Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 15-05/864 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 28 желтоқсанда № 12564 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 1-тармағы 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру қағидалары бектілісін.
      2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандырудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 6 шілдедегі № 351 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3000 болып тiркелген, 2005 жыл, № 15, 113-құжат, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері бюллетенiнде маусымда жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жарялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                         А. Мамытбеков

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
_____________Т. Дүйсенова
2015 жылғы 19 қараша


«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы 5 қараша


«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_______________ Е. Досаев
2015 жылғы 29 қазан


«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________ В. Школьник
2015 жылғы 12 қараша


Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 15-05/864        
бұйрығымен бекітілген  

Пестицидтерді (улы химикаттарды)
залалсыздандыру қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы пестицидтерді (улы химикаттарды) зарарсыздандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 24) тармақшасына және 14-1-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер (улы химикаттар) және олардың ыдыстарын зарарсыздандыру тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      2. Осы Қағидалар пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданатын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын зарарсыздандыруды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру тәртібі

      3. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын зарарсыздандыру одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып, қауіпсіз сақтау тәсілімен жүргізіледі.
      4. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтау арнайы сақтау орындарында (көмінділерде) жүргізіледі.
      5. Арнайы сақтау орындарының (көмінділердің) аумағы химиялық қауіптілікті ескерту белгілерімен қоршалады.
      6. Қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiне байланысты жеке және заңды тұлғалар тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардың ыдыстарын залалсыздандырады, сондай ақ арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) тиісті жай-күйде ұстауды қамтамысыз ету.
      7. Одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтау сәтіне дейін тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтер (улы химикаттар) және олардың ыдыстары олардың түгелдігін және қоршаған ортаның ластануына жол бермеуді қамтамасыз ететін қоймаларда сақталуы керек.
      8. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, олардың түгелдігін қамтамасыз ететін, жоғалуына және қоршаған ортаны ластауына жол бермейтін, анық таңбаланған бүтін ыдыстарда жүзеге асырылады.
      9. Бүтіндігі бұзылғанының анық белгілері бар ыдыстарда болған барлық тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтер (улы химикаттар) бүтін ыдысқа салынады. Бұл ретте полиэтилен және қағаз қаптар, таза құрғақ металл бидондар, барабандар пайдаланылады.
      10. Өрттің шығуын болдырмау үшін тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) аммиак селитрасынан, магний хлоратынан босаған полиэтилен қаптарға салуға жол берілмейді.
      11. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) бүтін ыдысқа салғаннан кейін ыдыстың сыртына қарама-қарсы түсті өшірілмейтін бояумен таңба салынады немесе препараттың атауы мен салмағы көрсетілген заттаңба жапсырылады. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің (улы химикаттардың) қоспаларын таңбалағанда олардың компоненттері мен пайыздық құрамы көрсетіледі.
      12. Қауіптілігі 1 сыныпқа жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтер (улы химикаттар), сондай-ақ қауіптілігі 1 сыныпқа жататын компоненттері бар қоспалар жаңа полиэтилен қаптарға, ал олар болмаған кезде механикалық беріктілігі тиісті препаратқа берілген нормативтік-техникалық құжаттамада көрсетілген беріктіліктен кем емес ыдысқа салынуы керек.
      13. Тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтау тәсілі олардың суда ерігіштігіне және қауіптілігінің сыныбына қарай айқындалады. Әртүрлі сыныптағы тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтау бөлек, сақтау орындарының (көмінділердің) арнайы бункерлерінде жүзеге асырылады.
      14. Қауіптіліктің 1 сыныбына жататын суда еритін тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердерді (улы химикаттарды) одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтау қабырғасының қалыңдығы кемінде 10 миллиметр болатын металдан жасалған арнайы герметикалық контейнерлерде, толтыру алдында және одан кейін герметикалылығына екі рет тексере отырып жүргізіледі. Толтырылған контейнердің салмағы 2 тоннадан аспауы керек. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтері (улы химикаттары) бар контейнерлер темірбетондық бункерлерде одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтауға жатады.
      15. Суда ерімейтін, құрамында сынабы бар, қауіптіліктің 1 сыныбына жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің (улы химикаттардың) және мырыш фосфидінің одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақталуын бетондық бункерлерде осы химиялық топтағы суда еритін тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтермен (улы химикаттармен) бірге жүргізу қажет.
      16. Әр контейнерде тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтің (улы химикаттың) бір түрі немесе бір химиялық топтың өкілдері орналастырылуы қажет. Контейнерлерде өшірілмейтін бояумен оның құрамындағы тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің (улы химикаттардың) атауын көрсету керек.
      17. Қауіптіліктің 1 сыныбына жататын әсер етуші заты суда ерімейтін және қауіптіліктің 2 мен 3 сыныптарына жататын суда еритін тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтер (улы химикаттар) одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтаудың ұқсас шарттарын: түбі мен қабырғаларында кемінде 1 метр қабатта сүзгілену коэффициенті секундына 10-8 сантиметрден (бұдан әрі - см/с) аспайтын топырақта сақталуын талап етеді.
      18. Қауіптіліктің 2 және 3 сыныптарына жататын суда ерімейтін тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтер (улы химикаттар) топырақтың сүзгілену коэфициенті 10-7 см/с-тан аспайтын шұңқырларда одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтауға жатады. Бұл жағдайда сүзгіленуге қарсы экрандар құру жөніндегі арнайы іс-шаралар қажет емес. Өткізгіштігі неғұрлым жоғары топырақтарда түбі мен баурайларында кемінде 1 метр қабатта сүзгілену коэффициенті 10-7 см/с-тан аспайтын жұмсақ саздан экран көздеу керек.
      19. Қауіптілігі 4 сыныпқа жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) сүзгілену коэффициенті 10-5 см/с-тан аспайтын топырақта одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтау үшін ешқандай сүзгіленуге қарсы экран жасау жөніндегі арнайы іс-шаралар қажет емес. Өткізгіштігі неғұрлым жоғары топырақтарда түбі мен қабырғаларының кемінде қалыңдығы 0,5 метр тығыздалған қабатпен оқшаулауды көздеу керек.
      20. Көрсетілген сүзгілеу коэффициенті бар саздар болмаған немесе олар тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерге (улы химикаттарға) тұрақсыз болған жағдайда, тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің (улы химикаттардың) агрессивті әсеріне қарсы тұрақтылығы мен беріктігіне кепілдік беретін сүзгілердің басқа конструкциялары рұқсат етіледі.
      21. Қауіптілігі 1, 2 және 3 сыныптарына жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтауды одан әрі кәдеге жаратылатын немесе жойылатын қауіпсіз сақтау учаскелерінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін гидроизоляциясы бар темірбетон бункерлерде жүргізу қажет.
      22. Әр бункерге тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) орналастыруды құрамында сынабы бар, фосфорорганикалық, хлорорганикалық химиялық топтары бойынша жүргізу қажет.
      23. Өзара әрекеттескенде уыттылығы неғұрлым жоғары, өрт қауіпті заттар құрылатын немесе газ пайда болатын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) бір бункерде бірге одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтауға жол берілмейді. Ылғалданғанда ыдырау және уытты немесе өрт қауіпті газдар бөлудің есебінен қауіптілігі артатын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің (улы химикаттардың) орамасы тұтас және герметикалық болу керек. Осы тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің (улы химикаттардың) (цианплавтың, кальций цианамидінің, мырыш фосфидінің, цинебтің, перозиннің, хомециннің) көлемі көп болғанда одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтау тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің (улы химикаттардың) жалпы көлемінен оқшауланған бөлек бункерлер мен шұңқырларда олардың химиялық топтарын ескере отырып жүргізу керек.
      24. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің (улы химикаттардың) ылғалданған партияларын арнайы бункерлерге, сақтау орындарына (көмінділерге) түсіруге және жиып қоюға жол берілмейді.
      Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) түсіру және жиып қою атмосфералық жауын-шашын тиюін болдырмайтын шарттарда жүргізіледі.
      25. Уыттылығы мен суда ерігіштігі бойынша қауіптілігі жоғары тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтермен (улы химикаттармен) бірге қауіптілігі төмендеу тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) олардың химиялық топтарын және үйлесімділігін ескеріп, одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтауға жол беріледі. Қауіптілік көрсеткіштері жоғары тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) уыттылығы азырақ және суда нашар еритін тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерге (улы химикаттарға) арналған шұңқырларда одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтауға тыйым салынады. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) орналастыру кезінде (контейнерлерде одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақталатындарды қоспағанда) әр өнім түрі арасында, ыдыс бұзылған жағдайда олардың араласуына жол бермейтін топырақ салынатын 5-7 см қашықтық көзделуі керек.
      26. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің (улы химикаттардың) қоспаларын одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтау жеке бункерлерде және уыттылығы мен суда ерігіштік көрсеткіші бойынша ұқсас тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтермен (улы химикаттармен) бірге жүргізілуі мүмкін, бұл ретте одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтау шарттары қоспаның құрамына кіретін компоненттердің ең жоғары қауіптілік көрсеткіші бойынша анықталады.
      27. Одан әрі кәдеге жаратыла немесе жойыла отырып қауіпсіз сақтауға түскен қоспалармен бірге олардың құрамын куәландыратын құжат болуы керек. Олардың құрамында суда еритін, қауіптіліктің 1 сыныбына жататын тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтер болған жағдайда, олардың салмақ үлесін көрсету керек.
      28. Қоспада суда жақсы еритін, қауіптіліктің 1 сыныбына жататын компоненттер болған жағдайда барлық қоспа алдын ала металл контейнерлерге салынып, бетон бункерлерде одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтауға жатады.
      29. Әлеуетті өрт қауіптілігін төндіретін магний хлораты бар тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің (улы химикаттардың) жанғыш қоспалары басқа тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтермен (улы химикаттармен) бірге одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақталмауы тиіс. Оларды одан әрі кәдеге жарата немесе жоя отырып қауіпсіз сақтау басқа одан әрі кәдеге жаратылатын немесе жойылатын қауіпсіз сақтау орындарының өрт қауіптілігін қамтамасыз ететін қашықтықта бөлек жүргізілуі керек.
      30. Алаңда қосымша тиеу-түсіру операцияларын және тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтердің (улы химикаттарды) басқа көлікке ауыстырылуын болдырмау мақсатында оларды түсіруді және жиып қоюды ордың (шұңқырдың, бункердің) тура шетінде жүргізу керек. Тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды) орға салу ыдыстың барынша сақталуын қамтамасыз ететіндей болып жүргізілуі керек. Ыдыстар оның ішінде болған тыйым салынған және жарамсыз болып қалған пестицидтермен (улы химикаттармен) бірге одан әрі кәдеге жаратыла немесе жойыла отырып қауіпсіз сақталады.