Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 685 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 желтоқсанда № 12474 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5-бабының 70-20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

В. Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы
№ 685 бұйрығымен
бекітілген

Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілген қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілген қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы 5 бабының 70-20) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілген қызметке бағаны есептеуінің және интернет-ресурста орналастыруының тәртібін айқындайды.

      2. Осы қағидада мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) электр қуатына болжамды сұраныс – Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің қажетті электр қуатының резерві және электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің электр қуатын тұтынуының жылдық ең жоғарғы көлемінің болжамын айқындайтын жүйелік оператормен әзірленетін құжат;

      2) жүйелік оператор - орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелiк қызметтер көрсетудi және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      3) электр қуатының орталықтандырылған саудасы – электронды сауда жүйесінде электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке бірыңғай сатып алушымен энергия өндіруші кәсіпорын арасындағы келісім жасауға бағытталған жүйе;

      4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметбелгіленген тәртіпте жүктемені көтеруге аттестатталған генерациялық қондырғының электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша энергия өндіруші кәсіпорынмен бірыңғай сатып алушыға көрсетілетін қызмет;

      5) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет – Қазақстан Республикасы бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде белгіленген тәртіпте жүктемені көтеруге аттестатталған генерациялық қондырғылардың электр қуатының дайындығын ұстап тұруды қамтамасыз ету бойынша бірыңғай сатып алушымен көрсетілетін қызмет;

      6) бірыңғай сатып алушы - осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;

      7) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      8) жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің тұтынушылары – электр энергиясының көтерме нарығының субъектілері болып табылатын энергия беруші ұйымдар, энергиямен қамтамасыз етуші ұйымдар және тұтынушылар.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын басқа ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2. Алдағы жылдың жүктемесін көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке бағаны есептеу тәртібі

      3. Алдағы күнтізбелік жылға Жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметке бағаны есептеу бірыңғай сатып алушымен мына негіздерде жүзеге асырылады:

      1) электр қуатының орталықтандырылған нарық қорытындысы бойынша орын алған электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметке орташаландырылған баға;

      2) Генерациялық қондырғыны салуға бірыңғай сатып алушы тендер жеңімпазымен жасалған, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға, сондай-ақ құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен уәкілетті органмен инвестициялық келісім жасаған электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы барлық келісімдер электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметке орташаландырылған баға;

      3) Тұтынуға көтерме сауда нарығы болып табылатын тұтынушылар және энергия беругші, энергиямен қамтамасыз етуші йымдар болдамды сұраныстарына;

      4) Алдағы және келесі күнтізбелік жылдарға электр қуатына болжамды сұраныс.

      Растайтын есептемелерімен бірге алдағы күнтізбелік жылға жүктемені көтеруге электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметке бағаны бірыңғай сатып алушы жыл сайын 1 желтоқсанға дейін өзінің интернет-ресурсында орналастырады;

      4. Жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметтің тұтынушылары үшін алдағы жылға бағаны есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады.

      Ц= (

Зқуат + Р)/(WБТ*12)

      Мұндағы:

      Ц – жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке баға, бір мегаватқа теңге;


З қуат – жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті көрсету үшін Бірыңғай сатып алушыға қажетті, экономикалық негізделген шығындар, теңге;

      Р – жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша тиімді қызмет үшін Бірыңғай сатып алушыға қажетті рұқсат етілген пайда көлемі, теңге;

      WПП – 12 айға көбейтілген, заңнамада белгіленген тәртіпте әзірленген және бекітілген, алдағы жылға электр қуатына болжамдық сұранысында қарастырылған электр энергиясының көтерме нарығының әрбір субъектілері кернеулерінің барлық кластарының желілері бойынша электр энергиясын тұтыну соммасының жылдағы электр қуатының ең жоғарғы болжамды шамалары, мегаватт.

3. Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыру тәртібі

      5. Бірыңғай сатып алушы жыл сайын 1 желтоқсанға дейін жүктемені көтеруге электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызметке бағаны негіздемелі есептемелерімен бірге өзінің интернет-ресурсында орналастырады.