БҰЙЫРАМЫН:
1. «Есеп саясатын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрiнiң 2010 жылғы 7 қырқүйектегі № 444 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне № 6505 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 қазандағы № 429-432 (26275) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген есеп саясатында:
94, 95, 96 және 98-тармақтар алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қаржы Министрі Б.Сұлтанов