Пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативін және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № 15-05/844 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қарашада № 12332 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.03.2020 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.07.2022 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Пестицидтер қорларын пайдалану қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.03.2020 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Пестицидтердің (улы химикаттардың) қорын пайдалану қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 6 сәуірдегі № 18-03/159 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7645 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 4 тамыздағы № 464-470 (27543) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді басқа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 23 қазан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 30 қазан


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 15-05/844 бұйрығына
1-қосымша

Пестицидтердің түрлері бойынша қор нормативі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.07.2022 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Аса қауіпті зиянды организмнің атауы

Болжамды алаңдағы қор пайызы, дейін

1

2

3

1

Шегіртке тектестер (азиялық, марокколық және италиялық прус)

75


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 15-05/844 бұйрығына
2-қосымша

Пестицидтер қорын пайдалану қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.03.2020 № 85 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пестицидтер қорын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Өсімдіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және пестицидтер қорын пайдалану тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.07.2022 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Пестицидтер қоры ұдайы жаңартылып отыратын пестицидтердің белгілі бір көлемін білдіреді және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қарауындағы (билігіндегі) мемлекеттік меншік болып табылады.

      3. Пестицидтер қоры ерекше қауіпті зиянды организмдердің тосыннан жаппай таралуын жоюға арналған және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, фитосанитариялық мониторинг негізінде бюджет қаражаты есебінен сатып алынған пестицидтер көлемінен қалыптастырылады.

      4. Пестицидтердің қорын қалыптастыруды және оның сақталуын, пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етуді Комитет жүзеге асырады.

2-тарау. Пестицидтер қорын пайдалану тәртібі

      5. Пестицидтердің қорын пайдалану Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының (бұдан әрі – мемлекеттік инспектор) бөлуі бойынша:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-4/282 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11739 болып тіркелген) бекітілген Аса қауіпті зиянды организмдер тізбесіне енгізілген аса қауіпті зиянды организмдер жаппай таралған және болжамды көлемнен асып түскен;

      2) аса қауіпті зиянды организмдер шектес мемлекеттерден енген (ұшып келген) және фитосанитариялық іс-шараларды жоспардан тыс жүргізу қажет болған жағдайда жүзеге асырылады.

      6. Аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай таралғаны, болжамды көлемінен асып түскені немесе енгені (ұшып келгені) туралы ақпаратты фитосанитариялық мониторингті жүзеге асыратын мемлекеттік мекеменің мамандары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, Комитеттің аумақтық инспекцияларының басшыларымен бекітілген, аса қауіпті зиянды организмдердің қоныстануына (залалдануына) жүргізілген зерттеп-қарау жүргізу туралы актілермен растайды.

      7. Аса қауіпті зиянды организмдердің жаппай таралғаны, болжамды көлемінен асып түскені немесе енгені (ұшып келгені) туралы ақпарат күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде Комитетке ұсынылады.

      8. Осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген жағдайлардың туындағаны туралы ақпарат келіп түскен кезде, мемлекеттік инспектор 1 (бір) жұмыс күні ішінде аса қауіпті зиянды организмдердің түрін есепке ала отырып, пестицидтердің қорын бөлуді бекітеді.

      9. Пестицидтер қорын бөлу кезінде Комитет рұқсат қағаз рәсімдейді және 1 (бір) жұмыс күні ішінде пестицидтердің қорын сақтауды жүзеге асыратын ұйымға жібереді.

      Пестицидтердің қорын тасымалдау үшін көлік құралын жіберу туралы рұқсат қағазды Комитет 1 (бір) жұмыс күні ішінде тасымалдаушы ұйымға жібереді.

      10. Пестицидтердің қорын сақтауды жүзеге асыратын ұйым оларды қолданылатын жерлерге дейін тасымалдау үшін тасымалдаушы ұйымға беруді қамтамасыз етеді.

      Тасымалдаушы ұйым пестицидтердің қорын өңірлерге оларды қолданылатын жерлерге жеткізуді жүзеге асырады.

      Пестицидтердің қорын беру және тасымалдау тиісті құжаттарды ресімдеу арқылы жүргізіледі.

      11. Пестицидтердің қорын жеткізілген жерінде қабылдау және оларды қолдану жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бағалау үшін облыстық аумақтық инспекция басшысының шешімімен комиссия құрылады.

      Комиссияның құрамына: Комитеттің аумақтық инспекцияларының және жергілікті атқарушы органдардың (келісім бойынша) басшылары мен өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандар, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің өкілдері (келісім бойынша) кіреді.

      Комиссия пестицидтердің қорын жеткізілген жерінде қабылдауды жүзеге асырады және қалыптасқан фитосанитариялық ахуалды ескере отырып, оларды аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы қолдануды қамтамасыз етеді.

      12. Пестицидтердің қорын қолдану нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдіктерді қорғау бойынша көрсетілген қызметтерді бағалау актісі ресімделеді.

      Өсімдіктерді қорғау жөніндегі көрсетілген қызметтерді бағалау актісі пестицидтердің қорын есептен шығару үшін Комитетке беріледі.

      13. Пестицидтердің қорын сақтау және тасымалдау Заңының 20-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      14. Пестицидтер қорын жаңарту Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес тиісті бюджеттік бағдарламадағы шығыстар бағыты бойынша сомалар шегінде жыл сайын сатып алынатын пестицидтер көлемінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.07.2022 № 224 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Пестицидтердің қорын
пайдалану қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  БЕКІТЕМІН
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің
___________________ облыстық
аумақтық
(облыс атауы)
инспекциясының басшысы
____________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)
20____ жылғы "___" _________

___________________________________________________ (аса қауіпті зиянды организмнің атауы) қоныстануына (залалдануына) зерттеп-қарау жүргізу туралы акті

Р/с №

Аудандардың (қалалардың) ауылдық округтардың атауы

Зерттеп-қарау жүргізу күні

Барлық зерттеп-қаралғаны, мың гектар

Қоныстанғаны (залалданғаны), мың гектар

оның ішінде, зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары, мың гектар

1

2

3

4

5

6

1







Барлығы:





      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Агроөнеркәсіптік кешендегі

      мемлекеттік инспекция комитетінің

      _____________________ облыстық

      (облыс атауы)

      аумақтық инспекциясының

      өсімдіктерді қорғау жөніндегі

      мемлекеттік инспекция бөлімінің

      басшысы ___________ ___________________________

                  (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Агроөнеркәсіптік кешендегі

      мемлекеттік инспекция комитеті

      "Республикалық фитосанитариялық

      диагностика және болжамдар

      әдістемелік орталығы"

      мемлекеттік мекемесінің

      ____________ облыстық филиалының

      (облыс атауы)

      директоры ______________ _____________________________

                  (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  Пестицидтер қорын
пайдалану қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өсімдіктерді қорғау бойынша көрсетілген қызметтерді бағалау актісі

      ______________________________                   20__ жылғы "___"________

      (облыс, қала, елді мекен)

      _________________________________________________________________________

      (комиссия кімнің шешімімен құрылғанын, күнін және шешімнің нөмірін көрсету керек)

      мынадай құрамдағы Комиссия:

      Комиссия төрағасы __________ _________________________________________

                        (лауазымы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Комиссия мүшелері: __________ _______________________________________,

                        (лауазымы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      сондай-ақ, 20 ___ жылғы "___" _____ №__ сенімхатқа сәйкес_____________

      ____________________________________________ мүддесін қорғауға уәкілетті

      (көрсетілетін қызметті жеткізушінің толық атауы)

      ___________________________________________________________________

                        (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      20___жылғы "__" ________ № _______ Шартқа сәйкес ___________ ауданының

      жерінде___________________________ қарсы____________________________

      (зиянды организмнің атауы) (ұшақтармен, аса жеңіл ұшақтармен, аэрозольді

      __________________________________________________________________________

      генераторлармен, атомайзерлік қондырғылармен, тракторлық бүріккіштермен және басқалар)

      химиялық өңдеулер бойынша көрсетілген қызметтерді қарап-тексерді және мынадай қорытынды жасады:

Ауылдық округтың атауы

Қызмет көрсету мерзім
дері

Биоло
гиялық тиімді
лігі, %

Қолданыл
ған пестицид (саудалық атауы)

Мөлшері, (литр, килограмм)

Жұмсау нормасы, (литр/гектар, килограмм/гектар)

Өңдеу алаңы, гектар

1 гектар үшін бағасы, теңге

Сома
сы, теңге



















Барлығы:









      Комиссия төрағасы ___________ ________________________________________

                              (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Комиссия мүшелері ___________ ________________________________________

                              (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Көрсетілетін қызметті

      жеткізушіден            ___________ ________________________________________

                              (қолы)             (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)