Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 617 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 21 желтоқсанда № 12434 болып тіркелді.

Жаңартылған

      2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 112-бабына, 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" Заңының 5-бабы 3-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күннің ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімдік басылым беттерінде ресми жариялануын;

      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылдың 1-қаңтарынан қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасының


Әділет министрі

Б.Имашев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас Прокуроры

      ___________ А. Дауылбаев

      "___"_________ 2015 жыл "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Жоғарғы Сотының төрағасы

      ___________ К. Мәми

      14 желтоқсан 2015 жыл


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ К. Қасымов

      "___"_________ 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      "___"_________ 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері және

      сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігінің төрағасы

      ___________ Қ. Қожамжаров

      "___"_________ 2015 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік

      комитетінің төрағасы

      ___________ Н. Әбіқаев

      "___"_________ 2015 жыл

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 617 бұйрығымен бекітілді

Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау
мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      Осы Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 112-бабына, Қазақстан Республикасының "Адвокаттық қызмет туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы, 3-тармағына сәйкес әзірленді және адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды.

      2. Бюджеттік қаражат есебінен төлеуге адвокаттармен көрсетілетін заң көмегінің келесі түрлері жатады:

      1) Заңының 6-бабы 1 және 2-тармағында қарастырылған жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық кеңес беру;

      2) Қазақстан Республикасының қылмыстық процессуалдық кодексінің 495-бабының, 478-бабының алтыншы бөлімінде, 428-бабының төртінші бөлімінде, 174-бабының екінші бөлімінде, 76-бабының екінші бөлімінде, 68-бабының төртінші, бесінші және алтыншы бөлімдерінде, 67-бабының үшінші бөлімінде қарастырылған жағдайларда жеке тұлғаларды қорғау мен өкілдік ету;

      3) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 750 бабының екінші, үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөлімдерінде қарастырылған жағдайларда жеке тұлғаларды қорғау;

      4) Қазақстан Республикасының Азаматтық процессуалдық кодексінің 112 және 325-баптарында қарастырылған жағдайларда жеке түлғаларға өкілдік ету.

2. Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау
мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу тәртібі

      3. Осы Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Адвокаттар алқасының (бұдан әрі - Адвокаттар алқасы) бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды төлеу туралы өтінімнің негізінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісімге отырған адвокаттарға қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуді және заң көмегі үшін төлем жасауды аймақтық әділет органдары жүргізеді.

      4. Өтінімді Қазақстан Республикасының "Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы" Заңының 13-бабы 5-тармағына сәйкес ұсынылған адвокаттардың есебі негізде Адвокаттар алқасы келесі құжаттарды қоса берумен жасайды:

      1) адвокаттардың құқықтық консультация беру бойынша орындаған жұмыстары туралы акттер, оларда:

      адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты;

      тегін заң көмегі көрсетілген адамдардың саны;

      ауызша немесе жазбаша берілген заң консультацияларының саны;

      құқықтық сипатта жасалған жазбаша құжаттардың саны;

      заң көмегі көрсетілген сағаттың жалпы саны;

      адвокаттың қолтаңбасы көрсетіледі.

      2) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті органдар мен соттардың, қылмыстық істі жүргізетін органдардың (лауазымды тұлғалардың) қаулылары, азаматтық істер бойынша адвокатты тағайындау туралы соттардың ұйғарымы;

      3) қылмыстық процесті жүргізетін органдардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттар мен органдардың (лауазымды адамдардың) заң көмегіне мұқтаж адамдарды оған ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы қаулылары, оларда:

      қаулы шығарған тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні;

      істің атауы, қаулының шығарылған күні;

      қорғау мен өкілдік етумен байланысты шығыстарды өтеу мен заң көмегі үшін ақы төлеуден босатылған тұлға туралы деректер;

      күдікті немесе айыпты тұлғаның жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтың немесе әкімшілік құқық бұзушылықтың бабы мен категориясы;

      қылмыстық іс бойынша тыйым салу шарасы немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті қамтамасыз ету шарасы (әкімшілік құқық бұзушылық немесе әкімшілік тұтқындау не әкелу бойынша хаттаманы жасау орнына жеткізу);

      заң көмегін көрсету және қорғау мен өкілдік етумен байланысты шығыстарды өтеуден және төлеуден босату негіздері;

      қорғаушы немесе өкіл ретінде іске қатысқан адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты, нақты бір істі жүргізуге, оның өкілеттілігін растайтын ордердің нөмірі және берілген күні;

      адвокат қатысқан процессуалдық істердің орны, күні, өдірістің басталуы мен аяқталуы;

      адвокаттың қатысуымен тағайындалған процессуалдық іс-әрекеттің басталуын күту уақытының ұзақтығы, күнін, уақытын көрсетумен;

      сот отырысын кейінге қалдырған жағдайда сот отырысының басталуын немесе жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (егер осындай дәйектер орын алса);

      адвокаттың іс материалдарымен танысу уақытының ұзақтығы;

      адвокаттың қорғалушыға бару уақытының ұзақтығы;

      адвокаттың нақты іс бойынша, жеке, аппеляциялық, кассациялық және басқа да арыздарды, сондай-ақ сот хаттамасына ескерту жасау уақытының ұзақтығы;

      адвокаттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуымен байланысты іссапар жұмыс күндерінің саны;

      адвокат мүшесі болып табылатын тиісті Адвокаттар алқасының толық атауы мен банктік реквизиттері көрсетіледі.

      4) азаматтық істер бойынша судьялардың немесе соттардың заң көмегіне мұқтаж адамдарды ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы ұйғарымдары, оларда:

      соттың атауы, ұйғарым немесе қаулы шығарған судьяның тегі, аты-жөні;

      істің атауы, қарау орны және күні;

      заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);

      заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату уәждері;

      қорғаушы немесе өкіл ретінде іске қатысқан адвокаттың тегі және аты-жөні, оның өкілеттілігін растайтын ордердің нөмірі мен берілген күні;

      адвокат қатысқан процестік әрекеттерді жүргізу күні, оның басталуы мен аяқталуы уақыты;

      адвокаттың іс материалдарымен танысуы ұзақтығы;

      адвокат қатысқан сот отырыстарының күні және ұзақтығы;

      сот отырысының басталуын немесе сот отырысының ол кейінге қалдырылған жағдайда жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (мұндай фактілер болған кезде);

      адвокаттың іс бойынша арыздарды, өтінішхаттарды, жеке, аппеляциялық, кассациялық және өзге де шағымдарды және сот отырысының хаттамасына ескертулерді жасауы уақытының ұзақтығы (егер осындай құжаттар жасалса);

      адвокаттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуына байланысты іссапардың жұмыс күндерінің саны;

      адвокат мүшесі болып табылатын тиісті Адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелері көрсетіледі.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 17.10.2016 № 888 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Заңға сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда адвокаттың қорғау мен өкілдік етуге байланысты іссапар шығыстары бюджет қаражаты есебінен өтелуі тиіс.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 17.10.2016 № 888 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Осы қағиданың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда адвокаттың бюджеттік қаражат есебінен төлеуге жататын нақты іс бойынша қатысу сомасын Адвокаттар алқасы уақытты ескерумен есептейді:

      1) тиісті органның хабарламасында көрсетілген уақытта адвокаттың келуінен есептелетін процессуалдық іс-әрекеттің немесе сот отырысының басталуын күту, егер адвокат осы уақытта басқа іске қатыспаған болса;

      2) сот отырысы басқа уақытқа не басқа күнге ауыстырылған жағдайда сот отырысының жалғасын күту, бірақ бір күннен көп емес, егер адвокат бұл уақытта өзге тұлғаларға заң көмегінің өзге түрлерін көрсетпеген болса;

      3) қылмыстық процестің кез келген сатысында қылмыстық немесе азаматтық істердің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің материалдарымен, соның ішінде қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны тұтқындау хаттамасымен, тыйым салу шараларын қолдану туралы қаулымен, қорғаушы мен оның қорғалушысының қатысуымен жүргізілген процессуалдық іс-әрекеттердің хаттамасымен, қорғалушысына ұсынылған немесе ұсынылуы тиіс болған құжаттармен, сонымен қатар сот отырыстарының хаттамаларымен танысу;

      4) тергеу изоляторынан немесе уақытша ұстау изоляторынан қорғалушыға бару туралы анықтаманы алғанға дейін адвокаттың қорғалушыны шақыру талонын беру сәтінен бастап есептелетін іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша кеңес беру немесе қорғау желісін әзірлеу үшін қамауға алынған қорғалушыға бару немесе Қылмыстық процессуалдық кодекстің 495-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторында қорғалатын адаммен кездесу немесе Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адаммен кездесу, қылмыстық-атқарушы жүйесі мекемесінің келушілерін Есепке алу журналында тіркелген кезден бастап Ішкі істер министрлігінің 20.08.2014 жылғы № 535 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9770 болып тіркелген) бұйрығымен тіркелген нысан бойынша тиісті мекемеден адвокат сотталушымен жолығу туралы анықтама алғанша;

      5) іс бойынша іс жүргізу барысында туындаған мәселелер бойынша кеңес беру немесе қорғау желісін әзірлеу үшін әкімшілік тұтқындауға тартылған қорғалушыға бару;

      6) істің қиындығын және үлкен көлемін және жасалған құжаттың сипатын есепке ала отырып, іс бойынша арыздар, өтініштер, жеке, апелляциялық, кассациялық және басқа да арыздар жасау, сот отырысы хаттамасына ескерту жасау.

      7. Қамауға алынған күдіктімен немесе айыпталушымен не әкімшілік ұстауға, алып келуге, ішкі істер органына (полицияға) әкелуге тартылған адаммен кездесу кезінде адвокаттың жұмыс істеу уақыты ішкі істер органдарының тергеу изоляторының, уақытша ұстау изоляторларының немесе арнайы қабылдағыштарының анықтамалары бойынша айқындалады.

      8. Адвокат нақты іс бойынша басқа жаққа шығу арқылы заң көмегін көрсеткен жағдайда, төлем іс бойынша процессуалдық іс-әрекеттердің, сот талқылауының ұзақтығына қарамастан толық жұмыс күніне төленеді, егер ол бұл күні басқа іс жүргізуге қатыспаған болса.

      9. Қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға тағайындалған адвокаттан бас тартса, адвокаттың іспен танысуға кеткен уақыты, кездесу кезінде заң көмегін көрсетуі, осындай бас тартудың процессуалдық рәсімделуі, адвокаттың іссапар шығыстары төленуге жатады.

      10. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі өндіріс сатысында қорғау және өкілдік етуге байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші бойынша шығарылады және оған қаулының шығарылуымен бір уақытта тапсырылады не жолданады, ал тапсырманың орындалуы бір айдан астам уақытқа созылған жағдайда әр айдың соңғы күнінен кешіктірілмей тапсырылады.

      Әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаны қорғаумен байланысты адвокаттың шығыстарын өтеу және заң көмегін төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде шығарылады және оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының шығарылуымен бір уақытта тапсырылады.

      Сот қарастырған қылмыстық іс бойынша қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу және сотталушыға, сотталған адамға немесе жәбірленушіге заң көмегін көрсету бойынша ақы төлеу туралы қаулы адвокаттың өтініші негізінде шығарылады және оған сот үкімін немес басқа да сот актісі шығарған күні тапсырылады. Айрықша жағдайларда сот талқылауларының үздіксіз бір айдан аса созылуы кезінде сот қаулысы ай сайын шығарылады.

      Азаматтық іс бойынша заң көмегін көрсету және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу туралы ұйғарым адвокаттың өтініші негізінде шығарылады және оған шығарылған күні тапсырылады не жолданады.

      Нақты іс бойынша қаулының не ұйғарымның бір данасы тиісті істің материалдарына тіркеледі, екінші данасы шығарылған күні адвокатқа беріледі не жолданады, үшінші данасы шығарылған күннің келесі күнінен кешіктірілмей Адвокаттар алқасына жолданады.

      Қорғау және өкілдік етуге байланысты көрсетілген заң көмегіне ақы төлеу және шығындарды өтеу туралы өтініште адвокат нақты іс бойынша заң көмегін көрсетуге кеткен уақытының және іссапарға кеткен шығыстарының нақты есебін көрсетеді. "Адвокаттық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыс көрсетілмегені үшін адвокат жауапкершілікке тартылады.

      11. Адвокаттар есебін тексеру нәтижесі бойынша Адвокаттар алқасы аумақтық әділет органдарына Қағиданың 4-тармағы 1)-4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар қоса берілетін өтінімді есептік айдың келесі айының 7-жұлдызына дейін, ал желтоқсан айы үшін – есептік айдың 15-жұлдызынан кешіктірмей жолдайды.

      12. Аумақтық әділет органдары Адвокаттар алқасы өтінімінің және оған қоса берілген құжаттардың негізділігі мен дұрыстығын тексеру нәтижесі бойынша адвокаттарға төленуге жататын соманы есептік кезеңнен кейінгі айдың 15 жұлдызынан кешіктірмей, ал желтоқсан айы үшін – есептік айдың 20 жұлдызынан кешіктірмей аударады.

      Осы Қағиданың 5-тармағының 3) және 4)-тармақшаларында көзделген талаптарға аталған қаулылар мен ұйғарымдардағы мәліметтер сәйкес келмеу дәйектері анықталған жағдайда, аймақтық әділет органы оларды арифметикалық және басқа да қателерді түзету үшін Адвокаттар алқасына қайтаруға құқылы.

      13. Адвокаттар алқасы ағымдағы жылғы 15-желтоқсанынан кейін ұсынған өтініш бойынша адвокаттарға төленуге жататын қаржыны қаржыландыру келесі жылы бөлінетін республикалық бюджет есебінен төленуге жатады.

  Қорғаумен және өкілдік етумен
байланысты шығыстардың орнын
толтыру, адвокаттармен көрсетілетін
заң көмегі үшін төлем қағидаларына
қосымша

      Нысан

ӨТІНІМ

      _________ жылғы бюджеттік қаражат есебінен қорғаумен және өкілдік

      етумен байланысты шығыстардың орнын толтыру, адвокаттармен

      көрсетілетін заң көмегі үшін төлем туралы ___________________________

      (адвокаттар алқасының атауы)

Адвокаттармен көрсетілетін заң көмегінің түрлері

Қаулылар саны

Сағаттар саны

Төлем сомасы

Төлемнің жалпы сомасы

Құқықтық консультация түрінде заң көмегін көрсету

аузша заң консультациялары





жазбаша құжаттар




Қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында күдіктінің, айыпкердің қорғаушысы ретінде заң көмегін көрсету

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша




Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша




Қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында жәбірленушінің өкілі ретінде заң көмегін көрсету

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша




Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша




Соттарда қылмыстық істер бойынша айыпталушының, сотталушының қорғаушысы ретінде заң көмегін көрсету

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша




Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша




Соттарда қылмыстық істер бойынша жәбірленушінің өкілі ретінде заң көмегін көрсету

Аса ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша





Ауыр қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша




Ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзылушылықтар бойынша




Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істері бойынша заң көмегін көрсету





Азаматтық істер бойынша заң көмегін көрсету

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 112-бабы





Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 325-бабы




Барлығы






      Ескерту: Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін Қазақстан Республикасының "Адвокт қызмет туралы" заңының 5-бабы 3)-тармағына сәйкес белгілейді.