"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар ен

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 323 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 қыркүйекте № 14218 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру шеңберінде субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында жұмыс органы мен оператордың арасында операторлық қызметтер көрсету жөнінде шарт жасалады. Қызметтер көрсету жөніндегі шартты жасасқанға дейін, осы Қағидаларда көзделген оператордың функцияларын жұмыс органы жүзеге асырады. Оператор операторлық қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде облыс/қала аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыстық/қалалық әкімдіктің интернет-ресурстарында АӨК субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезінде кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.»
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Кредитор ішкі рәсімдерге сәйкес қарыз алушының өтінішін қарайды, оның ұсынған құжаттары мен қарыз алушының қаржылық жағдайын талдайды, содан кейін кредитті беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады.
      Субсидиялауға сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 19 (он тоғыз) пайыздан аспайтын кредиттерді кепілдендіру жатады.
      Бұрын алынған кредиттер бойынша кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялауға жол берілмейді.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Кепілдік беруші қарыз алушы кредитінің бір бөлігін кепілдендіру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, кепілдік беруші 5 жұмыс күні ішінде операторға қарыз алушы кредитінің бір бөлігін кепілдендіру мүмкіндігі туралы шешімі бар хатты:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы берген өтінішпен;
      2) кредит беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар кредитордың хатымен қоса жолдайды.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Оператор Кепілдік берушіден құжаттарды алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) қарыз алушы ұсынған құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не бекітілген тиісті талаптарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, оператор оларды жою үшін нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды қарыз алушыға қайтарады;
      2) қарыз алушының және оның кредитінің осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігін тексереді;
      3) Комиссия үшін ұсынымдар әзірлейді;
      4) ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастырады, Комиссия төрағалығымен келісім бойынша отырысының күнін, уақыты мен өтетін орнын айқындайды;
      5) қарыз алушылардың өтінімін қоса бере отырып, тізімді және құжаттардың толық топтамасын Комиссияның қарауына енгізеді.»;
      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:
      «24-1. Жұмыс органы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің орынбасарымен келісілген, осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру шеңберінде субсидиялау жөніндегі бағдарламаның іске асырылуы туралы мәліметтерді жолдайды.
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі 112-бабының 4-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеу нәтижелері туралы есептерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жолдайды.»;
      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «26. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын сақтандыру шеңберінде субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асыру мақсатында жұмыс органы мен оператордың арасында операторлық қызметтер көрсету жөнінде шарт жасалады. Қызметтер көрсету жөніндегі шартты жасасқанға дейін, осы Қағидаларда көзделген оператордың функцияларын жұмыс органы жүзеге асырады. Оператор операторлық қызметтер көрсету жөніндегі шарт күшіне енгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде облыс/қала аумағында таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және облыстық/қалалық әкімдіктің интернет-ресурстарында АӨК субъектілерінің қарыздарын сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялау бойынша бағдарламаның басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.»;
      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «28. Кредитор 5 жұмыс күні ішінде қарыз алушының өтінішін қарайды, оның ұсынған құжаттары мен қарыз алушының қаржылық жағдайын талдайды, содан кейін кредитті беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім шығарады.
      Субсидиялауға сыйақы мөлшерлемесі теңгемен жылдық 19 (он тоғыз) пайыздан аспайтын кредиттерді сақтандыру жатады.
      Бұрын алынған кредиттер бойынша кепілдік бойынша сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін субсидиялауға жол берілмейді.»:
      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Сақтандыру ұйымы қарыз алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, сақтандыру ұйымы 5 жұмыс күні ішінде операторға қарыз алушы кредитінің бір бөлігін сақтандыру мүмкіндігі туралы шешімі бар хатты:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кредит алушы берген өтінішпен;
      2) кредит беру мүмкіндігі туралы шешімі бар кредитордың хатымен қоса жолдайды.»;
      46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «46. Оператор 3 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және жұмыс органына тиісті хат жолдайды. Жұмыс органы оператордан хат алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының шотына субсидия аударуды жүзеге асырады. Кредитті сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақысы құнының 50 (елу) пайызы мөлшерінде сақтандырылады. Бұл ретте сақтандыру сомасы кредит сомасынан 50 (елу) пайыздан артық емес, ал сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру сомасынан 20 (жиырма) пайыздан артық емес болуы тиіс.»;
      мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:
      «48-1. Жұмыс органы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-ына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімінің орынбасарымен келісілген, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын сақтандыру шеңберінде субсидиялау жөніндегі бағдарламаның іске асырылуы туралы мәліметтерді жолдайды.
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі 112-бабының 4-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеу нәтижелері туралы есептерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жолдайды.
      Осы бұйрыққа 1 және 2 қосымшаларға сәйкес 4-1 және 6-қосымшалармен толықтырылсын;
      көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қарыз алушыға кредит беру және сақтандыру сыйлықақысын ішінара төлеу туралы мәліметтер».
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күні ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің Орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                   А. Мырзахметов

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ___________________ Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 29 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрінің
      міндетін атқарушы
      __________________ М. Құсайынов
      2016 жылғы 4 тамыз

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 20 шілде    
№ 323 бұйрығына      
1-қосымша         

Агроөнеркәсіптік кешен  
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау   
қағидаларына 4-1-қосымша  

Нысан

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру шеңберінде субсидиялау жөніндегі бағдарламаның 20__жылы іске асырылуы туралы мәліметтер

Р/с №

АӨК субъектісінің атауы

АӨК субъектісінің ЖСН/БСН

Қаржы институтының (кредит беруші) атауы

Кредит сомасы (теңге)

Кепілдік берушінің атауы

Кепілдік көлемі (теңге)

Кепілдік бойынша комиссия мөлшері (теңге)

Комиссияны арзандату сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Бірінші басшы _________________(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар
                                    болған жағдайда)

      Мөр орны

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 20 шілде    
№ 323 бұйрығына    
2-қосымша       

Агроөнеркәсіптік кешен  
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау   
қағидаларына 6-қосымша   

Нысан

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын сақтандыру шеңберінде субсидиялау жөніндегі бағдарламаның 20__жылы іске асырылуы туралы мәліметтер

Р/с №

АӨК субъектісінің атауы

АӨК субъектісінің ЖСН/БСН

Қаржы институтының (кредит беруші) атауы

Кредит сомасы (теңге)

Сақтандыру ұйымының атауы

Сақтандыру сомасы (теңге)

Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері (%)

Сақтандыру сыйлықақысын арзандату сомасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Бірінші басшы _________________(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар
                                       болған жағдайда)

      Мөр орны