Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2015 жылғы 8 қазандағы № 297 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 қазанда № 12189 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 20-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларының 11-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Әкімшілік жұмыс департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы А.А. Шайымоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                        Қ. Қожамжаров

Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттік қызмет істері 
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2015 жылғы 8 қазандағы  
№ 297 бұйрыққа қосымша   

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының тізбесі

      1. «Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 10 қарашадағы № 23 бұйрығына 2015 жылғы 2 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 9953 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесінде:
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Бағалау мынадай формула бойынша есептеледі:
      К3 = Р1 + Р2 + Р3+ Р4
      К3 – аталған өлшем бойынша мемлекеттік органның бағасы;
      Р1 – «сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде қылмыс жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болғандар саны» көрсеткіші;
      Р2 – «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде құқық бұзушылық жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болғандар саны» көрсеткіші;
      Р3 – «сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны, оның ішінде құқық бұзушылық жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болғандар саны» көрсеткіші;
      Р4 – «Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны мемлекеттік органның сайтында жариялаған басшылық лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілердің үлесі» көрсеткіші.
      Осы өлшем бойынша ең жоғарғы мәні 24 балл болып саналады.»;
      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «27. «Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны мемлекеттік органның сайтында жариялаған басшылық лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілердің үлесі» көрсеткіші бойынша баға мынадай формуламен есептеледі:
      P4 = k a/b
      k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (6-ға тең);
      a – жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны мемлекеттік органның сайтында жариялаған басшылық лауазымдарды атқарып отырған (комитет төрағалары, олардың орынбасарлары, департамент директорлары, аппарат басшылары, олардың орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелерінің басшылары, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың басшылары) мемлекеттік қызметшілердің саны;
      b – басшылық лауазымдарды атқарып отырған мемлекеттік қызметшілердің саны (есепті кезеңнен кейінгі 1 қаңтардағы жағдай бойынша).
      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады.»;
      127 және 8-қосымшалары осы тізбедегі 123 және 4-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын;
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Персоналды басқару тиімділігін бағалау әдістемесіне:
      27-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      «27. «Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны Ұлттық Банктің сайтында жариялаған басшылық лауазымдардағы қызметшілердің үлесі» көрсеткіші бойынша баға мынадай формуламен есептеледі:
      P4 = k a/b
      k – алынған нәтижелерді өлшем мәніне келтіруге арналған коэффициент (6-ға тең);
      a – жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны Ұлттық Банктің сайтында жариялаған басшылық лауазымдарды атқарып отырған (департамент директорлары, Ұлттық Банктің бөлімшелерінің және өкілдігінің басшылары) қызметшілердің саны;
      b – басшылық лауазымдарды атқарып отырған қызметшілердің саны (есепті кезеңнен кейінгі 1 қаңтардағы жағдай бойынша).
      Осы көрсеткіш бойынша ең жоғарғы мәні 6 балл болып саналады.»;
      8 және 9-қосымшалары осы тізбедегі 5 және 6-қосымшаларына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2014 жылғы 14 қазандағы № 12 бұйрығына 2015 жылғы 13 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 9797 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптары осы тізбенің 7-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестерінің жұмыс регламентін бекіту туралы бұйрығына (2015 жылғы 14 наурыздағы № 49 «Казахстанская правда» (27925) және 2015 жылғы 14 наурыздағы № 49 (28527) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 10201 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана және Алматы қалаларындағы, облыстардағы тәртіптік кеңестерінің регламентінде:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Тәртіптік кеңестің қызметінің негізгі құрылымы Тәртіптік кеңестің шешімдері қабылданатын отырысы болып табылады.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Тәртіптік кеңес отырысы ашық өткізіледі. Қажет болған жағдайда, егер қаралатын мәселелер мемлекеттік құпияларды қозғаса, Төрағаның шешімі бойынша және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) келісім бойынша жабық отырыстар өткізуі мүмкін.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Тәртіптік кеңестің отырысында хаттама жүргізіледі. Хаттамада отырысқа қатысқан Тәртіптік кеңестің мүшелері, басқа да шақырылған тұлғалар, қаралған мәселелер, баяндамашылар мен өзге де сөз сөйлеушілер, баяндамалардың негізгі мазмұны (сөз сөйлеулер, ескертулер), әрбір қаралған мәселелер бойынша Тәртіптік кеңес мүшелері дауыс беруінің нәтижелері мен қабылданған шешімдері көрсетіледі.
      Хаттама тәртіптік іс бойынша іс жүргізу тілінде ресімделеді, оған Tөpаға, Тәртіптік кеңес мүшелері және Тәртіптік кеңес отырысының хатшысы қол кояды.».
      4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс регламентін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 8 бұйрығына 2015 жылғы 27 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 10228 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұмыс Регламентінде:
      92-тармақтың орыс тіліндегі атауына өзгеріс енгізілген, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
      5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 22 бұйрығына 2015 жылғы 11 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 10344 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 20-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен ұсталатын органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:»;
      аталған бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беру жөніндегі нұсқаулықтың 14-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Комиссияның шешімімен келіскен жағдайда, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының басшысы қызметкерге сыныптық біліктілікті беру немесе растау туралы бұйрық шығарады.».

Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
өзгерістер енгізілетін   
бұйрықтарының тізбесіне  
1-қосымша         

«Персоналды басқару тиімділігін
бағалау әдістемесіне   
1-қосымша        

нысан

Персоналды басқаруды бағалау нәтижелері бойынша қорытынды
____________________________________________________________________
____________________
(орталық мемлекеттік/жергілікті атқарушы орган атауы)
________________
(есепті кезең) 

Бағалау өлшемі

Әр өлшемнің бағалау
баллдары

1

Адам ресурстарын пайдалану тиімділігі


2

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту


3

Cыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысының тиімділігі


4

Мемлекеттік қызметшілердің қанағаттану деңгейі


Жалпы баға:


Жалпы бағаның мәні:


Орталық мемлекеттік/жергілікті атқарушы орган қызметінің тиімділігін
бағалау өлшемдері бойынша талдау:

Қорытындылар мен ұсынымдар:

Агенттік Төрағасының орынбасары/Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тиісті бөлімі

_____    ___________________
(қолы)   (қолтаңбаның толық
         жазылуы)

Агенттіктің/Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы

_____    ____________________
(қолы)   (қолтаңбаның толық
         жазылуы)

«20___ж. «____» ______________»

Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
өзгерістер енгізілетін    
бұйрықтарының тізбесіне   
2-қосымша         

«Персоналды басқару тиімділігін
бағалау әдістемесіне     
2-қосымша          

нысан 

Персоналды басқару бағалау үшін өлшемдер мен көрсеткіштер 

р\с №

Өлшемнің/көрсеткіштің атауы

Балл

1

Адам ресурстарын пайдаланудың тиімділігі

32

1.1

Кадрлардың ауысушылығы деңгейі

14

1.2

Мемлекеттік органның қызметкерлерін жоғарылату

6

1.3

Мемлекеттік органдағы жұмыс уақытының нақты ұзақтығы

6

1.4

Еңбек демалысын өз уақытында беру

6

2

Мемлекеттік қызметшілерді оқыту

20

3

Cыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысының тиімділігі

24

3.1

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін сотталған мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде қылмыс жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болғандар саны

6

3.2

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде құқық бұзушылық жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болғандар саны

6

3.3

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны, оның ішінде құқық бұзушылық жасаған уақытта осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшісі болғандар саны

6

3.4

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны мемлекеттік органның сайтында жариялаған басшылық лауазымдардағы мемлекеттік қызметшілердің үлесі

6

4

Мемлекеттік қызметшілердің қанағаттану деңгейі

24


Барлығы

100

Қазақстан Республикасы  
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
өзгерістер енгізілетін   
бұйрықтарының тізбесіне   
3-қосымша          

«Персоналды басқару тиімділігін
бағалау әдістемесіне     
7-қосымша           

нысан

  Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны мемлекеттік
органның сайтында жариялаған басшылық лауазымдардағы
мемлекеттік қызметшілердің саны туралы

№ р/н

Есепті кезеңнен кейінгі 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік органның штаттық кестесіне сәйкес басқарушылық лауазымдардың толық атауы

Басқарушы лауазымдарды атқарып жатқан мемлекеттік қызметшілердің Т.А.Ә.

Жариялады/ Жарияламады

Интернет-ресурсқа сілтеме

1





2





...





Барлығы





Басқарушылық лауазымдарға комитет төрағалары, олардың орынбасарлары,
департамент директорлары, аппарат басшылары, олардың орынбасарлары,
орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының
облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық бөлімшелерінің
басшылары, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы
органдардың басшылары жатады.

Мемлекеттік органның басшысы

__________________ ________________
(қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)

Мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы

___________________ ________________
(қолы)    (қолтаңбаның толық жазылуы)

Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
өзгерістер енгізілетін   
бұйрықтарының тізбесіне   
4-қосымша        

«Персоналды басқару тиімділігін
бағалау әдістемесіне   
8-қосымша          

нысан

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сіз жұмыс істейтін мемлекеттік органда персоналды көтермелеу бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізеді. Сауалнама анонимді болып табылады

1. Қызметшілердің мемлекеттік орган қызметіне қатысу дәрежесінің деңгейі

1

Осы мемлекеттік органда (атқаратын лауазымда) жұмысымның мақсаттары түсінікті және айқын

Иә
Жоқ


2

Маңызды шешім қабылдағанда менің пікірім басшылықпен ескеріледі

Иә
Жоқ


3

Әріптестерімнің көпшілігімен қарым-қатынысым жақсы

Иә
Жоқ


2. Көтермелеу жүйесіне және әлеуметтік қамтамасыз етуге қанағаттану

4

Қызмет ететін мемлекеттік органда материалдық емес көтермелеу шаралары қолданылады (наградалар, мақтау қағаздары, алғыс хаттар, құрмет тақтасы)

Иә
Жоқ


5

Сыйақылар мені жұмысымның сапасын арттыруға ынталандырады

Иә
Жоқ


6

Жалақым және сыйақылар мені және отбасымды қамтамасыз етуге жеткілікті

Иә
Жоқ


3. Мансаптық өсу мүмкіндіктеріне қанағаттану

7

Жұмыста өзімнің тәжірибемді және білімімді толық қолданамын

Иә
Жоқ


8

Менде қызметтік баспалдақ бойынша өсу перспективасы бар деп ойлаймын

Иә
Жоқ


9

Қызмет ететін мемлекеттік органда жұмыс абыройлы

Иә
Жоқ


4. Еңбекті ұйымдастыруға қанағаттану

10

Жұмыста кідіріп қаламын және/немесе демалыс күндері жұмыс істеймін

Иә
Жоқ


11

Менің құрылымдық бөлімшеде қызметкерлер арасында жұмыс бірдей бөлінген

Иә
Жоқ


12

Мен жеке сектордағы жұмысқа өтуді жоспарлап жатырмын

Иә
Жоқ



 

5. Персоналды іріктеу тәртібіне қанағаттану

13

Кадрларды іріктеу кезінде конкурстық іріктеу рәсіміне толықтай сенемін

Иә
Жоқ


14

Кадрларды орналастыру және персоналды іріктеу кезінде тиісті құрылымдық бөлімше басшысының ең үлкен әсері бар деп есептеймін

Иә
Жоқ


15

Мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеудің қолданыстағы рәсімдері мемлекеттік қызметке кірудің ашықтығын және айқындығын қамтамасыз етеді

Иә
Жоқ


6. Мемлекеттік қызметшілерді бағалау жүйесімен қанағаттану

16

Менің ойымша, бағалау менің кәсіби және жеке қабілеттерімді ескереді

Иә
Жоқ


17

Менің ойымша, мансаптық ілгерлету бойынша шешімдер мемлекеттік қызметшілерді бағалаудың нәтижелеріне негізделеді

Иә
Жоқ


Еңбекті ұйымдастыруға қатысты қосымша сұрақтар (бұл бөлімнің
жауаптары тек талдау үшін қолданылады) 

1

Сіз жұмыс істейтін мемлекеттік органда қандай жиілікпен жиналыстар болып тұрады?
А) аптасына бір рет
Б) аптасына екі рет
В) үш және одан артық
Г) басқа ________________

2

Орта есеппен Сіз жұмыстан тыс қанша уақытқа қаласыз?
А) 1 сағат
Б) 2 сағат
В) 3 сағат
Г) 4 және одан көп сағат

3

Мемлекеттік органда мемлекеттік қызметшілердің жұмыс нормативтерінің бұзылудың негізгі себебі болып табылады?
А) жұмысты дұрыс ұйымдастырмау
Б) қызметкерлердің жеткіліксіздігі
В) жоғары тұрған мемлекеттік органнан шұғыл тапсырмалардың келуі
Г) реттелмеген ақпараттық ағын (есептер, тапсырмалардың қайталануы)
Д) өзге себеп: ________________

4

Сіздің ойыңызша жұмыс нормативтерін сақтау үшін не істеу керек?
А) тайм-менеджмент бойынша тренинг өткізу
Б) жұмыс режимдерін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарастыру
В) жұмыс немесе апта соңына қарай жиналыс өткізу тәжірибесін қысқарту
Г) ақпараттық ағындарды реттеу
Д) қысқа мерзімді тапсырмаларды қысқарту
Сіздің ұсынысыңыз: ________________

Толтырушы туралы мәліметтер

Жынысыңыз


Ер

Әйел

Лауазымыңыз 

Басқарушы (басқарма/бөлім басшысы және жоғары)

Атқарушы (сарапшы, бас сарапшы, маман және т.б.)

Жұмыс өтіліңіз

3 жылға дейін

3 жылдан 7 жылға дейін

7 жылдан жоғары

»

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері    
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының  
өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының
тізбесіне 5-қосымша        

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Персоналды басқару тиімділігін   
бағалау әдістемесіне 8-қосымша   

нысан

Жеке табыс салығы және мүлік бойынша декларацияны Ұлттық Банктің сайтында жариялаған басшылық лауазымдардағы қызметшілердің саны туралы

№ р/н

Есепті кезеңнен кейінгі 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлттық Банктің штат кестесіне сәйкес басқарушылық лауазымдардың толық атауы

Басқарушы лауазымдарды атқарып жатқан мемлекеттік қызметшілердің Т.А.Ә.

Жариялады/ Жарияламады

Интернет-ресурсқа сілтеме

1





2





...





Барлығы





Басқарушылық лауазымдарға департамент директорлары, Ұлттық Банктің
бөлімшелерінің және өкілдігінің басшылары жатады.

Ұлттық Банктің Төрағасы

________ __________________________
(қолы)  (қолтаңбаның толық жазылуы)

Ұлттық Банктің тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы

________ __________________________
(қолы)  (қолтаңбаның толық жазылуы)
«____»______________20___ж.

Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік қызмет істері   
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының
тізбесіне 6-қосымша       

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
Персоналды басқару тиімділігін   
бағалау әдістемесіне 9-қосымша   

нысан

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сіз жұмыс істейтін мемлекеттік органда персоналды көтермелеу бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін анықтау мақсатында сауалнама жүргізеді.
Сауалнама анонимді болып табылады

1. Қызметшілердің Ұлттық Банк қызметіне қатысу дәрежесінің деңгейі

1

Ұлттық Банкте (атқаратын лауазымда) жұмысымның мақсаттары түсінікті және айқын

Иә
Жоқ


2

Маңызды шешім қабылдағанда менің пікірім басшылықпен ескеріледі

Иә
Жоқ 


3

Әріптестерімнің көпшілігімен қарым-қатынысым жақсы

Иә
Жоқ


2. Көтермелеу жүйесіне және әлеуметтік қамтамасыз етуге қанағаттану

4

Ұлттық Банкте материалдық емес көтермелеу шаралары қолданылады (наградалар, мақтау қағаздары, алғыс хаттар, құрмет тақтасы)

Иә
Жоқ


5

Сыйақылар мені жұмысымның сапасын арттыруға ынталандырады

Иә
Жоқ


6

Менің жалақым, оның ішінде сыйақылар мені және отбасымды қамтамасыз етуге жеткілікті

Иә
Жоқ


3. Мансаптық өсу мүмкіндіктеріне қанағаттану

7

Мен жұмыста өзімнің тәжірибемді және білімімді толық қолданамын

Иә
Жоқ


8

Менде қызметтік баспалдақ бойынша өсу перспективасы бар деп ойлаймын

Иә
Жоқ



 

9

Ұлттық Банкте жұмыс абыройлы

Иә
Жоқ


4. Еңбекті ұйымдастыруға қанағаттану

10

Жұмыста кідіріп қаламын және/немесе демалыс күндері жұмыс істеймін

Иә
Жоқ


11

Менің құрылымдық бөлімшеде қызметкерлер арасында жұмыс бірдей бөлінген

Иә
Жоқ


12

Мен жеке сектордағы жұмысқа өтуді жоспарлап жатырмын

Иә
Жоқ


5. Персоналды іріктеу тәртібіне қанағаттану

13

Кадрларды іріктеу кезінде конкурстық іріктеу рәсіміне толықтай сенемін

Иә
Жоқ


14

Кадрларды орналастыру және персоналды іріктеу кезінде тиісті құрылымдық бөлімше басшысының ең үлкен әсері бар деп есептеймін

Иә
Жоқ


15

Қызметке конкурстық іріктеудің қолданыстағы рәсімдері қызметке кірудің ашықтығын және айқындығын қамтамасыз етеді

Иә
Жоқ


6. Қызметшілерді бағалау жүйесімен қанағаттану

16

Менің ойымша, бағалау менің кәсіби және жеке қабілеттерімді ескереді

Иә
Жоқ


17

Менің ойымша, мансаптық ілгерлету бойынша шешімдер мемлекеттік қызметшілерді бағалаудың нәтижелеріне негізделеді

Иә
Жоқ


Еңбекті ұйымдастыруға қатысты қосымша сұрақтар (бұл бөлімнің жауаптары тек талдау үшін қолданылады) 

1

Қандай жиілікпен Ұлттық Банкте жиналыстар болып тұрады?
А) аптасына бір рет
Б) аптасына екі рет
В) үш және одан артық
Г) басқа ________________

2

Орта есеппен Сіз жұмыстан тыс қанша уақытқа қаласыз?
А) 1 сағат
Б) 2 сағат
В) 3 сағат
Г) 4 және одан көп сағат

3

Ұлттық Банкте қызметшілердің жұмыс нормативтерінің бұзылуының негізгі себебі болып табылады?
А) жұмысты дұрыс ұйымдастырмау
Б) қызметкерлердің жеткіліксіздігі
В) жоғары тұрған мемлекеттік органнан шұғыл тапсырмалардың келуі
Г) реттелмеген ақпараттық ағын (есептер, тапсырмалардың қайталануы)
Д) өзге себеп: ________________

4

Сіздің ойыңызша жұмыс нормативтерін сақтау үшін не істеу керек?
А) тайм-менеджмент бойынша тренинг өткізу
Б) жұмыс режимдерін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауаптылығын қарастыру
В) жұмыс немесе апта соңына қарай жиналыс өткізу тәжірибесін қысқарту
Г) ақпараттық ағындарды реттеу
Д) қысқа мерзімді тапсырмаларды қысқарту
Сіздің ұсынысыңыз: ________________

Толтырушы туралы мәліметтер

Жынысыңыз


Ер

Әйел

Лауазымыңыз


Басқарушы (басқарма/бөлім басшысы және жоғары)

Атқарушы (сарапшы, бас сарапшы, маман және т.б.)

Жұмыс өтіліңіз

3 жылға дейін  

3 жылдан 7 жылға дейін

7 жылдан жоғары

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері    
және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі Төрағасының 
өзгерістер енгізілетін бұйрықтарының
тізбесіне 7-қосымша       

«Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Төрағасының 2014 жылғы 14 қазандағы
№ 12 бұйрығымен бекітілді    

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және оның аумақтық бөлімшелерінің құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары

Санат

Лауазымның атауы

Біліміне қойылатын талаптар

Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар

Біліміне қойылатын талаптар

Қажетті дағды мен білік

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппараты

B-PK-1

Аппарат басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде он жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің;
немесе кемінде алты жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде он бір жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он екі жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті білім

Басқару шешімді қабылдау мен әзірлеу сатысында ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; стратегиялық жоспарлау тәжірибесінің болуы; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; басқа ведомстволармен және ұйымдармен тиімді және ретті қарым-қатынасты ұйымдастыру; компьютерлік техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

B-PK-2

Департаменттің басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде сегіз жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілінің;
немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде он жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он бір жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы; жетекшілік ететін қызметті талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; жоспарлау дағдысының болуы; қабылданған шешімдерді тиімді және шешімді жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; басқа бөлімшелермен өзара қарым-қатынасты тиімді және ретті ұйымдастыру; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

В-РК-3

Департамент басшысының орынбасары, Басқарманың басшысы, Орталық органның бірінші басшысының кеңесшісі

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде жеті жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл немесе тең деңгейдегі не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілінің;
немесе кемінде төрт жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде тоғыз жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің; кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау, талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

В-РК-4

Департамент басқармасының басшысы
Басқарма басшысының орынбасары

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде алты жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда немесе тең деңгейдегі не келесі төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілінің;
немесе кемінде үш жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде жеті жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде сегіз жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

В-РК-5

Департаменттің басқарма басшысының орынбасары

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бес жыл қызмет өтілінің;
немесе кемінде екі жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде алты жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің басшылары үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

В-РК-6

Орталық органның бірінші басшысының көмекшісі
аса маңызды істер жөніндегі тергеуші (офицер)

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде төрт жыл қызмет өтілінің, оның ішінде  төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл қызмет өтілінің;
немесе кемінде бір жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жүзеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

В-РК-7

Аға тергеуші (офицер)

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде үш жыл қызмет өтілінің, оның ішінде  төмен тұрған санаттағы лауазымдарда кемінде бір жыл қызмет өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жүзеге асыру; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

В-РК-8

Тергеуші (офицер)

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бір жыл қызмет өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жүзеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

В-РК-9

Кіші офицер

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін орта кәсіби білім



Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық бөлімшелері

С-РКО-1

Аумақтық бөлімшенің басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде он жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл қызмет өтілінің;
немесе кемінде алты жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде он бір жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он екі жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы; жетекшілік ететін қызметті талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; жоспарлау дағдысының болуы; қабылданған шешімдерді тиімді және шешімді жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; басқа бөлімшелермен өзара қарым-қатынасты тиімді және ретті ұйымдастыру; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; персоналды дұрыс таңдау; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; тұлғааралық қарым-қатынастың жолдарын білу; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

С-РКО-2

Аумақтық бөлімше басшысының орынбасары

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде сегіз жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл немесе құқық қорғау, арнайы органдары орталық аппараттың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілінің;
немесе кемінде бес жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде он жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде он бір жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау, талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; тұлғааралық қарым-қатынастың жолдарын білу; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

С-РКО-3

Аумақтық бөлімшенің басқарма басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде алты жыл қызмет өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бір жыл немесе құқық қорғау, арнайы органы орталық аппаратының  лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілінің;
немесе кемінде төрт жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің; немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде сегіз жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

С-РКО-4

Аумақтық бөлімшенің басқарма басшысының орынбасары,
аумақтық бөлімшенің бөлім басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бес жыл қызмет өтілінің;
немесе кемінде үш жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде алты жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде жеті жыл жұмыс өтілінің, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау, талдаудың қорытындысы бойынша жетекшілік ететін қызметті жетілдіру туралы ұсыныс енгізу; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; нақты іс-әрекеттердің жоспарын әзірлеу; қабылданған шешімдерді тиімді және жедел жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау; берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

С-РКО-5

Аумақтық бөлімшенің бөлім басшысының орынбасары,
аумақтық бөлімшенің басқарма бөлімінің басшысы

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде төрт жыл қызмет өтілінің;
немесе кемінде екі жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде бес жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде алты жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін басшылар үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің басшылары үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; конструктивті сынды пайдалану; қарамағындағыларды бейімдеу мен ынталандырудың жолдарын білу; ұжымда тиімді өзара қарым-қатынасты құру; қарамағындағылардың алдына қол жеткізе алатын міндеттерді қою; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

С-РКО-6

Аса маңызды істер жөніндегі тергеуші (офицер)

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде екі жыл қызмет өтілінің;
немесе кемінде бір жыл судьялық жұмыс өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде төрт жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жүзеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

С-РКО-7

Аға тергеуші (офицер)

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім

Құқық қорғау, арнаулы органдарында кемінде бір жыл қызмет өтілінің;
немесе мемлекеттік қызметте кемінде екі жыл жұмыс өтілінің;
немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін салаларда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы

Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Жедел-іздестіру қызметінің және қылмыстық істерді тергеу тәжірибесінің болуы (жедел-іздестіру қызметіне және тергеуге жетекшілік ететін қызметкерлер үшін); есепке алу-тіркеу тәртібі мен режимділікті сақтау, объектілерді күзету (кезекші бөлімінің қызметкерлер үшін); ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жүзеге асыру; жаңа жағдайға бейімделу және туындайтын мәселелерді шешуде жаңа тәсілдерді қолдану; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

С-РКО-8

Тергеуші (офицер)

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін жоғары кәсіби білім



Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Ақпаратты талдау және қорытындылау; нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; берілген тапсырмаларды тиімді және жедел жүзеге асыру; жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.

С-РКО-9

Кіші офицер

Нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес келетін орта кәсіби білім



Аталған санаттың лауазымдары бойынша функционалдық міндеттерін атқару үшін қажетті міндетті білімінің болуы

Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеу, оларды тәжірибеде қолдану; тапсырмаларды тиімді орындау, жұмыс мерзімін дұрыс үйлестіру, ақпаратты талдау және қорытындылау; компьютерлік және басқа ұйымдастыру техникасын пайдалану дағдысының болуы, сондай-ақ қойылған міндеттері орындауға қажетті өзге де дағдылар мен біліктер.