"Келісу комиссиясының ережесі мен регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 746 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 24 ақпандағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 ақпанда № 20079 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 15 сәуірдегі № 8 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 15.04.2022 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Келісу комиссиясының ережесі мен регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 746 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12593 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Келісу комиссиясы туралы ережеде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Комиссия функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қорытындылардың жобаларын олардың толықтығы мен онда келтірілген бұзушылықтар фактілерінің дәлелдемелері тұрғысынан қарау;

      2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру қорытындысы бойынша қорытынды жобасын қарау нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсынымдар енгізу және тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жұмыс үшін жіберу;

      3) тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамның (лауазымды адамдардың) уәжді қорытындысын қарау;

      4) уәжді қорытындыны қарау нәтижелері бойынша тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) ескертулер мен ұсынымдар енгізу.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Келісу комиссиясының Регламентінде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Тергеп-тексеру объектісі өкілінің қарсылықтарын қарау кезінде Комиссия мүшелері тергеп-тексеру объектісі өкілінің қарсылығын қабылдау немесе қабылдамау бойынша өз пікірін Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сүйене отырып білдіреді.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Хаттамаға Комиссия төрағасы қол қояды және тергеп-тексеру объектісінің және тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адамның (адамдардың) назарына жеткізіледі.";

      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Тергеп-тексеру жүргізетін лауазымды адам (лауазымды адамдар) Комиссияның ескертулері мен ұсынымдарымен келіспеген жағдайда Комиссияның қарауына жататын уәжді қорытынды қалыптастырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Р. Даленов