"Шитті мақта сапасының куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 4-6/964 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 2 желтоқсанда № 12336 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 283 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.09.2020 № 283 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Шитті мақта сапасының куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. "Шитті мақта сапасының куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 6-1/181 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9363 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 27 мамырда жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қазандағы
№ 4-6/964 бұйрығымен
бекітілген

"Шитті мақта сапасының куәлігін беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Шитті мақта сапасының куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аккредиттелген сынақ зертханалары (орталықтар) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушылар) көрсетіледі.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - шитті мақта сапасының куәлігі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің)
іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы

      4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы № 4-5/544 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12069 болып тіркелген) бекітілген "Шитті мақта сапасының куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес шитті мақта сапасына сараптама жүргізуге арналған өтінімнің болуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оларды орындау ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы:

      қағаз жеткізгіштегі өтінімді қабылдайды, оның көшірмесіне құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күнін және құжатты қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (жеке басты куәландыратын құжатта бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қояды – 30 (отыз) минут ішінде;

      өтінімді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісіне қарар жазу үшін жолдайды – өтінімді және құжаттарды ресімдеу уақыты – 15 (он бес) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісі көрсетілетін қызметті берушінің шитті мақта сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жауапты орындаушысын (бұдан әрі – зертхана (орталық) маманы) анықтайды, оған көрсетілетін қызметті алушының өтінімнің көшірмесін және құжаттарды өтінім берілген сәттен бастап 1 сағат ішінде жолдайды;

      3) зертхана (орталық) маманы:

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-5/280 бұйрығымен бекітілген Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12152 болып тіркелген)қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес нысан бойынша шитті мақтаның сынамаларын іріктеп алуды және сынамаларды тіркеу журналында тіркеуді өтiнiм тiркелген сәттен бастап 1 жұмыс күні мерзімінде жүргiзедi;

      өтінімде көрсетілген сапа көрсеткіштері және сынау әдістері бойынша органолептикалық (шитті мақтаның сыртқы түрін стандарттық үлгілермен салыстырып байқау арқылы) және құралдық бағалау арқылы сынау жүргізеді - 1 жұмыс күнінен артық емес;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісі нөмірленген шитті мақта сынамаларын тіркеу журналына қол қояды, шитті мақта сапасы туралы куәлікті ресімдейді және оған қол қояды - 3 сағаттан артық емес;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы бекітілген Қағидаларға сәйкес шитті мақтаның сапасы туралы куәліктерді тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді - 30 (отыз) минуттан артық емес.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара
іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатыстырылады:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісі;

      2) зертхана (орталық) маманы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы қағаз жеткізгіштегі өтінімді қабылдайды, оның көшірмесіне құжаттар топтамасын қабылдану уақыты мен күнін және құжатты қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын (жеке басты куәландыратын құжатта бар болса), көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қояды – 30 (отыз) минут ішінде;

      өтінімді және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісіне қарар жазу үшін жолдайды – өтінімді және құжаттарды ресімдеу уақыты – 15 (он бес) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісі өтінімді қарастырады және жауапты орындаушыны анықтайды - өтінім берілген сәттен бастап 1 сағат ішінде;

      3) зертхана (орталық) маманы:

      бекітілген Қағидаларға сәйкес нысан бойынша шитті мақтаның сынамаларын іріктеп алуды және тіркеу журналында тіркеуді өтiнiм тiркелген сәттен бастап 1 жұмыс күн мерзімінде жүргiзедi;

      органолептикалық (шитті мақтаның сыртқы түрін стандарттық үлгілермен салыстырып байқау арқылы) және құралдық бағалау арқылы өтінімде көрсетілген сапа көрсеткіштері және сынау әдістері бойынша сынау - 1 жұмыс күнінде жүргізеді;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісі нөмірленген шитті мақта сынамаларын тіркеу журналына қол қояды, шитті мақта сапасы туралы куәлікті ресімдейді және оған қол қояды – 3 сағаттан артық емес;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы бекітілген Қағидаларға сәйкес нысан бойынша шитті мақтаның сапасы туралы куәліктерді тіркеу журналында тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді - 30 (отыз) минуттан артық емес.

      8. "Шитті мақта сапасының куәлігін беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестер анықтамалығы осы Регламентке қосымшаға сәйкес көрсетілген.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да
көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің,
сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық
жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.

  "Шитті мақта сапасының
куәлігін беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

      нысан

"Шитті мақта сапасының куәлігін беру" мемлекеттік қызметін
көрсетудің бизнес-процестері