2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интернет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б.Сұлтанов
2015 жылғы 29 қазан
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 28 қазандағы
№ 4-2/956 бұйрығымен
бекітілген
Сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелердің
тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу
бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен
ақшаны жұмсау қағидалары
1. Осы Сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптарын сынақтан өткізу саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.
Осы Қағидаларда ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптарын сынақтан өткізу деп сұрыптардың патент қабілеттілігіне сараптама және сынақ жүргізу және сұрыптарды шаруашылыққа пайдалылығына сынау түсініледі.
2. Осы Қағидалардың әрекеті ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптарын сынақтан өткізу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелерге қолданылады.
3. Мемлекеттік мекемелер тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабына және «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 23-4-бабына сәйкес жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік мекемелер өз қызметіне сәйкес келетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініші (өтініш нысаны еркін) негізінде көрсетеді.
5. Өтінішті және тиісті құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11879 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларына сәйкес мемлекеттік мекеменің жауапты лауазымды адамы жүзеге асырады.
6. Өтініш берушіге қолхат бере отырып, өтініш:
1) өтініштің тіркеу нөмірі мен қабылданған күнін;
2) ақылы негізде көрсетілетін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша қызмет түрін;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауларын;
4) өтінішті қабылдаған жауапты лауазымды адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда) көрсете отырып, арнайы тіркеу журналында тіркеледі.
7. Қажетті құжаттардың тізімі, ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар прейскуранты мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпарат орындарына орналастырылады.
8. Көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу міндетті түрде фискалдық жады бар кассалық бақылау машиналарын қолдана және бақылау чегін бере отырып, мемлекеттік мекемелердің кассалары арқылы қолма-қол ақша арқылы, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің «Ақылы қызметтерден түсетін қаражат» ағымдағы шотына аудару жолымен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүргізіледі.
РҚАО-ның ескертпесі!
9-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 31.12.2015 № 4-6/1154 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) бұйрығымен.
9. Мемлекеттік орган ақылы қызмет түрлерін көрсету қорытындылары бойынша шот-фактура, орындалған жұмыстар актісін ұсынады, сондай-ақ пайдалануға рұқсат етілген Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы оң шешім қабылданған кезде, сұрып немесе буданның авторына селекциялық жетістікке авторлық куәлік, ал оригинаторға селекциялық жетістікке куәлік береді.
10. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты:
1) мемлекеттік мекемелердің сұрыптарды сынақтан өткізу станциялары мен учаскелерінде ауыл шаруашылығы жұмыстарын және зертханалық зерттеулерді жүргізуге;
2) мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру үшін ауыл шаруашылығы техникасын, ауыл шаруашылығы, зертханалық жабдықтарды және механизмдерді сатып алуға;
3) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы ғылыми зерттеулерді жүргізуге;
4) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптарын сынақтан өткізу саласында ауыл шаруашылығы және зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін мемлекеттік мекемелер тартатын штаттан тыс маусымдық мамандар мен жұмысшылардың қызметтеріне, еңбегіне ақы төлеуге;
5) тауарлы материалдық құндылықтарды: жанар-жағармай материалдарын, ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының тұқымдары мен отырғызу материалдарын, минералдық тыңайтқыштарды, пестицидтерді, химиялық реактивтерді, қосалқы бөлшектерді, байланыс құралдарын, метеорологиялық деректерді, еңбекті қорғауды, өрт қауіпсіздігі мен гигиенаны қамтамасыз ету үшін арнайы қорғаныш құралдарын, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің ағымдағы сұрыптарды сынақтан өткізу мақсаттары үшін басқа да заттар мен материалдарды сатып алуға;
6) көлік, почта және байланыстың басқа да түрлерінің қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге, әкімшілік және қойма үй-жайларын жалға алу, топырақты агрохимиялық зерттеу және мелиорациялық іс-шараларды жүргізу бойынша, көлік құралдарын техникалық байқау және міндетті сақтандыру, мемлекеттік мекемелердің өлшеу және мамандандырылған жабдықтарын тексеру жөніндегі қызметтерге ақы төлеуге;
7) мемлекеттік мекемелердің сұрыптық тектік қоры бойынша материалдарды толықтыру үшін баспа басылымдарын, ғылыми, әдістемелік және арнайы әдебиеттерді сатып алуға;
8) мемлекеттік мекемелердің ғылыми, әдістемелік материалдарын және ресми бюллетендерін шығаруға;
9) мемлекеттік мекемелердің мамандарын даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;
10) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптарды сынақтан өткізу саласындағы нәтижелердің деректерін автоматты өңдеуді арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алуға және енгізуге;
11) мемлекеттік мекемелер үшін шетелдік хат-хабарлар мен ғылыми құжаттамалар аудармашыларының көрсетілетін қызметтерін сатып алуға;
12) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің неғұрлым перспективалы және бағалы сұрыптарын жарнамалау және насихаттау бойынша бұқаралық іс-шараларды өткізуге (егіс күні, семинарлар, көрмелер, экскурсиялар мен тұсаукесерлер);
13) мемлекеттік мекемелердің жұмыс істеуіне байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді жөндеуге;
14) мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің іссапар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге іссапар шығыстарына;
15) мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге жұмсалады.