Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1123 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12587 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 13-3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                   Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика
      министрі
      _______________Е. Досаев
      2015 жылғы 10 желтоқсан

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің    
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 1123 бұйрығымен  
бекітілген     

Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi – Заң) 5-бабының 13-3) тармақшасына сәйкес әзiрленген және энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібін айқындайды.
      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы энергия аудиторының аттестаты (бұдан әрі – энергия аудиторының аттестаты) – уәкілетті орган беретін және энергия аудиторының Заңның 5-бабы 13-1) тармақшасына сәйкес бекітілген, қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкестігін растайтын құжат;
      2) аттестаттау - уәкілетті органның энергия аудиторларына қойылатын рұқсат беру талаптарына кандидаттардың сәйкестігін тексеру рәсімі;
      3) оқу орталығы - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыру құқығын аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлға;
      4) кадрлардың даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы куәлік (бұдан әрі – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында курстардан өткені туралы куәлік) оқу орталығы беретін, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және (немесе) олардың біліктілігін арттыру курстарынан өткенін растайтын ресми құжат;
      5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы  уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      6) энергия аудиторларына кандидат (бұдан әрі – кандидат) – жоғары инженерлік-техникалық білімі және қажетті жұмыс өтілі бар, аттестаудан өтуге өтініш берген жеке тұлға;
      8) энергия аудиторларының тізілімі (бұдан әрi - Тізілім) - энергия аудитін жүргізу құқығы бар энергия аудиторларының бірыңғай тізімі.

2. Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды жүргізу
тәртібі

      3. Энергия аудиторларына кандидаттарды аттестаттауды уәкілетті орган жүргізеді.
      4. Кандидат уәкілетті органға аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өту үшін мындай құжаттарды тапсырады:
      1) осы Қағидаларға 1–қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жоғары инженерлік-техникалық білімі туралы дипломның көшірмесін;
      3) энергия аудиті бағыты бойынша энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру саласындағы курстардан өткені туралы куәліктің көшірмесін;
      4) кандидаттың еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін және жалпы техникалық жұмыс өтілінің кемінде 5 (бес) жыл, оның ішінде энергия аудиторлық ұйымда кемінде 1 (бір) жыл болуын;
      5) III және одан жоғары рұқсат беру тобының электр қондырғыларындағы жұмыс қағидалары мен нормаларын білуін тексеру хаттамасының көшірмесін.
      5. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттарды кандидат тігеді, нөмірлейді, әр парағына қолын қояды.
      6. Құжаттарды қарауды және шешім қабылдауды уәкілетті орган, олар уәкілетті органға келіп түскен сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
      Бұл ретте уәкілетті орган кандидаттың құжаттары келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, уәкілетті орган 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді түрде бас тартады.
      7. Уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда, кандидатқа энергия аудиторының аттестаты беріледі.
      8. Уәкілетті орган теріс шешім қабылдаған жағдайда, кандидатқа бас тарту себебі көрсетіле отырып, дәлелді жазбаша жауап жіберіледі.
      9. Аттестаттау рәсімдерінен өткен соң энергия аудиторының дербес деректері Тізілімге енгізіледі.
      10. Кандидатты энергия аудиторларына аттестаттаудан бас тарту үшін негіздер болып:
      1) ұсынылған құжаттарда анық емес ақпараттың болуы;
      2) энергия аудиторларына кандидаттың Заңның 5-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес бекітілген рұқсат беру талаптарына сәйкес келмеуі табылады.

Энергия аудиторларына     
кандидаттарды аттестаттауды өткізу
қағидаларына 1-қосымша    

Нысан

_________________________________________
(уәкілетті органның атауы)    
_________________________________________
(мекенжайы)            
______________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
_________________________________________
ЖСН                 
(жеке сәйкестендіру нөмірі)     
_________________________________________
(мекенжайы, телефон, электрондық мекенжайы)
__________________________________________

                             Өтініш

Мені, ______________________________________________________________,
            (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))
_____________________________________________________________________

________________Энергия аудиторы ретінде аттестаттауды сұраймын.

Осы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
5. __________________________________________________________________
6. __________________________________________________________________
7. __________________________________________________________________

      Осы өтінішпен ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғайтын құпия
болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес ақпараттарды ұсынғаны
үшін жауаптылық туралы хабардармын.

________________________________________________       ______________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)              (қолы)

Энергия аудиторларына     
кандидаттарды аттестаттауды өткізу
қағидаларына 2-қосымша    

Нысан

_________________________________________
(уәкілетті органның атауы)    
_________________________________________
(мекенжайы)            
______________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
_________________________________________
ЖСН                  
(жеке сәйкестендіру нөмірі)     
_________________________________________
(мекенжайы, телефон, электрондық мекенжайы)
__________________________________________

                             Өтініш

_____________________________________________________________________
            Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      Энергия аудиторы аттестатының телнұсқасын беруді сұраймын.

______жылғы « » ___________№ _____аттестат мындай жағдайлар кезінде
жоғалды:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Құжаттарды ұсынамын:
      1._____________________________;
      2._____________________________.

      Осы өтінішпен ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғайтын құпия
болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес ақпараттарды ұсынғаны
үшін жауаптылық туралы хабардармын.

________________________________________________       ______________
(Тегі, аты, әкесінің аты) (бар болған кезде)              (қолы)