Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2019 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 13-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес биоотын өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2019 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Мамытбеков |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 21 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 26 тамыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Е. Досаев
2015 жылғы 21 тамыз
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығына 1-қосымша |
Биоотын өндірушілердің облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептер ұсыну нысандары
Ескерту. Нысандардың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2019 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
№ 1 есептілік нысаны
Шикізат бойынша мәліметтер
БСН
Биоотын өндiрушiнiң атауы
Есептi кезең ____ жыл ___ ай
Құжатты тiркеудің кiрiс нөмiрi (күні, айы, жылы)
№ | ЕАЭО СЭҚ ТН кодына сәйкес шикiзат түрi он сандық белгiде | Есептi кезеңнiң басындағы қалдық, тонна | Шикiзаттың келiп түскенi, тонна | Биоотын өндiрiсiнде пайдаланылған өзi өсiрген тамақ шикiзаты | Тамақ шикiзатын жеткiзушiнiң атауы, орналасқан жерi (облыс, аудан) | Тамақ шикiзатын жеткiзу шартының күнi, нөмiрi | Қатыстырылған қалдықтар, тонна | Қайта өңделген шикiзат, тонна | Шикiзаттың бүлiнгенi, жоғалғаны, тонна | Нормалар шегiндегi шығасы, тонна | Есептi кезеңнiң соңындағы қалдық, тонна |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Жиыны |
Ескертпе:
нысанда есептi кезеңде сатылған шикізаттың бүкіл көлемі көрсетiледi.
"БСН" деген жолда биоотын өндірушінің бизнес сәйкестендіру нөмiрi (бұдан әрі - БСН) көрсетiледi.
"Биоотын өндiрушiнiң атауы" деген жолда осы мәлiметтердi ұсынатын биоотын өндiрушiнiң атауы көрсетiледi.
"Есептi кезең" деген жолда есеп ұсынылатын есептi кезең көрсетiледi.
1-бағанда реті бойынша нөмiрi көрсетiледi.
2-бағанда шикiзат түрi Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметiнiң тауар номенклатурасына (бұдан әрi – ЕАЭО СЭҚ ТН) сәйкес он белгiмен көрсетiледi. Бидай үшiн жақшаның iшiнде бидайдың сыныбы, нөмiрi және осы бидай партиясына сәйкестiктi растау саласындағы құжаттың нөмiрi көрсетіледі.
3-бағанда есептi кезеңнiң басындағы шикiзаттың барлық қалдығы тоннамен көрсетiледi.
4-бағанда келіп түскен шикiзат тоннамен көрсетiледi.
5-бағанда биоотын өндiрiсiнде пайдаланылған өзi өсiрген азық-түлік шикiзатының, егер оны өсiру көзделген болса, саны көрсетiледi.
6-бағанда азық-түлік шикiзатын жеткiзушiнiң атауы, орналасқан жерi (облыс, аудан) көрсетіледі.
7-бағанда азық-түлік шикiзатын жеткiзу шартының күнi, нөмiрi көрсетiледi.
8-бағанда қатыстырылған қалдықтар тоннамен көрсетiледi.
9-бағанда қайта өңделген шикiзаттың саны тоннамен көрсетiледi.
10-бағанда бүлiнген, жоғалған шикiзаттың саны тоннамен көрсетiледi.
11-бағанда нормалар шегiндегi шығастардың саны тоннамен көрсетiледi.
12-бағанда есептi кезеңнiң соңындағы барлық қалдығы тоннамен (4-баған + 8-баған - 9-баған - 10-баған - 11-баған) көрсетiледi.
№ 2 есептілік нысаны
Биоотын өндiрiсi бойынша есеп
БСН
Биоотын өндiрушiнiң атауы
Есептi кезең ____ жыл ___ ай
Құжатты тiркеудің кiрiс нөмiрi (күні, айы, жылы)
№ | Биоотынның ДСН-коды | Есептi кезеңнiң басындағы қалдық, литр | Өңдiрiлген, литр | Өндiрушiнiң сатқаны, тонна | Бүлiнгенi, жоғалғаны, литр | Нормалар шегiндегi шағысы, литр | Өнiмдi қайтару, литр | Есептi кезеңнiң соңындағы қалдық, литр | ||||
Барлығы | Биоотын өндiрiсi бойынша тұлғаларға | мұнай өнiмдерiн компаундирлеуге | өзінің өндiрiстiк мұқтаждықтарына пайдаланылған | экспортқа | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Жиыны |
Ескертпе:
нысанда есептi кезеңде өндiрiлген биоотынның бүкіл көлемi көрсетiледi.
"БСН" деген жолда биоотын өндірушінің БСН көрсетiледi.
"Биоотын өндiрушiнiң атауы" деген жолда осы есептi ұсынатын биоотын өндiрушiнiң атауы көрсетiледi.
"Есептi кезең" деген жолда есеп ұсынылатын есептi кезең көрсетiледi.
1-бағанда ретi бойынша нөмiрі көрсетiледi.
2-бағанда биоотынның дербес сәйкестендiрiлген нөмiр-коды (бұдан әрі - ДСН-коды) көрсетiледi.
3-бағанда есептi кезеңнiң басындағы өндірушідегі биоотынның жалпы қалдығы литрмен көрсетiледi.
4-бағанда өндiрiлген биоотынның мөлшері литрмен көрсетiледi,
5-бағанда сатылған биоотынның жалпы мөлшері литрмен (5-баған = 6-баған + 7-баған + 8-баған + 9-баған) көрсетiледi.
6-бағанда биоотын өндiрiсi бойынша тұлғаларға сатылған биоотынның мөлшері литрмен көрсетiледi.
7-бағанда мұнай өнiмдерiн компаундирлеуге сатылған биоотынның мөлшері литрмен көрсетiледi.
8-бағанда өзінің өндiрiстiк мұқтаждықтарына пайдаланылған биоотынның мөлшері литрмен көрсетiледi.
9-бағанда экспортқа сатылған биоотынның мөлшері литрмен көрсетiледi.
10-бағанда өндiрушi бүлдірген, жоғалтқан биоотынның мөлшері литрмен көрсетiледi.
11-бағанда нормалар шегiндегi шығастардың мөлшері литрмен көрсетiледi.
12-бағанда өндiрушiге қайтарылған биоотынның мөлшері литрмен көрсетiледi.
13-бағанда өндiрушiде есептi кезеңнiң соңындағы биоотынның жалпы қалдығы литрмен (13-баған = 3-баған + 4-баған - 5-баған - 11-баған + 12-баған) көрсетiледi.
№ 3 есептiлiк нысаны
Биоотын жеткiзушi туралы мәлiметтер
БСН
Биоотын өндiрушiнiң атауы
Есептi кезең ____ жыл ___ ай
Құжатты тiркеудің кiрiс нөмiрi (күні, айы, жылы)
№ | Жеткiзу түрi | Жеткiзу мақсаты | Жеткiзушi туралы мәлiмет | Жеткiзілген өнiм көлемi, литр | БСК | Өнiмнiң түрi | ЕАЭО СЭҚ ТН коды | ТД № | ТД күнi | |
ЖСН/БСН | атауы | |||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Жиыны: |
Ескертпе:
осы нысан есептi айда басқа жеткiзушiлерден биоотынның кiрiсi, оның iшiнде бұрын сатылған биоотынның қайтарылымы болған жағдайда толтырылады.
"БСН" деген жолда биоотын өндірушінің БСН көрсетiледi.
"Биоотын өндiрушiнiң атауы" деген жолда осы қосымшаны ұсынатын биоотын өндiрушiнiң атауы көрсетiледi.
"Есептi кезең" деген жолда биоотын өндiрушi осы қосымшаны ұсынатын есептi кезең көрсетiледi.
1-бағанда жолдың реттiк нөмiрi көрсетiледi.
2-бағанда өнiмдi жеткiзудiң түрi (импорт, iшкi нарықтың жеткiзулерi) көрсетiледi.
3-бағанда биоотынды жеткiзудiң мақсаты (биоотынның басқа түрлерiне қайта өңдеу үшiн, техникалық қажеттiлiктер үшiн, бұрын жеткiзiлген өнiмдi қайтару және өзге де мақсаттар) көрсетiледi.
4-бағанда өнiмдi жеткiзушiнiң жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН)/БСН-i көрсетiледi.
5-бағанда биоотынды жеткiзушiнiң атауы көрсетiледi.
6-бағанда есептi кезеңнiң iшiнде жеткiзушi жеткізген импорттық та, iшкi өндiрiстің де биоотынының көлемi литрмен көрсетiледi.
7-бағанда бюджеттiк сыныптама коды көрсетiледi.
8-бағанда тиелген биоотынның түрi көрсетiледi.
9-бағанда Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасынан өткен кезде тауарға берiлетiн ЕАЭО СЭҚ ТН коды көрсетiледi. Баған жеткізілген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады.
10-бағанда әкелінетін биоотынға тауарлар декларациясының (бұдан әрі - ТД) нөмiрi көрсетiледi. Баған жеткiзiлген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады.
11-бағанда әкеленетін биоотын ТД ресiмделген күнi көрсетiледi. Баған жеткiзiлген биоотын импорт болып табылған жағдайда толтырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 4-4/631 бұйрығына 2-қосымша |
Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидалары
Ескерту. Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2019 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2019 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Осы Биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және биоотын өндірушілердің биоотын өндірісінің мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті есептерді (бұдан әрі - биоотын өндірісі бойынша есептер) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ұсыну тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2019 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Биоотын өндірушілер осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен № 1, 2, 3 есептілік нысандарын ұсынады.
3. Ұсынылған есептердің мониторингі нәтижесі бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға жыл қорытындысы бойынша талдамалық ақпарат ұсынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2019 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Биоотын өндірісі бойынша есептерді ұсыну қағидалары
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2019 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4. Есептерді жасау кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
5. Осы Қағидаларға сәйкес биоотын өндіруші ұсынатын есептерге биоотын өндірушінің басшысы, бас бухгалтері қол қояды және биоотын өндірушінің мөрімен бекітіледі.
6. Құжаттар почта арқылы не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне қолма-қол енгізіледі.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2019 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Биоотын өндірісі бойынша есептер облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-на дейін ұсынылады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2019 № 426 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.