Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 665 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қарашада № 12288 болып тіркелді

Қолданыстағы

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 37-1 бабының 8-5) тармақшасына және «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-1 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың Қосымшасына сәйкес жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару Комитеті заңнамамен бекітілген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі
      ______________ Б.Сұлтанов
      2015 жылғы 20 қазан

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 14 қазандағы 
№ 665 бұйрығымен   
бекітілген      

Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 8-5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мынадай тәртіпті айқындайды:
      1) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға субсидия беру;
      2) инвестициялық жобаларды қаржы институттарымен және халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесе қаржыландыруды жүзеге асыру;
      3) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға бағытталған инвестициялық жобаларды қаржыландыруды және іске асыруды мониторингті жүзеге асыру.
      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Әкімші – бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, коммуналдық шаруашылық саласындағы орталық уәкілетті орган;
      2) Жұмыс тобы – Оператордың қорытындысының негізінде жылумен, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы инвестициялық жобаларға субсидия беру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі консультациялық-кеңесші орган;
      3) жылумен жабдықтау жүйесі – жылу өндіру, жылу тарату және жылу тұтыну қондырғыларын тұратын кешен;
      4) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау – жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылатын өтеусіз және қайтарымсыз негізде бюджеттік субсидия беру;
      5) инвестициялық жоба – жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөнінде іс-шаралар жүргізуге бағытталған, Қаржы институттарының қарыз қаражаты, субсидиялар есебінен Қаржы институттарымен келісім жасасқан заңды тұлғалар іске асыратын инвестициялық жоба;
      6) Қаржы институты – банктер, банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және халықаралық қаржы ұйымдары;
      7) ниеттестік хат – Қаржы институтының инвестициялық жобаны іске асырудың негіздемесімен және алдын ала құнымен жоба жөніндегі іс-шараның қысқаша сипаттамасынан тұратын кредит беру мүмкіндігі туралы хаты;
      8) Оператор – Әкімшімен немесе ол уәкілдік берген құрылымдық бөлімшемен Оператордың функциясын жүзеге асыруға шарт (келісімшарт) жасасқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым;
      9) субсидия – жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Қаржы институттарымен келісім жасасқан заңды тұлғаға республикалық бюджеттен берілетін бюджеттен қайтарымсыз төлемдер;
      10) субсидия алушы – сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсететін, жылу энергиясын өндіретін, беретін тарататын және (немесе) жабдықтайтын табиғи монополиялар субъектісі;
      11) су бұру жүйесі – сарқынды суларды жинауға, тасымалдауға, тазартуға және оны әкетуге арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
      12) сумен жабдықтау жүйесі – суды жинауға, сақтауға, дайындауға, беруге және оны тұтыну орындарына таратуға арналған инженерлік желілер мен құрылыстар кешені;
      13) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттің әлеуметтік саясаты – халықтың тіршілігін қамтамасыз етуге және өмір сүру деңгейін мен сапасын жақсартуға бағытталған шаралар мен іс-шаралардың жиынтығы;
      14) уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      15) шарт (келісімшарт) – Әкімші немесе ол уәкілдік берген құрылымдық бөлімше мен Қаржы институтының және субсидия алушының арасында жасалған субсидия беру арқылы Қаржы институттарының және республикалық бюджеттің қаражаты есебінен бірлесе қаржыландыруды көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт.
      3. Инвестициялық жобаларды іріктеу үшін Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Жұмыс тобын құрады, оның құрамына Бюджеттік бағдарлама әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ Қаржы институтының өкілдері енгізіледі.

2. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды,
реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау тәртібі

1-параграф. Субсидиялаудың негізгі қағидаттары мен шарттары

1-кіші бөлім. Субсидиялау қағидаттары

      4. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде мынадай қағидаттар бойынша жүзеге асырылады:
      субсидия Қазақстан Республикасы Су кодексінің 135-1-бабының 2-тармағына, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 2-тармағына сәйкес техникалық сүйемелдеуге және субсидия алушының капитал көп жұмсалатын шығыстарына ақы төлеуге беріледі;
      субсидия мерзімі өтіп кеткен қарыздық берешек бойынша есептелген және төленген проценттерді төлеу жөніндегі шығындарды өтеуге, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу мақсатына, субсидия алушының шаруашылық қызметінің шығыстарын жабуға, Оператор көрсеткен қызметке ақы төлеуге берілмейді.

2-кіші бөлім. Субсидиялау шарттары

      5. Субсидия Қаржы институттарымен инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру шарттарында беріледі.
      6. Субсидияның көлемі инвестициялық жобаның жалпы құны мен Қаржы институты беретін кредиттің арасындағы айырма ретінде белгіленеді.
      Бұл ретте, субсидияның көлемі Қаржы институты беретін кредиттің сомасын аспауға тиіс. Субсидия бөлу тиісті жылға республикалық бюджеттен көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.
      7. Субсидия беру Әкімші немесе ол уәкілдік берген құрылымдық бөлімше, Қаржы институты мен субсидия алушының арасындағы үшжақты шарттың (келісімшарттың) негізінде жүргізіледі, онда қарыз және субсидия беру және пайдалану кезінде тараптардың құқықтық қатынастары белгіленеді.
      Бұл ретте, ақы төлеу қажеттілігін растайтын тиісті құжаттардың, оның ішінде орындалған жұмыстардың актілерінің, сәйкестік және сапа сертификаттарының, шот-фактуралардың және көрсетілген қызметтер, сатып алынған жабдықтар мен материалдар бойынша басқа да бухгалтерлік есептілік құжаттарының негізінде алдағы төлемдерге ақы төлеу жүргізіледі.
      8. Бөлінген қаражатты тиімді және мақсатты пайдалануды қамтамасыз ету, инвестициялық жобаның тікелей көрсеткіштеріне қолжеткізу, сондай-ақ инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын орындау субсидиялаудың міндетті шаршы болып табылады.
      9. Субсидияны алушы субсидияның қаражатын тек қана инвестициялық жобаның шартында (келісімшартында) көзделген мақсаттарға пайдаланады.
      10. Субсидия алушылар – мемлекеттiк кәсiпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар үшін субсидия есебінен қаржыландырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта халықаралық қаржы ұйымдарының сатып алу қағидаларын қолдану белгіленген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен табиғи монополиялар субъектісі үшін сатып алу қағидаларын қолдану белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      11. Субсидия мынадай критерийлер сақталған жағдайда беріледі:
      1) инвестициялық жобаның және инвестициялық жобада көзделген іс-шараларды асырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі;
      2) Қаржы институтының қаражаты есебінен алынған қарыз есебінен іске асырылатын іс-шаралардың өзін-өзі ақтауы;
      3) есептермен және тиісті құжаттармен расталатын субсидияның экономикалық негізділігі;
      4) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде энергия тиімділігі және ресурс үнемдеу жөнінде іс-шаралар жүргізу;
      5) бірыңғай техникалық саясатты, оның ішінде қазіргі заманғы технологияларды, материалдар мен жабдықтарды қолдану;
      6) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту кезінде отандық тауар өндірушілерді тарту.
      12. Субсидия беру мынадай негіздерде жүзеге асырылады:
      1) Қаржы институты дайындаған инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық зерттеулеріне (ТЭЗ), субсидияны әзірлеуші дайындаған техникалық-экономикалық негіздемеге (ТЭН) және жобалау-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) және ТЭН мен ЖСҚ-қа мемлекеттік сараптаманың қорытындысына сәйкес жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іріктеу;
      2) инвестициялық жобаға субсидия беру туралы шешім қабылдау үшін Әкімшіге ұсынылатын Оператордың қорытындысы;
      3) субсидия алушының шарттың (келісімшартты) талаптарын сақтауы;
      4) субсидия алушының техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асыратын жеткізушіні және техникалық қадағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымды таңдау жөніндегі техникалық ерекшелікті (тапсырманы) Оператормен міндетті түрде келісуі. Бұл ретте, субсидия алушы конкурстық/тендерлік құжаттама бекітілгенге дейін техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асыратын жеткізушіні және техникалық қадағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымды таңдау жөніндегі техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісуді қамтамасыз етеді. Екі данада хатпен ресімделетін Оператормен және Қаржы институтымен келісу техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қарау нәтижесі болып табылады.
      Техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асыратын жеткізушіні (қажет болған кезде) және техникалық қадағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымды таңдау жөніндегі техникалық ерекшелікті (тапсырманы) осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен келісу рәсімін сақтамау субсидия алушыға қатысты шара қабылдау үшін Әкімшіге ақпарат беруге негіз болып табылады;
      5) инвестициялық бағдарламаны (жобаны) орындауды талдаудың нәтижелері бойынша уәкілетті органның қорытындысы.
      13. Шарт (келісімшарт) міндетті түрде мынадай негізгі талаптарды қамтуға тиіс:
      1) берудің мақсаты;
      2) субсидияның мөлшері;
      3) валютасы;
      4) игеру кезеңі – субсидия берілу мақсаттарына сәйкес іс-шараларды іске асыру үшін субсидия алушы субсидияны пайдалана алатын уақыт кезеңі;
      5) төлемдерді жүзеге асыру тәртібі;
      6) ақы төлеу мерзімдері;
      7) міндеттерді сақтамағаны үшін санкциялар;
      8) инвестициялық жобаның іске асырылуы мен қаржыландырылуын мониторингтеу;
      9) субсидия алушының инвестициялық жобаның іске асырылуына және қаржыландырылуына мониторинг жүргізу үшін Операторға ақпарат ұсынуы.
      14. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысында инвестициялық жобалардың іске асырылуына бақылауды және мониторингті қаржы институты жүзеге асырады. Бұл ретте, қаржы институты бақылаудың нәтижелерін және олардың түсіндірмесін мәлімет үшін және бірлескен шешім қабылдау қажет болған кезде Операторға жібереді.
      15. Субсидия нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған жағдайда субсидия алушы шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес жауапты болады.

2-параграф. Субсидия беру тәртібі

1-кіші бөлім. Субсидия беруге алдын ала тізбе қалыптастыру

      16. Оператордың инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қалыптастыруы үшін Қаржы институты Әкімшіге әлеуетті субсидия алушымен келісілген берілген инвестициялық жобаны іске асырудың негіздемесімен және алдын ала құнымен жоба жөніндегі іс-шараның қысқаша сипаттамасынан тұратын кредит беру мүмкіндігі туралы ниеттестік хатын ұсынады.
      Әкімші инвестициялық жобаларды қарау және оларды алдын ала тізбеге енгізу үшін 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Операторға ниеттестік хатын жібереді.
      17. Жұмыс тобы инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін қарайды, оларды мақұлдаған жағдайда 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Операторға жібереді.

2-кіші бөлім. Субсидия беру үшін субсидия алушыдан түскен
өтінімді қабылдау

      18. Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін субсидия алушы Қаржы институтымен бірлесіп Жұмыс комиссиясы мақұлдаған инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесінің шеңберінде субсидия алуға арналған өтінім қалыптастырады, оны Әкімшіге береді.
      Субсидия алуға арналған өтінім мынадай құжаттарды қамтиды:
      1) бірінші басшы не оны алмастыратын адам қол қойған титулдық бланкiдегі жеке iлеспе хат;
      2) инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық зерттеулерін (ТЭЗ) және кредитің мөлшеріне негіздемені қоса бере отырып, Қаржы институтының ілеспе хаты;
      3) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жобаның паспорты;
      4) Қаржы институты мен субсидия алушының арасындағы келісім;
      5) техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асыратын жеткізушіні (қажет болған кезде) және техникалық қадағалау қызметін жүзеге асыратын ұйымды таңдау жөніндегі техникалық ерекшелікті (тапсырманы) Оператормен келісуді растайтын құжат;
      6) мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бар техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама;
      7) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру схемалары және/немесе жылумен, сумен жабдықтау және су бұру бойынша инвестициялық негіздемелер;
      8) «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі;
      9) өтінім берген сәтте субсидия алушының салықтық берешегінің болуы/болмауы туралы анықтама;
      10) ТЖН мен ЖҚС әзірлеуге арналған техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісу туралы құжат;
      11) қаржы моделі;
      12) мерзімі өтіп кеткен берешектің жоқтығы туралы банк анықтамасы;
      13) басқа банк-кредиторлардың субсидия алушының басқа да қарыздар алуына келісімі туралы растау;
      14) Қаржы институты мен субсидия алушының арасындағы кредиттік шарт;
      15) ағымдағы және екі өткен есептік кезең үшін бухгалтерлік баланс;
      16) ағымдағы және екі өткен есептік кезең үшін ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есеп;
      17) ағымдағы және екі өткен есептік кезең үшін кірістер мен шығыстар туралы есеп;
      18) ағымдағы және екі өткен есептік кезең үшін түсім/өзіндік құн/басқа кірістер баптарының мағынасын ашу;
      19) қаржылық көмек алу бойынша растаудың мағынасын ашу.
      19. Әкімші жәрдем ақша иеленуші ұсынған жәрдем ақшаны алу туралы өтінімін қарау жөніндегі хат пен құжаттар топтамасын 3 (үш) жұмыс күні аралығында операторға жолдайды.
      Оператор жәрдем ақшаны алу үшін ұсынылған өтінім құжаттарының дұрыс толтырылғандығын және құрамы толықтығын тексереді және инфрақұрылымдық грант жәрдем ақшаны иеленушінің өтінімін тіркейді. Өтінімге тіркелген уақыты және тіркеу нөмірі қойылады.
      20. Қажет болған жағдайда Оператор Қаржы институтынан және субсидия алушыдан жетпей тұрған құжаттарды сұрауға құқылы.
      21. Ұсынылған құжаттардың құрамы толық болмаған және (немесе) дұрыс толтырылмаған жағдайда және (немесе) құжаттарда күмән тудыратын өзге де жағдайда Оператор 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде субсидия алушы өтінімге қоса берген құжаттардың топтамасын Оператордың ескертулерін толық жойғанға дейін субсидия алушыға қайтарады.
      22. Субсидия алушы 5 (бес) күнтізбелік күннің ішінде Оператордың ескертулерін ескере отырып, құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Оператор құжаттардың топтамасын қабылдайды және субсидия алуға арналған өтінімді қайта тіркейді.
      Субсидия алушы 5 (бес) күнтізбелік күннің ішінде Оператордың ескертулерін жоя отырып құжаттардың топтамасын ұсынбаған жағдайда Оператор жағдайды Әкімшіге жазбаға хабарлайды.

3-кіші бөлім. Субсидияға арналған өтінімді қарау

      23. Құжаттардың және өзге де растайтын көздерден (ресми статистика, мемлекеттік органдардың интернет-сайттары, өңірлерді дамытудың бекітілген жоспарлары және т.б.) алынған ақпараттың негізінде Оператор субсидия беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды жасайды.
      Субсидия беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды мыналарды қамтиды:
      1) бекітілген критерийлер (негізгі құралдардың тозуын төмендету, нормативтік техникалық ысырыптарды қысқарту, шикізаттар, материалдар, отын, энергия шығыстарының нормаларын төмендету, көрсетілетін реттелетін қызметтердің көлемін арттыру және сапасын жоғарлату бойынша жобаның экономикалық және әлеуметтік маңызын бағалау;
      2) қазіргі заманғы технологияларды, материалдар мен жабдықтарды қолдану және оларды бағалау нәтижелері бойынша инвестициялық жобаның техникалық тапсырмасын бағалау;
      3) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде отандық тауар өндірушілерді тарту туралы ақпарат;
      4) жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салған, реконструкциялаған және жаңғыртқан кезде энергия тиімділігі және ресурс үнемдеу бойынша қосымша іс-шаралар жүргізу туралы ақпарат;
      5) мынадай критерийлер бойынша субсидия алуға арналған өтінімді бағалау:
      өтінімнің субсидияны пайдаланудың нысаналы мақсатына сәйкестігінің/сәйкессіздігінің нәтижелері;
      субсидиялау мерзімінің субсидия алудың қолданыстағы шарттарына сәйкестігінің/сәйкессіздігінің нәтижелері;
      субсидия сомасының сәйкестігінің/сәйкессіздігінің нәтижелері.
      24. Субсидия алудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы өтінімді қарау және оны Жұмыс комиссиясының қарауына енгізу мерзімі субсидия алуға арналған өтінім тіркелген күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды.
      25. Субсидия алудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы өтінімді қарау мерзімі Оператор тиісті құжаттарды/ақпараттарды алған күнінен бастап (ескертулерді жоюды ескере отырып) қайта басталады, алған күні құжатқа жазылады.
      26. Құжаттарға қатысты пайда болған күмәнді жою үшін субсидия алушы 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде қосымша ақпарат ұсынбаған жағдайда Оператор Әкімшіге жазбаша хабарлама жібереді және Әкімшіге құжаттардың топтамасын қайтарады.

4-кіші бөлім. Жұмыс тобының субсидия беру
жөніндегі өтінімді қарауы

      25. Жұмыс тобы Оператордың қорытындысы бойынша жылумен, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы жобаларға субсидия беру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу жөніндегі консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
      26. Оператор 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде Жұмыс тобының алдағы отырысының күн тәртібіне енгізу үшін Жұмыс тобының хатшысына субсидия беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды ұсынылады.
      Жұмыс тобының қарауына енгізуге арналған құжаттардың топтамасы мынадай құжаттардың көшірмелерін қамтиды, құжаттар мынадай тәртіппен іріктеледі:
      субсидия беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы қорытынды;
      жобаның паспорты;
      өтінім берген сәтте субсидия алушының салықтық берешегінің болуы/болмауы туралы анықтама.
      27. Жұмыс тобы отырысының қорытындысы бойынша Жұмыс тобы отырысының хаттамасы ресімделеді, оған Жұмыс тобының барлық мүшелері қол қояды. Бұл ретте, Жұмыс тобы отырысының хаттамасынан үзінді хаттамаға Жұмыс тобының төрағасы мен мүшелері қол қойған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей қалыптастырылады және Жұмыс тобының хатшысы Әкімші мен Операторға береді.
      28. Жұмыс тобы субсидия беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда Оператор 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде субсидия алушыға қабылданған шешім туралы жазбаша хабарлайды.
      Субсидия беру туралы оң шешім болғанда Жұмыс тобының хаттамасында субсидия берудің шарттары (субсидияның сомасы, беру мерзімі) көрсетіледі.
      29. Жұмыс тобы бюджеттік субсидия беруден бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда Оператор:
      1) Жұмыс тобы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінің ішінде субсидия алушыға Жұмыс тобы отырысының хаттамасына үзіндісі бар субсидия беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібереді;
      2) Қаржы институтының және (немесе) субсидия алушының жазбаша талабы бойынша субсидия алуға арналған өтінішті қоспағанда, олар ұсынған құжаттарды қайтарады. Бұл ретте, Оператор ресімдеген материалдар (есептер, сауалдарға жауаптар) Қаржы институтына/субсидия алушыға берілмейді. Қайтарылған құжаттардан көшірмелер жасалуға және субсидия алуға арналған өтінім жөніндегі құжаттар жинағына тігілуге тиіс.
      30. Жұмыс тобы хаттамасының негізінде Әкімші бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін өтінім қалыптастырады және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеттік органға енгізеді.

Жылумен, сумен жабдықтау және   
су бұру жүйелерін салуды,    
реконструкциялауды және жаңғыртуды
субсидиялау қағидаларына    
1 қосымша             

                                                                Нысан

Жоба паспорты

Жобаның атауы


Субсидияға арналған өтінім бойынша ілеспе хаттың деректемелері (тіркелген күні және тіркеу нөмірі, өтінімге қол қойған Қарыз алушының уәкілетті тұлғасының Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Субсидияның сомасы, мың теңге


Бюджеттік бағдарлама

Субсидия алушы


Нөмірі


Атауы


Жобаның жалпы сомасы, мың теңге


Субсидия алушы (табиғи монополиялар субъектісінің атауы)


Жоба бойынша ақпарат


р/с

Іс-шараның атауы

Құны, барлығы, мың теңге

оның ішінде іске асыру жылдары бойынша

20ХХ

20ХХ+1

….

20ХХ+n

1



















Субсидияның мерзімі


Қаржы институтының кредиті бойынша сыйақы ставкасы


Кредит бойынша қамтамасыз етілуі


Жаңғыртылатын және/немесе қайта құрылымдалудағы құрылыс объектісінің орналасқан жері


Жоба бойынша, соның ішінде инвестициялық жобаның іске асырылуынан күтілетін әлеуметтік – экономикалық тиімділік туралы ақпарат (негізгі құралдардың тозуын төмендету; нормативті техникалық ысырапты азайту; шикізат материалдар, отын, энергия шығындарының нормаларын азайту; көрсетілетін реттелетін қызметтердің көлемін ұлғайту және сапасын арттыру)


Қаржы институтының өкілі

Тегі


Аты


Әкесінің аты (болған жағдайда)


Қарыз алушының құрылымдық бөлімшесінің атауы


Лауазымы


Мекенжайы


Байланыс телефондары

Ұялы телефон

қалалық телефон



Факс


Электрондық пошта


Субсидия алушы (табиғи монополиялар субъектісінің) өкілі

Тегі


Аты


Әкесінің аты (болған жағдайда)


Құрылымдық бөлімшенің атауы


Лауазымы


Мекенжайы


Байланыс телефондары

ұялы телефон

қалалық телефон



Факс


Электрондық пошта


Қосымша ақпарат