Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м. а. 2015 жылғы 24 қарашадағы № 1083 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12568 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.06.2017 № 397 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 27.06.2017 № 397 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Авиациялық қауiпсiздiк қызметi мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi органның авиациялық қауiпсiздiк және ұшу қауiпсiздiгi мәселелерi жөнiндегi лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрiнiң міндетін атқарушының 2014 жылғы 3 маусымдағы № 347 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9543 болып тіркелген, 2014 жылғы 28 тамыздағы "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) бұйрығының күшi жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 24 қарашадағы
№ 1083 бұйрығымен
бекітілген

Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы

      Ескерту. Бағдарлама жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 03.11.2020 № 587 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) халықаралық стандарттары мен ұсынатын практикасына ("Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі № 1503-ХІІ қаулысымен ратификацияланған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 17-қосымша, "Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулығы" Doc 8973 құжат (бұдан әрі - Doc 8973)) сәйкес әзірленген.

      Осы бағдарламаның мақсаты авиациялық қауіпсіздік шараларын іске асыруды қамтамасыз ету, өз функционалдық міндеттерін орындау үшін авиациялық қауіпсіздік бойынша қабылдау және даярлау рәсімінен өткен Азаматтық авиация субъектілерінің барлық қызметкерлерінің авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәдениетін талап етілетін деңгейде қолдау және дамыту болып табылады.

      2. Осы Бағдарламада қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:

      1) авиациялық жұмыстар - басқа да жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесіне қарай азаматтық әуе кемелерін қолдана отырып, пайдаланушы орындайтын мамандандырылған операциялар;

      2) авиациялық қауіпсіздік қызметі (бұдан әрі - АҚҚ) - Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында міндетті түрде құрылатын, жолаушыларды, авиациялық персоналды, экипаж мүшелерін, әуе кемелерін, әуежай объектілерін және аэронавигациялық құралдарды жерде және әуеде болатын заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды тікелей жүзеге асыратын дербес құрылымдық бөлімше;

      3) авиациялық қауіпсіздік қызметі персоналдары - жолаушылардың, авиациялық персоналдардың, әуе кемелерін, әуежайларды, әуежай объектілерін және аэронавигация құралдарын жерде және ауада заңсыз араласу актілерінен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыратын тұлға, сондай-ақ осы жұмыстарды өткізу кезінде қадағалайтын және сапаны бақылайтын ұлттық инспекторлар және аудиторлар;

      4) АҚҚ қатыспайтын, әуежайдың бақыланатын аймағына ілесе жүрусіз кіре алатын персонал - әуежайдың шектелген қолжетімділіктің қорғалатын аймағына рұқсаты бар кез келген қызметкер және әуежай қызметіне қатысатын ұйымдардың, әуе кемелерін пайдаланушының, жолаушылар тасымалына, жүк тасымалына қызмет көрсету бойынша агенттің, пошта ведомствосының немесе әуе қозғалысын басқарудың өнім берушісінің азаматтық авиация қызметіне қатысты функцияларын орындайтын, осы тұрғыда авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруға қатысатын персоналы;

      5) авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы - азаматтық авиация ұйымдарының басшысына бағынатын және оның орынбасары болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісіліп тағайындалатын, белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін лауазымдық тұлға;

      6) авиациялық оқу орталығы - авиациялық персоналды даярлауды, қайта даярлауды жүзеге асыратын және олардың кәсіби деңгейін қолдайтын заңды тұлға;

      7) авиациялық персонал - әуе кемелерінің ұшуын, әуе тасымалдарын және авиациялық жұмыстарды орындау және қамтамасыз ету, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету, әуе қозғалысын ұйымдастыру және оған қызмет көрсету, әуе қозғалысын басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын, арнайы және (немесе) кәсіптік даярлығы бар жеке тұлғалар;

      8) адамдық фактілер аспектілері - жобалау, сертификаттау, мамандар даярлау, пайдалану қызметі және адаммен басқа да жүйенің бөліктерінің адам мүмкіншіліктерін есепке ала отырып өзара қауіпсіз әрекет етуге бағытталған авиацияда техникалық қызмет көрсетуде қолданылатын принциптер;

      9) адамның мүмкіншілігі - ұшулар қауіпсіздігіне, авиациялық қауіпсіздікке және авиациялық қызмет тиімділігіне әсер ететін адам мүмкіншілігі және оның мүмкіншілігінің шегі;

      10) азаматтық авиация саласындағы уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      11) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым - жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Қазақстан Республикасының азаматтық авиация саласын орнықты дамытуды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;

      12) азаматтық авиация ұйымы - азаматтық авиация саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      13) бастапқы даярлау - белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, авиациялық кәсібі немесе мамандығы жоқ тұлғаға, сондай-ақ авиациялық персоналға жаңа авиациялық кәсіп пен мамандықты игеру мақсатында кәсіптік білім беру процесі;

      14) жұмыс орнында оқыту (тағылымдама) - мамандықты іс жүзінде меңгеру, қызмет көрсету және басқару объектілеріне бейімделу, сондай-ақ жұмыс орнында тез бағдарлану мен жаңа жұмыс тәсілдерін игеру мақсатында оқытуды қамтамасыз ететін тұлғаның басшылығымен жұмыс орнында оқыту;

      15) ИКАО-ның Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы (бұдан әрі - ИКАО АҚОО) - авиациялық персонал, авиациялық қауіпсіздік қызметінің авиациялық персоналы мен ААҚ қатыспайтын персоналдың бастапқы даярлығын, қайта даярлығын, кәсіптік деңгейін қолдауды жүзеге асыратын ИКАО АҚОО-ның сәйкестік сертификаты бар заңды тұлға;

      16) кабиналық экипаж мүшесі - қауіпсіздік мүддесіне орай және жолаушыларға қызмет көрсету және (немесе) жүктерді тасымалдау мақсатында әуе кемесінің бортында пайдаланушы немесе әуе кемесінің командирі өзіне тапсыратын міндеттерді орындайтын, авиация персоналына жататын, бірақ ұшу экипажының мүшесі болып табылмайтын тұлға;

      17) қайта даярлау - жаңа (қосымша) кәсіби білім, дағды, машықтарын (оның ішінде біліктілік белгілерін) алуға және белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, авиациялық техника мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету техникасын зерделеуге бағытталған азаматтық авиация саласы мамандарын оқыту процесі;

      18) нұсқаушы - өзінің біліктілігіне сәйкес персоналдарды кәсіби даярлау бойынша тікелей қызметті жүзеге асыратын тұлға;

      19) өңірлік курстар - Орталық Азия және Қазақстан мен басқа да елдердің өңірі үшін ИКАО атынан өзінің нұсқаушыларының көмегімен ИКАО авиациялық қауіпсіздік бойынша оқу орталығы өткізетін немесе ИКАО нұсқаушыларының көмегімен ИКАО өткізетін халықаралық курстар;

      20) пайдаланушы - азаматтық әуе кемелерін пайдаланатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;

      21) практикалық даярлау - әртүрлі жаттығу құрылғылары мен техникалық жабдықтардың көмегімен теориялық білімді бекіту, алу, қолдау мен қажетті дағды, машықтарды жетілдіру мақсатында азаматтық авиация персоналын кәсіби даярлау кезеңі;

      22) сертификат - азаматтық авиация жүйесіндегі қызметке рұқсат беру рәсімдері шеңберінде белгілі бір қызмет түрлерін орындауға құқық беретін уәкілетті ұйыммен келісілген, авиациялық оқу орталығы немесе азаматтық авиация ұйымдары әзірлеген авиациялық персоналды кәсіби даярлау бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағанын растайтын құжат;

      23) саулнамалық деректерін тексеру - "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 12-2-бабының 2) тармақшасына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылған кез-келген оқиғаны қоса, қауіпсіздік мақсатында және/немесе бағалау шегінде оған өздігінен осы тұлғаға күзетілетін шектеулі өту аймағына өтуді жүзеге асыруға мүмкіндік беруді тұлғаның атқарған тізімінен және жеке басын тексеру;

      24) теориялық даярлау - оқушылардың арнайы білім алуы, оны Қазақстан Республикасының авиациялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес қолдау және жетілдіру мақсатында персоналды кәсіби даярлау кезеңі;

      25) ұлттық курстар - Қазақстан Республикасында азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін авиациялық персонал, авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің қызметкерлері үшін ИКАО оқыту орталығы немесе авиациялық оқу орталығы жүргізетін курстар;

      26) ұшу экипажының мүшесі - ұшу уақыты ішінде әуе кемесін басқаруға қатысты міндеттер жүктелетін авиациялық персоналдың жарамды куәлігі бар авиация персоналына жататын тұлға.

      3. Оқу орталықтармен, сондай-ақ азаматтық авиация субъектілерімен олардың персоналын даярлау және қайта даярлау мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда даярлау бойынша ұлттық үйлестіруші тағайындалады, оның функциялары мыналар болып табылады:

      1) осы Бағдарламаның ережелерін іске асыру үшін азаматтық авиация ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты үйлестіруді жүзеге асыру;

      2) азаматтық авиация субъектілерінің авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеуде басшылық нұсқаулар, ұсынымдар және консультациялық көмек беруі;

      3) осы Бағдарламаның оқу әдістемелері мен техникалық мазмұнының сапасын бағалауды, персоналды даярлау және қайта даярлау туралы деректердің есебін зерделеуді және/немесе авиациялық қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің жедел қызметін бақылауды қоса алғанда, осы бағдарлама ережелерінің талаптарының орындалуын қадағалауды жүзеге асыру жолымен персоналды қабылдау, іріктеу және даярлау процестерінің стандарттарға сәйкестігін тексеру.

      4. Авиациялық қауіпсіздік саласында бастапқы даярлау және қайта даярлаудан:

      1) Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ететін АҚҚ персоналы;

      2) Авиациялық қауіпсіздік қызметіне жатпайтын, әуежайдың бақыланатын аймағына ілеспей-ақ кіруге рұқсаты бар персонал;

      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 23 қазандағы №673 ҚБПҮ бекітілген Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясының авиациялық қауіпсіздігі бағдарламасының әртүрлі аспектілерін іске асыруға қатысатын азаматтық авиация субъектілерінің персоналы өтуі тиіс.

      5. Авиациялық қауіпсіздік саласында даярлау және қайта даярлықтан өтуге тиіс персонал санаттары осы Бағдарламаның 15-тармағында көрсетілген.

      6. Әуежай (әуеайлақ) басшысының бұйрығымен АҚҚ-да оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестіруші тағайындалады, оның міндеттері мыналар болып табылады:

      1) АҚҚ персоналын, сондай-ақ АҚҚ-не жатпайтын, әуежайдың бақыланатын аймағына ілесе жүрусіз кіруге рұқсаты бар персоналын авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлауды уақтылы ұйымдастыру;

      2) осы Бағдарламаға сәйкес әуежайдың авиациялық қауіпсіздігі бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;

      3) оқыту процесіне, емтихан комиссиясының білімді бағалауына және берілген құжаттар/сертификаттарға қатысты есеп және басқа да құжаттаманы жүргізу;

      4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен және авиациялық оқу орталықтарымен авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.

      7. Авиакомпания басшыларының және аэронавигациялық қызметтерді жеткізушінің бұйрығымен АҚҚ-да оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестіруші тағайындалады, оның міндеттері мыналар болып табылады:

      1) әуежайдың бақыланатын аймағына ілесе жүрусіз кіруге рұқсаты бар өз персоналын авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлауды уақтылы ұйымдастыру;

      2) осы Бағдарламаға сәйкес ұйымның авиациялық қауіпсіздігі бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;

      3) оқыту процесіне, емтихан комиссиясының білімді бағалауына және берілген құжаттар/сертификаттарға қатысты есеп және басқа да құжаттаманы жүргізу;

      4) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен және авиациялық оқу орталықтарымен авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау.

      8. Авиация оқу орталығының басшысының немесе осы авиациялық оқу орталығы орналасқан құрылымдық бөлімшедегі азаматтық авиация ұйымы басшысының шешімімен авиациялық қауіпсіздік саласында оқыту жөніндегі, мынадай біліктілік талаптарға сәйкес келетін, нұсқаушы тағайындалады:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) жоғары немесе орта (техникалық немесе кәсіптік) білім;

      3) азаматтық авиация саласында жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      4) жасы кемінде жиырма бес жаста;

      5) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ИКАО-ның оқу орталықтарымен берілетін авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау, сондай-ақ нұсқаушының курстарын аяқтағаны туралы сертификат.

2-тарау. Бағдарлама субъектілері

      9. Осы бағдарламаның ережелерін мына субъектілер қолданады:

      1) әуежайлар/әуеайлақтар;

      2) әуе кемелерін пайдаланушылар;

      3) жер үстінде қызмет көрсету ұйымдары;

      4) борт тағамын, борт қорларын жеткізу және әуе кемелерін тазалау жөніндегі ұйымдар;

      5) әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі ұйымдар;

      6) аэронавигациялық қызмет көрсетуді беруші;

      7) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ИКАО оқыту орталықтары, авиация оқу орталықтары.

      8) жүктерді және поштаны өңдеумен айналасатын ұйымдар.

      10. Осы Бағдарламаның 10-тармағында көрсетілген Бағдарлама субъектілері:

      1) Осы Бағдарламаға және Doc 8973 сәйкес даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлейді және олар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісіледі;

      2) осы Бағдарламаның талаптарына сәйкес өз персоналын және басқа ұйымдардың атынан әрекет ететін персоналды қабылдауды, даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз етеді;

      3) авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәдениетін енгізуді және дамытуды қамтамасыз етеді;

      4) Doc 8973 12-қосымшасына D толықтыруына сәйкес өз персоналын даярлауды және қайта даярлауды қамтамасыз етеді.

      11. Субъектілерді авиациалық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау бағдарламалары осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес оқу модульдерінің тақырыпты мазмұнынан құралады және мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірленеді.

3-тарау. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналын қабылдау және іріктеу

      12. Авиациялық қауіпсіздік саласындағы жұмыс үшін қаралатын әлеуетті қызметкерлер Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №322 бұйрығымен бекітілген Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің басшылары мен мамандары лауазымдарының тізбесінде белгіленген критерийлерге, сондай-ақ осындай лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі - Біліктілік талаптары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11440 болып тіркелген) сәйкес келуі тиіс.

      13. Авиациялық қауіпсіздік қызметіне жатпайтын персоналды қабылдау және іріктеу азаматтық авиация ұйымының персоналын қабылдау және іріктеу рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады.

      14. Сапаны бақылау аудиторы лауазымына қойылатын біліктілік талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының азаматтығы;

      2) жоғары немесе орта (техникалық және кәсіптік) білім;

      3) авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы ретінде жұмыс өтілі кемінде үш жыл;

      4) жасы кемінде жиырма бес жаста;

      5) ИКАО оқу орталықтары беретін авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық инспекторлар курстарын бітіргені туралы сертификат.

4-тарау. Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлауға және қайта даярлауға жататын персоналдың санаттары және оқыту түрлері

      15. Авиациялық қауіпсіздік бойынша даярлау және қайта даярлау үшін персоналдың санаттары бойынша оқытудың мынадай түрлері жүргізіледі:

      1) авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша жұмыс істейтін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның қызметшілері, әуежайлардың (авиакомпаниялардың) бірінші басшыларын, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушісін, олардың орынбасарларын - АҚҚ басшыларын, авиациялық қауіпсіздік бойынша жауапты тұлғаларды даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу жинақтамаларымен (бұдан әрі - АҚОЖ), АҚОЖ/Әуежай қауіпсіздігі қызметінің басшылары үшін. "АҚОЖ/әуежай қауіпсіздігі қызметінің басшылары үшін" сәйкес авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау және қайта даярлаудан өту үшін кандидаттар "АҚОЖ/базалық" сәйкес даярлау курсынан сәтті өтуі қажет. Оқыту ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында екі жылда бір рет кезеңділікпен жүргізіледі;

      2) АҚҚ басшыларының орынбасарларын, жете тексеру бөлімшесінің басшылары мен олардың орынбасарларын, қауіпсіздік бөлімше басшылары мен олардың орынбасарларын, әкімшілік бөлімше басшыларын, рұқсат беру бюросының басшыларын, кинология бөлімінің басшыларын, авиациялық қауіпсіздік бөлімінің басшыларын даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында жүргізіледі. Өңірлік курстар жүргізу кезінде оқыту "АҚОЖ/қауіпсіздік қызметінің басшылары үшін" талаптарына сәйкес, екі жылда бір рет кезеңділікпен жүргізіледі. "АҚОЖ/әуежай қауіпсіздігі қызметінің басшылары үшін" талаптарына сәйкес авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша даярлау және қайта даярлаудан өту үшін кандидаттар "АҚОЖ/Базалық" талаптарына сәйкес даярлау курсынан сәтті өтуі қажет;

      3) әуежайлардың (авиакомпаниялардың) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі бірінші басшыларының орынбасарларын және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушісінің АҚҚ басшылары болып табылатын және олардың орынбасарлары, заңсыз араласу актілеріне байланысты дағдарысты жағдайларды шешу жөніндегі шұғыл штабтың мүшелері болып табылатын АҚҚ басшылары мен олардың орынбасарларын, азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілеріне байланысты дағдарысты жағдайларда іс-қимыл ұйымдастыруға жауапты шұғыл штабының басшыларын даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында жүргізіледі. Оқыту АҚОЖ/Дағдарысты жағдайларды басқару талаптарына сәйкес жүргізіледі;

      4) АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің қызметкерлерін (басшыларын, басшылар орынбасарларын, ауысым басшыларын, аға инспекторларды, инспекторларды) және бақылау-өткізу пункттерінде (бұдан әрі - БӨП) функционалдық міндеттеріне жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторларын даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі. Оқыту ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығында немесе авиациялық оқу орталықтарында әзірленген, тақырыптық мазмұны, модульдердің атауы мен оқу жоспарлары осы Бағдарламаға 1, 2, 3-қосымшаларда көзделген оқу бағдарламалары көлемінде екі жылда бір рет кезеңділікпен жүргізіледі.

      "Қауіпті жүктерді әуе арқылы қауіпсіз тасымалдау" курсы бойынша оқыту Doc 9284 "Әуе арқылы қауіпті жүктерді қауіпсіз тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулық" (бұдан әрі - Doc 9284) нормаларына сәйкес, ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі.

      Алты айдан астам уақыт ішінде қызметі үзілген жағдайда авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы өзінің функционалдық міндеттерін орындауға кіріспес бұрын қайта даярлаудан өтеді. Бұл ретте, қолданыстағы жұмысқа рұқсат болған жағдайда, жұмысқа рұқсат беру рәсімі жүргізілмейді;

      5) инспекторлар - профайлерді даярлау және қайта даярлау ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе авиациялық қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында және (немесе) профайлинг саласында даярлауды жүзеге асыратын өзге де білім беру мекемелерінде жүргізіледі.

      Өңірлік курстарды өткізу кезінде оқыту АҚОЖ/Базалық талаптарға сәйкес, ал ұлттық курстарды өткізу кезінде оқыту орталықтарында әзірленген оқу бағдарламалары көлемінде жүргізіледі, олардың оқыту жоспары, модульдерінің атауы мен тақырыптық мазмұны осы Бағдарламаға 1, 2, 3-қосымшаларда көзделген;

      6) АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі қызметкерлерін (ауысым басшыларын, аға инспекторларын, инспекторларын), АҚҚ әкімшілік бөлімшесі қызметкерлерін (аға инспекторларын, инспекторларын), бақылау және бейнебақылау пунктінің инспекторларын, рұқсат беру бюросының инспекторларын, қызметтік иттердің жолбасшы - аға инспекторы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі), қызметтік иттердің жолбасшы - инспекторы (патрульдік-іздеу итінің жетекшісі), авиациялық қауіпсіздік жөніндегі аға инспекторды, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі инспекторды, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жетекші мамандарды, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі мамандарды даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі.

      Өңірлік курстарды өткізу кезінде оқыту АҚОЖ/Базалық талаптарға сәйкес, ал ұлттық курстарды өткізу кезінде оқыту орталықтарында әзірленген оқу бағдарламалары көлемінде жүргізіледі, олардың оқыту жоспары, модульдерінің атауы мен тақырыптық мазмұны осы Бағдарламаға 1, 2, 3-қосымшаларда көзделген;

      7) авиациялық қауіпсіздікті оқыту жөніндегі нұсқаушылар, үйлестіруші - нұсқаушыларының даярлау және қайта даярлау ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында жүргізіледі, кемінде екі жылда бір рет. Оқыту АҚОЖ/Инструкторларының талаптарына сәйкес жүргізіледі;

      8) авиациялық қауіпсіздік бойынша сапаны бақылау аудиторларын (сапаны бақылау инспекторларын) даярлау және қайта даярлау ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында жүргізіледі, кемінде екі жылда бір рет. Оқыту АҚОЖ/Ұлттық инспекторлардың талаптарына сәйкес жүргізіледі;

      9) АҚҚ техникалық жабдығы мен қауіпсіздік құралдары жөніндегі инспекторларды даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі.

      Оқыту авиациялық оқу орталықтарында әзірленген, оқу бағдарламалары көлемінде жүргізіледі, олардың оқыту жоспары, модульдерінің атауы мен тақырыптық мазмұны осы Бағдарламаға 1, 2, 3-қосымшаларда көзделген

      10) авиациялық қауіпсіздік қызметінің киберқауіпсіздік жөніндегі инспекторларын даярлау және қайта даярлау Doc 8973 талаптарына сәйкес екі жылда бір рет кезеңділікпен жүргізіледі;

      11) АҚҚ-ға қатыспайтын, әуежайдың бақыланатын аймағына ілесе жүрусіз кіре алатын персоналды, әуежай орынжайы мен ғимаратын жалға алушыларды және шектелген қолжетімділіктің қорғалатын аймағына рұқсаты бар барлық өзге де қызметкерлерді, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі авиациялық персоналды, әуе қозғалысы диспетчерлерін, әуе қозғалысына қызмет көрсету жөніндегі авиациялық персоналды, жолаушыларды тіркеу және қызмет көрсету процесіне қатысатын жер үстінде қызмет көрсету бойынша авиакомпаниялардың және ұйымдардың персоналын, ұшу және кабиналық экипаж мүшелерін, әуе кемелерін жинаумен және тазалаумен айналысатын ұйымдардың персоналын даярлау және қайта даярлау ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында жүргізіледі.

      Оқыту авиациялық оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында әзірленген, оқу бағдарламалары көлемінде жүргізіледі, олардың оқыту жоспары, модульдерінің атауы мен тақырыптық мазмұны осы Бағдарламаға 1, 2, 3-қосымшаларда көзделген;

      12) поштаны, жүкті, курьерлік және жедел жөнелтілімдерді, сондай-ақ борт жабдықтары мен борт қорын өңдеумен айналысатын персоналды даярлау және қайта даярлауды ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында өтеді.

      Өңірлік курстарды өткізу кезінде оқыту АҚОЖ/Жүктерге қойылатын талаптарға сәйкес, ал ұлттық курстарды өткізу кезінде оқыту орталықтарында немесе азаматтық авиация ұйымдарында әзірленген оқу бағдарламалары көлемінде жүргізіледі, олардың оқыту жоспары, модульдерінің атауы мен тақырыптық мазмұны осы Бағдарламаға 1, 2, 3-қосымшаларда көзделген.

      "Қауіпті жүктерді әуе арқылы қауіпсіз тасымалдау" курсы бойынша оқыту Doc 9284 нормаларына сәйкес, ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификаттаған авиациялық оқу орталықтарында жүргізіледі.

      16. Кешенді оқыту әдістемесін пайдалану кезінде тыңдаушылар оқу сабақтарының негізгі түрлері мен нысандары мыналар болып табылады:

      1) теориялық (дәріс) сабақтары;

      2) арнаулы оқу аудиторияларында немесе жете тексеру бақылау пункттерінде практикалық сабақтар;

      3) автоматтандырылған оқу курстарын пайдаланатын сабақтар;

      4) консультациялар мен өзіндік сабақтар;

      5) жұмыс орнында және өндірістік процесте оқу;

      6) слайдтар және оқу фильмдерін пайдалану;

      7) топтық жаттығулар мен іскерлік ойындар;

      8) компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқыту;

      9) әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған заттарды экранда үлкейтіп көрсету жүйесін пайдалану;

      10) АҚОЖ пайдалану.

      17. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу процесі оқу-әдістемелік материалдарымен, оқу құралдарымен, қазіргі заманғы техникалық оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі.

      18. Оқыту оқу аудиторияларында, зертханаларда өткізіледі, олар:

      1) рентген жабдықтарының бейнелерін түсіндіру бойынша (симулятор-жаттығу жабдықтарымен) қазіргі заманғы компьютерлік тестілеу бағдарламаларымен.

      АҚҚ жете тексеру бөлімшесі қызметкерлерін (басшыларын, басшыларының орынбасарларын, ауысым басшыларын, аға инспекторларын, инспекторларын) және БӨП-де функционалдық міндеттеріне жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі инспекторларын даярлау және қайта даярлау үшін симулятор-жаттығу жабдығы санаттар бойынша жеке-жеке даярлаудың әртүрлі бағыттары бойынша оқыту және тестілеу өткізуге мүмкіндік беруі тиіс:

      қол жүгін жете тексеру;

      багажды жете тексеру;

      жүктi және поштаны жете тексеру.

      Бұл жаттығу жабдығы суреттерге талдау жасауға, қателері бойынша жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік беруді қажет етеді. Симулятор рентген-телевизиялық қондырғылармен бірдей функциялары бар және осы рентген телевизиялық қондырғысымен бірдей сападағы суреттерді көрсетеді. Бұл жаттығу жабдығының суреттері кезең-кезеңмен жаңартылуы тиіс, бірақ жылына бір реттен кем емес;

      2) аудио-видео аппаратурамен, компьютерлік техникамен;

      3) оқу фильмдері, слайдтар, өзге аудио, бейне және демонстрациялық оқу құралдарымен, оның ішінде жасырын оқпен атылатын және суық қаруды көрсету, жүктің көлеңкелі суретімен жарақталған.

      19. Курс тыңдаушылары оқу құралдарымен, қағаз және электрондық жеткізгіштердегі үлестірме және анықтамалық материалдарымен қамтамасыз етіледі.

      20. Осы Бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ИКАО АҚОО, авиациялық оқу орталықтарының авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО құжаттары бар (қағаз және электрондық жеткізгіштерде) кітапханасы болады.

      21. Оқу топтары азаматтық авиация ұйымының және мемлекеттік органдардың жазбаша өтінімдері бойынша құрылады.

      22. ИКАО АҚОО және авиациялық оқу орталықтары көшпелі оқу сабақтарын өткізеді.

5-тарау. Оқыту

      23. Авиациялық қауіпсіздік бойынша персоналды оқыту оқу курстарының негізінде жүргізіледі. Оқыту модульдерінің тақырыптық мазмұны осы Бағдарламаның 1-қосымшасында сипатталған. Білім алушылардың санаттарына арналған модульдердің атаулары осы Бағдарламаның 2-қосымшасында келтірілген модульдерінен құрастырылады, персоналдың әрбір санаттары үшін оқыту жоспары, оның көлемі, ұзақтығымен оқыту мерзімділігі осы Бағдарламаның 3-қосымшасында берілген.

      24. Персоналды оқытуды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым келіскен оқу бағдарламалары/курстары бойынша авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушылар, жұмысқа рұқсаты бар оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестіруші жүргізеді. Оқу курсын дайындау кезінде ұйым қызметінің ерекшелігі ескеріледі және авиациялық қауіпсіздіктің тиісті рәсімдері мен шаралары көрсетіледі.

      25. Модульдердің әрқайсысы үшін сабақ жоспары мына бөлімдерді қамтиды:

      1) курстың атауы;

      2) оқу процесінің графигі;

      3) пәндер бойынша оқу сағаттарын бөлу;

      4) курстың бағыты;

      5) оқитындардың құрамы және алдын ала қойылатын талаптар;

      6) емтиханға және аттестаттауға жіберу шарты;

      7) оқу мақсаты;

      8) әдістемелік ұсынымдар;

      9) сабақтардың тақырыптық жоспары;

      10) тақырыптар мазмұны;

      11) әдебиеттер тізімі;

      12) оқу құралдары;

      13) білімді бағалау.

6-тарау. Білімді бағалау

      26. Осы Бағдарламаны іске асыруға қатысатын Бағдарлама субъектілері өз бағдарламаларында білімді бағалау рәсімін көздейді.

      Тыңдаушылардың білімін бағалау теориялық емтихан (тест) қабылдау арқылы тексеріледі. Осы бағдарламаның 15-тармағының 4, 7, 8) тармақшаларында көрсетілген персонал санаттары да практикалық емтихан тапсырады.

      Қызметкерлер жалпы білімдерден басқа, өз функцияларын, міндеттерін және онымен байланысты процедураларды түсінетінін растау үшін стандартталған және өте күрделі тестілерді әзірлеу қажет.

      Практикалық емтихандар:

      1) өзінің функционалдық міндеттерін орындау кезінде қолданылатын авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жабдықты пайдалануды жүзеге асыру қабілетін;

      2) тиісті рәсімдерді орындау қабілетін тексеруді қамтамасыз етеді.

      27. Осы Бағдарламаны іске асыруға қатысатын Бағдарлама субъектілері ең аз өту балын алмаған жағдайда, білімді қайтадан бағалау рәсімі көзделеді.

      28. Қанағаттанарлықсыз баға алғандар емтиханды қайтадан тапсыруға жіберіледі.

      29. Емтиханды бір реттен көп қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      30. Осы Бағдарламаның 27, 28, 29-тармақтарының ережелері Осы Бағдарламаның 15-тармағының 1,7 және 8)тармақшаларында көрсетілген персонал санаттарын қоспағанда, қызметкерлердің барлық санаттарына қолданылады.

      31. Білімді бағалау нәтижелері емтихан ведомосына енгізіледі, оған авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушы қол қояды.

7-тарау. Оқудан өткені туралы деректерді есепке алу

      32. Осы Бағдарламаны іске асыруға қатысатын Бағдарлама субъектілері өз персоналының авиациялық қауіпсіздік саласындағы оқудан өткені туралы деректерге есеп жүргізеді. Даярлау туралы деректер әр қызметкердің қызмет ету мерзімі ішінде сақталады.

      33. Авиациялық қауіпсіздік саласындағы оқудан өткені туралы деректерді есепке алу журналының нысаны осы Бағдарламаның 4-қосымшасында келтірілген.

8-тарау. Жұмыс істеуге рұқсат беру

      34. Жұмысқа рұқсат беру рәсіміне осы Бағдарламаның талаптарына сәйкес келетін және біліктілік талаптарында белгіленген критерияларға сәйкес келетін мамандандырылған оқу курсынан өткен тұлғалар жіберіледі.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымы мына персоналды жұмысқа жіберуді жүзеге асырады:

      1) АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің қызметкерлері (басшылары, басшыларының орынбасарлары, ауысым басшылары, аға инспекторлары, инспекторлары) және БӨП-де функционалдық міндеттеріне жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі инспекторлары;

      2) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушылар, оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестірушілер;

      3) әуежайлардың бірінші басшыларының орынбасарлары - АҚҚ басшылары, тұрақты әуе тасымалын жүзеге асыратын авиакомпаниялардың бірінші басшыларының орынбасарлары - АҚҚ басшылары және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің АҚҚ басшылары, АҚҚ басшысының орынбасары және сапаны бақылау жөніндегі аудиторы.

      35. Жұмысқа рұқсат беру рәсімі:

      1) АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің қызметкерлеріне (басшылары, басшыларының орынбасарлары, ауысым басшылары, аға инспекторлары, нспекторларына) және БӨП-де функционалдық міндеттеріне жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі инспекторларына жұмысқа рұқсат беру кандидаттардың теориялық емтихан, практикалық емтихан және рентген жабдықтарының бейнелерін түсіндіру бойынша емтихан тапсыруын көздейді.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның шешімі бойынша АҚҚ тексеру бөлімшесінің қызметкерлерін (басшыларын, басшыларының орынбасарларын, ауысым басшыларын, аға инспекторларын, нспекторларын) және функционалдық міндеттеріне БӨП-те тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторларын жұмысқа жіберу компьютерлік тестілеу бағдарламаларын, сондай-ақ тасымалдауға тыйым салынған заттар, жарылғыш заттар және жарылғыш құрылғылары бар қол жүгінің, багаждың, жүктердің, почтаның бейнелерін жаңғыртатын тренажерлерді пайдалана отырып, қашықтықтан жіберу режимінде жүргізілуі мүмкін.

      Осы Бағдарламаның 5-қосымшасына сәйкес жете тексеру бөлімшесінің қызметкерлерін (басшыларын, басшыларының орынбасарларын, ауысым басшыларын, аға инспекторларын, нспекторларын) және функционалдық міндеттеріне БӨП-де жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі инспекторларына жұмысқа рұқсат беру туралы сертификатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымы 2 жылға және барлық емтихандарды жақсы тапсырған соң береді, әрқайсысы үшін ең төменгі өту балы 80 пайызды құрайды.

      Емтиханды тапсырмаған үміткерлер қайтадан емтихан тапсыруға жіберіледі. Емтиханды қатарынан екі рет тапсыра алмаған үміткерлер мамандандырылған оқу курсынан қайтадан өтеді;

      2) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушыларды, авиациялық қауіпсіздікті оқыту жөніндегі үйлестіруші – нұсқаушыларды жұмысқа жіберу рәсімі үміткерлердің теориялық емтихан тапсыруын, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік саласындағы әртүрлі тақырыптар бойынша презентация дайындауды және тапсыруды көздейді.

      Осы бағдарламаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушыны, авиациялық қауіпсіздікті оқыту жөніндегі нұсқаушы-үйлестірушіні жұмысқа жіберу туралы сертификатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым теориялық емтихан мен презентацияны сәтті тапсырғаннан кейін 2 жылға береді, олар үшін ең төменгі өту балы 90 пайызды құрайды.

      Теориялық және (немесе) практикалық емтиханды (презентацияны) тапсырмаған үміткерлер мамандандырылған оқу курсынан қайта өтеді, теориялық және (немесе) практикалық емтиханды (презентацияны) қайта тапсырмаған үміткерлер емтиханға 3 айдан кейін жіберіледі;

      3) Әуежайдың бірінші басшысының орынбасарын - АҚҚ басшысын, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның АҚҚ бірінші басшысының орынбасарын - басшысын және аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің АҚҚ басшысын жұмысқа жіберу рәсімі үміткерлердің теориялық емтихан тапсыруын көздейді.

      Осы бағдарламаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуежайдың бірінші басшысының орынбасары - АҚҚ қызметінің басшысы, тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын авиакомпанияның АҚҚ бірінші басшысының орынбасары-басшысы, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің АҚҚ басшысы және АҚҚ басшысының орынбасары жұмысқа жіберу туралы сертификатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым теориялық емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін 2 жылға береді, ол үшін ең төменгі өту балы 90 пайызды құрайды.

      Теориялық емтиханды тапсырмаған үміткерлер мамандандырылған оқу курсынан қайта өтеді, теориялық емтиханды қайта тапсырмаған үміткерлер емтиханға 3 айдан кейін жіберіледі.

      4) сапаны бақылау аудиторларының жұмысына рұқсат беру рәсімі үміткерлердің теориялық емтихан (тест) тапсыруын және сипаттамалары сценарий түрінде берілетін шартты әуежайды тексеру қорытындылары бойынша анықталған сәйкессіздіктер туралы актіні дайындау бойынша жаттығуларды орындауды көздейді.

      Сапаны бақылау аудиторының жұмысына рұқсат беру туралы осы Бағдарламаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификатты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым теориялық және практикалық емтихандарды сәтті тапсырғаннан кейін 2 жылға береді, олардың әрқайсысы үшін ең төменгі өту балы 90 пайызды құрайды.

      Теориялық және (немесе) практикалық емтихандарды тапсырмаған үміткерлер мамандандырылған оқу курсынан қайта өтеді, емтихандарды қайта тапсырмаған үміткерлер емтиханға 3 айдан кейін жіберіледі.

      36. Жұмысқа рұқсат беру рәсімінде көзделген емтихандарды комиссия қабылдайды.

      Кемінде үш адамнан тұратын комиссияның құрамын авиациялық оқу орталықтарының хаты негізінде уәкілетті ұйым бекітеді. Авиациялық оқу орталықтарынан хат оқу тобын оқыту басталғанға дейін уәкілетті ұйымға ұсынылады.

      Жұмысқа рұқсат беру нәтижелері Комиссия хаттамасымен ресімделеді, оған емтихан ведомостары қоса беріледі.

      37. Теориялық емтихан:

      1) теориялық емтиханды мамандардан құралған комиссия қабылдайды, оның біреуі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымының өкілі болып табылады. Комиссияға мүше ретінде азаматтық авиацияның басқа ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандарын енгізуге болады;

      2) әуежайлардың бірінші басшыларының орынбасарларына - АҚҚ басшыларына, тұрақты әуе тасымалын жүзеге асыратын авиакомпаниялардың бірінші басшыларының орынбасарларына - АҚҚ басшыларына, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің АҚҚ басшыларына, АҚҚ басшыларының орынбасарларына және сапаны бақылау аудиторларына арналған теориялық емтиханды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның мамандарынан тұратын комиссия қабылдайды;

      3) теориялық емтихан өткен оқу курсының материалына жататын сұрақтарды қамтиды;

      4) теориялық емтиханның нәтижелері емтихан ведомосына енгізіледі, оған комиссия мүшелері қол қояды.

      38. Рентген жабдықтарының бейнесін түсіндіру бойынша емтихан (АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру ауысым басшылары мен жете тексеру аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру инспекторлары және функционалдық міндеттеріне БӨП-де жете тексеруді жүзеге асырау кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі инспекторлары үшін):

      1) рентген жабдықтарының кескіндерін түсіндіру бойынша емтиханды мамандардан құралған комиссия қабылдайды, оның біреуі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның өкілі болып табылады. Комиссияға мүше ретінде азаматтық авиацияның басқа ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандарын енгізуге болады;

      2) емтихан қол жүгі заттарын, багаж, жүктер, пошта, тасымалдауға тыйым салынған заттарды, жарылғыш заттар мен жару құрылғылардың суретін көрсете отырып, компьютерлік тренажер арқылы өткізіледі. Емтиханды тапсыру үшін АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшысы, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшысының орынбасары, АҚҚ жете тексеру ауысым басшысы, АҚҚ жете тексеру аға инспекторы, АҚҚ жете тексеру инспекторы және БӨП-де функционалдық міндеттеріне жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі инспекторлары ұсынылған суреттердің жалпы санының кемінде 80 пайызын түсіндіріп береді, сондай-ақ қауіпті және/немесе тасымалдауға тыйым салынған заттарды айқындайды және сәйкестендіреді;

      3) рентген жабдықтарының суреттерін түсіндіру бойынша емтихан нәтижелері емтихан ведомосына енгізіледі, оған комиссия мүшелері қол қояды.

      Егер үміткер рентген жабдықтарының бейнесін түсіндіру бойынша емтихан кезеңінде қол жүгінде, багажда, жүкте және поштада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 317 қаулысымен бекітілген "Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен бұйымдардың және/немесе олардың бөлшектерін, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесінің" (бұдан әрі - Тізбе) 2, 3, 4-тармақтарында көрсетілген қауіпті заттар мен заттар және/немесе олардың бөлшектерін анықтамаса (өткізіп жіберсе), емтихан қорытындылары жарамсыз деп саналады және емтиханды қайтадан тапсыру қажет.

      Бейнені қате ұстап қалғаны, шешім қабылдау үшін рұқсат етілген уақыттан асырғаны, тыйым салынған затты дұрыс сипаттамағаны және тыйым салынған заттың орналасқан орнын дұрыс көрсетпегені үшін мынадай айыппұл түрлері қолданылады:

      тыйым салынған заттың бар жоғы туралы қате белгі қойғаны үшін осы мәселеден 100% алынады;

      шешім қабылдау үшін рұқсат етілген уақытты асырғаны үшін осы мәселеге уақытты асырғаны үшін әр секундқа 1% алынады;

      тыйым салынған затты дұрыс сипаттамағаны үшін осы мәселеге 30% алынады;

      тыйым салынған заттың орналасқан орнын дұрыс көрсетпегені үшін осы мәселеге 30% алынады.

      39. АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру ауысым басшылары мен жете тексеру аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру инспекторлары және функционалдық міндеттеріне БӨП-де жете тексеру жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі инспекторлары үшін практикалық емтихан:

      1) практикалық емтиханды мамандардан құралған комиссия қабылдайды, оның біреуі азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның өкілі болып табылады. Комиссияға мүше ретінде азаматтық авиацияның басқа ұйымдарының авиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандарын енгізуге болады.

      2) практикалық емтихан арнаулы оқу аудиторияларында немесе жете тексеру бақылау пункттерінде өткізіледі. Практикалық емтихан шеңберінде жете тексеру өткізудің стандартты пайдалану рәсімдерін қолдану дағдылары бағаланады.

      3) практикалық емтихан нәтижелері қалай тапсырғаны/тапсырмағаны бойынша бағаланады, емтихан ведомосына енгізіледі, оған комиссия мүшелері қол қояды.

      Егер үміткер практикалық емтихан кезеңінде қол жүгінде, багажда, жүкте және поштада Тізбенің 2, 3, 4-тармақтарында көрсетілген қауіпті заттар мен заттар және/немесе олардың бөлшектерін анықтамаса (өткізіп жіберсе), емтихан қорытындылары жарамсыз деп саналады және емтиханды қайтадан тапсыру қажет.

      40. Сертификаттардың әрекет ету мерзімін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бұзылуы фактілері бойынша азаматтық авиация саласындағы авиациялық инспекторлары енгізген ұйғарымдардың негізінде тоқтатады.

      41. Осы Бағдарламаның 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сертификатты ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы береді. Осы Бағдарламаның 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сертификатты авиациялық оқу орталықтары береді.

9-тарау. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғаларын және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі қызметшілерін даярлау және қайта даярлау

      42. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның мамандары авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша мынадай даярлықтан өтеді:

      1) даярлау - уәкілетті орган (уәкілетті ұйым) қызметкерінің басшылығымен авиациялық қауіпсіздік бойынша тиісті курстардан өткенге дейін жұмыс орнында жүргізіледі. Даярлаудың осы түрі мыналарды қамтиды:

      Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары мен ИКАО-ның актілерімен таныстыру;

      азаматтық авиация ұйымдарымен, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және үйлесу тәртібімен таныстыру;

      сертификаттау және авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша инспекциялық тексерулер жүргізу тәртібімен таныстыру;

      сертификаттау және авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша инспекциялық тексерулерге тағылымдамадан өтуші ретінде қатыстыру;

      іс жүргізумен таныстыру;

      2) АҚҚ басшысы ретінде даярлау және қайта даярлау курстары;

      3) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ұлттық инспектор/аудитор ретінде даярлау және қайта даярлау курстары;

      4) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаушы ретінде даярлау және қайта даярлау курстары.

  Авиациялық қауіпсіздік
бойынша даярлау және қайта
даярлау бағдарламасына
1-қосымша

Оқыту модульдерінің тақырыптық мазмұны

1-модуль. Авиациялық қауіпсіздік бойынша нұсқама

      1. Авиациялық қауіпсіздік бойынша нұсқаманың міндеттері. Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәдениеті.

      2. Әуе көлігіндегі терроризм:

      1) азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілері;

      2) заңсыз араласу актілерінен азаматтық авиацияны қорғау жөніндегі нормативтік актілер;

      3) заңсыз араласу актілерінен азаматтық авиацияны қорғау жөніндегі негізгі қағидаттар мен шаралар.

      3. Әуежайдағы өткізу және ішкі объектілік режимдер:

      1) әуежай аумағына (режимдік аумақтарға) кіруді бақылау жүйесі.

      2) әуежай аумағында (әуе кемелерінде, көлікте, орынжайда) жарылғыш заттар, қару, оқ-дәрі, күдікті және қараусыз қалған заттар табылған жағдайда, персоналдың іс-әрекеті.

      4. Заңсыз араласу актісі туралы (аноним телефон қоңырауы) ақпарат алған жағдайда, персоналдың іс-әрекетінің тәртібі.

      5. Заңсыз араласу актісі жағдайында әуежайдың және мүдделі мемлекеттік органдардың (ІІМ, МКҚ, ҰҚК, ҚМ) қызметтерінің өзара іс-қимылы.

2-модуль. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздігі

      1. Авиациялық қауіпсіздіктің міндеттері және қауіптерді жіктеу.

      2. Халықаралық азаматтық авиация қауіпсіздігі жағдайына жалпы шолу жасау:

      1) авиациялық қауіпсіздікті нормативтік - құқықтық қамтамасыз ету.

      3. Адамдардың және көлік құралдарының кіруін бақылау:

      1) кіруге рұқсат бермеу қағидалары және тұлғаға кіруге рұқсат бермеуі тиіс мән-жайлар, сондай - ақ бұл туралы баяндаманы ұсыну тәртібі;

      2) қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ерекшеліктері мен арнайы рәсімдерін қоса алғанда, кіруді бақылауға қатысты құқықтық талаптар;

      3) әуежайда қолданылатын кіруді бақылау жүйелері;

      4) әуежайдың бақыланатын аймақтарына кіруді ұсынатын жеке рұқсаттамалар мен көлік құралдарына арналған рұқсаттамаларды қоса алғанда, рұқсат беретін құжаттар;

      5) Көлік құралдарын тексеру, жасырын тыйым салынған заттарды анықтау.

      4. Тыйым салынған заттар мен құрылғылар.

      5. Жарылғыш заттарды және тасымалдауға тыйым салынған басқа заттарды табу.

      6. Ғимаратты тінту рәсімдері.

      7. Патрульдеу және күзет:

      1) патрульдеу ережелері және қандай да бір адамдарды тексеруді жүзеге асыру қажет болатын жағдайлар немесе олар туралы баяндау.

      8. Әуе кемелерін қорғау:

      1) қорғау және әуе кемесіне рұқсатсыз кіруді болдырмау;

      2) кіруге рұқсат бермеу қағидалары және тұлғаға кіруге рұқсат бермеуі тиіс мән-жайлар, сондай - ақ бұл туралы баяндаманы ұсыну тәртібі.

      3) әуе кемелерін мөрлеу рәсімдері.

      9. Адамдар мен жүктерге ілесіп жүру.

      10. Борттық тағамның және борттық қордың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      11. Жүктер мен пошта жөнелтілімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

      12. Әуе кемелерін ұшу алдындағы және арнаулы жете тексеру.

      13. Азаматтық әуе кемелерінде қару мен оқ-дәріні тасымалдау рәсімі.

      14. Төтенше жағдайларда АҚҚ мамандарының іс-әрекеті мен өртті сөндіру шаралары.

      15. Бақыланбайтын аймақтағы қауіпсіздік шаралар.

3-модуль. Персоналды, жолаушылар мен қол жүгін жете тексеру

      1. Жете тексерудің техникалық құралдары:

      1) рентген жабдықтарының көмегімен жете тексеру мақсаты;

      2) рентген жабдықтарының жұмыс істеу принциптері;

      3) рентген жабдықтарын пайдалану. Техникалық өлшемдер;

      4) қауіпсіздік техникасы мен санитарлық нормалар;

      5) қауіпті заттардың суреттерін экранда үлкейтіп көрсету жүйесі (Threat Image Projection).

      2. АҚҚ жете тексеру инспекторларының рөлі мен міндеттері:

      1) жете тексеруге қатысты нормативтік құжаттардың ережелері;

      2) жолаушыларға қызмет көрсету мәдениеті;

      3) жете тексеру топтарының жұмысы;

      4) жолаушылардың агрессиялық мінез-құлқы жағдайында АҚҚ жете тексеру инспекторларының іс-әрекеті.

      3. Жете тексеру бақылау пункттерін ұйымдастыру:

      1) жете тексеру бақылау пунктінің орналасуы;

      2) жете тексеру бақылау пунктін персоналмен жасақтау;

      3) жете тексеру тобында міндеттерді бөлу;

      4) АҚҚ жете тексеру инспекторларының міндеттері (дабыл қаққышты бақылау, рентген жабдықтарымен жұмыс істеу, қолдан жете тексеру және басқалар).

      4. Рентген жабдықтарының суреттерін түсіндіру қағидаттары:

      1) рентген жабдықтарының шектеулері;

      2) суреттерді экранда үлкейтіп көрсету опциялары;

      3) түрлі-түсті талдау;

      4) органика/неорганика;

      5) суретті күшейту функцияларын мақсаты мен тәсілдері.

      5. Тыйым салынған заттарды анықтау:

      1) тыйым салынған заттарды жүк ішінде табу және әртүрлі типтерін анықтау;

      2) тыйым салынған затты анықтаған жағдайдағы іс-әрекеттер;

      3) қауіп-қатерлер анықталған жағдайдағы іс-әрекеттер;

      4) жасыру тәсілдері.

      6. Пайдалану аспектілері:

      1) портативтік компьютерлерді, сыртқы киімді және өзге де заттар мен құралдарды жете тексеру;

      2) жабдықтарды жұмысқа дайындау;

      3) жұмыс орнын дайындау;

      4) жабдықтарды тестілеу (стандартты тестілік үлгі);

      5) жабдықтарды сөндіру;

      6) жабдықтардың жұмыс істемей қалуы туралы хабарлау;

      7) қол жүгін тасымалдауға қабылдау және қабылдаудан бас тарту өлшемдері;

      8) есепке алу.

      7. Персоналды, жолаушыларды және қол жүгін қолдай жете тексеру:

      1) қолдай жете тексеруді жүзеге асыру мақсаты;

      2) қолдай жете тексеру жүргізу;

      3) адам денесінде тыйым салынған заттарды жасыру тәсілдері;

      4) қол жүгінде тыйым салынған заттарды жасыру тәсілдері;

      5) жолаушының қолдай жете тексеруден бас тартқан жағдайындағы рәсім;

      6) тыйым салынған заттар табылған жағдайдағы рәсім;

      7) қолдай жете тексеруді болдырмау;

      8) жолаушылардың ерекше санаттары;

      9) тұрақты негізде іріктеп қолдай жете тексеру;

      10) сұйықтарды тасымалдау кезіндегі шектеулер.

      8. Стационарлық және портативтік металл іздегіштерді қолдану:

      1) металлдан жасалған заттарды табудың мақсаты;

      2) күнделікті тестілеу (пайдаланушы тиест үлгілері);

      3) жабдықтардың істен шыққаны туралы хабарлау;

      4) дабыл қаққыш іске қосылған жағдайдағы рәсімдер;

      5) есепке алу.

      9. Стерильді аймаққа кіруді бақылау:

      1) кіру шектелген қорғалатын аймақ;

      2) стерильді аймақтар;

      3) кіруді бақылау жүйесі.

4-модуль. Багажды жете тексеру

      1. Авиациялық қауіпсіздік міндеттері мен қатерлерді жіктеу.

      2. АҚҚ жете тексеру инспекторларының рөлі мен міндеттері:

      1) Міндеттері;

      2) Жете тексеруге қатысты нормативтік құжаттардың ережелері.

      3. Рентгендік жабдық:

      1) рентгендік жабдықтың көмегімен жете тексеру мақсаты;

      2) рентгентік жабдықтың жұмыс істеу қағидаттары;

      3) рентгентік жабдықты пайдалану. Техникалық өлшемдер;

      4) қауіпсіздік техникасы мен санитариялық нормалар;

      5) қауіпті заттардың суреттерін түсіндіру жүйесі (Threat Image Projection).

      4. Рентгендік жабдық суретін түсіндіру қағидаттары:

      1) рентгендік жабдықты шектеу;

      2) суреттерді түсінліру опциясы;

      3) түстік талдау;

      4) органика/органика емес;

      5) суретті күшейту функцияларын пайдалану мақсаты мен тәсілдері;

      5. Тыйым салынған заттарды айқындау:

      1) қолдан жасалған жарылу құрылғысының құрамдас элементтері;

      2) жарылғыш заттар, детонаторлар т.б.;

      3) қауіпті заттар;

      4) тыйым салынған заттар табылған жағдайдағы рәсімдер;

      5) қатер анықталған жағдайдағы рәсімдер;

      6) сәйкестендірілмеген заттарға қатысты рәсімдер;

      7) жасыру тәсілдері.

      6. Тіркелген багажды жете тексеру жүйесі:

      1) тіркелген багажды жете тексеруді ұйымдастыру;

      2) багажды қабылдау өлшемшарттары мен багажды тасымалдаудан бас тарту;

      3) қатерге күдік келтірілген жағдайдағы рәсімдер.

      7. Багажды жете тексерудің арнайы рәсімдері:

      1) үлкен габаритті багаж;

      2) ілеспей алып жүретін багажды жете тексеру рәсімдері;

      3) ұшу экипажының багажын жете тексеру

      8. Пайдалану аспектілері:

      1) жабдықты жұмысқа дайындау;

      2) жұмыс орнын жұмысқа дайындау;

      3) жабдықты тестілеу (стандартты тестілік үлгі);

      4) жабдықты өшіру;

      5) жабдықтың жұмыс істемейтіні туралы хабарлама;

      6) есепке алу.

      9. Тіркелген багажды қолдай жете тексеру:

      1) қолдай жете тексеруді жүзеге асыру мақсаты;

      2) тіркелген багаж қолдай жете тексеруге түсетін жағдайлар;

      3) жолаушының қатысуымен жете тексеру рәсімі;

      4) қолдай жете тексеруге түсетін багаж пайызы (рентгендік жабдықты қауіпті заттардың суретін түсіндіру жүйесінсіз пайдаланған жағдайда);

      5) қолдай жете тексеруді болдырмау.

      10. Қауіпті жүктерді бейнесін көлеңкелеу жүйесі (ҚЖБК)

5-модуль. Жарылғыш заттарды табу бойынша жабдықтарды (EDS) пайдалана отырып жете тексеру

      1. Авиациялық қауіпсіздік міндеттері мен қатерлерді жіктеу.

      2. АҚҚ жете тексеру инспекторларының міндеттері:

      1) Міндеттері;

      2) Жете тексеруге қатысты нормативтік құжаттардың ережелері.

      3. Жарылғыш заттарды табуға арналған жабдық (бұдан әрі - EDS):

      1) EDS көмегімен жете тексеру мақсаты;

      2) EDS жұмыс істеу қағидаттары;

      3) EDS - типтері, пайдаланылуы мен техникалық сипаттамалары;

      4) қауіпсіздік техникасы мен санитариялық нормалар;

      5) қауіпті заттардың суреттерін түсіндіру жүйесі (Threat Image Projection).

      4. EDS (жарылғыш заттарды табу):

      1) Жарылғыш заттарды автоматты түрде айқындау;

      2) Кәдімгі рентгендік жабдықпен салыстырғанда EDS ерекшелігі;

      3) EDS шектеу;

      4) суреттерді түсіндіру опциялары;

      5) түстік талдау;

      6) органика/органика емес;

      7) суретті күшейту функцияларын пайдалану мақсаты мен тәсілдері.

      5. Тыйым салынған заттарды айқындау:

      1) тыйым салынған заттар;

      2) қолдан жасалған жарылғыш құрылғысының құрамдас элементі

      3) жарылғыш заттар, детонаторлар т.б.;

      4) қауіпті заттар;

      5) тыйым салынған заттар табылған жағдайдағы рәсімдер;

      6) қатер анықталған жағдайдағы рәсімдер;

      7) сәйкестендірілмеген заттарға қатысты рәсімдер;

      8) жасыру тәсілдері.

      6. Тіркелген багажды жете тексеру жүйесі:

      1) Тіркелген багажды жете тексеру ұйымдастыру;

      2) Жете тексерудің көп деңгейлі жүйесі - әр деңгейге арналған рәсімдер;

      3) багажды қабылдау өлшемшарты мен багажды тасымалдаудан бас тарту;

      4) қатер анықталған жағдайдағы әрекеттер;

      5) әрбір деңгейде шешім қабылдау уақыты;

      6) багаждың жолаушыға тиесілігін анықтау;

      7) қатерге күдік келтірілген жағдайдағы рәсімдер.

      7. Багажды қараудың аранйы рәсімдері:

      1) Үлкен габаритті багаж;

      2) Ілеспей алып жүретін багажды жете тексеру рәсімдері;

      3) Экипаж мүшелерінің багажын жете тексеру.

      8. Пайдалану аспектілері:

      1) жабдықты жұмысқа дайындау;

      2) жұмыс орнын жұмысқа дайындау;

      3) жабдықты тестілеу (стандартты тестілік үлгі);

      4) жабдықты өшіру;

      5) жабдықтың жұмыс істемеуі туралы хабарлау;

      6) есепке алу.

      9. Тіркелген багажды қолдай жете тексеру:

      1) қолдай жете тексеруді жүзеге асыру мақсаттары;

      2) багаждың қолдай жете тексеруге түсетін жағдайлары;

      3) жолаушының қатысуымен жете тексеру рәсімі;

      4) қолдай жете тексеруге түсетін багаж пайызы;

      5) қолдай жете тексеруді болдырмау.

6-модуль. Авиакомпаниялардың қауіпсіздігі

      1. Жолаушыларды тіркеу рәсімі:

      1) қауіпсіздік масқатында жолаушылардан сұрау алу;

      2) жолаушылардың жол жүру құжаттарын бақылау;

      3) топтық тіркеу рәсімі;

      4) транизиттік және трансверттік жолаушыларға арналған рәсімдер;

      5) тіркеу кезінде пайдаланылатын материалдарды қорғау.

      2. Багаждың жолаушыларға тиесілілігін анықтау рәсімі:

      1) жолаушылардың құжаттарын бақылау;

      2) ұшаққа отыруға келмеген жағдайдағы рәсімдер;

      3) багажы тіркелмеген, бірақ өзі тіркелген жолаушы;

      4) тіркелген багажы бар тіркелген жолаушы;

      5) ұшаққа отырғызу кезінде жолаушыларды бақылау;

      6) жолаушыдан ұшаққа отыруға шығу немесе әуе кемесінің трапынан алынатын багажға қатысты рәсімдер;

      7) ұшаққа отыруға кешіккен жолаушыларға қатысты рәсімдер.

      3. Үлкен габаритті багаж.

      4. Жолаушылар тізімі (жолаушы манифест).

      5. Багаж тізімі (багаж манифест).

      6. Келетін және кететін жолаушыларды бөлу.

      7. Тіркелген багаж:

      1) ілесе жүрмейтін багажды өңдеу;

      2) ілесе жүрмейтін багажды тасымалға қабылдау;

      3) ілесе жүрмейтін багаждың жете тексерілгенін растау;

      4) банажды қорғау;

      5) жабдық жұмыс істемеген жағдайда багажды жете тексеру рәсімі.

      8. Әуе кемесінің қауіпсіздігі:

      1) Әуе кемесіне кіруді бақылау.

      2) Жүкті, поштаны, борт тағамын, борт қорын қабылдау.

      3) Пошта мен компания материалдарын қабылдау.

      4) Жарылыс қатері жағдайындағы рәсімдер.

      5) Тосын жағдайдағы қарымта әрекеттер.

      6) Тосын жағдайы туралы хабарлама.

7-модуль. Багаж қауіпсіздігі

      1. Авиациылық қауіпсіздік міндеттері мен қатерді жіктеу.

      2. Багажды өңдеуге қатысатын персоналдың рөлі мен міндеттері.

      3. Кіруді бақылау рәсімі.

      4. Кіру шектелген күзетілетін аймақтар - стерильді аймақтар.

      5. Багажды өңдеу аймағында рұқсаттамасыз жүрген персоналға қатысты рәсімдер.

      6. Қауіпсіздік мақсатында әуе кемесін - жүк отсегін тексеру/тінту:

      1) тыйым салынған заттарды анықтау;

      2) багажды тиеу/түсіру кезінде жүк отсегінде тыйым салынған заттар табылған жағдайдағы рәсімдер.

      7. Багажды өңдеу аймағында және перронда багажды қорғау.

      8. Әуе кемесіне пошта мен компания материалдарын тиеу.

      9. Багаждың жолаушыларға тиесілігінін анықтау (bingo card, сөмкелерді санау, багаж манифесті т.б.).

      10. Әуе кемесінің қауіпсіздігі:

      1) әуе кемесіне кіруді бақылау;

      2) әуе кемесіне жақындайтын адамдарды тексеру.

8-модуль. Әуе кемелерінің қауіпсіздігі

      1. Авиациялық қауіпсіздік міндеттері мен қатерлерді жіктеу.

      2. Әуежайға кіруді бақылау рәсімі.

      3. Персоналды жете тексеру.

      4. Экипаж мүшелерінің багажын жете тексеру және қорғау.

      5. Багаж манифестінде экипаж мүшелері мен жолаушылардың багажын тіркеу.

      6. Қауіпсіздік мақсатында әуе кемесін тексеру:

      1) тексеруге жататын аймақтар тізбесі;

      2) тексеру -парақты пайдалану;

      3) тексеру жүргізуді жазбаша растау;

      4) тазалау кезінде әуе кемесін тексеру рәсімі (егер қолданылса).

      7. Қауіпсіздік мақсатында әуе кемесін жете тексеру:

      1) тексеруге жататын аймақтар тізбесі;

      2) тексеру-парақты пайдалану;

      3) тексеру жүргізуді жазбаша растау.

      8. Оқпен атылатын қаруды және басқа да қауіпті заттарды танып-білу.

      9. Әуе кемесін қорғау - кіруді бақылау:

      1) Рұқсаттамаларды тексеру.

      10. Ұшу уақытында қауіпсіздік шаралары:

      1) ұшу экипажы мүшелерінің кабинасына кіретін есіктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      2) ұшу экипажы мүшелерінің кабинасына кіру тәртібі;

      3) кабинет экипажының ұшу экипажымен байланысы;

      4) борттағы қаруланған қауіпсіздік қызметкерлері (егер қолданылса);

      5) бортта қарулы адамдардың бар екені туралы хабарлама.

      11. Борт тағамы мен борт қорларын қабылдау.

      12. Пошта мен авиакомпания материалдарын қабылдау.

      13. Әуе кемесін тазалау құралдары.

      14. Заңсыз араласу актісімен байланысты төтенше жағдайлардағы қарымта әрекеттер:

      1) жарылыс қатері жағдайындағы әрекеттер;

      2) әуе кемесі бортынан жерде тұрған кезде және ұшу уақытында жарылу құрылғысы табылған жағдайдағы рәсімдер;

      3) жарылыс зардабын барынша азайту;

      4) әуе кемесін басып алған кездегі әрекеттер (терорист профилі, қарымта әрекеттер, авиакомпания саясаты, құқық қорғау органдарының рөлі);

      5) қауіпсіздіктің тосын жағдайлары кезіндегі қарымта әрекеттер;

      6) тосын жағдайлар туралы есеп рәсімдері.

9-модуль. Ықтимал қауіпті жолаушылар

      1. Авиациялық қауіпсіздік міндеттері мен қатерлерді жіктеу.

      2. Халықаралық ұйымдар мен Конвенциялар.

      3. Ұлттық және халықаралық реттеу.

      4. Жауаптылыққа тарту.

      5. Қауіпті жолаушыларды жіктеу:

      1) күзетпен ұсталатын адамдар;

      2) тәртіпсіз жолаушылар.

      6. Тәртіпсіз жолаушылардың жүріс-тұрысы - озбырлық және зорлық-зомбылық.

      7. Озбырлық әрекетінің себептері.

      8. Авиакомпания саясаты (ықтимал қауіпті адамдарды тасымалдау туралы хабарлама).

      9. Эпипаждың рөлі мен міндеттері.

      10. Борттағы тәртіптің бұзылу дәрежесі.

      11. Жанжалдарды басқару.

      12. Өзін-өзі қорғау - ұстау материалдарын пайдалану.

      13. Борттағы тәртіптің бұзылуы туралы хабарлама.

      14. Авиациялық қауіпсізідікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдарының байланыс.

      15. Күзетпен ұсталатын адамдарға қатысты қосымша қауіпсіздік шаралары.

10-модуль. Борт тағамы/борт қорларының қауіпсіздігі

      1. Авиациялық қауіпсіздік міндеттері мен қатерлерді жіктеу.

      2. Борт тағамының/борт қорларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адам.

      3. Борт тағамын/борт қорларын жеткізу жөніндегі компанияның өндірістік және қойма үй-жайларына кіруді бақылау:

      1) Шектеулі кірудің қорғалатын аймақтарына/стерильді аймақтарға кіруді бақылау;

      2) Тауарларды, борт тағамдарын/борт қорларын компания қоймаларына алу.

      4. Борт тағамдарын/борт қорларын заңсыз кіруден қорғау:

      1) мөрлеу рәсімі;

      2) борт тағамын әуе кемесіне тасымалдау - көлік құралдарының қауіпсіздігі;

      3) борт қорларын тиеу, тасымалдау және түсіру рәсімі.

      5. Қауіпті заттарды танып, білу және қауіпті немесе күдікті заттар табылған жағдайдағы шаралар:

      1) қауіпті заттар табылған жағдайда хабарлау рәсімі;

      2) жарылыс қатері туралы телефон хабарламасын алу.

11-модуль. Әуе кемесін тазалауға арналған құралдардың қауіпсіздігі

      1. Авиациялық қауіпсіздік міндеттері мен қатерлерді жіктеу.

      2. Әуе кемелерін тазалауға арналған құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапты тұлға.

      3. Компания үй-жайларына кіруді бақылау:

      1) кіруі шектелген күзетілетін аймақта/стерильді аймаққа кіруді бақылау;

      2) компания қоймасына тауарлардың түсуі.

      4. Тазалау құралдарын заңсыз кіруден қорғау:

      1) тазалауға арналған заттарды әуе кемелеріне тасымалдау - көлік құралдарының қауіпсіздігі.

      5. Қауіпті заттарды танып, білу және қауіпті немесе күдікті заттар табылған жағдайдағы әрекеттер:

      күдікті заттар табылған жағдайда хабырлау рәсімі.

      6. Әуе кемесінің бортына кіруді бақылау шаралары.

      7. Жарылыс қатері туралы телефон хабарламасын алу.

      8. Тазалау уақытында әуе кемесінің қауіпсіздігін тексеру рәсімі (егер қолданылса).

12-модуль. Пошта мен жүк қауіпсіздігі

      1. Авиациялық қауіпсіздік міндеттері мен қатерлерді жіктеу.

      2. Жүк пен пошта қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ұлттық реттеу.

      3. Жүк пен пошта қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі.

      4. Әуежайдың, авиакомпаниялардың жауапкершілігі.

      5. Жүк пен поштаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты адамның рөлі мен міндеттері.

      6. Персоналдың жауаптылығы.

      7. Ілеспе құжаттарды тексеру.

      8. Жүк пен поштаны алу және өңдеу.

      9. Жүк пен поштаны жете тексеру.

      10. Жүк пен поштаны қорғау:

      1) физикалық қорғау;

      2) жүк пен поштаны өңдеу аймағына кіруді бақылау;

      3) келушілерге арналған рәсімдер;

      4) жүк пен поштаны өңдеу аймағындағы таныс емес адамдар;

      5) әуе кемесіне тасымалдау.

      11. Жарылыс қатері туралы хабарлама алу.

      12. Заңсыз араласу актісімен байланысты төтенше жағдайлар кезіндегі қарымта әрекеттер;

      13. Тосын жағдайлар туралы хабарлама.

13-модуль. Көлік құралдарының қауіпсіздігі

      1. Авиациялық қауіпсіздік және қатерлерді жіктеу.

      2. Жүргізушілердің міндеттері.

      3. Көлік құралдарының қауіпсіздігі.

      4. Көлік құралын тиегенге дейін жете тексеру.

      5. Көлік құралын жабу/мөрлеу.

      6. Жкүті әуе кемесіне тиеу кезіндегі қауіпсіздік.

      7. Ілеспе құжаттар.

      8. Жарылыс қатеру туралы хабарламаны алу.

      9. Заңсыз араласу актісімен байланысты төтенше жағдайлар кезіндегі қарымта әрекеттер.

      10. Тосын жағдайлар туралы хабарлама.

14-модуль. Пошта пен жүктерді жете тексеру

      1. Авиациялық қауіпсіздік және қатерлерді жіктеу.

      2. АҚҚ жете тексеру инспекторларының рөлі мен міндеттері:

      1) тәуекел дәрежесі жоғары жүктер мен почтаға қауіпсіздік шараларын қоса алғанда, жете тексеруге қатысты нормативтік құжаттардың ережелері.

      3. Жете тексерудің техникалық құралдары:

      1) рентгендік жабдық көмегімен жете тексеру мақсаты;

      2) рентгендік жабдықтың жұмыс істеу қағидаттары;

      3) рентгендік жабдықты пайдалану. Техникалық өлшемдері;

      4) қауіпсіздік техникасы мен санитарлық нормалар.

      4. Рентгендік жабдық суретін түсіндіру қағидаттары:

      1) рентгендік жабдықты шектеу;

      2) суретті түсіндіру опциясы;

      3) түстік талдау;

      4) органика/органика емес;

      5) суретті күшейту функцияларын пайдалану мақсаты мен тәсілдері;

      6) танып, білінбейтін заттар;

      7) сәйкестендірілмеген заттарға қатысты рәсімдер;

      8) жарылыс заттарын, қолдан жасалған жарылыс құрылғылары мен басқа да тыйым салынған заттарды айқындау;

      9) жасыру тәсілдері.

      5. Пайдалану аспектілері:

      1) жабдықты жұмысқа дайындау;

      2) жұмыс орнын дайындау;

      3) жабдықты тестілеу (стандартты тестік үлгілер);

      4) жабдықты өшіру;

      5) жабдықтың жұмыс істемеуі туралы хабарлама;

      6) жүк пен поштаны тасымалдауға қабылдау және қабылдаудан бас тарту өлшемшаттары;

      7) есепке алу.

      6. Жүк пен поштаны қолдау жете тексеру:

      1) қолдай жете тексеруді жүзеге асыру мақсаты;

      2) жүк пен пошта қолдау жете тексеруге түсетін жағдайлар;

      3) көзбен жете бақылау - күдікті белгілер;

      4) заңсыз араласу белгілеру;

      5) қолдау жете тексеру жүргізу техникасы;

      6) тыйым салынған зат табылған жағдайдағы рәсімдер;

      7) қатер анықталған жағдайдағы рәсімдер.

  Авиациялық қауіпсіздік
бойынша даярлау және қайта
даярлау бағдарламасына
2-қосымша

Білім алушылардың санаттарына арналған модульдердің атаулары

Оқу модульдерінің тізбесі мен атауы

Білім алушылардың санаттары

1.

1-модуль. Авиациялық қауіпсіздік бойынша нұсқама

Барлық санаттар үшін

2.

2-модуль. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздігі

Авиациялық қауіпсіздік персоналы (тексеру бөлімшесінің персоналын, авиациялық қауіпсіздік саласында оқыту жөніндегі үйлестіруші – нұсқаушыларды қоспағанда).

3.

3-модуль. Персонал, жолаушылар мен қол жүгін жете тексеру

АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру ауысым басшылары мен жете тексеру аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру инспекторлары және функционалдық міндеттеріне БӨП-де жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі инспекторлары.

4.

4-модуль. Жүкті жете тексеру

АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру ауысым басшылары, АҚҚ жете тексеру аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру инспекторлары және функционалдық міндеттеріне БӨП-де жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі инспекторлары.

5.

5-модуль. (EDS) Жарылғыш заттарды табу бойынша жабдықтарды пайдалана отырып, жете тексеру

АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру ауысым басшылары, АҚҚ жете тексеру аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру инспекторлары және функционалдық міндеттеріне БӨП-де жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі инспекторлары.

6.

6-модуль. Авиакомпаниялардың қауіпсіздігі

Жолаушыларды тіркеу мен қызмет көрсету процесіне қатысатын жер үстінде қызмет көрсету бойынша авиакомпаниялар мен ұйымдардың персоналы. Авиакомпаниялардың АҚҚ персоналы.

7.

7-модуль. Жүктің қауіпсіздігі

Жолаушылардың жүгін өңдеуге қатысатын персонал.

8.

8-модуль. Әуе кемелерінің қауіпсіздігі

Ұшу және кабиналық экипаж мүшелері;
Әуе кемелерін тазалау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдардың персоналы. Әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі авиациялық персонал.

9.

9-модуль. Әлеуетті қауіпті жолаушылар

Ұшу және кабиналық экипажының мүшелері;
Жолаушыларды тіркеу мен қызмет көрсету процесіне қатысатын жер үстінде қызмет көрсету бойынша авиакомпаниялар мен ұйымдардың персоналы.

10.

10-модуль. Борт тағамы/борт қорларының қауіпсіздігі

Борт тағамы, борт қорларымен айналысатын ұйымдардың персоналы;
Борт тағамы мен борттық қорларын тасымалдауға қатысатын көлік құралдарының жүргізушілері.

11.

11-модуль. Әуе кемелерін тазалау бойынша құралдардың қауіпсіздігі

Әуе кемелерін тазалау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі ұйымдардың персоналы

12.

12-модуль. Пошта мен жүктің қауіпсіздігі

Пошта мен жүктерді тасымалдауға қатысатын көлік құралдарының жүргізушілер;
Пошта мен жүктерді өңдеуге, ілеспе құжаттарды ресімдеуге қатысатын персонал

13.

13-модуль. Көлік құралдарының қауіпсіздігі

Пошта, жүктер, мен борттық қорларын тасымалдауға қатысатын көлік құралдарының жүргізушілері.

14.

14-модуль. Пошта мен жүктерді жете тексеру

АҚҚ жете тексеру бөлімшесінің басшылары, АҚҚ жете тексеру бөлімшесі басшыларының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру ауысым басшылары, АҚҚ жете тексеру аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру инспекторлары және функционалдық міндеттеріне БӨП-де жете тексеруді жүзеге асыру кіретін АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесі инспекторлары.

  Авиациялық қауіпсіздік
бойынша даярлау және қайта
даярлау бағдарламасына
3-қосымша

Персоналдың әрбір санаттары үшін оқыту жоспары

№ 1 Кесте

1

Персонал санаты:

ААҚ қатыспайтын, бірақ әуежайдың бақыланатын аймағына ілесе жүрусіз кіре алатын персонал (әуежайдың жалға алушылары және басқалар)

2

Оқу курсы:

1-модуль.

3

Курс міндеттері:

авиациялық қауіпсіздік шараларын орындау қажеттілігін түсінуді қамтамасыз ету;
авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әртүрлі ұйымдардың рөлін түсінуді қамтамасыз ету;
заңсыз араласу актілерінен азаматтық авиацияны қорғауға жәрдемдесуді қамтамасыз ету.
қауіпсіздік мәдениетін қолдаудың маңыздылығын түсінуді қамтамасыз ету.

4

Алынған білім:

терроризм туралы жалпы мәлімет;
нормативтік база, авиациялық қауіпсіздік саласындағы жауапкершілік;
авиациялық қауіпсіздік міндеттері және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру;
тыйым салынған заттар мен құралдар;
кіруді бақылау және персоналды жете тексеру рәсімі;
рұқсатнамалар жүйесі. Рұқсатнамаларды тексеру рәсімі;
қараусыз қалған заттарды табылған жағдайдағы іс-әрекеттер.

5

Тыңдаушылар саны:

20 адамнан аспайды

6

Ең аз ұзақтығы:

Курстың ұзақтығы - 6 сағат.

7

Емтиханға жіберу шарттары

Сабақтардың 25 пайызынан көп сабақ жіберген тыңдаушы емтихандарға жіберілмейді.

8

Білімді бағалау:

Теориялық білім ең аз өту балы 80 пайыз болатын жазбаша тест тапсыру арқылы бағаланады.

9

Бастапқы даярлау:

Персонал әуежайға ілеспей кіруге рұқсатнама алғанға дейін бастапқы даярлаудан (курсынан) өтеді.

10

Қайта даярлау:

Қызметкерлер қайта даярлаудан 3 жылда бір рет өтеді. Қайта даярлау 1 және/немесе 2 модульдің негізгі элементтерінен құралады және нормативтік актілердің ағымдағы өзгерістері есепке алынады.

11

Оқыту орны:

ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында және/немесе авиациялық оқу орталықтарында, азаматтық авиация ұйымдарында.

№2 кесте

1

Персонал санаты:

Жолаушыларды тіркеу мен қызмет көрсету процесіне қатысатын жер бетінде қызмет көрсету бойынша авиакомпания персоналы

2

Оқу курсы:

1-модуль
6-модуль
9-модуль

3

Курс міндеттері:

Заңсыз араласу актілерінен азаматтық авиацияны қорғау үшін қауіпсіздіктің алдын ала шараларын орындай білуді қамтамасыз ету

4

Алынған білім:

терроризм тарихы мен заңсыз араласу актілерін жіктеу;
халықаралық және ұлттық нормативтік база, авиациялық қауіпсіздік саласындағы персоналдың жауапкершілігі;
авиациялық қауіпсіздік міндеттері және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру;
жүктің жолаушыларға тиесілі екенін анықтау рәсімі;
жолаушыларға қызмет көрсету процесінде пайдаланылатын тасымал құжаттары;
ықтимал қауіпті жолаушыларға қатысты қолданылатын шаралар
авиациялық қауіпсіздік контексіндегі тыйым салынған / қауіпті заттар, тыйым салынған / қауіпті заттармен жұмыс істеу қағидалары;
багажды өңдеу аймақтарында және перронда багажды қорғауды қамтамасыз ету.

5

Тыңдаушылар саны:

20 адамнан аспайды

6

Ең аз ұзақтығы:

Курстың ұзақтығы - 8 сағат.

7

Емтиханға жіберу шарттары

Сабақтардың 25 пайызынан көп сабақ жіберген тыңдаушы емтихандарға жіберілмейді.

8

Білімді бағалау:

Теориялық білім ең аз өту балы 80 пайыз болатын жазбаша тест тапсыру арқылы бағаланады.

9

Бастапқы даярлау:

Персонал өз міндеттерін орындауды бастамас бұрын бастапқы даярлаудан өтеді.

10

Қайта даярлау:

Персонал қайта даярлау курсынан 12 айда бір рет өтеді. Қайта даярлау 6 және 9-модульдердің негізгі элементтерін қамтиды және нормативтік актілердің ағымдағы өзгерістерін ескереді.

11

Оқыту орны:

ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында және/немесе авиациялық оқу орталықтарында, азаматтық авиация ұйымдарында.

№ 3 кесте

1

Персонал санаты:

Жүкті өңдеуге қатысатын персонал

2

Оқу курсы:

1-модуль.
7-модуль.

3

Курс міндеттері:

Негізгі міндет - жүкті тиеу/түсіруді жүзеге асыратын персоналдың қауіпсіздік шараларын орындауды қамтамасыз ету болып табылады.

4

Алынған білім:

терроризм тарихы мен заңсыз араласу актілерін жіктеу;
халықаралық және ұлттық нормативтік база, авиациялық қауіпсіздік саласындағы персоналдың жауапкершілігі;
авиациялық қауіпсіздік міндеттері және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру;
жүктің жолаушыларға тиесілі екенін анықтау рәсімі;
авиациялық қауіпсіздік контексіндегі тыйым салынған заттар және олармен жұмыс істеу қағидалары; ықтимал қауіпті багаж белгілері;
багажды өңдеу аймағында және перронда багаждың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

5

Тыңдаушылар саны:

20 адамнан аспайды

6

Ең аз ұзақтығы:

Курстың ұзақтығы - 6 сағат.

7

Емтиханға жіберу шарттары

Сабақтардың 25 пайызынан көп сабақ жіберген тыңдаушы емтихандарға жіберілмейді.

8

Білімді бағалау:

Теориялық білім ең аз өту балы 80 пайыз болатын жазбаша тест тапсыру арқылы бағаланады.

9

Бастапқы даярлау:

Персонал өз міндеттерін орындауды бастамас бұрын бастапқы даярлаудан өтеді.

10

Қайта даярлау:

Персонал қайта даярлау курсынан 3 жылда бір рет өтеді. Қайта даярлау 7 модульддің негізгі элементтерін қамтиды және нормативтік актілердің ағымдағы өзгерістерін ескереді.

11

Оқыту орны:

ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында және/немесе авиациялық оқу орталықтарында, азаматтық авиация ұйымдарында.

№4 Кесте

1

Персонал санаты:

Ұшу және кабиналық экипаж мүшелері

2

Оқу курсы:

1-модуль
8-модуль
9-модуль

3

Курс міндеттері:

Негізгі міндет - ұшу және кабиналық экипажы мүшелерінің мыналарды білуін және орындауын қамтамасыз ету:
қауіпсіздік мақсатында әуе кемесіне тексеру жүргізу; тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттарды және құралдарды табу;
қауіпсіздік мақсатында әуе кемесін жете тексеру кезінде жәрдемдесу;
қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы туындаған жағдайда жерде және ұшу кезінде де қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау.

4

Алынған білім:

терроризм тарихы мен заңсыз араласу актілерін жіктеу;
халықаралық және ұлттық нормативтік база, авиациялық қауіпсіздік саласындағы персоналдың жауапкершілігі;
авиациялық қауіпсіздік міндеттері және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру;
ұшу кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
әуе кемесін басып алған жағдайдағы жауап беру шаралары;
ықтимал қауіпті жолаушыларға қатысты шаралар;
қауіп-қатер түрлері;
заңсыз араласу актілеріне байланысты төтенше жағдайлар туындаған кездегі қабылданатын шаралар.
авиациялық қауіпсіздік контексіндегі тыйым салынған заттар және олармен жұмыс істеу қағидалары; ықтимал қауіпті багаж белгілері;
әуе кемесіне қызмет көрсету аймағында багаждың, жүктің, почтаның, борт қорларының/борт тағамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

5

Тыңдаушылар саны:

20 адамнан аспайды

6

Меңгерілген білік-дағдылар:

тәртіпсіз жолаушылармен қарым-қатынас жасау;
қауіпті заттарды анықтай білу;
әуе кемесін ұрлап кету фактісіне шұғыл ден қою;
қауіпті заттарды анықтау мақсатында әуе кемесінің нақты типіне тексеру мен тінту жүргізу.

7

Ең аз ұзақтығы:

Курстың ұзақтығы - 12 сағат.

8

Емтиханға жіберу шарттары

Сабақтардың 25 пайызынан көп сабақ жіберген тыңдаушы емтихандарға жіберілмейді.

9

Білімді бағалау:

Теориялық білім ең аз өту балы 80 пайыз болатын жазбаша тест тапсыру арқылы бағаланады.

10

Бастапқы даярлау:

Персонал өз міндеттерін орындауды бастамас бұрын бастапқы даярлаудан өтеді.

11

Қайта даярлау:

Персонал қайта даярлау курсынан әр жыл сайын өтеді (қайта даярлау үш жылда бір рет кезеңділігімен жеңіл және аса жеңіл авиация персоналын қоспағанда). Қайта даярлау 8 және 9-модульдердің негізгі элементтерін қамтиды және нормативтік актілердің ағымдағы өзгерістерін ескереді.

12

Оқыту орны:

ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында және/немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз авиациялық оқу орталықтарында

№ 5 кесте

1

Персонал санаты:

Борт тағамы/борт қорларын жеткізу бойынша ұйымдардың персоналы

2

Оқу курсы:

1-модуль
10-модуль

3

Курс міндеттері:

Негізгі міндет - борт тағамын өндіру, борт қорларын жеткізу бойынша ұйымдардың персоналының заңсыз араласу актілерінен азаматтық авиацияны қорғау үшін превентивті қауіпсіздік шараларын орындай білу дағдыларын қамтамасыз ету болып табылады.

4

Алынған білім:

терроризм тарихы мен заңсыз араласу актілерін жіктеу;
халықаралық және ұлттық нормативтік база, авиациялық қауіпсіздік саласындағы персоналдың жауапкершілігі;
тыйым салынған заттар мен құралдар;
компанияның қауіпсіздік бағдарламасының ерекшелігіне қарай басқа да тақырыптар.

5

Тыңдаушылар саны:

20 адамнан аспайды

6

Ең аз ұзақтығы:

Курстың ұзақтығы - 8 сағат.

7

Емтиханға жіберу шарттары

Сабақтардың 25 пайызынан көп сабақ жіберген тыңдаушы емтихандарға жіберілмейді.

8

Білімді бағалау:

Теориялық білім ең аз өту балы 80 пайыз болатын жазбаша тест тапсыру арқылы бағаланады.

9

Бастапқы даярлау:

Персонал өз міндеттерін орындауды бастағанша бастапқы даярлық курсынан өтеді

10

Қайта даярлау:

Персонал қайта даярлау курсынан 3 жылда бір рет өтеді. Қайта даярлау 1 және 10-модульдердің негізгі элементтерін қамтиды және нормативтік актілердің ағымдағы өзгерістерін ескереді.

11

Оқыту орны:

ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында және/немесе авиациялық оқу орталықтарында, азаматтық авиация ұйымдарында.

№6 Кесте

1

Персонал санаты:

Әуе кемесін тазалау бойынша қызметтер көрсету ұйымдарының персоналы

2

Оқу курсы:

1-модуль.
11-модуль.
8-модуль.

3

Курс міндеттері:

Негізгі міндет - әуе кемесін тазалау бойынша қызметтер көрсететін ұйым персоналының заңсыз араласу актілерін азаматтық авиацияны қорғаудың алдын ала қауіпсіздік шараларын орындауын қамтамасыз ету болып табылады

4

Алынған білім:

терроризм тарихы мен заңсыз араласу актілерін жіктеу;
халықаралық және ұлттық нормативтік база, авиациялық қауіпсіздік саласындағы персоналдың жауапкершілігі;
тыйым салынған заттар мен құралдар;
компанияның қауіпсіздік бағдарламасының ерекшелігіне қарай басқа да тақырыптар.

5

Тыңдаушылар саны:

20 адамнан аспайды

6

Ең аз ұзақтығы:

Курстың ұзақтығы - 8 сағат.

7

Емтиханға жіберу шарттары

Сабақтардың 25 пайызынан көп сабақ жіберген тыңдаушы емтихандарға жіберілмейді.

8

Білімді бағалау:

Теориялық білім ең аз өту балы 80 пайыз болатын жазбаша тест тапсыру арқылы бағаланады.

9

Бастапқы даярлау:

Персонал өз міндеттерін орындауды бастағанша бастапқы даярлық курсынан өтеді

10

Қайта даярлау:

Персонал қайта даярлау курсынан 3 жылда бір рет өтеді. Қайта даярлау 8 және 11-модульдердің негізгі элементтерін қамтиды және нормативтік актілердің ағымдағы өзгерістерін ескереді

11

Оқыту орны:

ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында және/немесе авиациялық оқу орталықтарында, азаматтық авиация ұйымдарында

№7 Кесте

1

Персонал санаты:

Пошта мен жүктерді өңдеуге және ілеспе құжаттарды ресімдеуге қатысатын персонал

2

Оқу курсы:

1-модуль.
12-модуль.

3

Курс міндеттері:

Негізгі міндеті - персоналдың жүктер мен поштаға қатысты алдын ала қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету болып табылады.

4

Алынған білім:

терроризм тарихы мен заңсыз араласу актілерін жіктеу;
халықаралық және ұлттық нормативтік база, авиациялық қауіпсіздік саласындағы персоналдың жауапкершілігі;
тыйым салынған заттар мен құралдар;
компанияның қауіпсіздік бағдарламасының ерекшелігіне қарай басқа да тақырыптар;
жүк пен поштаға қатысты қауіпсіздік шаралары.

5

Тыңдаушылар саны:

20 адамнан аспайды

6

Ең аз ұзақтығы:

Курстың ұзақтығы - 8 сағат.

7

Емтиханға жіберу шарттары

Сабақтардың 25 пайызынан көп сабақ жіберген тыңдаушы емтихандарға жіберілмейді.

8

Білімді бағалау:

Теориялық білім ең аз өту балы 80 пайыз болатын жазбаша тест тапсыру арқылы бағаланады.

9

Бастапқы даярлау:

Персонал өз міндеттерін орындауды бастағанша бастапқы даярлық курсынан өтеді

10

Қайта даярлау:

Персонал қайта даярлау курсынан 3 жылда бір рет өтеді. Қайта даярлау 1 және 12-модульдердің негізгі элементтерін қамтиды және нормативтік актілердің ағымдағы өзгерістерін ескереді

11

Оқыту орны:

ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында және/немесе авиациялық оқу орталықтарында, азаматтық авиация ұйымдарында

№8 Кесте

1

Персонал санаты:

Жүктер, пошта, борт тағамы/борт қорларын тасымалдауға қатысатын жүргізушілер

2

Оқу курсы:

1-модуль.
12-модуль (жүктер мен пошта)/ 10-модуль (борт тағамы).
13-модуль.

3

Курс міндеттері:

Негізгі міндеті - персоналдың жүктер, пошта, борт тағамы мен борт қорларына қатысты алдын ала қауіпсіздік шараларын орындауы мен қауіпсіздік шараларын дұрыс түсінуі болып табылады

4

Алынған білім:

терроризм тарихы мен заңсыз араласу актілерін жіктеу;
халықаралық және ұлттық нормативтік база, авиациялық қауіпсіздік саласындағы персоналдың жауапкершілігі;
тыйым салынған заттар мен құралдар;
компанияның қауіпсіздік бағдарламасының ерекшелігіне қарай басқа да тақырыптар;
жүк, пошта мен борт тағамына қатысты қауіпсіздік шаралары

5

Тыңдаушылар саны:

20 адамнан аспайды

6

Ең аз ұзақтығы:

Курстың ұзақтығы - 8 сағат.

7

Емтиханға жіберу шарттары

Сабақтардың 25 пайызынан көп сабақ жіберген тыңдаушы емтихандарға жіберілмейді.

8

Білімді бағалау:

Теориялық білім ең аз өту балы 80 пайыз болатын жазбаша тест тапсыру арқылы бағаланады.

9

Бастапқы даярлау:

Персонал өз міндеттерін орындауды бастамас бұрын бастапқы даярлаудан өтеді

10

Қайта даярлау:

Персонал қайта даярлау курсынан 3 жылда бір рет өтеді. Қайта даярлау 10, 12 және 13-модульдердің негізгі элементтерін қамтиды және нормативтік актілердің ағымдағы өзгерістерін ескереді

11

Оқыту орны:

ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында және/немесе авиациялық оқу орталықтарында, азаматтық авиация ұйымдарында

№9 Кесте

1

Персонал санаты:

Авиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы (жете тексеру бөлімшесінің персоналын, нұсқаушыларды қоспағанда).

2

Оқу курсы:

1-модуль.
2-модуль.
Авиакомпанияның АҚҚ персоналы үшін (авиациялық қауіпсіздікті оқыту жөніндегі нұсқаушы – үйлестірушілерден басқа) қосымша 6 модуль.

3

Курс міндеттері:

Негізгі міндеті - авиациялық қауіпсіздік басшыларының авиациялық қауіпсіздік, ұлттық және халықаралық реттеу және авиациялық қауіпсіздік саласындағы сапаны бақылау қағидаттарын білуін қамтамасыз ету болып табылады.

4

Алынған білім:

Терроризм тарихы және заңсыз араласу актілердің жіктелуі;
халықаралық және ұлттық нормативтік база, авиациялық қауіпсіздік саласындағы персоналдың жауапкершілігі;
тыйым салынған заттар мен заттар;
авиациялық қауіпсіздіктің міндеттері және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру;
көлік құралдарының қауіпсіздігін тексеру техникасы;
байланысты төтенше жағдайлар кезіндегі жауап шаралары
заңсыз араласу актілері;
рұқсаттамаларға қол жеткізуді бақылау және тексеру рәсімдері;
патрульдеу;
бақыланбайтын аймақтағы қауіпсіздік шаралары;
әуе кемесінің типіне байланысты әуе кемесіне рұқсат беруді бақылау рәсімдерін, әуе кемесін мөрлеу, әуе кемесін қарап тексеру рәсімдерін қоса алғанда, тұрақта әуе кемелерін қорғау қағидалары;
жүктердің, почтаның, багаждың, борттық және әуежай керек-жарақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар.

5

Меңгерілген білік-дағдылар

Белгіленген үлгідегі рұқсаттамаларды сәйкестендіру;
Көлік құралдарын тексеру;
үй-жайларды тексеру;
қауіпті заттарды сәйкестендіру;
қараусыз қалдырылған заттар табылған жағдайдағы іс-әрекеттер;
әуе кемесін тексеру.

6

Тыңдаушылар саны:

20 адамнан аспайды

7

Ең аз ұзақтығы:

Курстың ұзақтығы - 40 сағат.

8

Емтихандарға жіберу шарттары

Сабақтардың 25 пайызынан көп сабақ жіберген тыңдаушы емтихандарға жіберілмейді.

9

Білімді бағалау:

Теориялық білім ең аз өту балы 80 пайыз болатын жазбаша тест тапсыру арқылы бағаланады.

10

Бастапқы даярлау

Персонал өз міндеттерін орындауды бастамас бұрын бастапқы даярлаудан өтеді

11

Қайта даярлау:

Қызметкерлер екі жылда бір рет қайта даярлау курсынан өтеді.
Қайта даярлау 2 модульдің негізгі элементтерін қамтиды және
нормативтік актілердің ағымдағы өзгерістерін ескереді.
Авиакомпанияның АҚҚ персоналы үшін (тексеру бөлімшесінің персоналын, сапа бақылауының нұсқаушылары мен аудиторларын қоспағанда) қосымша 6-модуль.

12

Өткізу орны:

ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында және / немесе авиациялық оқу орталықтарында.

№10 Кесте

1

Персонал санаты:

АҚҚ жете тексеру басшысы, АҚҚ жете тексеру басшысының орынбасарлары, АҚҚ жете тексеру ауысымының басшысы, АҚҚ жете тексеру аға инспекторлары, АҚҚ жете тексеру инспекторы және функционалдық
міндеттері БӨП-те тексеруді жүзеге асыру болып табылатын АҚҚ қауіпсіздік бөлімшесінің инспекторлары

2

Оқу курсы:

1-модуль
3-модуль
4-модуль
5-модуль
14-модуль

3

Курс міндеттері:

Негізгі міндет - АҚҚ жете тексеру инспекторларының қолдан жете тексеру және персоналды, жолаушыларды және қол жүгін, багажды, жүкті және поштаны жете тексеруге дейінгі жабдықтарды пайдалана отырып, жете тексеру жүргізу рәсімдерін білуін және орындауын қамтамасыз ету болып табылады.

4

Алынған білім:

Терроризм тарихы мен заңсыз араласу актілерін жіктеу;
халықаралық және ұлттық нормативтік база, персоналдың авиациялық қауіпсіздік саласындағы жауапкершілігі;
тыйым салынған құрылғылар мен заттар;
авиациялық қауіпсіздік міндеттері және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру;
қолмен жете тексеру техникасы;
тіркеу рәсімі;
багаж манифесті;
жолаушыларды және олардың қол жүгін, багажды, жүкті және поштаны жете тексеру пункттерін жарақтандыру;
жете тексеру жабдықтарын қолдана отырып, жете тексеру техникасы;
жете тексеру бақылау пункттерінің жұмысын ұйымдастыру;
ерекше санаттағы жолаушыларды жете тексеру рәсімдері;
тыйым салынған заттар табылған кезде қолданылатын жауап шаралары;
жете тексеруді болдырмау;
тұрақты таңдамалы қолмен жете тексеруді жүргізу;
жете тексерілген багажды, жүкті және поштаны қорғау;
тыйым салынған заттарды жасыру әдістері;
қауіпті заттарды жүкте және поштада жасыру әдістері;
жете тексеруге дейінгі жабдықтарды табу қабілетінің шектелуі;
әртүрлі санаттағы жүктер мен поштаны өңдеу.

5

Меңгерілген білік-дағдылар

Рентгендік суреттерін түсіндіру;
қауіпті заттарды анықтау;
келіспеушіліктерді реттеу;
тұлғаларды қолдай жете тексеру және қол жүгін тексеру;
қауіпті заттар анықталған жағдайда жауап шаралары;
жете тексеруге дейінгі жабдықтарды пайдалану және қауіпсіздік техникасы

6

Тыңдаушылар саны:

20 адамнан аспайды

7

Ең аз ұзақтығы:

Бастапқы даярлау курсының ұзақтығы - компьютерлік оқыту, сондай-ақ жете тексерудің бақылау пунктінде практикалық сабақтарды қоса алғанда, 40 сағат ішінде теориялық сабақтар.
Бұдан өзге, персонал жұмыс орнында тәжірибелі маманның бақылауымен 40 сағат көлемінде оқудан өтеді.
Қайта даярлау курсының ұзақтығы - компьютерлік оқытуды қоса алғанда, 40 сағат ішіндегі теориялық сабақтар.

8

Емтихандарға жіберу шарттары

Сабақтардың 25 пайызын жіберген тыңдаушы емтихандарға жіберілмейді.

9

Білімді бағалау:

Теориялық білімі ең аз өту балы 80 пайызбен жазбаша емтихан тапсыру арқылы бағаланады, компьютерлік сынақтамалық оқыту арқылы ұсынылған суреттердің кемінде 80 пайызын дұрыс түсіндіріп беру. Практикалық емтихан нәтижелері бойынша тапсырғаны/тапсырмағаны бағаланады

10

Бастапқы даярлау

Персонал өз міндеттерін орындауды бастамас бұрын бастапқы даярлаудан өтеді

11

Қайта даярлау:

Персонал қайта даярлау курсынан 2 жылда бір рет өтеді. Қайта даярлау 3, 4, 5, 14-модульдің негізгі элементтерін қамтиды

12

Өткізу орны:

ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында және/немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган сертификаттаған авиациялық қауіпсіздік қызметтерінен тәуелсіз авиациялық оқу орталықтарында

№11 Кесте

1

Персонал санаты:

Әуе жолдары қозғалысына қызмет көрсету жөніндегі авиациялық персонал.
Әуе қозғалысы диспетчері.
Әуе кемелеріне қызмет көрсету жөніндегі авиациялық персонал

2

Оқу курсы:

1-модуль
8-модуль

3

Курс міндеттері:

Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауға арналған қауіпсіздіктің алдын алу шараларын орындай білуді қамтамасыз ету

4

Алынған білім:

терроризм тарихы мен заңсыз араласу актілерін жіктеу;
халықаралық және ұлттық нормативтік база,
персоналдың авиациялық қауіпсіздік саласындағы жауапкершілігі;
авиациялық қауіпсіздік міндеттері және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру;

5

Тыңдаушылар саны:

20 адамнан аспайды

6

Ең аз ұзақтығы:

Курстың ұзақтығы - 8 сағат.

7

Емтиханға жіберу шарттары

Сабақтардың 25 пайызын жіберген тыңдаушы емтихандарға жіберілмейді.

8

Білімді бағалау:

Теориялық білім ең аз өту балы 80 пайыз болатын жазбаша тест тапсыру арқылы бағаланады.

9

Бастапқы даярлау:

Персонал өз міндеттерін орындауды бастамас бұрын бастапқы даярлаудан өтеді

10

Қайта даярлау:

Персонал қайта даярлау курсынан 3 жылда бір рет өтеді. Қайта даярлау 8-модульдің негізгі элементтерін қамтиды және нормативтік актілердің ағымдағы өзгерістерін ескереді

11

Оқыту орны:

ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталықтарында және/немесе авиациялық оқу орталықтарында

  Авиациялық қауіпсіздік
бойынша даярлау және қайта
даярлау бағдарламасына
4-қосымша
  Нысаны

Авиациялық қауіпсіздік саласындағы оқудан өткені туралы деректерді есепке алу журналы

Қызметкердің Тегі аты әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Ұйым

Қызметкердің лауазымы

Жұмысқа қабылданған күні

Өтілген оқу курсы

Оқу курсынан өткен мерзімі

Қызметкердің қолы

Нұсқаушының Тегі аты әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Нұсқаушының қолы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  Авиациялық қауіпсіздік
бойынша даярлау және қайта
даярлау бағдарламасына
5-қосымша
  Нысаны

      УӘКІЛЕТТІ ҰЙЫМНЫҢ ЛОГОТИПІ

      СЕРТИФИКАТ

      Осы сертификат жұмысқа рұқсат беруді растайды

      _______________________________________________

      лауазым атауы, тегі аты әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Берілген күні ______________

      Әрекет ету мерзімі _________

      Мөр орны _____________________      (Тегі аты әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      (бар болған жағдайда) (қолы)            уәкілетті ұйымның қызметшісі немесе

      өзі өкілеттік берген адам

  Авиациялық қауіпсіздік
бойынша даярлау және қайта
даярлау бағдарламасына
6-қосымша
  Нысаны

ИКАО ЛОГОТИПІ

ИКАО авиациялық қауіпсіздік жөніндегі оқу орталығы
СЕРТИФИКАТ
Осы сертификат
_______________________________________________
Тегі аты әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ИКАО 17-қосымшасының және Қазақстан Республикасының әуе

      кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан

      Республикасының заңнамасын іске асыру үшін

      _____________________________________

      лауазым атауы

      "___________________" курсын табысты аяқтағаны туралы растайды.

      курс атауы, модуль

ИКАО АҚОО ЛОГОТИПІ

Күні__________ _________________
Әрекет ету мерзімі _________ ИКАО АҚОО басшысы

  Авиациялық қауіпсіздік
бойынша даярлау және қайта
даярлау бағдарламасына
7-қосымша
  Нысаны

      ____________________________________________________________________
      ЛОГОТИП
      ____________________________________________________________________
      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
      _______________________
      оқу орталығының атауы
      СЕРТИФИКАТ
      №____
      Осы сертификат

      ______________________________            _____________________________

      тeгі                                    фамилия

      ______________________________            _____________________________

      аты                                    имя

      _______________________________      ____________________________

      әкесінің аты (бар болған жағдайда)                  отчество (при наличии)

      ИКАО 17-қосымшасының және Қазақстан Республикасының әуе

      кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан

      Республикасының заңнамасын іске асыру үшін _________________________

      лауазым атауы

      "___________________" курсын табысты аяқтағаны туралы растайды.

      курс атауы, модуль

      Сертификат берілген күні: 20___ жылғы "__" _______________

      Сертификаттың қолданыс мерзімі: ___ жыл

      Мөр орны________________________ (Тегі аты әкесінің аты (бар болған жағдайда))

      (бар болған жағдайда)      (қолы)                        оқу орталығының басшысы