РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 15.12.2015 бастап қолданысқа енгізіледі.
«Сауда қызметiн реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына, «1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» 2015 жылғы 12 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11473 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесінде, мөлшерлемелер көлемінде және олардың қолданылу мерзімінде:
«
2715 00 000 0 |
Битум қоспалары |
- |
60 доллар |
0 |
тұрақты |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
2715 00 000 0 |
Битум қоспалары |
- |
15 % |
0 |
тұрақты |
»;
«
7204 |
Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шихталық құймалар) |
- |
15 %, бірақ 1 тоннасына 20 евродан кем емес |
15 %, бірақ 1 тоннасына 20 евродан кем емес |
тұрақты |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
7204 |
Қара металдардың қалдықтары мен сынықтары; қайта балқытуға арналған қара металдардың құйма металдары (шихталық құймалар) |
- |
15 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес |
15 %, бірақ 1 тоннасына 15 евродан кем емес |
2016 жылғы 30 қарашаны қоса алғанға дейін |
»;
мынадай жолмен толықтырылсын:
«
8607 19 100 1 |
Жиналған немесе бөлшектелген түріндегі білігі; дөңгелектер және оның бұрын пайдаланылған бөлшектері |
- |
5 % |
5 % |
тұрақты |
».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялануға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2015 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы «____» _________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экономикалық интеграция
істері министрі
___________ Ж. Айтжанова
2015 жылғы «____» _________