Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.11.2023 № 1184 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 01.01.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 15.12.2021 № 1313 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілсін, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.1. Қоса беріліп отырған, толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.11.2023 № 1184 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 36 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10315 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет – ресурстарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 498 бұйрығымен бекітілді |
Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидалары
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.11.2023 № 1184 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 15.12.2021 № 1313 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді бақылауды қамтамасыз ету мақсатында "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.11.2023 № 1184 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндiрiсiнен басқа, этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімдерін өндіру технологиялық желілері есепке алудың бақылау аспаптарымен (бұдан әрі – ЕАБА) жарақтандырылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.11.2023 № 1184 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. ЕАБА өндірісте есепке алынбаған өнімдерге жол бермеу тәсілімен өндіру технологиялық желісінде интеграцияланған болуы тиіс.
4. ЕАБА деректерінің Операторы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне ЕАБА деректерін автоматтандырылған нақты уақыт режимінде беруді қамтамасыз етеді.
5. Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімдерін өндіруші ЕАБА арқылы өнірілетін этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімдерін өлшеуді және есептеуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. ЕАБА және олардың құрамдастарын сатып алуды, орнатуды, қызмет көрсетуді, жөндеуді, сондай-ақ олардың қосалқы (жинақтауыш) бөлшектерін сатып алуды, ЕАБА жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісімен қамтамасыз етуді этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімдерін өндіруші - зауыттар жүзеге асырады.
7. ЕАБА әрбір бірлігіне дайындаушының қазақ және орыс тіліндегі техникалық паспорты қоса беріледі. ЕАБА әрбір бірлігінің қызмет ету мерзімі техникалық паспортта белгіленген қызмет ету мерзімінен аспауы тиіс.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. ЕАБА мынаны:
1) спирттік, сулы спирттік ерітінді және құрамында қанты бар қоймалжың ортада, құрамында көмірсутекті газ бар ерітіндіде жұмыстың тұрақтылығын;
2) өсу қортындысымен есептеуді жүргізуді;
3) ЕАБА жұмыс режимінде істен шыққан немесе оны ауыстырған жағдайда барлық жинақталған ақпараттардың сақталуын;
4) санкциясыз араласудан қорғауды;
5) жұмыстағы істен шығудан және сыртқы әсерлерден қорғауды;
6) электрмен жабдықтауда авариялық істен шығу жағдайында авариялық істен шығу болған сәттен бастап кемінде 5 (бес) тәулік автономды жұмыс істеу ұзақтығын;
7) жарылыс - және өрт қауіпсіздігін;
8) ЕАБА-ның жұмысына санкциясыз араласу туралы ақпараттандыру;
9) сәйкестендіруге жатпайтын есептеу алу-бақылау таңбаларын анықтауды;
10) нақты уақыт режимінде:
этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімдерін өндіру көлемі туралы;
этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімдеріндегі сусыз этил спиртінің концентрациясы (толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ сыра қайнату өнімінен, шарап ашыту, бал қайнату өнімі және алкоголі аз сусындардан басқа) туралы;
этил спиртінің қалдықтары туралы;
арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемдері туралы деректерді жинауды және бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы уәкілетті органға, оның аумақтық бөлімшелеріне беруді;
11) осы тармақтың 8) - 9) тармақшаларында көрсетілген жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ осы тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген деректер болмаған кезде этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімдерін өндіру процесін тоқтатуды қамтамасыз етеді.
Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2023 № 300 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.11.2023 № 1184 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.9. Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімдерін өндіруші-зауыттар, өндіруші-зауыттардың техникалық паспортында көзделген тексеріс аралық интервалға сәйкес аккредиттелген заңды тұлғалардың ЕАБА әрбір бірлігін тексеруін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Осы Қағиданың 8-тармағының 8), 9) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ осы Қағиданың 8-тармақтың 10) тармақшасында көрсетілген деректер болмаған кезде этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру тоқтатылған кезде, өндірісті одан әрі іске қосу өндірісті тоқтатудың себебі белгілі болғаннан кейін және ЕАБА жұмысындағы ақаулықтар жойылғаннан соң жүзеге асырылады.
11. Осы Қағиданың 8-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген деректер, жалпыға ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісі бойынша ЕАБА беріледі.
12. Этил спиртін өндіру үшін сусыз этил спирті мөлшерін есептеуде өлшегіш және ЕАБА бойынша салыстырмалы +/- 0,5% жоғары емес қателікке (нормативтік ауытқу) жол беріледі.
Алкоголь өнімін өндіру үшін көлемдік шығыс өлшегіштен +/-0,5% жоғары, 1 және 2 алкоголь өнімін даналап есептеу аспаптарынан +/- 0,1% (әрбір 10 000 (он мың) шөлмекке 10 (он) шөлмектен артық емес) жоғары емес қателікке (нормативтік ауытқу) жол беріледі.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. ЕАБА зауыт, уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің қатысуымен пайдалануға енгізіледі.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. ЕАБА әрбір бірлігі оған қызмет көрсету және бақылау жүргізу мүмкіндігі ескеріліп, соның ішінде этил спиртін мен (немесе) алкоголь өнімдерін тонауды жою мақсатында орналастырылады.
15. Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімдерін өндіру технологиялық желілерінде металл фланецтік қосылыстарды қоспағанда, этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімдерінің құбыр жолдырының иілгіш, пісірілген қосылыстары қолданылмайды.
ЕАБА-ға заңсыз қол жеткізуді болдырмау үшін уәкілетті органның және (немесе) оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғасы этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өндірудің технологиялық желілерінде:
1) этил спирті іріктеуінде ректификациялық бағаналарын бастап ЕАБА-ға дейін металлдық ернемектік жалғамаларына дейін (этил спирті өндірушілеріне);
2) жаппай немесе электрмагниттік шығынын өлшеу аппаратына, екінші құрастырушысында, есептеу-бақылау таңбаларын сәйкестендіру үшін техникалық көру жабдығына, инфрақұрылымдық жабдықтарына (алкоголь өнімдері өндірушілеріне) индикаторлық бақылау пломбаларын дереу орнату бойынша жұмыстарын жүргізеді.
Осы Қағидалардың 15-тармақтағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларындағы жасалған жұмыстың қорытындысы бойынша, пломба салынған орындары, нөмірлері немесе пломбалар бедерлері көрсетіле отырып, тиісті акті жасалады, сонымен бірге актіге бар пломбаладың тізімі қосылады.
2-тарау. Этил спиртін өндірудің технологиялық желісін есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтау, олардың жұмыс істеуін және есептеуді жүзеге асыру тәртібі
16. Этил спиртін өндіру технологиялық желілерінде орнатылатын ЕАБА мыналардан:
1) спирттің көлемін, тығыздығын және температурасын өлшеуге мүмкіндік беретін, көлемді және сусыз этил спирті ағысының жаппай шығынын өлшеуіштен (бұдан әрі - этил спиртінің шығынын өлшеуіш);
2) спирт сақтау ыдысындағы сусыз этил спиртінің деңгейін, тығыздығын және температурасын айқындау аспабынан;
3) ректификациялық бағаналарындағы температураны айқындау аспабынан;
4) бақылау-өлшеу аспаптарынан алынған деректерді қайта оқитын екінші құрастырушы (бақылау жабдығынан);
5) ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу және беру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютерлік жабдықтан;
6) инфрақұрылымдық жабдықтардан (үздіксіз қоректендіру көзі, серверлік шкафтан) тұруы тиіс.
17. Этил спиртiн есептеу кезінде сулы спирт ертіндісінің көлемін және температурасын, спирт концентрациясының пайызын (көлемі бойынша) және құрамында суы жоқ спирт көлемін айқындауға жатады.
18. Этил спиртінің өлшем бiрлiгi + 20С0 температура кезiндегi сусыз спирт декалитрі (бұдан әрі - дал) болып табылады.
19. Өндірілетін этил спиртін өлшеуді және есептеуді этил спиртін құю бөлімшесінен спиртті сақтау қоймасына беру кезінде этил спиртін өлшегішпен өлшеу нәтижесі жөніндегі зауыт жүргізеді.
20. Сусыз спирттiң мөлшерiн өлшегiш (Vм) және этил спиртінің шығынын өлшеу жабыдығы (Va) бойынша өлшеудiң нәтижелерiн салыстырумен осы шамалардың арасындағы далдарда және пайызда (кiнәраттық) мөлшерлік алшақтық айқындалады.
21. Сусыз спирттiң мөлшерін өлшегiшпен өлшеу нәтижелерi бухгалтерлiк есеп үшiн бастапқы деректер болып табылады.
22. Кiнәраттық есебi мына формулалар бойынша жүргізiледi:
мұндағы Сабс. - абсолюттік кінәраттық, дал;
жүздік - салыстырмалы кінәраттық, %.
23. Сусыз этил спирттiн есептеу кезiндегі абсолюттi және салыстырмалы кiнәраттық спиртті өндiруден этил спиртін сақтау қоймасына әрбір беру кезiнде зауыт айқындалады және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша спирт пен спирт өнiмдерiн өндiру және оларды спирт сақтау қоймасына беру туралы актiнiң (бұдан әрi – спирт өндiру туралы акті) 3-бөлiмiнде тіркеледі.
24. Өндiрiлетiн этил спиртiн есептеу және этил спиртінің шығынын өлшеу жабдығының дұрыс пайдаланылуын бақылауға байланысты жұмыстарды орындау үшiн зауыт басшысының бұйрығымен бас инженердiң төрағалығымен, құрамында зертхана меңгерушiсi, бас бухгалтер және зауыттың қызметкерлері болатын тұрақты жұмыс істейтін этил спиртiн есептеу жөнiндегi комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылады.
Көрсетілген Комиссия 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде уәкілетті органды және оның аумақтық бөлімшелерін есептік көрсеткiштердің шектiден жоғары алшақтықтарының, ЕАБА бұзылуының әрбiр фактiсі туралы хабарлайды.
25. Өлшегiштегi спирт температурасын айқындау үшiн бақылау айнасының бiреуiне қарсы техникалық реттеу саласындағы ұйымдар тексерген, 0,1С0 бағада бөлiнген, екі термометр орнатылады.
26. Этил спиртінiң мөлшерiн есептеу соңғы тексерумен белгiленген өлшегiштердiң номиналды сыйымдылығы бойынша зауыт жүргiзедi.
27. Этил спиртінiң шынайы көлемi осы Қағидаға 2-қосымшаның нысанына сәйкес спирттің көлемі өзгерген кезде (өлшегіштердің номиналды сыйымдылығы бойынша айқындалған спирттің көлеміне пайыздарда) І класты металл өлшегiштердiң көлемдiк кеңеюiне түзетулер кестесінде көрсетілген металл өлшегiштердiң көлемдiк кеңеюiне күйге келтіруді өзгертулер ескерiле отырып айқындалады.
3-тарау. Алкоголь өніміндерін, оның ішінде өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден жоғары сыра қайнату өнімі өнімдерін өндірудің технологиялық желісін есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеуін және есептеуді жүзеге асыру тәртібі
Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.11.2023 № 1184 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
28. Арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды, бал арақтары, жүзім арақтары, жеміс арақтары, спирт сусындары және дистиллятарды өндіру барысында есептеу үшін технологиялық желілерде ЕАБА, мыналардан:
1) құю желісіне келіп түсетін алкоголь өнімдерінің көлемін, тығыздығын және температурасын, жаппай шығынын өлшеуге мүмкіндік беретін өнімінің шығынын өлшеуіш;
2) тұтыну ыдысына құйылған алкоголь өнімдерінің данасын есептеу есептегіші;
3) тұтынылатын электр энергиясының көлемін есептейтін аспап;
4) есептеу-бақылау таңбаларын сәйкестендіру үшін техникалық көру жабдығы;
5) бақылау-өлшеу аспаптарынан алынған деректерді қайта оқитын екінші құрастырушы (бақылау жабдығынан);
6) ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу және беру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютерлік жабдықтан;
7) инфрақұрылымдық жабдықтардан (үздіксіз қоректендіру көзі, серверлік шкафтан, бейне бақылау камерасынан) тұруы тиіс.
29. Арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды, бал арақтары, жүзім арақтары, жеміс арақтары, спирт сусындары және дистиллятарды, толысылған шарап (шарап материалы) және өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден жоғары сыра қайнату өнімін қоспағанда алкоголь өнімін өндіру барысында есептеу үшін технологиялық желілерде ЕАБА, мыналардан:
1) тұтыну ыдысына құйылған алкоголь өнімдерінің данасын есептеу есептегіші;
2) есептеу-бақылау таңбаларын сәйкестендіру үшін техникалық көру жабдығы;
3) бақылау-өлшеу аспаптарынан алынған деректерді қайта оқитын екінші құрастырушы (бақылау жабдығынан);
4) ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу және беру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютерлік жабдықтан;
5) инфрақұрылымдық жабдықтардан (үздіксіз қоректендіру көзі, серверлік шкафтан, бейне бақылау камерасынан) тұруы тиіс.
Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.11.2023 № 1184 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.30. Өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден жоғары сыра қайнату өнімін өндіру барысында есептеу үшін технологиялық желілерде ЕАБА, мыналардан:
1) өндірілген сыраның көлемін өлшейтін сыра ағысының жаппай немесе электрмагниттік шығынын өлшеу аппаратынан;
2) шығынды өлшеуішті екінші құрастырушыдан;
3) ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу және беру үшін бағдарламалық қамтамасыз ету және компьютерлік жабдықтан;
4) инфрақұрылымдық жабдықтан (үздіксіз қоректендіру көзінен, серверлік шкафтан);
5) этил спиртінің концентрациясын айқындауға арналған өлшеу құралдарынан (алколайзер-тығыз өлшегіш немесе спирттік рефрактометр).
Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 29.03.2023 № 300 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.11.2023 № 1184 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.31. Алкоголь өнімінің, өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден жоғары сыра қайнату өнімі шығынын өлшеуіш құбыр жолының көлденең учаскесінде құю автоматына барынша жақын орнатылады, ол өлшеу кезінде бүкіл қиылыстар бойынша үнемі толы болады. Құбыр жолының аралық ернемектік ажыратқыштарына және алкоголь өнімдерінің, сыра қайнату өнімінің шығынын өлшеуішпен құю автоматының жалғастырушы ернемегі арасындағы басқа да қосылулар қолданылмайды.
Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.11.2023 № 1184 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.32. Алкоголь өнімінің көлемін есептеу кезінде өлшеу бірлігі 1 дал болып табылады.
Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.11.2023 № 1184 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
нысан |
______________________________________________________________
шаруашылық субъектінің атауы (бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе
жеке сәйкестендіру нөмірі)
20__ жылғы "____" __________________ № ____________
Спирт және спирт өнімдерін өндіру және оны спирт сақтау
қоймаларына беру туралы
АКТІСІ
1. Спирт өлшегіш аппаратпен есептелінген
Спирт және спирт өнімдерінің сорты | Бақылау спирт өлшегіш аппаратының нөмірі | Есептеуіштердің көрсеткіштері. | Тәулігіне спирт есептелді, дал | ||||
спирт айдалғанға дейін, дал | спирт айдалғаннан кейін, дал | көлемі бойынша | сусыз | ||||
көлемі бойынша | сусыз | көлемі бойынша | сусыз | ||||
1. Тазартылған спирт, "Жоғарғы" | |||||||
2. Тазартылған спирт, "Экстра" | |||||||
3. Тазартылған спирт, "Люкс" | |||||||
4. Этил спиртінің бас фракциясы | |||||||
Жиыны: |
2. Құю бойынша алынды
Тазартылған спирт | Этил спиртінің бас фракциясы | Сивуш майы | |||
Жоғары тазартыл ған | Тазартыл ған спирт, "Экстра" | Тазартыл ған спирт, "Люкс" | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. Өлшегіш арқылы өткізілген спирт көлемі, дал | |||||
2. Өлшегіштегі спирттің орташа температурасы. | |||||
3. Өлшегіштердің көлемдік кеңеюіне түзету, дал. | |||||
4. Түзетуді есепке алумен спирттің көлемі, дал. | |||||
5. Спирт өлшегіштің батуы (ареометрдің), бөліктерде. | |||||
6. Стақандағы спирттің температурасы. | |||||
7. Шоғырлануы, % (көлемі бойынша). | |||||
8. Көбейткіш. | |||||
9. Сусыз спирттің мөлшері, дал. |
3. Бақылау спирт өлшегіш аппараттарының көрсеткіштерінен құю деректерінің ауытқуы
Тазартылған спирт | Этил спиртінің бас фракциясы (+,-) | ||||||
Жоғары тазартылған (+,-) | Экстра (+,-) | Люкс (+,-) | |||||
дал | % | дал | % | дал | % | дал | % |
Өткізді: Өндіріс меңгерушісі аппаратшы | Қабылдады: Спирт сақтау қоймасының меңгерушісі | ||||||
Қатысқандар: химик бухгалтер |
Құю кезіндегі бақылау спирт өлшегіш аппараттарындағы есептегіштердің
көрсеткіштерін растаймын:
аппаратшы
Актіні бас (аға) бухгалтер қабылдады 20__ жылдың "____"_____________
Спиртті өлшеу
р/с № | Спирт және спирт өнімдерінің сорты | Өлшегіштердің нөмірі | Көлемі бойынша дал мөлшері | Өлшегіштегі спирт температурасы |
Жиыны: |
Өндіріс меңгерушісі:
Аппаратшы:
Спирт сақтау қоймасының меңгерушісі:
Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.11.2023 № 1184 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Спирт көлемін өлшеу кезіндегі І класты металл өлшегіштердің көлемдік кеңеюіне түзетулер (өлшегіштердің номиналды сыйымдылығы бойынша айқындалған спирттің көлеміне пайыздарда) КЕСТЕСІ
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 № 404 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өлшегіштегі спирт температурасы | Өлшегіштің көлемдік кеңеюіне көлемге түзету | Өлшегіштегі спирт температурасы | Өлшегіштің көлемдік кеңеюіне көлемге түзету | Өлшегіштегі спирт температурасы. | Өлшегіштің көлемдік кеңеюіне көлемге түзету |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
32 | +0,0440 | 28,4 | +0,0302 | 24,8 | +0,0172 |
31,9 | +0,0436 | 28,3 | +0,0299 | 24,7 | +0,0168 |
31,8 | +0,0432 | 28,2 | +0,0296 | 24,6 | +0,0164 |
31,7 | +0,0428 | 28,1 | +0,0293 | 24,5 | +0,0160 |
31,6 | +0,0424 | 28,0 | +0,0290 | 24,4 | +0,0156 |
31,5 | +0,0420 | 27,9 | +0,0286 | 24,3 | +0,0152 |
31,4 | +0,0416 | 27,8 | +0,0282 | 24,2 | +0,0148 |
31,3 | +0,0412 | 27,7 | +0,0278 | 24,1 | +0,0144 |
31,2 | +0,0408 | 27,6 | +0,0274 | 24,0 | +0,0140 |
31,1 | +0,0404 | 27,5 | +0,0270 | 23,9 | +0,0137 |
31,0 | +0,0400 | 27,4 | +0,0266 | 23,8 | +0,0134 |
30,9 | +0,0397 | 27,3 | +0,0262 | 23,7 | +0,0131 |
30,8 | +0,0394 | 27,2 | +0,0258 | 23,6 | +0,0128 |
30,7 | +0,0391 | 27,1 | +0,0254 | 23,5 | +0,0125 |
30,6 | +0,0388 | 27,0 | +0,0250 | 23,4 | +0,0122 |
30,5 | +0,0385 | 26,9 | +0,0247 | 23,3 | +0,0119 |
30,4 | +0,0382 | 26,8 | +0,0244 | 23,2 | +0,0116 |
30,3 | +0,0379 | 26,7 | +0,0241 | 23,1 | +0,0113 |
30,2 | +0,0376 | 26,6 | +0,0238 | 23,0 | +0,0110 |
30,1 | +0,0373 | 26,5 | +0,0235 | 22,9 | +0,0106 |
30,0 | +0,0370 | 26,4 | +0,0232 | 22,8 | +0,0102 |
29,9 | +0,0365 | 26,3 | +0,0229 | 22,7 | +0,0098 |
29,8 | +0,0360 | 26,2 | +0,0226 | 22,6 | +0,0094 |
29,7 | +0,0355 | 26,1 | +0,0223 | 22,5 | +0,0090 |
29,6 | +0,0350 | 26,0 | +0,0222 | 22,4 | +0,0086 |
29,5 | +0,0345 | 25,9 | +0,0216 | 22,3 | +0,0082 |
29,4 | +0,0340 | 25,8 | +0,0212 | 22,2 | +0,0078 |
29,3 | +0,0335 | 25,7 | +0,0208 | 22,1 | +0,0074 |
29,2 | +0,0330 | 25,6 | +0,0204 | 22,0 | +0,0070 |
29,1 | +0,0325 | 25,5 | +0,0200 | 21,9 | +0,0067 |
29,0 | +0,0320 | 25,4 | +0,0196 | 21,8 | +0,0064 |
28,9 | +0,0317 | 25,3 | +0,0192 | 21,7 | +0,0061 |
28,8 | +0,0314 | 25,2 | +0,0188 | 21,6 | +0,0058 |
28,7 | +0,0311 | 25,1 | +0,0184 | 21,5 | +0,0055 |
28,6 | +0,0308 | 25,0 | +0,0180 | 21,4 | +0,0052 |
28,5 | +0,0305 | 24,9 | +0,0176 | 21,3 | +0,0049 |
21,2 | +0,0046 | 16,9 | -0,0113 | 12,6 | -0,0266 |
21,1 | +0,0043 | 16,8 | -0,0116 | 12,5 | -0,027 |
21,0 | +0,004 | 16,7 | -0,0119 | 12,4 | -0,0274 |
20,9 | +0,0036 | 16,6 | -0,0122 | 12,3 | -0,0278 |
20,8 | +0,0032 | 16,5 | -0,0125 | 12,2 | -0,0282 |
20,7 | +0,0028 | 16,4 | -0,0128 | 12,1 | -0,0286 |
20,6 | +0,0024 | 16,3 | -0,0131 | 12,0 | -0,029 |
20,5 | +0,002 | 16,2 | -0,0134 | 11,9 | -0,0293 |
20,4 | +0,0016 | 16,1 | -0,0137 | 11,8 | -0,0296 |
20,3 | +0,0012 | 16,0 | -0,014 | 11,7 | -0,0299 |
20,2 | +0,0008 | 15,9 | -0,0144 | 11,6 | -0,0302 |
20,1 | +0,0004 | 15,8 | -0,0148 | 11,5 | -0,0305 |
20,0 | +0,0 | 15,7 | -0,0152 | 11,4 | -0,0308 |
19,9 | -0,0004 | 15,6 | -0,0156 | 11,3 | -0,0311 |
19,8 | -0,0008 | 15,5 | -0,016 | 11,2 | -0,0314 |
19,7 | -0,0012 | 15,4 | -0,0164 | 11,1 | -0,0317 |
19,6 | -0,0016 | 15,3 | -0,0168 | 11,0 | -0,032 |
19,5 | -0,002 | 15,2 | -0,0172 | 10,9 | -0,0324 |
19,4 | -0,0024 | 15,1 | -0,0176 | 10,8 | -0,0328 |
19,3 | -0,0028 | 15,0 | -0,018 | 10,7 | -0,0332 |
19,2 | -0,0032 | 14,9 | -0,0184 | 10,6 | -0,0336 |
19,1 | -0,0036 | 14,8 | -0,0188 | 10,5 | -0,034 |
19,0 | -0,004 | 14,7 | -0,0192 | 10,4 | -0,0344 |
18,9 | -0,0043 | 14,6 | -0,0196 | 10,3 | -0,0348 |
18,8 | -0,0046 | 14,5 | -0,02 | 10,2 | -0,0352 |
18,7 | -0,0049 | 14,4 | -0,0204 | 10,1 | -0,0356 |
18,6 | -0,0052 | 14,3 | -0,0208 | 10,0 | -0,036 |
18,5 | -0,0055 | 14,2 | -0,0212 | 9,9 | -0,0364 |
18,4 | -0,0058 | 14,1 | -0,0216 | 9,8 | -0,0368 |
18,3 | -0,0061 | 14,0 | -0,022 | 9,7 | -0,0372 |
18,2 | -0,0064 | 13,9 | -0,0223 | 9,6 | -0,0376 |
18,1 | -0,0067 | 13,8 | -0,0226 | 9,5 | -0,038 |
18,0 | -0,007 | 13,7 | -0,0229 | 9,4 | -0,0384 |
17,9 | -0,0074 | 13,6 | -0,0232 | 9,3 | -0,0388 |
17,8 | -0,0078 | 13,5 | -0,0235 | 9,2 | -0,0392 |
17,7 | -0,0082 | 13,4 | -0,0238 | 9,1 | -0,0396 |
17,6 | -0,0086 | 13,3 | -0,0241 | 9,0 | -0,04 |
17,5 | -0,009 | 13,2 | -0,0244 | 8,9 | -0,0404 |
17,4 | -0,0094 | 13,1 | -0,0247 | 8,8 | -0,0408 |
17,3 | -0,0098 | 13,0 | -0,025 | 8,7 | -0,0412 |
17,2 | -0,0102 | 12,9 | -0,0254 | 8,6 | -0,0416 |
17,1 | -0,0106 | 12,8 | -0,0258 | 8,5 | -0,042 |
17,0 | -0,011 | 12,7 | -0,0262 | 8,4 | -0,0424 |
8,3 | -0,0428 | 3,9 | -0,0594 | -0,3 | -0,0752 |
8,2 | -0,0432 | 3,8 | -0,0598 | -0,4 | -0,0756 |
8,1 | -0,0436 | 3,7 | -0,0602 | -0,5 | -0,076 |
8,0 | -0,044 | 3,6 | -0,0606 | -0,6 | -0,0764 |
7,9 | -0,0443 | 3,5 | -0,061 | -0,7 | -0,0768 |
7,8 | -0,0446 | 3,4 | -0,0614 | -0,8 | -0,0772 |
7,7 | -0,0449 | 3,3 | -0,0618 | -0,9 | -0,0776 |
7,6 | -0,0452 | 3,2 | -0,0622 | -1,0 | -0,078 |
7,5 | -0,0455 | 3,1 | -0,0626 | -1,1 | -0,0783 |
7,4 | -0,0458 | 3,0 | -0,063 | -1,2 | -0,0786 |
7,3 | -0,0461 | 2,9 | -0,0634 | -1,3 | -0,0789 |
7,2 | -0,0464 | 2,8 | -0,0638 | -1,4 | -0,0792 |
7,1 | -0,0467 | 2,7 | -0,0642 | -1,5 | -0,0795 |
7,0 | -0,047 | 2,6 | -0,0646 | -1,6 | -0,0798 |
6,9 | -0,0474 | 2,5 | -0,065 | -1,7 | -0,0801 |
6,8 | -0,0478 | 2,4 | -0,0654 | -1,8 | -0,0804 |
6,7 | -0,0482 | 2,3 | -0,0658 | -1,9 | -0,0807 |
6,6 | -0,0486 | 2,2 | -0,0662 | -2,0 | -0,081 |
6,5 | -0,049 | 2,1 | -0,0666 | -2,1 | -0,0814 |
6,4 | -0,0494 | 2,0 | -0,067 | -2,2 | -0,0818 |
6,3 | -0,0498 | 1,9 | -0,0674 | -2,3 | -0,0822 |
6,2 | -0,0502 | 1,8 | -0,0678 | -2,4 | -0,0826 |
6,1 | -0,0506 | 1,7 | -0,0682 | -2,5 | -0,083 |
6,0 | -0,051 | 1,6 | -0,0686 | -2,6 | -0,0834 |
5,9 | -0,0514 | 1,5 | -0,069 | -2,7 | -0,0838 |
5,8 | -0,0518 | 1,4 | -0,0694 | -2,8 | -0,0842 |
5,7 | -0,0522 | 1,3 | -0,0698 | -2,9 | -0,0846 |
5,6 | -0,0526 | 1,2 | -0,0702 | -3,0 | -0,085 |
5,5 | -0,053 | 1,1 | -0,0706 | -3,1 | -0,0853 |
5,4 | -0,0534 | 1,0 | -0,071 | -3,2 | -0,0856 |
5,3 | -0,0538 | 0,9 | -0,0713 | -3,3 | -0,0859 |
5,2 | -0,0542 | 0,8 | 0,0716 | -3,4 | -0,0862 |
5,1 | -0,0546 | 0,7 | -0,0719 | -3,5 | -0,0865 |
5,0 | -0,055 | 0,6 | -0,0722 | -3,6 | -0,0868 |
4,9 | -0,0554 | 0,5 | -0,0725 | -3,7 | -0,0871 |
4,8 | -0,0558 | 0,4 | -0,0728 | -3,8 | -0,0874 |
4,7 | -0,0562 | 0,3 | -0,0731 | -3,9 | -0,0877 |
4,6 | -0,0566 | 0,2 | -0,0734 | -4,0 | -0,088 |
4,5 | -0,057 | 0,1 | -0,0737 | -4,1 | -0,0884 |
4,4 | -0,0574 | 0,0 | -0,074 | -4,2 | -0,0888 |
4,3 | -0,0578 | -0,1 | -0,0744 | -4,3 | -0,0892 |
4,2 | -0,0582 | -0,2 | -0,0748 | -4,4 | -0,0896 |
4,1 | -0,0586 | -0,3 | -0,0752 | -4,5 | -0,09 |
4,0 | -0,059 | -0,4 | -0,0756 | -4,6 | -0,0904 |
-4,7 | -0,0908 | -9,0 | -0,107 | -13,3 | -0,1229 |
-4,8 | -0,0912 | -9,1 | -0,1074 | -13,4 | -0,1232 |
-4,9 | -0,0916 | -9,2 | -0,1078 | -13,5 | -0,1235 |
-5,0 | -0,092 | -9,3 | -0,1082 | -13,6 | -0,1238 |
-5,1 | -0,0924 | -9,4 | -0,1086 | -13,7 | -0,1241 |
-5,2 | -0,0928 | -9,5 | -0,109 | -13,8 | -0,1244 |
-5,3 | -0,0932 | -9,6 | -0,1094 | -13,9 | -0,1247 |
-5,5 | -0,094 | -9,8 | -0,1102 | -14,1 | -0,1254 |
-5,6 | -0,0944 | -9,9 | -0,1106 | -14,2 | -0,1258 |
-5,7 | -0,0948 | -10,0 | -0,111 | -14,3 | -0,1262 |
-5,8 | -0,0952 | -10,1 | -0,1113 | -14,4 | -0,1266 |
-5,9 | -0,0956 | -10,2 | -0,1116 | -14,5 | -0,127 |
-6,0 | -0,096 | -10,3 | -0,1119 | -14,6 | -0,1274 |
-6,1 | -0,0963 | -10,4 | -0,1122 | -14,7 | -0,1278 |
-6,2 | -0,0966 | -10,5 | -0,1125 | -14,8 | -0,1282 |
-6,3 | -0,0969 | -10,6 | -0,1128 | -14,9 | -0,1286 |
-6,4 | -0,0972 | -10,7 | -0,1131 | -15,0 | -0,129 |
-6,5 | -0,0975 | -10,8 | -0,1134 | -15,1 | -0,1294 |
-6,6 | -0,0978 | -10,9 | -0,1137 | -15,2 | -0,1298 |
-6,7 | -0,0981 | -11,0 | -0,114 | -15,3 | -0,1302 |
-6,8 | -0,0984 | -11,1 | -0,1144 | -15,4 | -0,1306 |
-6,9 | -0,0987 | -11,2 | -0,1148 | -15,5 | -0,131 |
-7,0 | -0,099 | -11,3 | -0,1152 | -15,6 | -0,1314 |
-7,1 | -0,0994 | -11,4 | -0,1156 | -15,7 | -0,1318 |
-7,2 | -0,0998 | -11,5 | -0,116 | -15,8 | -0,1322 |
-7,3 | -0,1002 | -11,6 | -0,1164 | -15,9 | -0,1326 |
-7,4 | -0,1006 | -11,7 | -0,1168 | -16,0 | -0,133 |
-7,5 | -0,101 | -11,8 | -0,1172 | -16,1 | -0,1334 |
-7,6 | -0,1014 | -11,9 | -0,1176 | -16,2 | -0,1338 |
-7,7 | -0,1018 | -12,0 | -0,118 | -16,3 | -0,1342 |
-7,8 | -0,1022 | -12,1 | -0,1184 | -16,4 | -0,1346 |
-7,9 | -0,1026 | -12,2 | -0,1188 | -16,5 | -0,135 |
-8,0 | -0,103 | -12,3 | -0,1192 | -16,6 | -0,1354 |
-8,1 | -0,1034 | -12,4 | -0,1196 | -16,7 | -0,1358 |
-8,2 | -0,1038 | -12,5 | -0,12 | -16,8 | -0,1362 |
-8,3 | -0,1042 | -12,6 | -0,1204 | -16,9 | -0,1366 |
-8,4 | -0,1046 | -12,7 | -0,1208 | -17,0 | -0,137 |
-8,5 | -0,105 | -12,8 | -0,1212 | -17,1 | -0,1374 |
-8,6 | -0,1054 | -12,9 | -0,1216 | -17,2 | -0,1378 |
-8,7 | -0,1058 | -13,0 | -0,122 | -17,3 | -0,1382 |
-8,8 | -0,1062 | -13,1 | -0,1223 | -17,4 | -0,1386 |
-8,9 | -0,1066 | -13,2 | -0,1226 | -17,5 | -0,139 |
-17,6 | -0,1394 | -22,0 | -0,155 | -26,4 | -0,1706 |
-17,7 | -0,1398 | -22,1 | -0,1554 | -26,5 | -0,171 |
-17,8 | -0,1402 | -22,2 | -0,1558 | -26,6 | -0,1714 |
-17,9 | -0,1406 | -22,3 | -0,1562 | -26,7 | -0,1718 |
-18,0 | -0,141 | -22,4 | -0,1566 | -26,8 | -0,1722 |
-18,1 | -0,1413 | -22,5 | -0,157 | -26,9 | -0,1726 |
-18,2 | -0,1416 | -22,6 | -0,1574 | -27,0 | -0,173 |
-18,3 | -0,1419 | -22,7 | -0,1578 | -27,1 | -0,1734 |
-18,4 | -0,1422 | -22,8 | -0,1582 | -27,2 | -0,1738 |
-18,5 | -0,1425 | -22,9 | -0,1586 | -27,3 | -0,1742 |
-18,6 | -0,1428 | -23,0 | -0,159 | -27,4 | -0,1746 |
-18,7 | -0,1431 | -23,1 | -0,1594 | -27,5 | -0,175 |
-18,8 | -0,1434 | -23,2 | -0,1598 | -27,6 | -0,1754 |
-18,9 | -0,1437 | -23,3 | -0,1602 | -27,7 | -0,1758 |
-19,0 | -0,144 | -23,4 | -0,1606 | -27,8 | -0,1762 |
-19,1 | -0,1444 | -23,5 | -0,161 | -27,9 | -0,1766 |
-19,2 | -0,1448 | -23,6 | -0,1614 | -28,0 | -0,177 |
-19,3 | -0,1452 | -23,7 | -0,1618 | -28,1 | -0,1774 |
-19,4 | -0,1456 | -23,8 | -0,1622 | -28,2 | -0,1778 |
-19,5 | -0,146 | -23,9 | -0,1626 | -28,3 | -0,1782 |
-19,6 | -0,1464 | -24,0 | -0,163 | -28,4 | -0,1786 |
-19,7 | -0,1468 | -24,1 | -0,1633 | -28,5 | -0,179 |
-19,8 | -0,1472 | -24,2 | -0,1636 | -28,6 | -0,1794 |
-19,9 | -0,1476 | -24,3 | -0,1639 | -28,7 | -0,1798 |
-20,0 | -0,148 | -24,4 | -0,1642 | -28,8 | -0,1802 |
-20,1 | -0,1483 | -24,5 | -0,1645 | -28,9 | -0,1806 |
-20,2 | -0,1486 | -24,6 | -0,1648 | -29,0 | -0,181 |
-20,3 | -0,1489 | -24,7 | -0,1651 | -29,1 | -0,1814 |
-20,4 | -0,1492 | -24,8 | -0,1654 | -29,2 | -0,1818 |
-20,5 | -0,1495 | -24,9 | -0,1657 | -29,3 | -0,1822 |
-20,6 | -0,1498 | -25,0 | -0,166 | -29,4 | -0,1826 |
-20,7 | -0,1501 | -25,1 | -0,1663 | -29,5 | -0,183 |
-20,8 | -0,1504 | -25,2 | -0,1666 | -29,6 | -0,1834 |
-20,9 | -0,1507 | -25,3 | -0,1669 | -29,7 | -0,1838 |
-21,0 | -0,151 | -25,4 | -0,1672 | -29,8 | -0,1842 |
-21,1 | -0,1514 | -25,5 | -0,1675 | -29,9 | -0,1846 |
-21,2 | -0,1518 | -25,6 | -0,1678 | -30,0 | -0,185 |
-21,3 | -0,1522 | -25,7 | -0,1681 | ||
-21,4 | -0,1526 | -25,8 | -0,1684 | ||
-21,5 | -0,153 | -25,9 | -0,1687 | ||
-21,6 | -0,1534 | -26,0 | -0,169 | ||
-21,7 | -0,1538 | -26,1 | -0,1694 | ||
-21,8 | -0,1542 | -26,2 | -0,1698 | ||
-21,9 | -0,1546 | -26,3 | -0,1702 |