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17-1. Тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адам (лауазымды адамдар) Комиссияның ескертулері мен ұсынымдарымен келіспеген жағдайда Комиссияның қарауына жататын уәжді қорытынды қалыптастырады.
Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.02.2020 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.18. Комиссияның материалдары мен хаттамалық шешімдерінің есебі мен сақталуын Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.