Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 19 қазанда № 12183 болып тіркелді

Жаңартылған

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясаты және қаржы құралдары департаменті:
      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»                   «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                 Ұлттық экономика министрі
      ____________ Б. Сұлтанов       ______________ Е. Досаев
      2015 жылғы «___» __________    2015 жылғы 14 қыркүйек

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы 
№ 9-1/71 бұйрығымен   
бекітілген        

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру
мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және қарыздарды кепілдендіру мен сақтандыру кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне (бұдан әрі – АӨК субъектілері) мемлекеттік қолдау көрсетудің тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) жұмыс органы – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасы;
      2) кепіл беруші – банктік қызметті жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар қаржы институттары, қаржы ұйымдары, сондай-ақ өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары;
      3) кепілдендіру/сақтандыру шарты – осы Қағидалардың шарттарында қарыз алушы мен кепіл беруші/сақтандыру ұйымы арасында жасалатын жазбаша келісім;
      4) кепілдік көлемі/сақтандыру сомасы – кепілдік берілген немесе талап ету құқығы туындаған кезде кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының кредитор алдындағы жауапкершілігінің шекті көлемі болып табылатын кредиттің бір бөлігі сақтандырылған ақша сомасы;
      5) кепілдік бойынша төлем/сақтандыру төлемі – кепіл беруші/сақтандыру ұйымы талап ету құқығы туындаған кезде кепілдік сомасы/сақтандыру сомасы шегінде кредиторға төлейтін ақша қаражатының сомасы;
      6) кепілдік бойынша комиссия/сақтандыру сыйлықақысы – талап ету құқығы туындаған кезде кредиторға кредиттің кепілдендірілген/ сақтандырылған бөлігін төлеуді жүргізу міндеттемелерін алғаны үшін бір реттік төлем түрінде қарыз алушы кепіл берушіге/сақтандыру ұйымына төлеуге міндетті ақша қаражатының сомасы;
      7) кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау – кредит бөлігінің қайтарылмау тәуекелін қамтамасыз ететін кепіл берушілерге қарыз алушылар төлейтін комиссияның бір бөлігін өтеуге бағытталған мемлекеттік қолдаудың нысаны;
      8) комиссия – қарыздарды кепілдендіру мен сақтандыру кезінде субсидиялауды ұсыну/ұсынудан бас тарту туралы шешім қабылдауға уәкілетті тұрақты жұмыс істейтін орган;
      9 кредит (қарыз) – қарыз алушыға айналым қаражатын толықтыруға, негізгі құралдарды сатып алуға және құрылысқа ақылылық, жеделдік және қайтарымдылық шарттарында кредитор ұсынатын ақша сомасы;
      10) кредитор – екінші деңгейдегі банктер, «ҚазАгро», ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдары, сондай-ақ банк қызметтерін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар;
      11) қарыз алушы – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен және (немесе) өңдеумен айналысатын шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, меншік нысанына қарамастан жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу бойынша қызметтерді көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
      12) оператор – «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамы және оның облыстық филиалдар/өкілдері;
      13) сақтандыру ұйымы – сақтандыру шартында айқындалған сақтандыру жағдайы туындаған кезде оның пайдасына шарт жасалған кредиторға сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге сақтандыруды жүзеге асыратын компания;
      14) сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау – сақтандыру ұйымдарына қарыз алушы төлейтін, кредиттің бір бөлігінің қайтарылмау тәуекелін қамтамасыз ететін сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін өтеуге бағытталған мемлекеттік қолдау нысаны;
      15) талап ету құқығы – оның туындауы кепілдендіру/сақтандыру шарты кепілдік/сақтандыру бойынша төлемді жүзеге асыруды көздейтін оқиға.

2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру шеңберінде субсидиялау тәртібі

      3. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру шеңберінде субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында жұмыс органы мен оператордың арасында операторлық қызметтер көрсету жөнінде шарт жасалады. Қызметтер көрсету жөніндегі шартты жасасқанға дейін, осы Қағидаларда көзделген оператордың функцияларын жұмыс органы жүзеге асырады. Оператор операторлық қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде облыс/қала аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыстық/қалалық әкімдіктің интернет-ресурстарында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезінде кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Қарыз алушы кредит алуға кредиторға жүгінеді.
      5. Кредитор ішкі рәсімдерге сәйкес қарыз алушының өтінішін қарайды, оның ұсынған құжаттары мен қарыз алушының қаржылық жағдайын талдайды, содан кейін кредитті беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады.
      Субсидиялауға сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 19 (он тоғыз) пайыздан аспайтын кредиттерді кепілдендіру жатады.
      Бұрын алынған кредиттер бойынша кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялауға жол берілмейді.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      6. Кредитор кредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушыға кредит беруге келісу не беруден бас тарту, кредиттің шарттары туралы, кепілдік құны мөлшерінің есебі және әлеуетті кепіл берушіге қойылатын талаптар туралы хат жолдайды.
      7. Қарыз алушы күнтізбелік 30 күн ішінде кредитордың талаптарына сәйкес келетін кепіл берушіні табады.
      8. Кредитор кепіл берушіден құжаттардың толық топтамасын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы қарыз алушы мен кепіл берушіні жазбаша хабардар етеді.
      9. Кепілдік беруші қарыз алушы кредитінің бір бөлігін кепілдендіру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, кепілдік беруші 5 жұмыс күні ішінде операторға қарыз алушы кредитінің бір бөлігін кепілдендіру мүмкіндігі туралы шешімі бар хатты:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы берген өтінішпен;
      2) кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар кредитордың хатымен қоса жолдайды.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Оператор Кепілдік берушіден құжаттарды алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) қарыз алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не бекітілген тиісті талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, оператор оларды жою үшін нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды қарыз алушыға қайтарады;
      2) қарыз алушының және оның кредитінің осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін тексереді;
      3) Комиссия үшін ұсынымдар әзірлейді;
      4) ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастырады, Комиссия төрағалығымен келісім бойынша отырысының күнін, уақыты мен өтетін орнын айқындайды;
      5) қарыз алушылардың өтінімін қоса бере отырып, тізімді және құжаттардың толық топтамасын Комиссияның қарауына енгізеді.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      11. Субсидиялауды жүзеге асыру үшін жұмыс органы тиісті облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің өкімімен бекітілетін, құрамында Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшы бар Комиссия құрады.
      12. Қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді Комиссия қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылдайды және ол хаттама түрінде ресімделеді. Комиссия қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді қабылдау кезінде оператордың ұсынымдарын басшылыққа алады.
      13. Комиссияның бір отырысы шеңберінде субсидиялар сомасын бөлу келесі бағыттың өтінімдерін және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес АӨК-ні дамытудың басым бағыттарына енгізілмеген ауыл шаруашылығы қызметінің қалған түрлерін қанағаттандыруға көшкенге дейін басым бағыттың қажеттілігін толық қанағаттандыруды болжайды.
      14. Қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер жөніндегі кепілдік бойынша комиссияның бөлігін субсидиялауға осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу саласындағы басым бағыттар бойынша қызмет түрлерімен айналысатын кәсіпорындар жатады.
      15. Басымдықтың бір бағыты шеңберінде субсидиялар сомасын бөлу қарыз алушының өтініш берген күніне байланысты жүзеге асырылады. Өткен жылы мақұлданған өтініштерді Комиссия қайта жүгінусіз басым тәртіппен қарайды.
      16. Оператор 5 жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені кредитор мен кепіл берушіге жолдайды.
      17. Жұмыс органы оң шешімі бар Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың шарттарына сәйкес кепіл бойынша комиссияны субсидиялау тәртібі мен шарттары туралы кепіл берушімен шарт жасасады.
      18. Кепіл беруші осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген шартқа қол қойғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қарыз алушы кредитінің бір бөлігін кепілдендіру шартына қол қояды және оны кредиторға жібереді.
      19. Кредитор кепіл берушіден кепілдендіру шартын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оған қол қояды және оны қарыз алушыға қол қою үшін береді.
      20. Қарыз алушы кепілдендіру шартына қол қойғаннан кейін қарыз алушы өздігінен және бір мезгілде кепіл берушіге төлейтін кепілдік бойынша комиссияның субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүзеге асырады.
      21. Қарыз алушы кепілдендіру шартына қол қойғаннан кейін кредитор 5 жұмыс күні ішінде қарыз алушымен қарыз шартын жасасады және қарыз алушыға кредитті нақты беруді жүзеге асырады.
      22. Қарыз алушыға кредит берілгеннен кейін кредитор 5 жұмыс күні ішінде кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшермелерін кепіл берушіге жолдайды.
      23. Кепіл беруші кредит берілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде операторға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қарыз алушыға кредит беру және оның кепілдендіру комиссиясын ішінара төлеу туралы мәліметтерді мына құжаттармен қоса жолдайды:
      1) кепіл беруші растаған кредитор, кепіл беруші және қарыз алушы арасындағы кепілдендіру шартының көшірмесін;
      2) қарыз алушының кепілдік бойынша комиссияның субсидияланбайтын бөлігін төлегені туралы растауды;
      3) кредитор растаған кредитор мен қарыз алушы арасындағы қарыз шартының көшірмесін;
      4) кредитор растаған қарыз алушының шотына кредитті аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмесін.
      24. Оператор 3 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және жұмыс органына тиісті хат жолдайды. Жұмыс органы оператордан хат алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде кепіл берушінің шотына субсидия аударуды жүзеге асырады. Кредитті кепілдендіру кезінде 50 (елу) пайыз мөлшеріндегі кепілдік бойынша комиссия субсидияланады, бұл ретте субсидияның ең жоғары көлемі кепілдік көлемінің субсидияланатын бөлігінің 3 (үш) пайызынан аспауы тиіс.
      24-1. Жұмыс органы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің орынбасарымен келісілген, осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру шеңберінде субсидиялау жөніндегі бағдарламаның іске асырылуы туралы мәліметтерді жолдайды.
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі 112-бабының 4-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеу нәтижелері туралы есептерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жолдайды.
      Ескерту. 2-тарау 24-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      25. Кредитордың кепіл берушіден кепілдендірілген және қайтарылмаған кредиттің бір бөлігінің сомасын өтеу бойынша талап ету құқығы қарыз алушы кредитормен жасалған қарыз шарты бойынша кредитті өтеу шарттарын орындамаған кезде туындайды.

3. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын
сақтандыру шеңберінде субсидиялау тәртібі

      26. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын сақтандыру шеңберінде субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында жұмыс органы мен оператордың арасында операторлық қызметтер көрсету жөнінде шарт жасалады. Қызметтер көрсету жөніндегі шартты жасасқанға дейін, осы Қағидаларда көзделген оператордың функцияларын жұмыс органы жүзеге асырады. Оператор операторлық қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде облыс/қала аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыстық/қалалық әкімдіктің интернет-ресурстарында АӨК субъектілерінің қарыздарын сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.
      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      27. Қарыз алушы кредит алуға кредиторға жүгінеді.
      28. Кредитор 5 жұмыс күні ішінде қарыз алушының өтінішін қарайды, оның ұсынған құжаттары мен қарыз алушының қаржылық жағдайын талдайды, содан кейін кредитті беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады.
      Субсидиялауға сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 19 (он тоғыз) пайыздан аспайтын кредиттерді сақтандыру жатады.
      Бұрын алынған кредиттер бойынша кепілдік бойынша сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялауға жол берілмейді.
      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      29. Кредитор кредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім қабылдағаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымы мен қарыз алушыға кредит беруге келісу не беруден бас тарту, кредиттің шарттары, сақтандыру өтемімен қамтамасыз етілуге тиіс сақтандыру сомасының есебі туралы тиісті хаттарды жолдайды.
      30. Қарыз алушы кредитордан хат алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымына жүгінеді және талап етілетін құжаттарды ұсынады.
      31. Сақтандыру ұйымы 5 жұмыс күні ішінде қарыз алушының құжаттарын қарайды және қарыз алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыруға келісу не бас тарту туралы шешім қабылдайды. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша ақпарат беру қажеттілігі туындаған жағдайда, қарыз алушыға 5 жұмыс күні ішінде анықталған ескертулерді түзеу және/немесе қосымша ақпарат беру үшін қосымша уақыт беріледі. Сақтандыру ұйымы үшін құжаттарды қарау мерзімі қайтадан басталады.
      32. Сақтандыру ұйымы қарыз алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру ұйымы 5 жұмыс күні ішінде операторға қарыз алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыру мүмкіндігі туралы шешімі бар хатты:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредит алушы берген өтінішпен;
      2) кредит беру мүмкіндігі туралы шешімі бар кредитордың хатымен қоса жолдайды.
      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      33. Оператор сақтандыру ұйымынан құжаттарды алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) қарыз алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, оператор оларды жою үшін нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды сақтандыру ұйымына қайтарады;
      2) қарыз алушының және оның кредитінің осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін тексереді;
      3) Комиссия үшін ұсынымдар әзірлейді;
      4) ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастырады, Комиссия төрағасының келісімі бойынша отырыстың күнін, уақыты мен өтетін орнын айқындайды;
      5) қарыз алушылардың өтініштерін қоса бере отырып, тізімді және құжаттардың толық топтамасын Комиссияның қарауына енгізеді.
      34. Субсидиялауды жүзеге асыру үшін жұмыс органы тиісті облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің өкімімен бекітілетін, құрамында Комиссия төрағасы, мүшелері және хатшы бар Комиссия құрады.
      35. Қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді Комиссия қатысып отырған мүшелерінің көпшілік дауысымен қабылдайды және ол хаттама түрінде ресімделеді. Комиссия қарыз алушылардың өтінімдерін мақұлдау/мақұлдамау туралы шешімді қабылдау кезінде оператордың ұсынымдарын басшылыққа алады.
      36. Комиссияның бір отырысы шеңберінде субсидиялар сомасын бөлу келесі бағыттың өтінімдерін және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес АӨК-ні дамытудың басым бағыттарына енгізілмеген ауыл шаруашылығы қызметінің қалған түрлерін қанағаттандыруға көшкенге дейін басым бағыттың қажеттілігін толық қанағаттандыруды болжайды.
      37. Қайта өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша сақтандыру сыйлықақысының бөлігін субсидиялауға осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу саласындағы басым бағыттар бойынша қызмет түрлерімен айналысатын кәсіпорындар жатады.
      38. Басымдықтың бір бағыты шеңберінде субсидиялар сомасын бөлу қарыз алушының өтініш берген күніне байланысты жүзеге асырылады. Өткен жылы мақұлданған өтініштерді Комиссия қайта жүгінусіз басым тәртіппен қарайды.
      39. Оператор 5 жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелерінің қолдарын жинайды және қол қойылғаннан кейін Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені кредитор мен сақтандыру ұйымына жолдайды.
      40. Жұмыс органы оң шешімі бар Комиссия отырысы хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың шарттарына сәйкес сақтандыруды субсидиялаудың тәртібі мен шарттары туралы сақтандыру ұйымымен шарт жасасады.
      41. Сақтандыру ұйымы осы Қағидалардың 40-тармағында көрсетілген шартқа қол қойғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру шартына қол қояды және оны қарыз алушыға қол қоюға жолдайды.
      42. Қарыз алушы сақтандыру шартына қол қойғаннан кейін қарыз алушы өздігінен және бір мезгілде сақтандыру ұйымына төлейтін сақтандыру сыйлықақысының субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүзеге асырады.
      43. Кредитор сақтандыру ұйымынан сақтандыру шартын алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оған қол қояды және 5 жұмыс күні ішінде қарыз алушымен қарыз шартын жасасады және қарыз алушыға кредитті нақты беруді жүзеге асырады.
      44. Қарыз алушыға кредит берілгеннен кейін кредитор 5 жұмыс күні ішінде кредитор растаған қарыз шартының, ақша аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмелерін сақтандыру ұйымына жолдайды.
      45. Сақтандыру ұйымы 5 жұмыс күні ішінде операторға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес қарыз алушыларға кредит беру және сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін ішінара төлеуі туралы мәліметтерді мына құжаттармен қоса жолдайды:
      1) сақтандыру ұйымы растаған кредитор, сақтандыру ұйымы және қарыз алушы арасындағы сақтандыру шартының көшірмесін;
      2) қарыз алушының сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін төлегені туралы растауды;
      3) кредитор растаған кредитор мен қарыз алушы арасындағы қарыз шартының көшірмесін;
      4) кредитор растаған қарыз алушының шотына кредитті аудару туралы төлем тапсырмасының көшірмесін.
      46. Оператор 3 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және жұмыс органына тиісті хат жолдайды. Жұмыс органы оператордан хат алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының шотына субсидия аударуды жүзеге асырады. Кредитті сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақысы құнының 50 (елу) пайызы мөлшерінде сақтандырылады. Бұл ретте сақтандыру сомасы кредит сомасынан 50 (елу) пайыздан артық емес, ал сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру сомасынан 20 (жиырма) пайыздан артық емес болуы тиіс.
      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      47. Сақтандыру шарты екінші кезектегі қарыздардың өтелуін қамтамасыз етеді. Егер қарыздың өтелмеген/мерзімі өткен бөлігі берілген қарыз сомасының 50 (елу) пайызынан аспаса, сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздемейді.
      48. Қарыздың өтелмеген/мерзімі өткен бөлігі берілген қарыз сомасының 50 (елу) пайызынан асқан кезде, сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемін берілген қарыздың 50 (елу) пайызы мен өтелмеген/мерзімі өткен бөлігінің мөлшері арасындағы айырмадан аспайтын мөлшерде жүзеге асырады.
      48-1. Жұмыс органы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің орынбасарымен келісілген, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын сақтандыру шеңберінде субсидиялау жөніндегі бағдарламаның іске асырылуы туралы мәліметтерді жолдайды.
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі 112-бабының 4-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеу нәтижелері туралы есептерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жолдайды.
      Ескерту. 3-тарау 48-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      49. Кредитордың сақтандыру ұйымынан сақтандырылған және қайтарылмаған кредиттің бір бөлігінің сомасын өтеу бойынша талап ету құқығы қарыз алушы кредитормен жасалған қарыз шарты бойынша кредитті өтеу шарттарын орындамаған кезде туындайды.

Агроөнеркәсіптік кешен    
субъектілерінің қарыздарын  
кепілдендіру мен сақтандыру 
шеңберінде субсидиялау   
қағидаларына 1-қосымша   

Кімге _________________________
(өтініш жолданатын   
_______________________________
ұйымының атауы)       

Өтініш

      Кепілдік/сақтандыру сыйлықақысы бойынша комиссияның бір
бөлігіне субсидия төлеуді сұраймын (қажеттінің астын сызу):

р/с

Деректер көзі

Қажетті мәлімет

Деректер

1

2

3

4

1.

Толық атауы



2.

Меншік түрі



3.
 
 
 

Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама – заңды тұлға үшін

тіркеу нөмері


тіркеу күні


атауы


орналасқан жері
(заңды, нақты және электрондық мекенжайы, телефондары, факсы)


мемлекеттік тіркеу күні


кім берді


4.

Жеке басты куәландыратын құжат – жеке тұлға үшін

жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі


ЖСН


кім берді


берілген күні


5.

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – жеке тұлға үшін

орналасқан жері


тіркеу күні


кім берді


6.

Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жұмыс және үй телефондары



7.

Құрылтайшылар

Заңды тұлғаның толық атауы, бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты, (жеке басты куәлаландыратын құжатта бар болса)


8.

Өтініш берушінің банктік деректемелері

ЖСН/БСН


ЖСК

Банктің атауы

БСК

9.

Негізгі қызмет түрі



10.

Кредит (лизинг) сомасы, теңге / АҚШ доллары / евро



11.

Кредит (лизинг) беру мерзімі, ай



12.

Кепілдендіру/сақтандыру сомасының мөлшері, теңге / АҚШ доллары / евро



13.

Кредиттің нысаналы мақсаты



Бірінші басшы ____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты
(лауазымы)                                    (бар болса)) (қолы)

Мөр орны 20__ж. «___» _______________

Агроөнеркәсіптік кешен    
субъектілерінің қарыздарын  
кепілдендіру мен сақтандыру 
шеңберінде субсидиялау   
қағидаларына 2-қосымша   

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басым бағыттары

      1. Ет және сүт бағытындағы мал шаруашылығы.
      2. Қой шаруашылығы.
      3. Жылқы шаруашылығы.
      4. Шошқа шаруашылығы.
      5. Жемшөп өндірісі.
      6. Жемшөпті өңдеу.
      7. Жайылымдарды суландыру.

Агроөнеркәсіптік кешен    
субъектілерінің қарыздарын  
кепілдендіру мен сақтандыру 
шеңберінде субсидиялау    
қағидаларына 3-қосымша    

Аул шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласының басым бағыттары

      1. Сүт өнімдерін өндіру;
      2. Ет өнімдерін өндіру;
      3. Май-тоң май өнімдерін өндіру;
      4. Астық дақылдарын тереңдетіп өңдеу;
      5. Жеміс-жидек және көкөністерді өңдеу;
      6. Қант өндіру
      7. Жүн мен теріні бастапқы өңдеу.

Агроөнеркәсіптік кешен    
субъектілерінің қарыздарын  
кепілдендіру мен сақтандыру 
шеңберінде субсидиялау   
қағидаларына 4-қосымша   

Қарыз алушыларға кредит беру және кепілдендіру
комиссияны ішінара төлеу туралы мәлімет

Р/с

АӨК субъектісінің атауы

АӨК субъекті сінің ЖСН/БСН

Кредит берушінің атауы

Кредит сомасы
(теңге)

Кепілдендіру сомасы
(теңге)

Комиссия бойынша кепілдендіру көлемі (теңге)

АӨК субъектісі төлеген комиссия бойынша кепілдендірудің бір бөлігі

Кепілдендіру комиссиясының бөлігін төлеу үшін қажетті субсидия сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Кепіл беруші _________________ (қолы, тегі, аты, әкесінің аты
                                          (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

Агроөнеркәсіптік кешен  
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау   
қағидаларына 4-1-қосымша  

Нысан

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру шеңберінде субсидиялау жөніндегі бағдарламаның 20__жылы іске асырылуы туралы мәліметтер

      Ескерту. Қағида 4-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

АӨК субъектісінің атауы

АӨК субъектісінің ЖСН/БСН

Қаржы институтының (кредит беруші) атауы

Кредит сомасы (теңге)

Кепілдік берушінің атауы

Кепілдік көлемі (теңге)

Кепілдік бойынша комиссия мөлшері (теңге)

Комиссияны арзандату сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Бірінші басшы _________________(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар
                                    болған жағдайда)

      Мөр орны

Агроөнеркәсіптік кешен    
субъектілерінің қарыздарын  
кепілдендіру мен сақтандыру 
шеңберінде субсидиялау   
қағидаларына 5-қосымша   

Қарыз алушыға кредит беру және сақтандыру сыйлықақысын
ішінара төлеу туралы мәліметтер

      Ескерту. 5-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

АӨК субъектісінің атауы

АӨК субъекті сінің ЖСН/БСН

Кредитордың атауы

Кредит сомасы (теңге)

Саақтандыру сомасы
(теңге)

Сақтандыру сыйлықақысының көлемі
(теңге)

АӨК субъектісі төлеген сақтандыру сыйлықақысының бөлігі

Сақтандыру сыйақысының бір бөлігін төлеу үшін қажетті сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Сақтандыру ұйымының басшы ______________  (қолы, тегі, аты,
                                                    әкесінің аты
                                              (бар болған жағдайда))

      Мөр орны

Агроөнеркәсіптік кешен  
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау   
қағидаларына 6-қосымша   

Нысан

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын сақтандыру шеңберінде субсидиялау жөніндегі бағдарламаның 20__жылы іске асырылуы туралы мәліметтер

      Ескерту. Қағида 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.07.2016 № 323 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

АӨК субъектісінің атауы

АӨК субъектісінің ЖСН/БСН

Қаржы институтының (кредит беруші) атауы

Кредит сомасы (теңге)

Сақтандыру ұйымының атауы

Сақтандыру сомасы (теңге)

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (%)

Сақтандыру сыйлықақысын арзандату сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Бірінші басшы _________________(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар
                                       болған жағдайда)

      Мөр орны