"Есеп саясатын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2010 жылғы 7 қырқүйектегі № 444 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 619 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 26 желтоқсанда № 12532 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 261 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 № 261 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Есеп саясатын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 7 қырқүйектегі № 444 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6505 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген есеп саясатында:

      94, 95, 96 және 98-тармақтар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қаржы Министрі

Б.Сұлтанов