Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 30.10.2015 № 4-6/964 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Шитті мақта сапасы куәлігін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік етуші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.Мамытбеков
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 1 сәуірдегі
№ 6-1/181 бұйрығымен
бекітілген
«Шитті мақта сапасы куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: «ҚазАгрЭкс» акционерлік қоғамы және оның филиалдары.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі: «Қағаз тасығыштағы шитті мақта сапасы куәлігі».
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Рәсімдерді (іс-қимылды) бастауға негіздеме: өтініш беру.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманымен көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қабылдау және тіркеу, көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісіне өтінім беру - 2 сағат ішінде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісі шитті мақта сапасына сараптама жүргізу жөніндегі маманды (бұдан әрі – сараптама маманы) анықтайды, оған қабылдаған құжаттар тізімін беру уақыты - 3 сағаттан артық емес;
3) сараптама маманымен сынаманы іріктеп алуды жүргізу және осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес № 1 нысандағы шитті мақтаның сынамаларын тіркеу журналында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 868 қаулысымен бекітілген Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін) және мақта талшығының сапасы паспортының нысанын (үлгісін) бекіту қағидаларына (бұдан әрі – Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидалары) 3-қосымшаға сәйкес тіркеу - 2 жұмыс күні ішінде;
4) сараптама маманымен өтінімде көрсетілген сапа көрсеткіштері және сынау әдістері бойынша органолептикалық (шитті мақтаның сыртқы түрін стандарттық үлгілермен салыстырып байқау арқылы) және құралдық бағалау арқылы сынау жүргізу - 1 жұмыс күнінен артық емес;
5) көрсетілетін қызметті беруші меңгерушісінің шитті мақта сапасы туралы куәлікке қол қою, ресімдеу - 3 сағаттан артық емес;
6) осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес Шитті мақтаның сапасына сараптама жүргізу және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес куәлікті № 2 нысандағы журналға тіркеу және қызметті алушыға беру - 30 минуттан артық емес.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) қатыстырылады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісі;
2) сарапта маманы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы.
7. Реттілікті мәтіндік кестелік сипаттау және әр ҚФБ-нің әкімшілік әрекеттерінің (рәсімдердің) өзара әрекеттестігі әр әкімшілік әрекетті (рәсімді) орындау мерзімін көрсете отырып осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.
8. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үрдісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық реттілігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін сызба осы регламентке 4-қосымшада берілген.
4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының халыққа қызмет көрсету орталығына және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.
«Шитті мақта сапасы куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
1-қосымша
№ 1 нысан
Шитті мақта сынамаларын тіркеу журналы
Р/с № |
Күні |
Өтініш беруші |
Сынамалар іріктеу жүргізілген мақта өңдеу ұйымының атауы |
Партия салмағы, тонна |
Сынамаларды іріктеу актісінің № мен күні |
Сынаманы іріктеген маманның қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
«Шитті мақта сапасы куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
2-қосымша
№ 2 нысан
Шитті мақтаның сапасы туралы куәліктерді тіркеу журналы
Р/с № |
Куәліктің берілген күні және нөмірі |
Шитті мақта иесі |
Сынамалар іріктелген орын |
Сынамаларды іріктеу актісінің № мен күні |
Партия № мен салмағы |
Сынаманы іріктеген маманның Т.А.Ә. және қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
«Шитті мақта сапасы куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
3-қосымша
1-кесте. ҚФБ-нің іс-әрекетіне сипаттама
Негізгі үрдіс (жұмыс барысы, ағымы) әрекеттері |
||||||
1 |
Әрекет (жұмыс барысы, ағымы) № |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
2 |
ҚФБ атауы |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы |
Көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісі |
Сараптама маманы |
Көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісі |
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы |
3 |
Әрекет (үрдіс, рәсім, операция) атауы және олардың сипаттамасы |
Көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдайды және тіркейді. Көрсетілетін қызметті алушыға қолхат береді. |
Шитті мақта сапасына сараптама жүргізу жөніндегі маманды анықтайды, оған тапсырма және өтінім көшірмесі беріледі |
Сынамалар іріктеуді жүргізу, арнайы журналда сынамаларды тіркеу. |
Сынау нәтижелерін қарау, куәлікті рәсімдеу және қол қою. |
Көрсетілетін қызметті алушыға куәлік беру. |
4 |
Аяқтау нысаны (мәліметтер, құжат, ұйымдастыру-тарату шешімі) |
Сараптама жүргізу жөніндегі маманды анықтау үшін көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісіне өтінімді жолдау. |
Сараптама маманына тапсырма мен өтінімді жіберу. |
Сынамалар іріктеу акті, журналда тіркеу. |
Куәлік. |
Шығыс хат-хабар журналында белгілеу |
5 |
Орындау мерзімдері |
2 сағат шінде |
3 сағаттан артық емес |
3 жұмыс күні ішінде; |
3 сағаттан артық емес |
30 минуттан артық емес |
2-кесте. Пайдалану нұсқасы. Негізгі үдеріс.
Негізгі үрдіс (жұмыс барысы, ағымы) |
||
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы |
Көрсетілетін қызметті берушінің меңгерушісі |
Сараптама маманы |
№ 1 әрекет |
№ 2 әрекет |
№ 3 әрекет |
№ 4 әрекет |
№ 5 әрекет |
«Шитті мақта сапасы куәлігін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне
4-қосымша