«Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша қор нормативі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын пайдалану қағидалары бекітілсін.
2. «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 18-03/159 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7645 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 4 тамыздағы № 464-470 (27543) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді басқа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________Б. Сұлтанов
2015 жылғы 23 қазан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 30 қазан
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 15-05/844 бұйрығына
1-қосымша
Пестицидтердің (улы химикаттардың) түрлері бойынша қор нормативі
№ |
Аса қауіпті зиянды организмнің |
Болжамды алқаптан қор пайызы, дейін |
1 |
Шегіртке тектес (азиялық, мароккалық және италияндық прус) |
15 |
2 |
Бақашық қандала |
5 |
3 |
Астық сұр көбелегі |
10 |
4 |
Гессен шыбыны |
10 |
5 |
Астық қоңызы |
5 |
6 |
Мақта көбелегі |
10 |
7 |
Өрмекші кене |
10 |
8 |
Сарышұнақтар |
10 |
9 |
Тышқан тәрізді кеміргіштер |
10 |
10 |
Колорадо немесе картоп қоңызы |
10 |
11 |
Дәнді дақылдардың тат ауруы |
15 |
12 |
Дәнді дақылдардың септориозды ауруы |
15 |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 15-05/844 бұйрығына
2-қосымша
Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын пайдалану Қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2002 жылғы 3 шілдедегі «Өсімдіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын пайдалану тәртібін белгілейді.
2. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы дегенiмiз пестицидтердiң (улы химикаттардың) ұдайы жаңартылып отыратын белгiлi бiр көлемi және ол уәкiлеттi органның қарауындағы (билiгiндегi) мемлекеттiк меншiк болып табылады.
3. Пестицидтердiң (улы химикаттардың) запасы ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, фитосанитариялық мониторинг негiзiнде бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтер (улы химикаттар) көлемiнен қалыптастырылады.
4. Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын қалыптастыруды және оның сақталуын, пайдалануын бақылауды қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (одан әрі - Комитет) жүзеге асырады.
2. Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын пайдалану тәртібі
5. Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын пайдалану Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының (одан әрі – Мемлекеттік инспектор) бөлуі бойынша:
1) тізбеге енгізілген аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай таралған және болжамды көлемінен асып түскен;
2) аса қауіпті зиянды организмдердің шектес мемлекеттерден енген (ұшып келген) және фитосанитариялық іс-шараларды жоспардан тыс жүргізу қажет болған жағдайда жүзеге асырылады.
6. Аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай таралғаны, болжамды көлемінен асып түскені немесе енгені (ұшып келгені) туралы ақпарат, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комитеттің аумақтық инспекцияларының басшыларымен бекітілген, фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің мамандарымен қоныстануына (залалдануына) жүргізілген тексерулер туралы актілермен расталады.
7. Аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай таралғаны, болжамды көлемінен асып түскені немесе енгені (ұшып келгені) туралы ақпарат бір күнтізбелік күн ішінде Комитетке ұсынылады.
8. Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайлардың туындауы туралы ақпарат түскен кезде, Мемлекеттік инспектор бір жұмыс күні ішінде, аса қауіпті зиянды организмдердің түрін ескере отырып, пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын бөлуді бекітеді.
9. Жоғарыда аталған бөлуге сәйкес рұқсат қағаз ресімделеді және Комитет бір жұмыс күні ішінде пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын сақтауды жүзеге асыратын ұйымға жібереді.
Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын тасымалдау үшін көлік құралын жіберу қажеттігі туралы рұқсат қағазды Комитет бір жұмыс күні ішінде тасымалдаушы ұйымға жібереді.
10. Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын сақтауды жүзеге асыратын ұйым қолдану орнына дейін тасымалдау үшін оларды тасымалдаушы ұйымға беруді қамтамасыз етеді.
Тасымалдаушы ұйым пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын өңірлерге оларды қолдану орнына жеткізуді жүзеге асырады.
Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын беру және тасымалдау тиісті құжаттарды рәсімдеу арқылы жүргізіледі.
11. Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын жеткізілген жерінде қабылдау және оларды қолдану жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бағалау үшін Облыстық аумақтық инспекция басшысының бұйрығымен Комиссия құрылады.
Комиссияның құрамына: Комитеттің аумақтық инспекцияларының және жергілікті атқарушы органдардың (келісім бойынша) басшылары мен өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандары, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің өкілдері (келісім бойынша) кіреді.
Комиссия пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын жеткізілген жерінде қабылдауды жүзеге асырады және оларды қалыптасқан фитосанитариялық жағдайды ескере отырып, аса қауіпті организмдерге қарсы қолдануды қамтамасыз етеді.
12. Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын қолдану нәтижелері бойынша Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау жөніндегі көрсетілген қызметтерді бағалау актісі ресімделеді.
Өсімдіктерді қорғау жөніндегі көрсетілген қызметтерді бағалау актісі пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын есептен шығару үшін Комитетке беріледі.
13. Пестицидтердің (улы химикаттардың) қоры Заңның 14-2-бабының 2-тармағына сәйкес қалыптастырылады.
14. Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын сақтау және тасымалдау Заңының 20-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
15. Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын жаңарту тиісті бюджеттік бағдарламада көзделген сомалар шегінде жыл сайын сатып алынатын пестицидтердің көлемінен жүзеге асырылады.
Пестицидтердің
(улы химикаттардың) қорын
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік
инспекция комитетінің
___________________ облыстық аумақтық
(облыс атауы)
инспекциясының басшысы
__________ _________________________
(қолы, мөрі) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда) (бұдан әрі – Т.А.Ә.)
20____ жылғы «___» ______________
___________________________________________________
(аса қауіпті зиянды организмнің атауы)
қоныстануына (залалданғанына) тексеру жүргізу туралы акті
№ |
Аудандардың (қалалардың) ауылдық округтардың атауы |
Тексеруді жүргізу күні |
Барлық тексерілгені, мың гектар |
Қоныстанғаны (залалданғаны), мың гектар |
оның ішінде, экономикалық зияндылық шегінен жоғары (бұдан әрі - ЭЗШ), мың гектар |
1. |
|||||
2. |
|||||
Барлығы: |
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитеті
_____________________ облыстық
(облыс атауы)
аумақтық инспекциясының
өсімдіктерді қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы _________ _________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция комитеті
«Республикалық фитосанитариялық
диагностика және болжамдар
әдістемелік орталығы»
мемлекеттік мекемесінің
____________ облыстық филиалының
(облыс атауы)
директоры _________ _________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Пестицидтердің
(улы химикаттардың) қорын
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Өсімдіктерді қорғау бойынша көрсетілген қызметтерді бағалау актісі
______________________________ 20__ жылғы «___»________
(облыс, қала, елді мекен)
_______________________________________ құрылған Комиссия, құрамында:
(Комиссия кімнің шешімімен құрылды, күні және шешімнің нөмері
көрсетілсін)
комиссия төрағасы __________ ______________________
(лауазымы) (Т.А.Ж.)
Комиссия мүшелері: __________ ______________________
(лауазымы) (Т.А.Ж.)
сондай-ақ 20 ___ жылғы «___» _____ №__ сенімхатқа сәйкес_____________
__________________________ мүддесін қорғауға уәкілетті өкілі_________
(көрсетілетін қызметті жеткізушінің толық атауы) (Т.А.Ж.)
20___жылғы «__» ________ № _______ Шартқа сәйкес ___________ауданының
жерінде__________________ қарсы______________________________________
(зиянды организмнің атауы) (ұшақтармен, АЖҰ, аэрозольді
генераторлармен, атомайзерлік
қондырғылармен, тракторлық
бүріккіштермен және басқалар)
химиялық өңдеулер жөніндегі көрсетілген қызметтерді қарап тексерді,
мынадай қорытынды жасады:
Ауылдық округтың атауы |
Қызмет көрсету мерзімі |
Биологиялық тиімділігі, % |
Қолданылған пестицид (саудалық атауы) |
Мөлшері, (литр, килограмм) |
Жұмсау нормасы, (литр/гектар, килограмм/гектар) |
Өңдеу алаңы, гектар |
1 гектардың бағасы, теңге |
Сома, теңге |
Барлығы: |
Комиссия төрағасы __________________________________________
(қолы, Т.А.Ә., мөрі)
Комиссия мүшелері __________________________________________
(қолы, Т.А. Ә.)
Көрсетілетін қызметті жеткізушіден___________________________
(қолы, Т.А.Ә., мөрі)