"Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы"

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 755 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 желтоқсанда № 12388 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.02.2016 № 81 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 15.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына, «1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» 2015 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11473 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесінде, мөлшерлемелер көлемінде және олардың қолданылу мерзімінде:
      «

2715 00 000 0

Битум қоспалары

-

60 доллар

0

тұрақты

                                                                  »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

2715 00 000 0

Битум қоспалары

-

15 %

0

тұрақты

                                                                 »;
       «

7204

Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шихталық құймалар)

-

15 %, бірақ 1 тоннасына 20 евродан кем емес

15 %, бірақ 1 тоннасына 20 евродан кем емес

тұрақты

                                                                 »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

7204

Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шихталық құймалар)

-

15 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес

15 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес

2016 жылғы 30 қарашаны қоса алғанға дейін

                                                           »;
      мынадай жолмен толықтырылсын:
      «

8607 19 100 1

Жиналған немесе бөлшектелген түріндегі білігі; дөңгелектер және оның бұрын пайдаланылған бөлшектері

-

5 %

5 %

тұрақты

                                                                 ».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық 2015 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ___________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы «____» _________

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Экономикалық интеграция
      істері министрі
      ___________ Ж. Айтжанова
      2015 жылғы «____» _________