Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 187 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 қыркүйекте № 12052 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-38) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 31.03.2023 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне (Б.К. Сейдахметов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада бекітілген тәртіпте мемлекеттік мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесі мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

      2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е.А. Досаев

      2015 жылғы 12 тамыз



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 24 ақпандағы
№ 187 бұйрығымен
бекітілген

"Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 31.03.2023 № 201 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 14-бабының 41-38) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттау және оларға сертификат беру тәртібін айқындайды.

      Қағидалар сертификатталған әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) пайдаланушылардың сертификаттау талаптарын тиімді орындауын қамтамасыз етеді және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның сертификатталған әуеайлақтарда (тікұшақ айлақтарында) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы реттеу функцияларын іске асыру үшін негіз қалыптастырады. Осы Қағидаларда ұсынылған сертификаттау процесі сертификатталған әуеайлақтарды пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуін және олардың сертификаттау талаптарын сақтауын ұдайы қадағалау үшін бастапқы базаны белгілейді.

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген), Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларының талаптарына сәйкес әуеайлақтарды (тікұшақ айлағын) сертификаттаудың жай-күйі туралы ақпаратты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым аэронавигациялық ақпаратты жинақтауда жариялау үшін аэронавигациялық ақпарат қызметіне ұсынады.

      2. Заңның 66-бабының 2-тармағында белгіленген ұшу түрлері орындалмайтын әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушының өтінімі бойынша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) сертификаттауға жол беріледі.

      Заңның 66-бабының 2-тармағында белгіленген ұшу түрлері орындалмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлағын) пайдаланушының өтінімі бойынша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) сертификаттауға жол беріледі.

      3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласының тұрақты дамуын, ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);

      2) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификаты – азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым берген, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) сертификаттау талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат (бұдан әрі – сертификат);

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланатын Қазақстан Республикасының, сондай-ақ басқа мемлекеттің жеке немесе заңды тұлғасы;

      4) беткі деңгейдегі тікұшақ айлағы – жер бетінде немесе жер бетіндегі құрылыста орналасқан тікұшақ айлағы;

      5) бет үстінен жоғары көтерілген – тікұшақ айлағы көтерілген конструкцияда орналасқан тікұшақ айлағы;

      6) тікұшақ палубасы – ашық теңіздегі қозғалмайтын немесе өзгермелі объектіде, мысалы, мұнай немесе газ өндіру үшін пайдаланылатын барлау және/немесе пайдалану қондырғысында орналасқан тікұшақ айлағы;

      7) сыни ұшақ – сипаттамалары физикалық инфрақұрылымның тиісті элементтеріне, осы әуеайлақ қамтамасыз етуге арналған құралдар мен қызмет көрсетуге неғұрлым қатаң талаптар қоятын ұшақ түрі;

      8) өтінім – өтініш берушінің сертификаттық зерттеп-қарау рәсімінен өту үшін уәкілетті ұйымға жазбаша өтініші;

      9) өтініш беруші – сертификат алу үшін уәкілетті ұйымға жүгінген жеке немесе заңды тұлға;

      10) сертификатталған әуеайлақ (тікұшақ айлағы) – пайдаланушыға әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) ұшуға жарамдылық сертификаты берілген әуеайлақ (тікұшақ айлағы);

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      11) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11) сертификаттық зерттеп-қарау – уәкілетті ұйым жүзеге асыратын әуеайлақты, оның құрылымдық бөлімшелерін, жабдықтарды, пайдалану рәсімдерін, әуеайлақты күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі технологиялық процестерді, ұйымдық құрылымның құжаттамасын, сондай-ақ өтініш беруші мамандарының құзыретінің сертификаттау талаптарына сәйкестігін тексеру;

      12) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі (бұдан әрі – ҰҚБЖ) – қажетті ұйымдық құрылымды, жауапкершілік иерархиясын, міндеттерін, басшылық қағидаттары мен рәсімдерін қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқаруға жүйелі тәсіл;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Әуеайлақтың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығын сертификаттаудың мақсаты әуе кемелерінің жерде және ауада ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүлкі мен қоршаған ортаны қорғау үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

      Сертификатталған әуеайлақты пайдаланушы әуеайлақты пайдаланушыға қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.

      Сертификаттық тексеру кезінде пайдаланушы қабілеттілігі мен құралдарын, сондай-ақ қаржылық-экономикалық жағдайы мен құқық қабілеттілігін мынадай талаптарды сақтау үшін көрсетеді:

      1) азаматтық авиация әуеайлақтарының объектілеріне белгіленген физикалық және техникалық сипаттамаларды қамтамасыз ету;

      2) пайдалану рәсімдеріне, соның ішінде:

      әуеайлақ деректерін ұсыну;

      әуеайлақтың жұмыс алаңын инспекциялау;

      әуеайлақтың жұмыс алаңына техникалық қызмет көрсету;

      әуеайлақтағы қар мен мұздан және басқа да қауіпті метеорологиялық жағдайлардан қорғау;

      кедергілерді бақылау;

      шектеулі көріну жағдайындағы рәсімдер;

      ұшуды электрлі жарықпен техникалық қамтамасыз ету;

      азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен жабайы табиғат тудыратын қауіптерді басқару;

      әуеайлақта авариялық жағдай болған жағдайда іс-шараларды жоспарлау;

      ұшуды авариялық-құтқару қамтамасыз ету;

      қозғалу қабілетін жоғалтқан ұшақты алып тастау;

      әуеайлақта көлік құралдарын пайдалану;

      перрондағы қызметті ұйымдастыру;

      перрондағы қызметтің қауіпсіздігін басқару;

      ұшу қауіпсіздігін басқару;

      жолаушыларға қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

      бақыланатын аймаққа кіру және авиациялық қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз ету.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Сертификаттау талаптары Пайдаланушының болуын көздейді:

      1) заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес әуеайлақта қызметті қамтамасыз ету үшін қажетті қаржы қаражатын бөлу жөніндегі өкілеттіктері бар жауапты (бірінші) басшыны қамтуға тиіс. Жауапты басшы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес әуеайлақтағы қызметті басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыруды және қолдауды қамтамасыз етеді);

      2) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес әуеайлақтағы өндірістік қызметті басқару мен бақылауға және әуеайлақ объектілеріне, арнайы техникаға, құралдар мен жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге жауапты басшының (лардың);

      3) ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін әзірлеуге, қолдауға және күнделікті әкімшілендіруге жауапты ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспектор (менеджер). Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспектор (менеджер) ұйымның кез келген басшыларынан тәуелсіз болып табылады және ұшу қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі ұйымның жауапты басшысына және басқа басшыларына тікелей қол жеткізе алады, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес жауапты басшыға тікелей бағынады;

      4) қызмет, бөлімше, ауысым бастықтары, олардың саны ұйымдық құрылымы мен персонал санын ескере отырып, қызмет көлеміне, міндеттері мен міндеттеріне сәйкес келеді;

      5) заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес қызметті жүзеге асыру үшін мамандардың жеткіліктілігін растайтын ұйымдық құрылым, штат кестесі;

      6) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламаларына сәйкес даярлығы осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес әуеайлақ объектілерін, құралдары мен жабдықтарын пайдалану қызметін, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персоналдың тиісті біліктілігі;

      7) әуеайлақ пайдаланушы персоналының кәсіби даярлығын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық;

      8) басшы құрам мен мамандардың міндеттері мен жауапкершілігін айқындайтын бекітілген лауазымдық нұсқаулықтар;

      9) әуежай инфрақұрылымын және жер пайдалануды дамытудың егжей-тегжейлі кезеңдерін және іске асыру жоспарын қоса алғанда, басым міндеттердің тізбесін қамтитын кемінде 5 жылға бекітілген Бас жоспарды әуеайлақ пайдаланушысы экономикалық орындылығы туралы ақпарат, тасымалдау болжамдары, атап айтқанда, әуе кемелерін пайдаланушылар қоятын ағымдағы және болашақ талаптар негізінде әзірлейді, сондай-ақ әуеайлақтағы (халықаралық әуе тасымалдарына қызмет көрсететін әуеайлақтар үшін)әуе қозғалысының көлемі ескеріле отырып, мерзімді түрде қайта қаралады;

      10) әуеайлақ пайдаланушысының бірінші басшысы бекіткен, уәкілетті ұйыммен келісілетін әуеайлақ бойынша нұсқаулық. Әуеайлақ бойынша нұсқаулық осы Қағидалардың 10-қосымшасының талаптарына сәйкес әзірленеді, DOC 9774 AN\969 "ИКАО әуеайлақтарын сертификаттау жөніндегі нұсқаулық", DOC 9981 "ИКАО әуеайлақтарына аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары".

      11) уәкілетті ұйыммен келісілген ұшу қауіпсіздігі жөніндегі құжаттама жүйесінің сипаттамасын қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі және ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі бекітілген нұсқаулық;

      12) әуеайлақ қызметіне жататын аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпараттың сапасын басқару жүйелері;

      13) егер әуеайлақтың жарамдылық сертификатының қолданылу саласына кіретін әуеайлақты пайдаланушы қызметінің бір бөлігін мердігер ұйымдар (әуеайлақ объектілеріне, жабдықтары мен арнайы техникаларына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, аэронавигациялық деректерді жинау, персоналды оқыту, ұшуларды авариялық-құтқару қамтамасыз ету, әуеайлақ объектілерін жобалау) жүзеге асыратын болса, мердігер ұйымдармен келісімдер;

      14) сертификаттау талаптарының, әуеайлақта белгіленген қағидалар мен рәсімдердің сақталуын ішкі бақылау жүйесі, әуеайлақты пайдаланушының өзі де, әуеайлақта қызметін жүзеге асыратын бөгде және мердігер ұйымдар да;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда азаматтық авиация ұйымдарының қызметтерімен өзара іс-қимыл (үйлестіру) жөніндегі нұсқаулықтар;

      16) авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі бекітілген авариялық жоспар;

      17) азаматтық авиация саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құрылған әуежай комитетінің, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі жұмыс тобының, ҰҚЖ операцияларының қауіпсіздігі жөніндегі жұмыс тобының;

      18) жай-күйі қауіпсіздік талаптарына сай келетін, қажетті міндеттер мен функцияларды тиімді орындауға мүмкіндік беретін қызметті жүзеге асыру үшін техникалық құралдардың, жабдықтардың, арнайы техниканың, ғимараттар мен үй-жайлардың, жеке қорғану құралдарының қажетті саны.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Әуеайлақ объектілеріне, әуеайлақ бойынша деректерді ұсынуға, ұшуларды әуеайлақтық қамтамасыз етуге, әуеайлақ маңы аумағындағы кедергілерді бақылауға, мониторингтеуге және есепке алуға, құстар мен жабайы жануарлар тудыратын қауіптерді басқаруға, Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыруға қойылатын сертификаттық талаптар:

      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген), Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларының және Әуеайлақтар 1 том "Әуеайлақты жобалау және пайдалану" Халықаралық азаматтық авиацияның конвенциясына 14-қосымшасының талаптары;

      2) аэронавигациялық деректерді беру бөлігінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген), Азаматтық авиацияда аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларының талаптары;

      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 7 қазандағы № 978 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12360 болып тіркелген), Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларының талаптары;

      4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 327 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11676 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының әуежайларында арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру жөніндегі қағидаларының талаптары;

      5) Қазақстан Республикасында азаматтық әуе кемелерінің ұшуы үшін құстар мен өзге де жануарлар тудыратын қауіптерді басқару қағидаларының талаптары;

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 58953 болып тіркелген), Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларының талаптары;

      7) әуеайлақтарға техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу бойынша әзірленген нұсқаулықтың, бекітілген жұмыс технологияларының болуы;

      8) әуеайлақ жабындарын дефектациялау бойынша рәсімдердің болуы (дефектация актілері, әуеайлақ элементтерін тексеру актілері);

      9) әуе кемелерінің, ілінісу коэффициентін өлшеу жөніндегі құрылғылардың тежеу шарттарын бағалау рәсімдерінің болуы;

      10) әуеайлақты ұстауға арналған арнайы техниканың болуы;

      11) әуеайлақта арнайы көліктің жұмысын ұйымдастыру бойынша бекітілген рәсімдердің болуы;

      12) кедергілерді мониторингтеу, бағалау және есепке алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау жөніндегі іс-шараларды, оның ішінде ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін аэронавигациялық емес оттарды жүргізу, әуеайлақ ауданында және әуеайлақ маңындағы аумақтарда құрылыс жұмыстарын және басқа да қызметті жүргізу.

      7. Ұшуды электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету бойынша сертификаттау талаптары:

      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген), Азаматтық авиация әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамдылық нормаларының әуеайлақты электрмен жабдықтау және жарық-техникалық жабдық бөлігінде қойылатын талаптары;

      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 350 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11637 болып тіркелген), ҚР Азаматтық авиациясының ұшуын электр жарығымен техникалық қамтамасыз ету қағидаларының талаптары;

      3) электр жарығы техникалық жабдықтарын инспекциялау және оларға қызмет көрсету жөніндегі технологиялық рәсімдердің болуы;

      4) электр жарығы техникалық жабдықтарының техникалық схемаларының болуы;

      8. Өрт қауіпсіздігі, ұшуды авариялық-құтқару бойынша сертификаттау талаптары:

      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген), Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларының авариялық-құтқару жабдығы, өрт сөндіру құрамының түрі мен саны бөлігінде талаптары;

      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 324 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12217 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясындағы өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптары;

      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 325 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12216 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының әуежайларында ұшуды авариялық-құтқару қамтамасыз ету қағидаларының талаптары.

      9. Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен және арнайы сұйықтықтармен қамтамасыз ету жөніндегі сертификаттау талаптары:

      1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 188 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11856 болып тіркелген), азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету ұйымдарына қойылатын талаптар;

      2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 190 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11677 болып тіркелген), азаматтық әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қағидаларының талаптары;

      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 191 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11678 болып тіркелген), Қазақстан Республикасының азаматтық авиация ұйымдарында авиациялық жанар-жағармай материалдары мен арнайы сұйықтықтарды сақтау, құюға беруге дайындау және олардың сапасына бақылау жүргізу қағидаларының талаптары;

      4) авиаотынмен қамтамасыз етудің қажетті объектілерінің техникалық-ақаусыз жай-күйінде болуы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Ұшу қауіпсіздігін басқару бойынша сертификаттау талаптары:

      1) Әуеайлақтарды пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 136 қаулысымен бекітілген Азаматтық авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бағдарламаның талаптары;

      2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 28 наурыздағы № 173 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6855 болып тіркелген), Әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде, әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде әуежайларда азаматтық әуе кемелерін пайдаланушылардың ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулықтардың (бұдан әрі - Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулық) әуежайларды пайдаланушылар бөлігінде қойылатын талаптары;

      3) ұшу қауіпсіздігіне жауапты басшыны, ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің әзірленуіне және тиімді жұмыс істеуіне жауапты лауазымды адамды тағайындау;

      4) әуеайлақта ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін әзірлеудің, іске асырудың және жақсартудың бекітілген жоспарының болуы;

      5) уәкілетті ұйыммен келісілген ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігі көрсеткіштерінің және ұшу қауіпсіздігінің нысаналы деңгейлерінің болуы;

      6) рәсімдер мен процестер ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі.

      Сертификатталған әуеайлақты пайдаланушы ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулықтың, Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға 19-қосымшасының "Ұшу қауіпсіздігін басқару" және DOC 9859 "Ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі нұсқаулық" талаптарына сәйкес ҰҚБЖ-н енгізеді.

      ҰҚБЖ әуеайлақта ұшу қауіпсіздігін басқарудың ұйымдастырылған және реттелген тәсілін қамтамасыз етуге арнаған. Өзгерістерді жүзеге асыруды басқару, ұшу қауіпсіздігіне бағалау жүргізу, әуеайлақтардағы ұшу қауіпсіздігі саласындағы оқиғаларға қатысты деректерді ұсыну және талдаулар жүргізу, сондай-ақ анықталған тәуекелдің әсерін жұмсарту үшін тиісті техникалық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша тұрақты мониторингті жүзеге асыру тәртібі ХААҰ DOC 9981 "Әуеайлақтарға аэронавигациялық қызмет көрсету қағидалары" құжатының негізінде уәкілетті ұйым әзірлейтін Нұсқаулық материалда қамтылады.

      Сертификаттау кезінде уәкілетті ұйым әуеайлақ пайдаланушысының ҰҚБЖ тексереді.

      Жаңа әуеайлақты пайдаланушыны бастапқы сертификаттау кезінде оны енгізудің талап етілетін мерзімдерін ескере отырып, ҰҚБЖ-н толық көлемде енгізуге жол беріледі, алайда әуеайлақты пайдаланушы кемінде мынадай мәселелерді қамтамасыз етеді:

      1) әуеайлақ пайдаланушысының бірінші басшысы бекіткен және ұйымның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты міндеттемелерін көрсететін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында саясат бар;

      2) бірінші басшының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапкершілігі бекітілген,

      3) өндірістік қызметтерге қарамастан (ұшу қауіпсіздігі жөніндегі бірінші басшының орынбасары, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспектор және т. б.) СУБП әзірлеуге, енгізуге және әкімшілендіруге жауапты қызмет бастығынан төмен емес деңгейдегі лауазымды адам тағайындалды;

      4) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін міндеттер мен жауапкершілік бірінші басшыны қоса алғанда, әрбір қызметкердің лауазымдық нұсқаулықтарында бекітіледі;

      5) әуеайлақты пайдаланушы мыналарды көздейтін қағидаларды әзірледі:

      персонал мен қосалқы мердігерлер оқиғалар туралы мәліметтерді ұсынады және оларға осындай мәліметтерді ұсынуға мүмкіндік беретін рәсімдердің сипаттамасы бар;

      инциденттер талданады және содан кейін қабылданған әрекеттерге бақылау жасалады;

      есептер мен инциденттерді талдау нәтижелерін сақтау қамтамасыз етіледі;

      оқиғалар туралы мәліметтер уәкілетті ұйымға және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға хабарланады;

      басқа серіктестермен іс-қимылды үйлестіру қамтамасыз етіледі;

      6) әуеайлақты пайдаланушы әуе кемелерімен ұшуды қауіпсіз жүргізу үшін қауіп төндіретін факторларды айқындау, талдау және бағалау, сондай-ақ осындай қауіпті азайту жөніндегі тиісті іс-шараларды жүзеге асыру қағидаларын әзірледі;

      7) әуеайлақты пайдаланушы әуеайлақта кез келген өзгеріс болған жағдайда оның ұшу қауіпсіздігі үшін салдары талданатын және орын алуы мүмкін туындайтын қауіпті факторлар санамаланатын қағидаларды әзірледі. Қағидаларда талдау жүргізу, бақылау рәсімдері және талдау жүргізу өлшемшарттарын қоса алғанда, қауіпті факторларды жою бойынша қабылданатын шаралар бойынша жауапты тұлғалар айқындалады. Осы бағалаулардың нәтижелері жазылады және сақталады;

      8) әуеайлақты пайдаланушы ықтимал кемшіліктерді талдай алу үшін ұшу қауіпсіздігінің өлшемшарттарын көрсететін ұшу қауіпсіздігі жай-күйінің өзіндік көрсеткіштерін белгілейді және бақылайды.

      9) әуеайлақ пайдаланушысы тексерушілерді даярлау бағдарламасын қамтитын ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін тексеру бағдарламасын әзірледі;

      10) әуеайлақ пайдаланушысы ұшу қауіпсіздігіне қатысты ақпаратты тарату процесін әзірледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      11-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Сертификатталған тікұшақ айлағын пайдаланушы үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 "Азаматтық авиацияның әуеайлақтарын (тікұшақ айлақтарын) пайдалануға жарамдылық нормаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - ҚР ӘПЖН), Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығының қолданыстағы нормаларының сертификаттау талаптары болып табылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      12-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жауапты басшы әуеайлақта ұшу қауіпсіздігі үшін жалпы жауапты болады. Жауапты басшы әуеайлақтағы қызметті жоғары деңгейде техникалық білімі мен түсінігіне ие, қауіпсіздік стандарттарының сақталуын қамтамасыз етуде жетекші рөл атқарады.

      Жауапты басшы:

      1) азаматтық авиация саласындағы заңнамада және әуеайлақ бойынша нұсқаулықта белгіленген талаптарға сәйкес әуеайлақты пайдалану үшін қажетті қаржылық ресурстарды қоса алғанда, барлық ресурстардың болуын;

      2) егер қолжетімді ресурстар деңгейінің қысқаруы орын алса немесе ұшу қауіпсіздігінің жай-күйін нашарлататын штаттан тыс жағдайлар (мән-жайлар) пайда болса, әуеайлақтағы қызмет көлемдерінің, түрлерінің тиісті қысқаруын;

      3) ұшу қауіпсіздігі саласындағы саясатты әзірлеу, енгізу және ілгерілетуін;

      4) әуеайлақтағы қызметтің сертификаттау талаптарына, әуеайлақ пайдаланушысының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесіне, әуеайлақ туралы аэронавигациялық деректер мен аэронавигациялық ақпаратты беру сапасын басқару талаптарына және әуеайлақта белгіленген талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз етеді;

      Жауапты басшыда:

      1) әуеайлақтағы қызметті басқару үшін қажетті өкілеттіктері;

      2) ұшу қауіпсіздігі саласындағы стандарттар мен нормативтік құқықтық актілерді тиісті білім және түсінуі;

      3) басшы лауазымдарда құзыретті лауазымды тұлғалардың болуын қамтамасыз ету үшін басшы құрамның құзыретіне қойылатын талаптарды түсінуі;

      4) ұшу қауіпсіздігін басқаруы, сапаны басқаруы, авиациялық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің принциптері мен әдістерін білуі, түсінуі және олардың ұйымда қалай қолданылатыны;

      5) жауапты басшының рөлін білуі;

      6) әуеайлақтағы тәуекелдерді басқарудың түйінді мәселелерін білуі және түсінуі бар.

      Жауапты басшының міндеттерін беру:

      болмаған кезеңде жауапты басшының күнделікті міндеттері өкілеттіктерді беру туралы бұйрыққа сәйкес ұйымның тиісті басшысына беріледі, алайда әуеайлақтың қызметі үшін жауапкершілік жауапты басшыда қалады.

      Ұйымның көлемі мен күрделілігіне байланысты оқыту саласындағы міндеттер оқыту бағдарламаларын әзірлеуді, үйлестіруді, іске асыруды қамтамасыз ететін және персоналды оқытудың, сондай-ақ біліктілікті тексеру бағдарламаларының тиісті есебін жүргізетін оқыту менеджеріне беріледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Өз міндеттерін орындау үшін әуеайлақтағы өндірістік қызметті басқаруға мен бақылауға және әуеайлақ объектілеріне, арнайы техникаға, құралдар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге жауапты басшылар (бұдан әрі - техникалық директорлар) қажетті ресурстармен қамтамасыз етіледі.

      Өндірістік қызметті күнделікті бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әуеайлақты пайдаланушы техникалық директорларды ауыстыру тәртібін көздейді.

      Өндірістік қызметтің көлемін және кәсіпорынның ұйымдық құрылымының күрделілігін ескере отырып, техникалық директорлардың міндеттерін біріктіруге рұқсат етіледі.

      Техникалық директордың құзыретіне келесі талаптар қойылады:

      1) тиісінше әуеайлақтарды (немесе осыған ұқсас саланы) пайдалану немесе техникалық қызмет көрсету саласында тиісті практикалық тәжірибе мен білімнің болуы;

      2) әуеайлақтар саласында қолданылатын талаптарды жан-жақты білу;

      3) қауіпсіздік пен сапаны басқару саласындағы тиісті білім деңгейі;

      4) әуеайлақ бойынша нұсқаулықты білу.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      14-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспектор (менеджер) осы Қағидалардың 3 және 5 тармақшаларына сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқарудың тиімді жүйесін әзірлеу, басқару және қолдау үшін үйлестіруші және жауапты лауазымды тұлға болып табылады.

      Инспектордың (ұшу қауіпсіздігі жөніндегі менеджердің) функцияларына мыналар жатады:

      1) қауіптерді анықтауды, ұшу қауіпсіздігі және оларды басқару саласындағы тәуекелдерді талдауды қамтамасыз ету;

      2) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қажетті іс-қимылдарды қабылдауды қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің енгізілуін және жұмыс істеуін бақылау;

      3) әуеайлақтың қауіпсіздігі жөніндегі хабарламалар жүйесін басқару;

      4) ұшу қауіпсіздігінің тиісті көрсеткіштеріне негізделген ұшу қауіпсіздігінің жай-күйі туралы мерзімді есептерді ұсыну;

      5) ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі құжаттаманы жүргізуді ұйымдастыру;

      6) ұшу қауіпсіздігін басқаруға оқытуды ұйымдастыру және оның белгіленген стандарттарға сәйкестігі;

      7) ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша консультациялар беру;

      8) авиациялық оқиғаларды ішкі тергеп-тексеруге бастамашылық жасау және қатысу.

      Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспектордың (менеджердің) құзыретіне мынадай талаптар қойылады:

      1) әуеайлақтарды пайдалану немесе әуеайлақтарға техникалық қызмет көрсету саласындағы немесе осыған ұқсас саладағы жеткілікті практикалық тәжірибе мен білім;

      2) ұшу қауіпсіздігі мен сапасын басқару саласындағы білім;

      3) әуеайлақ бойынша нұсқаулықты білу;

      4) әуеайлақтар саласындағы халықаралық стандарттарды қоса алғанда, нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың талаптарын білу.

      Техникалық директорлардың ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспектордың (менеджердің) функциялары мен міндеттерін тағайындауына немесе атқаруына жол берілмейді.

      15. Сертификат иелiктен шығарылмайтын болып табылады және ол басқа адамға берiлмейдi.

      Сертификат осы Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша облысты және қолданылу мерзімін көрсете отырып, бес жыл мерзімге беріледі. Жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін сертификат жарамсыз болып саналады.

      Сертификаттық тексеру процесінде сертификаттық талаптардан ауытқулар анықталған кезде, комиссия өтініш беруші белгіленгенге баламалы ұшу қауіпсіздігінің деңгейін қамтамасыз ететін қабылдаған қосымша шараларды көрсете отырып, сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктерді жою кезеңіне қолданылу мерзімі шектеулі сертификат беру мүмкіндігін белгілейді, сондай-ақ комиссия ескертулері жойылмаған жағдайда, әуеайлақты бұрынғы сертификаттау және инспекциялық тексеру кезінде. Қолданылу мерзімі шектеулі сертификат беру мүмкіндігі осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған сертификаттық тексеру актісінде (бұдан әрі - Сертификаттық тексеру актісі) тиісті негіздемемен көрсетіледі.

      16. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі - ИКАО) II, III санаттары бойынша жарық сигналымен, радиотехникалық және метеожабдықтармен жабдықталған әуеайлақтардың жарамдылығын сертификаттау үшін уәкілетті ұйым Халықаралық азаматтық авиация ұйымдарының мамандарын тарта алады.

      16-1. "Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттау және жарамдылық сертификатын беру үшін "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы саласындағы төлемдерді алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 24 наурыздағы № 177 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32120 болып тіркелген) (бұдан әрі – Төлемдерді алу қағидалары) және "Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 17 наурыздағы № 167 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32089 болып тіркелген) (бұдан әрі - Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелері) айқындалған тәртіппен және мөлшерде ақы алынады.

      Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттау және жарамдылық сертификатын беру уәкілетті ұйымның бюджетіне алым енгізілгеннен кейін жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағидалар 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Өтінім мен құжаттарды беру тәртібі

      17. "Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті ұйым көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      "Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатын беру" мемлекеттік қызметін алу үшін өтініш беруші қолданыстағы сертификат мерзімі аяқталғанға дейін 35 (отыз бес) жұмыс күні бұрын "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) (бұдан әрі – өтінім) жарамдылығын сертификаттауды жүргізуге арналған өтінімді және осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатын беруге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптары тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттарды жібереді.

      Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде баяндалған.

      Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал арқылы электрондық түрде берген кезде – "жеке кабинетте" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесі мемлекеттік қызмет нәтижесін алған күнін көрсете отырып көрсетіледі.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі өтінімді тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді уәкілетті ұйым "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Уәкілетті ұйым "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттарды алады.

      Өтініш беруші "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

      "Мемлекеттік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес өтініш берушіден ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      18. Уәкілетті ұйымның қызметшісі құжаттар мен мәліметтерді тіркеуді жүзеге асырады, олар келіп түскен күні орындаушыны тағайындайды.

      Өтінімді және құжаттарды қарау мерзімі өтінім тіркелген сәттен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      Орындаушы:

      1) ұсынылған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды;

      2) мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген құжаттарды қараудан бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді.

      Өтінім беруші қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде және (немесе) Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың толық емес фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші тіркелген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді одан әрі қарау туралы еркін нысанда бас тарту (бұдан әрі – бас тарту) туралы дәлелді жауап жолдайды.

      Осы Қағидалардың 7-тармағының 2) тармақшасының негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.

      Тыңдау туралы хабарлама өтінімді және құжаттарды қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдауды өткізу қорытындысы бойынша өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту не әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) сертификаттық тексеру жүргізу туралы оң шешім беріледі.

      19. Уәкілетті ұйым мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде келіп түседі.

      Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына, мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.

3-тарау. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау тәртібі

      20. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау тәртібі мынадай рәсімдер реттілігін көздейді:

      1) өтініш берушінің уәкілетті ұйымға сертификаттау талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттармен бірге өтінімді портал арқылы беруі. Қайта сертификаттауға арналған өтінім қолданыстағы сертификаттың мерзімі аяқталғанға дейін отыз бес жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі;

      2) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті ұйымның әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) жарамдылығына сертификаттау жүргізуге арналған өтінімі бойынша алдын ала бағалау және шешім қабылдау;

      3) уәкілетті ұйым комиссиясының сертификаттық тексеру жүргізуі;

      4) шешім қабылданғаннан кейін сертификатты беруді (беруден бас тартуды) уәкілетті ұйым портал арқылы жүзеге асырады).

      Әрбір келесі рәсім алдыңғы оң нәтижелермен орындалады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      21-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Бастапқы сертификаттау кезінде жаңа әуеайлақ ашылғанда әуеайлақты пайдаланушы уәкілетті ұйымға сертификаттауға өтінім бергенге дейін екі айдан кешіктірмей Заңның 67-бабына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып өтінім жібереді.

      Уәкілетті ұйым өтінімді алғаннан кейін әуеайлақ пайдаланушысының келісімі бойынша әуеайлақта жоспарланатын операцияларға байланысты азаматтық авиация әуеайлақтарын пайдалануға жарамдылық нормаларының талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында сертификаттау басталғанға дейін әуеайлақ инфрақұрылымының және оның жабдықтарының техникалық инспекцияларын жүргізеді.

      Техникалық инспекциялардың ұзақтығы мен саны әуеайлақтың инфрақұрылымы мен объектілерінің дайындығына және олардың күрделілігіне байланысты.

      Әуеайлақтың техникалық инспекциялары:

      1) инфрақұрылымдарды (ұшу жолақтары, ұшу-қону жолағы, рөлдеу жолы, перрондар, қызметтік жолдар, арнайы алаңдар, қауіпсіздіктің соңғы аймақтары, бос аймақ), кедергілерді шектеу беттерін, көрнекі құралдарын (маркерлер, оттар, белгілер, көрсеткіштер), электр жүйелерін, сондай-ақ ұшақтарда пайдалануға арналған әуеайлақ жабдықтарын;

      2) талап етілетін өрт қорғанысын, авариялық-құтқару жабдығы деңгейін;

      3) құстар мен жабайы жануарлармен соқтығысу қаупін болдырмауға арналған жабдықтар мен инфрақұрылымдарын тексеруді қамтиды.

      Техникалық инспекцияларды уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторлары тексерудің бақылау парақтарын пайдалана отырып жүргізеді.

      Тексеру нәтижелері бойынша белгіленген талаптарға анықталған сәйкессіздіктер, оларды жоюы, сондай-ақ одан әрі табысты сертификаттау үшін ұсынымдар көрсетілген сертификаттық тексеру актісі жасалады.

      22. Сертификатты алу үшін жеке және заңды тұлғалар уәкілетті ұйымға портал арқылы мынадай құжаттарды жолдайды:

      1) пайдаланушының аэронавигациялық қызмет көрсетуді және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жеткізушімен өзара іс-қимыл жасау шарттарының электрондық көшірмелері (қызметтерді сатып алу кезінде);

      2) ұшуларды жарықпен сигналдық қамтамасыз ету жүйесін ұшуларды тексерудің қолданыстағы актілерінің электрондық көшірмелері;

      3) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) бойынша нұсқаудың электрондық көшірмелері, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жедел жүргізу және өрт сөндіру жөніндегі жоспар;

      4) авиациялық және инженерлік-техникалық персоналдың оқудан және кәсіптік деңгейін қолдауды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;

      5) уәкілетті ұйымның қызметі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      6) ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді үздіксіз қадағалау жөніндегі уәкілетті ұйым жүзеге асырғаны үшін Төлемдерді алу қағидалары мен Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесі және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерімен айқындалатын тәртiппен және мөлшерде мiндеттi аударымдарды төлегенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (қайта сертификаттау кезінде).

      Осы Қағидалардың осы тармағында көрсетілген растайтын құжаттардың тізбесі, егер олар аталған құжаттаманы әзірлеуге қатысқан болса, ғылыми ұйымдардың және тиісті құзыретті органдардың қорытындыларымен қоса беріледі.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Сертификаттаудың жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап отыз бес жұмыс күнін құрайды.

4-тарау. Алдын ала бағалау және өтінім бойынша шешім қабылдау

      24. Өтінiмдi алдын ала бағалау кезiнде:

      1) өтiнiш берушінің заңды мәртебесiн растайтын құжаттардың болуы;

      2) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес құжаттардың болуы;

      3) қарауға ұсынылған сертификаттау талаптарына сәйкестіктi растайтын құжаттаманың толықтығы;

      4) инженерлік-техникалық персоналды оқыту және біліктілігін арттыру жоспарының болуы белгіленеді.

      25. Өтінім бойынша ескертулер болмаған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіні оларға сәйкестікке әуеайлақ (тікұшақ айлағы) сертификатталатын сертификаттау рәсімдері, нормативтік талаптар туралы хабарлайды және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығына сертификаттау жүргізуге арналған өтінім бойынша шешім шығарады.

      26. Бас тарту туралы хабарлама немесе әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттау туралы шешім уәкілетті ұйымның тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттаудан бас тартқан кезде орындаушы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген тәртіппен тыңдауды жүргізеді.

      Тыңдауды өткізу қорытындысы бойынша өтініш берушіге әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатын беруден дәлелді бас тарту не әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификатын беруде оң шешім беріледі.

      27. Өтінім мен құжаттар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторларының арасынан сертификаттық байқау жүргізу үшін уәкілетті ұйым комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      28-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Сертификаттау процесі шеңберінде әуеайлақты пайдаланушы уәкілетті ұйымға әуеайлақтың орналасқан жері, құралдары, қызметтері, жабдықтары, пайдалану рәсімдері, ұйымдық құрылымы және ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін қоса алғанда, басшылық туралы барлық қажетті ақпаратты қамтитын әуеайлақ жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі - Нұсқаулық) әзірлейді және келісуге ұсынады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      29-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      29. Әуеайлақ бойынша нұсқаулықтың болуы әуеайлақты сертификаттау процесінің негізгі шарты болып табылады.

      Әуеайлақ бойынша нұсқаулық уәкілетті ұйымға тексеру мақсатында әуеайлаққа сертификаттық тексеру жүргізілгенге дейін қарауға ұсынылады, бұл нұсқаулық әуеайлақты сертификаттық тексеру барысында уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторлары тексеретін барлық рәсімдерді қоса алғанда, қажетті ақпаратты қамтиды.

      Уәкілетті ұйым әуеайлақ бойынша нұсқаулықты келісу туралы әуеайлақ пайдаланушысын ресми түрде хабардар етеді.

      Әуеайлақты пайдаланушы уәкілетті ұйымды әуеайлақ бойынша басшылықтың кез келген өзгерістері туралы хабардар етеді.

      Әуеайлақ басшысының бұйрығымен әуеайлақ бойынша нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтыруларды жасауға, уақтылы енгізуге жауапты тұлға тағайындалады.

      Әуеайлақ бойынша нұсқаулық онда барлық түзетулерді, олардың күшіне ену және түзетулерді бекіту күндерін тіркей отырып, белгіленген тәртіппен жаңартылады.

      Қолданыстағы Әуеайлақ бойынша нұсқаулықтың бақылау даналары әуеайлақ пайдаланушысында және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда сақталады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      30-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30. Әуеайлақты пайдаланушы міндеттері әуеайлақ операцияларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты не оның әуеайлақтың жұмыс аймақтарына кіруін көздейтін бөгде ұйымдардың персоналын қоса алғанда, әуеайлақ бойынша нұсқаулыққа немесе оның тиісті бөліктеріне барлық пайдалану персоналына қол жеткізуді айқындайды және қамтамасыз етеді.

      Әуеайлақ бойынша нұсқаулықты электрондық тарату құралдарын пайдаланған кезде әуеайлақты пайдаланушыға түзетулерді қадағалау және оларды алғанын растау тәртібін белгілеу қажет.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      31-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Әуеайлақ жөніндегі нұсқаулықта оның мақсаты мен мақсаттары, сондай-ақ оны пайдалану персоналы мен басқа да мүдделі тараптардың пайдалану тәртібі келтіріледі.

      Әуеайлақ бойынша нұсқаулық ұйымдық және пайдалану құрылымына қатысты барлық тиісті ақпаратты қамтиды. Әуеайлақтың барлық пайдалану персоналы үшін ол қолданыстағы нормаларда айтылған мәселелерге қатысты ақпарат пен нұсқаулықтарды қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде өзінің міндеттері мен жауапкершілік саласы туралы толық ақпарат алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Онда әуеайлақ қызметтері мен құралдарының сипаттамасы, барлық пайдалану процедуралары және кез-келген қолданыстағы шектеулер бар.

      Әуеайлақ бойынша нұсқаулықты әзірлеу және жаңарту, сондай-ақ тиісті персоналдың осы нұсқаулыққа қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін әуеайлақ пайдаланушысы жауапты болады.

      Әуеайлақ пайдаланушысының міндеттеріне әуеайлақ бойынша басшылықтың әрбір ережесінің нақты операцияға сәйкестігін бағалау және қажетті түзетулер мен толықтырулар енгізу кіреді.

      Әуеайлақ бойынша нұсқаулық әуеайлақ пайдаланушысының ҰҚБЖ сипаттайды және, атап айтқанда, әуеайлақ өзінің қызметін ұшу қауіпсіздігінің нысаналы көрсеткіштері тұрғысынан қалай бағалауды жоспарлап отырғанын көрсетеді.

      Нұсқаулықта әуеайлақтың ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясатына, пайдаланылатын пайдалану рәсімдері мен нұсқаулықтарға қатысты ресми қабылданған немесе танылған құжаттамаға егжей-тегжейлі мәліметтер немесе тиісті айқас сілтемелер қамтылады.

      Шағын әуеайлақтар үшін нұсқаулығы күнделікті операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі процедураларын қамтитын қарапайым және қысқа құжат болып табылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      32-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Аэродром нұсқаулығының жалпы бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:

      1) титул парағы;

      2) өзгерістерді тіркеу парағы, барлық өзгерістер (құжаттың басылымдары мен тексерулерінің нөмірлері мен күндері және олар үшін негіздер, тексеруді орындаған тұлға көрсетіледі) тіркеледі, өзгерістер енгізу рәсімдері, түзетулер әзірлеу талап етілуі мүмкін мән-жайлар сипатталады;

      3) түзетулерді есепке алу парағы, нұсқаулыққа оны қайта қарау немесе қайта шығару кезінде енгізілген жаңартулар және/немесе түзетулер қысқаша сипатталған;

      4) әуеайлақ бойынша нұсқаулықтың тарату парағы мен рәсімдері;

      5) қолданыстағы беттер тізбесі;

      6) мазмұны;

      7) Терминдер мен қысқартулар, лауазымдардың атаулары мен қысқартуларды қоса алғанда, нұсқаулықта пайдаланылатын жалпы терминдердің қысқаша түсіндірмесі қамтылады;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      33-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Әуеайлақ бойынша нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) жалпы сипаттағы ақпаратты қамтиды:

      1) нұсқаулықтың мақсаты мен қолданылу аясы, нұсқаулықтың мақсаты мен мақсаттары, сондай-ақ оны пайдалану персоналы мен басқа да мүдделі тараптардың пайдалану тәртібі сипатталған.

      Нұсқаулықта әуеайлақ пайдаланушысының ұйымдастырушылық және пайдалану құрылымына қатысты барлық тиісті ақпарат бар екендігі сипаттамасы беріледі. Әуеайлақтың барлық пайдалану персоналы үшін ол қолданыстағы нормаларда айтылған мәселелерге қатысты ақпарат пен нұсқаулықтарды қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде өзінің міндеттері мен жауапкершілік саласы туралы толық ақпарат алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Онда әуеайлық қызметтері мен құралдарының, барлық пайдалану рәсімдері және кез-келген қолданыстағы шектеулер сипаттамасын қамтиды;

      2) әуеайлақты сертификаттаудың құқықтық негізі, заңнаманың белгіленген нормаларына сәйкес әуеайлақты сертификаттауға қатысты заңды ережелер енгізіледі;

      3) әуеайлақты пайдалану шарттары және жоспарланған операциялардың сипаттамасы;

      4) әуеайлақ жұмысының регламенті және пайдалану шарттары, жұмыс регламентінен басқа бұл бөлімге әуеайлақ ашық болған кез келген уақытта ол ӘК-нің барлық пайдаланушылары үшін тең шарттарда ашық болатыны туралы өтініш енгізіледі;

      5) әуеайлақ қызмет көрсетуді жоспарлап отырған критикалық ұшақтар;

      6) ҰҚЖ қамтамасыз етілетін санат, ҰҚЖ сипаттамасы беріледі: жабдықталмаған, жабдықталған, дәл емес және дәл қонуға кіруді қоса алғанда;

      7) ұшу сипаты, әуеайлақта орындалатын ұшулардың сипатына сипаттама беріледі: коммерциялық, жолаушылар, жүк әуе тасымалдары, авиациялық жұмыстар, жалпы мақсаттағы авиацияның ұшулары;

      8) әуеайлақта орындауға рұқсат етілген ұшу түрі, ұшу түріне сипаттама беріледі: халықаралық/ішкі, тұрақты/тұрақты емес, ППП/ПВП бойынша;

      9) әуеайлақты пайдалануға рұқсат беретін ҰҚЖ-дағы (RVR) ең аз көріну қашықтығы;

      10) аэронавигациялық ақпарат жүйесі және осы ақпаратты жариялау рәсімдері.

      Аэронавигациялық деректер мен ақпараттың сапа менеджменті жүйесінің, олардың дұрыстығын (дәлдігін) және сапасын қамтамасыз етудің, ұшу қауіпсіздігінің мақсаттарын қамтамасыз ету үшін аэронавигациялық ақпаратты қызметке жариялау үшін беру рәсімінің сипаттамасы келтіріледі;

      11) әуеайлақта әуе кемелерімен орындалатын ұшуларды тіркеу жүйесі, ұшу-қону операцияларының санын, оның ішінде ұшу-қонудың орындалуын, әуе кемесінің түрін, максималды ұшу салмағын, жолаушылар күні мен санын есепке алуды тіркеу әдісі мен рәсімдерінің сипаттамасы келтіріледі;

      12) әуеайлақ пайдаланушысының міндеттері;

      13) персоналдың талап етілетін біліктілігі, әуеайлақты пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және басқаруды жүзеге асыратын барлық персоналдың қажетті құзыреттілігін қамтамасыз ету рәсімдерінің сипаттамасы келтірілген;

      14) біліктілік талаптары және оқыту бағдарламалары, әуеайлақты пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және басқаруды жүзеге асыратын персоналды оқытуға қойылатын біліктілік талаптары (біліміне, жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар) сипатталады. Оқыту түрлерін, оқытудың әрбір түрінің кезеңділігін, ұзақтығын қоса алғанда, оқыту бағдарламаларының сипаттамасы, қысқаша сипаттамасы бар тақырыптардың тізбесі, оқудың тәртібі және ең аз өту балы бар білімді бағалау, әуеайлақты пайдалануды, әуеайлаққа және оның объектілеріне техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін персонал үшін қолданылатын оқыту стандарттары;

      15) персоналды оқыту мен қабылдауды ұйымдастыру рәсімдері, оқытуды жүргізу және білімді бағалау, өздігімен жұмыс істеуге рұқсат беру, жазбаларды жүргізу рәсімдері сипатталған. Егер қызметкер білімін сәтті бағалаудан және өздігімен жұмыс істеуге рұқсат беру рәсімінен өтпеген жағдайдағы рәсімдер;

      16) персоналды аттестаттау, персоналды аттестаттау бағдарламасы, кезеңділігі, аттестаттауды өткізу үшін жауапкершілік, аттестаттау тәртібі мен тексеру әдістері, аттестаттаудан өтпегендер үшін рәсімдер, бағдарламаның өзін тексеру (валидациялау) процесі, жазбаларды жүргізу сипатталады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      34-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Нұсқаулық әуеайлақ әкімшілігі туралы ақпаратты қамтиды, оның ішінде:

      1) әуеайлақтың атауы мен мекенжайы;

      2) әуеайлақ пайдаланушысының атауы және мекенжайы;

      3) жауапты басшы, әуеайлақтағы қауіпсіздік үшін барлық (жалпы) жауапты бірінші басшының ТАӘ және байланыс телефоны;

      4) ұйымдық құрылым, әуеайлақ пайдаланушысының жалпы ұйымдық құрылымының сызбасы, лауазымды тұлғалардың, департаменттер мен қызметтердің атауымен жекелеген департаменттердің ұйымдық құрылымдарының сызбалары келтіріледі, олардың арасында байланыс және бағыныстылық желілері келтіріледі. Жауапты басшылардың, негізгі пайдалану персоналының лауазымдарының, жауапкершіліктері мен міндеттерінің сипаттамасы, олардың байланыс деректері келтіріледі;

      5) әуежай комитеттері, әуежай комитеттері немесе осыған ұқсас құрылымдар туралы ақпарат, олардың жұмыс регламенті (мысалы, ҰҚЖ операцияларының қауіпсіздігі жөніндегі комитет, құстар мен жануарлар тудыратын қауіптермен күрес жөніндегі комитет, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі комитет) келтіріледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      35-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Нұсқаулықта әуеайлақтың орналасқан жері туралы деректер келтіріледі:

      1) әуеайлақты пайдалануға арналған әуежай құралдарын көрсете отырып, әуеайлақтың жоспары, әуеайлақтың бақылау нүктесінің орналасқан жерін, ҰҚЖ, БЖ және перрондардың орналасқан жерін көрсететін жоспар; әуеайлақтың таңбалануы мен жарық-сигналдық жабдығы (қонуға дәл кіру траекториясының көрсеткішін - PAPI, егер бар болса, глиссаданың көзбен шолу индикациясы жүйесін (VASIS) және кедергілерді жарықпен қоршауын қоса алғанда); жел көрсеткіштерінің қоса алғанда, навигациялық құралдар мен метеорологиялық жабдықтардың ұшу жолағының аумағында орналасу орындары;

      2) әуеайлақтың шекаралары көрсетілген жоспары;

      3) әуеайлақтан елді мекендерге дейінгі қашықтықты көрсететін жоспар, әуеайлақтан жақын қалаға (елді мекенге) және басқа да елді мекендерге дейінгі қашықтықты, сондай-ақ әуеайлақ шекарасынан тыс орналасқан барлық әуеайлақ құралдары мен жабдықтарын орналастыру орындарын көрсете отырып, жоспар келтіріледі;

      4) жаңарту процедуралары және жоспарлардың дәлдігін қамтамасыз ету;

      5) жер учаскесіне меншік құқығы, әуеайлақ орналасқан жер учаскесіне меншік құқығы туралы деректер, шекаралары көрсетілген әуеайлақ орналасқан жер учаскесінің жоспары.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      36-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      36. Нұсқаулықта аэронавигациялық ақпарат (бұдан әрі – ААҚ) қызметіне беруге жататын әуеайлақтың деректері келтіріледі:

      1) жалпы сипаттағы ақпарат, әуеайлақтың атауы, әуеайлақтың кодтық белгіленуі, әуеайлақтың мекенжайы;

      әуеайлақтың орналасқан жері (ең жақын елді мекенге дейінгі қашықтығы және бағыты);

      әуеайлақтың бақылау нүктесінің географиялық координаттары (ӘБН) геодезиялық координаттар жүйесінде айқындалған ӘБН координаттары келтіріледі-Дүниежүзілік геодезиялық жүйе-1984 (бұдан әрі-WGS-84);

      әуеайлақтың геоидінің асуы және толқыны;

      ҰҚЖ-ның геоидінің асуы және толқыны; әрбір ҰҚЖ табалдырығынан асуы және геоид толқыны, ҰҚЖ соңынан және ҰҚЖ бойындағы кез келген елеулі көтерілу немесе төмендеу нүктелерінен асуы, сондай-ақ қонуға дәл кіруге арналған ҰҚЖ қону аймағынан барынша асуы;

      перронның асуы;

      әуеайлақ ауданындағы ауаның есептік температурасы; әуеайлақ аймағындағы ауаның есептік температурасы-бұл бірнеше жылдың ең ыстық айының тәуліктік максималды температурасы негізінде есептелген орташа айлық температура;

      әуайлақты пайдаланушы; әуеайлақ пайдаланушысының аты, мекенжайы және онымен кез келген уақытта байланысуға болатын телефон нөмірлері келтіріледі;

      2) әуеайлақтың өлшемдері және онымен байланысты ақпарат, ұшу-қону жолағы мынадай деректер келтіріледі: шынайы азимут, ҰҚЖ-ның цифрлық белгіленуі, ұзындығы, ені, ҰҚЖ-ның ығыстырылған табалдырығының орналасуы, еңісі, бетінің типі, ҰҚЖ типі, ал қонуға дәл кіруге арналған ҰҚЖ үшін-кедергілерден бос аймақтың болуы (OFZ);

      ұшу жолағы келесі мәліметтер келтіріледі: ұшу жолағының ұзындығы, ені және бетінің түрі (STRIP), ҰҚЖ қауіпсіздігінің соңғы аймақтары (RESA), тежеудің соңғы жолақтары (SWY);

      рөлдеу жолдары келесі мәліметтер келтіріледі: рөлдеу жолдарының бетінің ұзындығы, ені, түрі және беріктігі;

      перрон және тұрақ орындары мынадай деректер келтіріледі: перрон бетінің және әуе кемелерінің тұрақ орындарының типі, беріктігі;

      кедергілерден бос жолақ келесі мәліметтер келтіріледі: кедергісіз жолақтың жер бетінің ұзындығы мен профилі;

      қонуға кіру схемаларына арналған көрнекі құралдар; жақындау оттары жүйесінің және глиссаданың көрнекі индикация жүйесінің (PAPI/ APAPI және T-VASIS/ ATVASIS) түрінің сипаттамасы, ҰҚЖ оттарының, рөлдеу жолдары мен перрондардың таңбалануы мен жүйесінің, рөлдеу жолдарындағы бағдарлау мен басқарудың басқа да көрнекі құралдарының (ҰҚЖ-дағы күту орындарының, аралық күту орындарының және "тоқтату" желілерінің оттарын қоса алғанда) сипаттамасы келтіріледі және перрондар; телескопиялық траппен көзбен шолып қондыру жүйесінің орналасуы мен түрі (ол болған кезде); оттар үшін резервтік қоректендіру көзінің болуы;

      VOR тексеру әуеайлақтық орындары; кез келген әуеайлақтық VOR тексеру орындарының орналасуы және олардың радиожиілігі сипатталған;

      стандартты рөлдеу маршруттар; әуе кемелердің стандартты рөлдеу бағыттарының орналасуы және белгіленуі;

      радионавигациялық жабдық пен ҰҚЖ арасындағы қашықтық; ең жақын метрге немесе футқа дейінгі дәлдікпен аспаптарға қону жүйесін (ILS) құрайтын курстық пен глиссадалық маяктар немесе микротолқынды қону жүйесінің (MLS) азимуттық және бұрыштық антенналары мен ҰҚЖ-ның сәйкес ұштарының арасындағы қашықтық беріледі;

      әрбір табалдырықтың географиялық координаттары;

      рөлдеу жолдарының осьтік сызығының тиісті нүктелерінің географиялық координаттары;

      әуе кемелері тұрағының әрбір орнының географиялық координаттары;

      кедергілердің сипаттамасы, географиялық координаттары және асуы әуеайлақта белгіленген кедергілерді шектеу беттерінен енетін, жарық белгілеренің және аэронавигациялық ақпарат жинақтарындағы нұсқауларда болмауына қарамастан, сипаттамасымен, географиялық координаттарымен, асуымен объектілердің тізбесі келтіріледі;

      жасанды жабынның түрі және оның көтергіштігі "Ұшақтың жіктелу саны - төсемнің жіктелу саны (ACN-PCN)" әдісі бойынша анықталаған жасанды жабынның түрі және оның көтергіш қабілеті келтіріледі;

      биіктік өлшегіштерді ұшу алдындағы тексеру алаңдары әуеайлақта орнатылған биіктік өлшегіштерді ұшу алдындағы тексеру алаңдарының орындарының сипаттамасы және олардың асып кетуі келтіріледі;

      жарияланған қашықтықтар әуеайлақтың орналасатын екпіндеу арақашықтығы (ОЕА), әуеайлақтың орналасатын ұшу-көтерілу арақашықтығы (ОҰҚА), әуеайлақтың орналасатын үзілген ұшу-көтерілу арақашықтығы (бұдан әрі - ОҮҰКА), әуеайлақтың орналасатын қону арақашықтығы (ОҚА) бойынша деректер келтіріледі;

      қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемелерін алып тастау; әуеайлақ басшысының бұйрығымен тағайындалған әуеайлақта қозғалу қабілетінен айырылған әуе кемесін алып тастау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын үйлестіруге жауапты лауазымды адам туралы деректер, байланыс телефондарының нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары, сондай-ақ қызметтері алып тастауға қабілетті ӘК-нің ең ауыр түрін көрсету жолымен ӘК-ні алып тастау жөніндегі мүмкіндіктер туралы ақпарат келтіріледі;

      өртті құтқару және бақылау; әуеайлақта белгіленген авариялық - құтқару және өртке қарсы қызметтердің санатын пайдалана отырып көрсетілген әуеайлақта талап етілетін өрттен қорғау деңгейі (бұдан әрі-ҮТҚҚ) туралы ақпарат беріледі, ол осы әуеайлақты пайдаланатын ең ұзын ұшаққа, сондай-ақ әуеайлақта бар отты сөндіретін заттардың түрі мен санына сәйкес келуге тиіс.

      37. Нұсқаулықта рұқсат етілген ауытқулар тізімі уәкілетті ұйым мақұлдаған (келіскен) нормативтік ережелерден барлық ауытқулар олардың негіздемелерімен және тиісті ЭБЖЖ-ға сілтемелерімен бірге келтіріледі (ұшу қауіпсіздігін бағалауды және/немесе аэронавигациялық зерттеулерді қоса алғанда).

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      38-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. Нұсқаулықта әуеайлақтың пайдалану рәсімдері және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы мәліметтер келтіріледі. Осы бөлімде әуеайлақтағы авиациялық операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты әуеайлақ пайдаланушысының әрбір рәсімінің сипаттамасы келтіріледі.

      Әр рәсімдерге қатысты әуеайлақты пайдаланушының міндеттері нақты көрсетіледі, әуеайлақты пайдаланушы немесе оның серіктестері шешуі тиіс міндеттер тізбеленеді, жүргізілетін жұмыстардың кезеңділігі мен сипаты сияқты қажетті мәліметтермен бірге осы міндеттерді орындау тәсілдері мен рәсімдері сипатталған жекелеген нұсқаулықтарға сипаттама беріледі немесе сілтемелер келтіріледі.

      Әуеайлақ туралы ақпарат беру:

      1) әуеайлақ туралы ақпарат беру, әуеайлақ туралы деректер мен ақпаратты тарату үшін қолданылатын рәсімдер мен ақпараттық жүйелердің, олардың AIP-ке енгізілетін өзгерістерінің, сондай-ақ NOTAM шығаруға арналған сай-да сұрау салулар беру рәсімдерінің сипаттамасы келтіріледі.

      Аэронавигациялық ақпарат жинағында (бұдан әрі - AIP) көрсетілген әуеайлақ туралы ақпарат пен деректердегі кез келген өзгерістер туралы әуеайлақта белгіленген хабарлау рәсімдері, сондай-ақ NOTAM шығаруға сұрау салулар беру рәсімдері туралы ақпарат, оның ішінде:

      азаматтық авиация және аэронавигациялық ақпарат қызметі саласындағы уәкілетті ұйымды әуеайлақтағы кез келген өзгерістер туралы хабардар ету және әуеайлақ жұмысының жұмыс және жұмыс емес сағаттарында осы өзгерістер туралы хабарламаны тіркеу тәртібі;

      өзгерістер туралы хабарламаға жауапты лауазымды адамдар, олардың функциялары және хабарлама саласы және әуеайлақтың жұмыс және жұмыс емес сағаттарында олармен байланысу үшін телефон нөмірлері;

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым көрсеткен өзгерістер туралы ақпарат хабарланатын мекенжай мен телефон нөмірлері келтіріледі;

      2) әуеайлақтың бақыланатын аймағына және қолжетімділігі шектеулі аймақтарға кіруді бақылау, әуеайлақтағы азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласуды болғызбауға және адамдардың, көлік құралдарының, жануарлардың әуеайлақ аумағына рұқсатсыз кіруін болғызбауға жауапты авиациялық қауіпсіздік қызметі (АҚҚ) қамтамасыз ететін әуеайлақтың бақыланатын аймағына және қолжетімділігі шектеулі аймаққа кіруді бақылауды қамтамасыз ететін авиациялық қауіпсіздік жөніндегі белгіленген және орындауға жататын рәсімдер туралы мәліметтер ұсынылады;

      әуеайлақ пайдаланушысының, ӘК пайдаланушыларының, әуеайлақта тұрақты орналасқан ӘК пайдаланушыларының қол жеткізуін бақылау жөніндегі функциялар туралы мәліметтер беріледі;

      әуеайлаққа кіруді бақылауға жауапты АҚҚ лауазымды адамдарының және олардың функцияларының тізбесі, сондай-ақ олармен жұмыс және жұмыс уақытынан тыс уақытта байланысу үшін телефон нөмірлері келтіріледі;

      3) әуеайлақта авариялық жағдай болған жағдайда іс-шараларды жоспарлау, әуеайлақта немесе оның маңында туындайтын түрлі төтенше жағдайларды жою жоспарларын біріктіретін және мынадай кіші бөлімдерден тұратын авариялық жоспар туралы мәліметтер келтіріледі:

      төтенше жағдайларға арналған іс-қимыл жоспарлары, әуеайлақта немесе оның маңында әуе кемесімен болған оқиғалар мен оқиғалар, ғимараттардағы өрттер, азаматтық авиация қызметіне заңсыз араласу актілері (әуе кемелерінің немесе ғимараттардың жарылу қаупі, әуе кемелерін заңсыз басып алу қаупі), техногендік және басқа да авариялар нәтижесінде туындайтын авариялық жағдайларға арналған әуеайлақта бар іс-қимыл жоспарлары туралы ақпарат келтіріледі, жергілікті жағдайларға сүйене отырып, табиғи сипаттағы, сондай-ақ авариялық жағдай барысында қауіпсіз қызметті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды және авариялық жағдайдан кейін қалыпты қызметке көшуді қамтитын әуежайда апаттар болған жағдайдағы іс-қимыл жоспары;

      байланыс пен өзара іс-қимыл орнатылатын ұйымдардың, агенттіктердің және билік өкілдерінің тізбесі;

      қажетті функцияларды, олардың телефон нөмірлерін, электрондық пошта мекенжайларын, SITA, AFTN, радиожиілікті орындау үшін әуежай аумағында да, одан тыс жерлерде де ұйымдардың, агенттіктердің және тиісті өкілеттіктері бар тұлғалардың тізімі келтіріледі;

      төтенше жағдай орнындағы жұмыс басшылары;

      оқиға орнында өткізуге жауапты басшыны тағайындау туралы ережелер және төтенше жағдайдың әрбір түріне оның міндеттерін сипаттау келтіріледі;

      апатты жағдайда баяндамалар ұсыну;

      әуеайлақта авариялық жағдай болған жағдайда хабарлау схемалары мен тәртібінің сипаттамасы;

      әуеайлақ құралдары мен жабдықтары, авариялық жағдайда пайдаланылатын әуеайлақ құралдары мен жабдықтары, оларды сынау және сынау жиілігі туралы мәліметтер;

      байланыс құралдары, АҚЖ басшылығы үшін байланыс құралдарының жұмысқа қабілеттілігін тексеру рәсімдерінің болуы және болуы;

      авариялық жоспарды тексеру бойынша оқу-жаттығулар;

      төтенше жағдайларды жою үшін персоналды оқыту;

      4) құтқару және өрт сөндіру, әуеайлақта құтқару және өрт сөндіру саласында қойылатын талаптарға сәйкестігі бөлігінде құралдар, жабдықтар, персонал және рәсімдер туралы деректер келтіріледі, соның ішінде:

      ӨҚТД бойынша әуеайлақ санатын айқындау, әуежайда ұшуды орындайтын ең ірі ӘК мөлшеріне қарай әуеайлақтың ӨҚТД қамтамасыз етілетін санатын айқындайтын қағидаттардың сипаттамасы;

      ӨҚТД бойынша әуеайлақ санатын арттыру, егер әуеайлақта рейсті орындауды жоспарлап отырған авиакомпаниямен алдын ала уағдаластық бойынша немесе ұшу жоспарын ескере отырып, ӨҚТД санаты көтерілсе, онда осы бөлімде ӨҚТД санатын арттыру үшін ҰІАҚҚҚ жүзеге асыратын іс-қимылдардың сипаттамасы келтіріледі. Қажет болған жағдайда әуеайлақ пайдаланушысының бөгде ұйымдары мен бөлімшелері де жүзеге асыратын іс-қимылдар сипатталады;

      ӨҚТД бойынша әуеайлақ санатын қамтамасыз ету критерийлері, әуеайлақта ӨҚТД бойынша қамтамасыз етілетін санат үшін, сондай-ақ ӨҚТД бойынша әуеайлақ санаты төмендеген немесе жоғарылаған жағдайларда әуеайлақта көзделген (қамтамасыз етілетін) отты сөндіретін заттар санының сипаттамасы, олардың шығысының қамтамасыз етілетін нормалары, өрт сөндіру автомобильдерінің саны, ӨҚТД бойынша барлық санаттар үшін персоналмен жасақталуы келтіріледі;

      ҰІАҚҚҚ қызметкерлерінің қосымша міндеттері, егер ҰІАҚҚҚ қызметкерлері ұшуды авариялық-құтқару бойынша тікелей міндеттермен қатар қосымша міндеттерді орындаса, мұндай міндеттердің сипаттамасы келтіріледі;

      құтқару және өрт сөндіру рәсімдері, ҰІАҚҚҚ (ҰҚЖ, жұмыс алаңының қалған учаскелері) персоналын тиісті хабардар ету мақсатында ұшақтардың қозғалыс учаскелерін бақылау рәсімдері сипатталады;

      өрт-құтқару есептерін өрістетудің нормативтік уақыты қалай бақыланатынын және қамтамасыз етілетінін көрсететін рәсімдер сипатталады (АҚС-ның орналасуын, АҚС бойынша өрт сөндіру автомобильдерін бөлуді, бұрылыстардың ең аз саны бар ҰҚЖ-ға жолдар мен ең қысқа маршруттарды пайдалануды қоса алғанда (ҰҚЖ-ның белгіленген нүктелеріне өрт сөндіру автомобильдерінің қозғалыс сызбалары);

      егер ҰІАҚҚҚ персоналы өзге міндеттерді орындауға алаңдаған жағдайда, ІҚЖ орналастыру мүмкіндігіне теріс әсер етпейтін рәсімдер сипатталады;

      күрделі жағдайларға арналған авариялық-құтқару жабдығы, құтқару қызметтері жұмыс істейтін ауданда су айдындары, сулы-батпақты жерлер немесе доңғалақты жүрісте кәдімгі көлік құралдарын қолдану мүмкін болмайтын басқа да жету қиын жерлер болған кезде қосымша мамандандырылған жабдық қажет. Бұл әсіресе қону/ұшу учаскесінің едәуір бөлігі осы аудандардың үстінен өтетін жағдайларда өте маңызды;

      бұл жағдайда осы бөлімде мамандандырылған авариялық-құтқару жабдықтары (құтқару салдары, арнайы автомобильдер, биіктік жұмыстарына арналған механизмдер және т.б.) бойынша тиісті ақпарат келтіріледі, мұндай жабдық уақытша болмаған жағдайда іс-қимыл рәсімі сипатталады;

      басқа ұйымдар ұсынатын авариялық жабдық, әуеайлақты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін (мысалы, суда құтқару үшін) маңызды жабдықты беру мәселелерінде әуеайлақ басқа ұйымдарға сүйенген жағдайда, осы бөлімде осындай уағдаластықтың мен сипаттамасы болуы, сондай-ақ мұндай жабдықты ұсынбаған жағдайда жоспарлардың болуы келтіріледі;

      ҰІАҚҚҚ персоналының біліктілігі, әуеайлақты пайдаланушы ҰІАҚҚҚ персоналының бастапқы және одан әрі біліктілігін қамтамасыз ететін процесті сипаттайтын ережелер келтіріледі:

      1) жанармай тұтану жағдайындағы практикалық жаттығулар;

      2) жоғары температурада және түтін болған кезде тыныс алу аппараттарын пайдалануды тексеру;

      3) алғашқы медициналық көмек көрсету;

      4) шектеулі көріну жағдайындағы апаттық процедуралар (LVP);

      5) құқықтық сипаттағы кез келген талаптар;

      6) персоналды тыныс алу жолдарын қорғау құралдарын және дербес қорғаныс құралдарын пайдалануға үйрету кезіндегі қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау қағидаттары;

      әуеайлақтан тыс авиациялық оқиғалар орындарына қол жеткізу, әуеайлақтың жақын маңындағы авиациялық оқиғалар орындарына тәсілдер қалай қамтамасыз етілетінін көрсететін рәсімдер сипатталған. Айналадағы жердің күрделі рельефі жағдайында мұндай жерлерге қол жеткізу тәсілдерінің сипаттамасы келтіріледі;

      өрт қауіпсіздігі қызметтерін ұсыну, әуеайлақты пайдаланушы әуеайлақта және әуеайлаққа жақын орналасқан объектілердегі өрттерге ҰІАҚҚҚ қызметінің ден қоюын көздейтін немесе әуежайдың бөгде ұйымдары мен қызметтеріне өртке қарсы қызметтердің арнайы түрлерін ұсынатын жағдайларда әуеайлақта ұшуларды үздіксіз және қауіпсіз орындау үшін әуеайлақтың ӨҚТД бойынша қажетті санатын қамтамасыз ету рәсімінің сипаттамасын келтіру қажет;

      ӨҚТД бойынша әуеайлақ санатын төмендету және оны авиациялық оқиғалар кезінде қалпына келтіру рәсімі, әуеайлақтан тыс жерде болған авиациялық оқиғаға ІҚЖ шыққан жағдайда ұшуды үздіксіз қамтамасыз ету үшін әуеайлақтағы ӨҚТД қажетті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі рәсімнің сипаттамасы;

      қосымша су қоры ӨА сумен қайта толтыру үшін су көздерінің (су айдындары мен гидранттарының) жай-күйі мен болуы (орналасу схемалары, мерзімді тексеру рәсімдері);

      шектеулі көріну жағдайындағы авариялық рәсімдер, әуеайлақ пайдаланушысының көру мүмкіндігі шектеулі жағдайларда ІҚК-ның тиісті орналастыруды қамтамасыз ету рәсімдері келтіріледі;

      ҰІАҚҚҚ шығыс материалдарын пайдалану және толықтыру саясаты мен рәсімдері, әуежайлардың жауапкершілік аймағының мөлшерін, оларды толтыру (сатып алу) рәсімдері мен уақытын, шығыс материалдарының қорын пайдалану ұзақтығын ескере отырып, әуеайлақта (ӨСЗ, ЖҚҚ, ӨА қосалқы бөлшектері, ЖЖМ) шығыс материалдарын тұтыну тәртібін реттеудің сипаттамасы келтіріледі;

      әуеайлақтың жұмыс алаңын инспекциялау, әуеайлақтың жұмыс алаңы мен кедергілерді шектеу беттерінің инспекциялық тексерулерін (жедел тексерулер, 1-деңгейдегі бақылау тексерулері) жүргізу рәсімдерінің сипаттамасы келтіріледі;

      әуеайлақтың жұмыс алаңына инспекциялық тексеру жүргізу тәртібі, жасанды жабындарды, олардың жай-күйін, оларда бөгде заттардың болуын, ұшу жолағының шөп жамылғысының жай-күйін, ұшу жолағында және әуеайлақ маңында есепке алынбаған кедергілердің болуын қоса алғанда, 1-деңгейдегі әуеайлақтың жұмыс алаңын инспекциялық тексеру оларды жүргізу тәртібі, кезеңділігі, инспекциялық тексеру жүргізудің бақылау тізбесін қолдану сипатталады;

      әуеайлақтың жұмыс алаңын жоспардан тыс инспекциялау, әуеайлақтың жұмыс алаңында қозғалтқыштың істен шығуына, пневматиктің немесе дөңгелектің бұзылуына немесе одан кейін қауіп төндіретін бөгде заттардың сынықтары қалуы мүмкін кез келген басқа оқиғаға байланысты ұшып көтерілу тоқтатылғаннан кейін бөгде заттардың сынықтарының болуы туралы хабарламаларды алған кезде перрон, ҰҚЖ және БРЖ инспекцияларының тәртібін сипаттау келтіріледі;

      ҰҚЖ және БРЖ жай-күйін оларда ластауыштар болған кезде бағалау, хабарламаларды дайындау және тарату;

      ластауыштың түрін, ластауышпен жабу алаңын, борпылдақ ластауыштар қабатының қалыңдығын қоса алғанда, оларда су, лай және ластанудың басқа түрлері болған кезде ЖҰҚЖ, БРЖ, перрондардың жай-күйін бағалау рәсімдерінің сипаттамасы, ЖҰҚЖ жай-күйінің кодын айқындау, ілінісу коэффициентін өлшеу келтіріледі. Хабарламаны дайындау және оны ӘҚҚ және ААҚ органдарына беру рәсімі сипатталған;

      әуе қозғалысын басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау, әуеайлақтың жұмыс алаңдарын және қажетті байланыс құралдарын тексеру кезінде әуе қозғалысын басқару органдарымен өзара іс қимыл тәртібінің сипаттамасы келтіріледі;

      инспекциялардың нәтижелері туралы деректерді ұсыну және тиісті шаралар қабылдау, жасанды жабындарды тазалауды, жұмыс алаңының учаскелеріне жөндеу жүргізуді, шөп шабуды, жарық сигнал беру жабдығының ақауларын жоюды, есепке алынбаған кедергілерді жоюды, сондай-ақ қажет болған жағдайда жұмыс алаңының жекелеген учаскелерін жабуды және пайдалануды тоқтатуды қоса алғанда, тиісті шаралар қабылдау үшін әуеайлақта анықталған кемшіліктер туралы ақпаратты барлық мүдделі қызметтер мен ұйымдарға жеткізу туралы рәсімдердің сипаттамасы келтіріледі;

      инспекция нәтижелерін тіркеу тәртібі, жұмыс алаңын инспекциялау нәтижелерін тіркеу тәртібіне және ұшу алаңының жай-күйі журналында анықталған қауіпті жағдайларды жоюға бағытталған қабылданған шараларды тіркеуге, осы журналдың сақтау орнын сипаттауға қатысты ережелер келтіріледі;

      жұмыс алаңын тексеруге жауапты лауазымды тұлғалардың тізімі, әуеайлақтың жұмыс алаңын инспекциялауды орындауға, жұмыс алаңының пайдалануға жарамдылығы туралы шешім қабылдауға жауапты әуеайлақ қызметінің лауазымды адамдарының тізімі, лауазымды адамдар деректерінің негізгі функцияларының сипаттамасы, байланыс үшін байланыс деректері келтіріледі;

      әуеайлақтың жұмыс алаңдарына техникалық қызмет көрсету (жөндеу), жұмыс алаңдарына техникалық қызмет көрсету (жөндеу) құралдары мен рәсімдері туралы ақпарат беріледі;

      жасанды жабыны бар әуеайлақтың жұмыс алаңдарына техникалық қызмет көрсету түрлері мен кезеңділігі, ҰҚЖ-дағы ілінісу сипаттамаларын бағалауды қоса алғанда, жасанды жабыны бар әуеайлақ алаңдарына техникалық қызмет көрсетудің түрлерін, жүргізу тәртібі мен кезеңділігін, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын құралдарды сипаттау келтіріледі;

      жасанды жабыны жоқ ҰҚЖ, БРЖ техникалық қызмет көрсету түрлері мен кезеңділігі (бар болса), ҰҚЖ-ға және жасанды жабыны жоқ рөлдеу жолдарына техникалық қызмет көрсетудің түрін, тәртібін және кезеңділігін, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын құралдарды сипаттау келтіріледі;

      әуеайлақтың ұшу жолақтарына, такси жолдарының жолақтарына және басқа учаскелеріне техникалық қызмет көрсету түрлері мен кезеңділігі (СҚБ, ЕА), ұшу жолақтарына, БРЖ, СҚБ, ЕА жолақтарына техникалық қызмет көрсетудің түрі, тәртібі мен кезеңділігі, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын құралдардың сипаттамасы келтіріледі;

      дренаж жүйесіне техникалық қызмет көрсету, әуеайлақтағы дренаж жүйесінің сипаттамасы, әуеайлақтың дренаж жүйесіне техникалық қызмет көрсетудің түрлері, тәртібі мен кезеңділігі, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын құралдар келтіріледі;

      әуеайлақ объектілерінің істен шығу немесе қауіпті жағдайлар туындаған жағдайда деректерді ұсыну және іс-қимыл жасау, әуеайлақтың пайдалану жай-күйі, әуеайлақтың жұмыс алаңының бөліктері мен объектілерін пайдаланудан уақытша шығару туралы ақпаратты таратуға, оның ішінде ЖҰҚЖ, БРЖ, перрон, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу үшін тұрақ орындарын жабуға немесе қауіпті жағдайлардың туындауына (ақаулардың, уақытша кедергілердің болуы және т. б.) қатысты ережелер келтіріледі;

      қар мен мұздан және басқа да қауіпті метеорологиялық жағдайлардан қорғау, қар мен мұздың әсеріне ұшыраған әуеайлақтарда пайдалану жарамдылығын сақтау рәсімдерінің сипаттамасы келтіріледі, сондай-ақ осы өңірге тән қауіпті метеорологиялық құбылыстар (қатты жел, найзағай, шаңды дауыл, төмен және жоғары температура, төмен көріну жағдайлары және т. б.) кезіндегі қызметтің және қолданылатын шаралардың сипаттамасы келтіріледі;

      қар мен мұздануды бақылау жоспары, пайдаланылатын құралдар мен рәсімдерді қамтитын, сондай-ақ ҰҚЖ-ның және әуеайлақтың жұмыс алаңының өзге де бөліктерінің жабылуына және кейіннен ашылуына байланысты міндеттер мен өлшем шарттарды айқындайтын қар мен мұздануға қарсы күрес жоспарының сипаттамасы келтіріледі. Әуеайлақты пайдаланушы мен ӘҚҚ органы арасында қар мен мұзды жою жөніндегі іс-қимылдарды үйлестірудің сипаттамасы келтіріледі;

      әуеайлақта орын алуы мүмкін қауіпті метеорологиялық құбылыстар жағдайына іс-қимылдар, әуеайлақта белгілі бір аймаққа тән қауіпті метеорологиялық құбылыстар кезінде (мысалы, найзағай, қатты жер бетіндегі желдер мен дауылдар, құмды дауылдар және т. б.) қабылданатын іс-қимылдардың сипаттамасы келтіріледі, оның ішінде осы ақпаратты тарату және әуежай мен әуеайлақта жұмыс істейтін бөгде ұйымдар персоналының осы іс-әрекеттердің орындалуын бақылау, уақытша тоқтатуға байланысты өлшемшарттардың сипаттамасы келтіріледі ҰҚЖ пайдалану және әуеайлақта белгілі бір жұмыстарды орындау, сондай-ақ осындай шешімдер қабылдауға жауапты лауазымды тұлғалар;

      метеорологиялық қызмет көрсетушімен іс-қимылды үйлестіру, қолда бар келісімдер (шарттар) негізінде кез келген күрделі метеорологиялық жағдайлар туралы ақпарат алу мақсатында әуежай персоналының метеорологиялық қызмет көрсетушімен іс-қимылын үйлестірудің сипаттамасы келтіріледі;

      әуеайлақты көрнекі құралдар және электрмен жабдықтау, осы бөлімде аэронавигациялық оттарды (кедергілерді жарықпен қоршауды қоса алғанда), белгілерді, маркерлерді және электр қондырғыларын тексеру және оларға техникалық қызмет көрсету рәсімдері туралы ақпарат келтіріледі;

      жер үсті шамдарының әуеайлақ жүйесін пайдалануға қатысты міндеттер, жер үсті оттарының әуеайлақ жүйесін пайдалану жөніндегі міндеттерді бөлудің сипаттамасы келтіріледі;

      жарық сигнал беру жүйесін пайдалану рәсімдері, көру мүмкіндігі шектеулі жағдайларда жұмыс рәсімдерін енгізу кезінде пайдалану рәсімдерін қоса алғанда, жарық сигнал беру жүйесінің пайдалану және жарықтық орнату рәсімдерінің сипаттамасы келтіріледі;

      резервтік және авариялық электрмен жабдықтау көздері, қолданыстағы резервтік және авариялық электрмен жабдықтау көздерінің сипаттамасы, ауысу уақыты, сондай-ақ негізгі электрмен жабдықтау көздерінің істен шығуы кезіндегі пайдалану рәсімдері, электрмен жабдықтау жүйесінің ішінара немесе жалпы істен шығуын жою әдістері келтіріледі;

      тексерулер жүргізу тәртібі, электр қондырғылары мен жарық сигналдық жабдықтардың жай-күйіне тексеру (техникалық бақылау) жүргізу рәсімдерінің сипаттамасы және тексерулердің бақылау тізбелері, оның ішінде әуеайлақтың санатталған минимумы сақталатын жарық сигналдық жабдықтың тән істен шығулары келтіріледі, тексерулерге шамдардың фотометриялық өнімділігі, қарқындылықты өлшеу, сәуленің дивергенция бұрышы және шамдардың бағыты кіреді;

      тексеру нәтижелерін тіркеу және шаралар қабылдау, тексеру нәтижелерін тіркеу тәртібінің сипаттамасы және анықталған қауіпті жағдайларды жоюға бағытталған тиісті шаралар қабылдау келтіріледі;

      кедергілерді жарықтандыру, әуеайлақтың аумағында және одан тыс жерлерде кедергілерді жарықпен қоршау үшін орналастыру мен жауапкершіліктің сипаттамасы, кедергілерді жарықпен қоршауға техникалық қызмет көрсетуге қатысты ережелер келтіріледі;

      техникалық қызмет көрсету, техникалық қызмет көрсетуді оның ішінде авариялық жағдайларда жүргізу тәртібінің сипаттамасы келтіріледі;

      жарық сигнал беру жабдығының жұмысына әсер етуі мүмкін жұмыстарды бақылау, әуеайлақты пайдаланушы персоналы тарапынан әуеайлақта және одан тыс жерлерде жүргізілетін жұмыстарға, соның ішінде траншеялар төсеуге және жарық сигнал беру жабдығының жұмысына әсер етуі мүмкін басқа да жер жұмыстарына бақылаудың орындалуының сипаттамасы келтіріледі;

      жауапты лауазымды тұлғалар, от жүйелерін тексеруге және техникалық қызмет көрсетуге жауапты лауазымды адамдардың тізімі және олардың функциялары, сондай-ақ осы адамдармен байланысу үшін олардың телефон нөмірлері келтірілген;

      әуеайлақта жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету, бөлімде әуеайлақтың жұмыс алаңдарында және оның маңында кедергілерді шектеу бетінен жоғары орындалуы мүмкін жұмыстарды қоса алғанда, Құрылыс және техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды (бірінші талап бойынша жүргізілуі мүмкін жұмыстарды қоса алғанда) жоспарлау және қауіпсіз жүргізу рәсімдерінің сипаттамасы келтіріледі;

      жұмыс жүргізу кезінде әуеайлақты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ететін процессі, кем дегенде мынадай элементтерді қамтитын процестің сипаттамасы келтіріледі: жұмыстарды жоспарлау рәсімдері; орындалатын операциялар немесе пайдаланылатын жүйелер үшін жоспарланатын өзгерістердің қауіпсіздігін бағалау рәсімі; жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру рәсімі; жүргізілетін жұмыстарға қатысты ақпаратты тарату рәсімі; жұмыстарды жүргізу Орнын белгілеу және әуе кемелерінің операцияларын қайта бастау рәсімі; бақылау, қадағалау және басқару рәсімі жұмыстармен;

      әуеайлақта жұмыстар жүргізу кезінде ӘҚҚ органдарымен байланыс, әуеайлақта жұмыстарды орындау барысында ӘҚҚ органдарымен байланысты қамтамасыз ету және ұйымдастыру тәртібінің сипаттамасы келтіріледі;

      осындай жұмыстарды жоспарлауға және орындауға жауапты лауазымды тұлғалар мен ұйымдар, лауазымды адамдардың тізімі және олардың функцияларының сипаттамасы, әуеайлақтағы жұмыстарды жоспарлауға, орындауға және бақылауға жауапты байланыс деректері мен ұйымдар, сондай-ақ кез келген уақытта осы адамдармен және ұйымдармен тұрақты байланысты қамтамасыз ету туралы ақпарат келтіріледі;

      әуеайлақта жұмыстар жүргізілгені туралы хабарлау қажет лауазымды тұлғалар мен ұйымдар, әуеайлақта тұрақты орналасқан пайдаланушылармен, жерүсті қызметтерімен және әуе кемелерін пайдаланушылармен жұмыс және жұмыс уақытынан тыс уақытта байланысу үшін лауазымды адамдардың тізімі, олардың байланыс деректері келтіріледі, олар осындай жұмыстардың жүргізілгені туралы хабардар болуға тиіс;

      перрондағы қызметті ұйымдастыру;

      ӘҚҚ органдары мен перрондағы қызметті ұйымдастырумен айналысатын қызметтер арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі;

      әуе кемелерінің тұрақ орындарын бөлу тәртібі;

      қозғалтқыштарды іске қосу және әуе кемелерін сүйретуге рұқсат беруді қамтамасыз ету, қауіпсіз қашықтықты қамтамасыз ету тәртібі;

      тұраққа ӘК орнатуға сигнал беруге жауапты қызметті;

      әуе кемесін басқаруға жауапты қызмет;

      перрондағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әуеайлақты пайдаланушы белгілеген перрондағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі рәсімдердің сипаттамасы келтіріледі;

      әуе кемесі қозғалтқыштарының реактивті ағынының әсерінен қорғау шаралары мен рәсімдері;

      әуе кемелеріне отын құю кезіндегі қауіпсіздік шаралары, әуе кемелеріне отын құю кезінде қажетті қауіпсіздік шараларының сипаттамасы келтіріледі (жерге тұйықтау, электрондық құрылғыларды қолдану, бортта жолаушылармен жанармай құю, алғашқы өрт сөндіру құралдары, авиаЖЖМ төгілуі, әк құю кезінде жабдықтарды орналастыру);

      перронды тазалау және тазалау тәртібі;

      жерге қызмет көрсету құралдарын орнату орындарын таңбалау;

      перрондағы өрт сөндіру құралдарының орналасуы және оларды тексеру тәртібі;

      телескопиялық траппен қазіргі заманғы визуалды қондыру жүйелерін пайдалануға қатысты ережелер (егер олар қамтамасыз етілсе);

      перрондағы оқиғалар мен оқиғалар туралы хабарламаларды (ақпаратты) беру тәртібі;

      перрондағы қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуді тексеруді ұйымдастыру тәртібі, әуеайлақ пайдаланушысы тарапынан перронда жұмыс істейтін барлық персоналдың (оның ішінде бөгде ұйымдардың) перронда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтауына бағытталған жүргізілетін тексерулердің сипаттамасы келтіріледі;

      әуеайлақтың бақыланатын аймағында көлік құралдарын басқару, әуеайлақтың пайдаланушысы белгілеген әуеайлақтың Жұмыс алаңында көлік құралдарын басқару рәсімдерінің сипаттамасы келтіріледі;

      әуеайлақта көлік құралдарының жүру ережесі, әуеайлақтың жұмыс алаңында әуеайлақтың пайдаланушысы әзірлеген көлік құралдарының қозғалыс қағидаларының (жылдамдықты шектеуді және қағидалардың сақталуын бақылау әдістерін қоса алғанда) сипаттамасы, оның ішінде қозғалыс схемалары келтіріледі;

      әуеайлақта көлік құралын басқару құқығына талондар беру жүйесі, ҰҚЖ-ға және маневр жасау алаңының басқа учаскелеріне, сондай-ақ перрондар мен өнеркәсіптік аймақтарға бөле отырып, әуеайлақтың жұмыс алаңында жүргізушілерге көлік құралдарын басқаруға рұқсат беру әдістері мен өлшемшарттарының сипаттамасы келтіріледі;

      ӘҚҚ органымен байланысты қамтамасыз етуге қатысты ережелер мен құралдар;

      әуеайлақта пайдаланылатын көлік құралдарына қойылатын қажетті жарақтар мен талаптардың сипаттамасы;

      әуеайлақта құрылатын тірі табиғаттың қауіптілігіне байланысты жұмыстарды ұйымдастыру, әуе кемелерінің ұшу жолында немесе әуеайлақтың жұмыс алаңында құстардың немесе жануарлардың болуымен туындайтын қауіпке қарсы күрес жөніндегі рәсімдер туралы мәліметтер келтіріледі;

      жабайы табиғат тудыратын қауіпті бағалау жөніндегі іс-шаралар;

      құстар мен жабайы жануарларды таратуға қатысты ережелер мен әдістер;

      тірі табиғат тудыратын қауіпке қарсы күрес жөніндегі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар;

      жабайы табиғатты бақылауға жауапты лауазымды тұлғалар, жабайы табиғатты бақылауға жауапты шенеуніктердің тізімі, олардың функцияларының сипаттамасы, жұмыс және жұмыс уақытынан тыс байланыс үшін байланыс деректері келтірілген;

      кедергілерді мониторингілеу және бақылау, әуеайлақты пайдаланушының кедергілерді мониторингілеу, есепке алу және жою жөніндегі рәсімдері туралы мәліметтер келтіріледі;

      кедергілерді шектеу беттерін және А типті әуеайлақтық кедергілер картасын бақылауды ұйымдастыру, әуеайлақта және әуеайлақ маңы аумағында белгіленген кедергілерді шектеу беттерінің шегінде, сондай-ақ А типті карта шегінде объектілерді мониторингтеу рәсімдерінің сипаттамасы, мониторингті орындауға жауапты лауазымды адамдардың тізімі келтіріледі;

      сыни кедергілерді анықтау үшін кедергілерді шектеу беттерінің шекаралары шегінде ғимараттардың немесе конструкциялардың биіктігін мониторингілеу және бақылау тәртібі;

      әуеайлақ маңындағы жаңа құрылысқа бақылау жүргізу тәртібі (комиссия құру);

      рұқсат берілімеген кедергілер пайда болған жағдайда қабылданатын іс-әрекеттер және хабарлау рәсімі;

      кедергілерді жоюға қатысты ережелер;

      азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды және тиісті қызметтерді кедергілердің сипаты мен орналасқан жері туралы, сондай-ақ қажетті шараларды қабылдау және AIP жинақтарына өзгерістер енгізу үшін кедергілердің кез келген кейіннен пайда болуы немесе жойылуы туралы хабардар ету тәртібі;

      авариялық жағдайда қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемелерін алып тастау, жұмыс алаңында қозғалу қабілетін жоғалтқан немесе оған тікелей жақын орналасқан әуе кемелерін алып тастау рәсімдері туралы мәліметтер келтіріледі;

      апаттық қону кезінде әуе кемелерін алып тастау жоспары;

      әуеайлақты пайдаланушының және әуе кемесін пайдаланушының функциялары;

      әуе кемесін пайдаланушыны хабардар ету тәртібі;

      әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі;

      қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемесін алып тастау үшін жабдықты алу және персоналды тарту тәртібі;

      қауіпті материалдармен жұмыс, қауіпті материалдармен қауіпсіз жұмыс істеу және оларды сақтау рәсімдері туралы мәліметтер келтіріледі;

      қауіпті материалдарды сақтау орындары;

      әуеайлақта тез тұтанатын сұйықтықтарды (авиациялық отынды қоса алғанда) және кез келген басқа да қауіпті материалдарды сақтауға арналған арнайы аймақтарды ұйымдастыру тәртібінің сипаттамасы келтіріледі;

      қауіпті материалдарды жеткізу, сақтау, өңдеу тәсілдері;

      көру мүмкіндігі шектеулі жағдайларда әуеайлақты пайдалану;

      әуеайлақта шектеулі көріну шарттары туралы хабарлау тәртібі;

      әуеайлақтың жұмыс алаңында қызметті жүзеге асыруға қатысатын барлық пайдалану персоналын хабардар ету рәсімінің сипаттамасы келтіріледі;

      ҰҚЖ (RVR) көріну қашықтығының мәндерін қоса алғанда, метеорологиялық ақпаратты алу және тарату;

      әуеайлақ пайдаланушысының лауазымды адамдарының ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығының (RVR) мәндерін қоса алғанда, метеорологиялық ақпаратты алу тәртібінің сипаттамасы келтіріледі, сондай-ақ ҰҚЖ-дағы көріну қашықтығын өлшеуге жауапты лауазымды адамдардың тізімі және жұмыс және жұмыс уақытынан тыс уақытта байланыс үшін олардың байланыс деректері келтіріледі;

      көру мүмкіндігі шектеулі жағдайларда жұмыс рәсімдерін жариялау кезінде ҰҚЖ қорғау (егер мұндай ұшуларға рұқсат етілсе) үшін ҰҚЖ-ны рұқсатсыз алу, жұмыстың барлық түрлерін тоқтату рәсімдерінің сипаттамасы және ҰҚЖ-дағы операцияларды бақылау тәртібі келтіріледі;

      шектеулі көріну жағдайында пайдалану тәртібі мен ережелері, жұмыс алаңында көлік құралдары мен персоналды пайдаланудың қолданылатын қағидаларын қоса алғанда, көру мүмкіндігі шектеулі жағдайларда ұшуды орындағанға дейін, процесінде және одан кейін пайдалану рәсімдері мен қағидаларының, сондай-ақ көру мүмкіндігі шектеулі жағдайларда ұшу кезінде әуеайлақтық электр және навигациялық жүйелердің жанында техникалық қызмет көрсету бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізуді шектеу жөніндегі рәсімдердің сипаттамасы келтіріледі;

      радиолокациялық, навигациялық құралдар мен метеорологиялық жабдықтардың орналасқан жерлерін қорғау, әуеайлақта орнатылған радиолокациялық және радионавигациялық құралдардың орналасқан жерлерін кедергілерден қорғау рәсімдері туралы мәліметтер келтіріледі;

      радиолокациялық, навигациялық құралдар мен метеорологиялық жабдықтар орналасқан жерлердің маңындағы қызметті бақылауды ұйымдастыру тәртібі;

      радиолокациялық, радионавигациялық құралдар мен метеорологиялық жабдықтар орнату маңында және орындарында жүргізілетін жерүсті техникалық қызмет көрсету тәртібі;

      радиолокациялық, радионавигациялық құралдарды орналастыру туралы, сондай-ақ қауіпті микротолқынды сәулелену туралы ескертетін белгілерді орнату тәртібі.

      39. Нұсқаулықта ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі сипатталған, оның ішінде:

      1) ҰҚБЖ құжат айналымын бақылау;

      2) ҰҚБЖ -не қойылатын нормативтік талаптар;

      3) авиациялық жүйенің сипаттамасы (ҰҚБЖ қызметінің саласы) және ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің интеграциясы;

      4) ұшу қауіпсіздігі саясаты;

      5) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсаттары;

      6) ұшу қауіпсіздігі және жетекші қызметкерлер үшін жауапкершілік;

      7) ұшу қауіпсіздігі туралы мәліметтерді ұсыну және түзету әрекеттері;

      8) қауіпті факторларды анықтау және қауіп факторларын бағалау;

      9) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігін мониторингілеу және өлшеу;

      10) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы тергеу және түзету іс-әрекеттері;

      11) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында ақпарат дайындау және алмасу;

      12) ҰҚБЖ -н тұрақты жетілдіру және тексеру;

      13) ҰҚБЖ-нің құжаттамасын жүргізу;

      14) Өзгерістердің жүзеге асырылуын бақылау.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      40-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      40. Егер қандай да бір мәліметтер осы әуеайлаққа қолданылмауы салдарынан әуеайлақ бойынша нұсқаулыққа басшылыққа енгізілмесе, әуеайлақты пайдаланушы әуеайлақ бойынша нұсқаулықтың тиісті бөлімінде оның орын алу себебін көрсетеді.

5-тарау. Сертификаттық зерттеп-қарауды жүргізу және сертификат беру тәртібі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      41-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      41. Комиссия сертификаттық тексеру кезінде сертификаттық тексеру жүргізу жеріне барады және:

      1) әуеайлақ объектілерінің, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) геометриялық, физикалық сипаттамаларының және оның жабдықтарының әуеайлақ жөніндегі нұсқауға және сертификаттау талаптарына сәйкестігін;

      2) әуеайлақты пайдалану рәсімдерін (әуеайлақты пайдалануға дайын күйде дайындығында ұстау бойынша жүргізілген жұмыстардың толықтығы);

      3) әуеайлақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқару жүйесін (пайдаланушының әуеайлақты сертификаттау талаптарына сай келетін күйде ұстау мүмкіндігін бағалау);

      4) ұйымдық құрылымды, штаттың жинақталуы және азаматтық авиация ұйымының (өтініш берушінің) басқару негізгі қағидаттарын;

      5) ұйымдастыруда және азаматтық авиация ұйымының қызметін қамтамасыз етуде басшылық құрамның, сондай-ақ тікелей ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен байланысты мамандардың тәжірибесін;

      6) өтініш берушінің басқа ұйымдармен тиісті арнайы жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және бақылау құқығына жасасқан өзара іс-қимыл жасау шарттарының болуын, сондай-ақ авиация персоналын оқытуды;

      7) функционалдық міндеттерді қамтамасыз ету үшін өндірістік алаңдардың санының жеткілікті болуын;

      8) пайдалану техникалық құжаттардың болуын;

      9) әуеайлақ объектілерінің, азаматтық авиация ұйымдарының өндіріс жабдықтары мен құралдарының техникалық сипаттамаларын (көрсеткіштерін) қарайды, өтініш берушінің әуеайлақтың сертификаттау және пайдалану талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету қабілетін айқындауға мүмкіндік беретін өндірістік рәсімдерін;

      10) әуеайлақтың заңсыз араласу актілерінен қорғалу жағдайын тексереді.

      42. Сертификаттық тексеруді жүргізу кезінде әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушының әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушыға қойылатын сертификаттық талаптарға сәйкестігі анықталады.

      Комиссия мүшелері әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушының белгіленген сертификаттау талаптарына сәйкестігін авиациялық инспекторлары үшін уәкілетті ұйым әзірлеген және бекіткен нұсқаулық материал мен тексеру парақтарын (бақылау парақтарын) пайдалана отырып, сертификаттауды жүргізеді.

      43. Сертификаттық тексеру мерзiмi сертификаттық тексеру жүргізуге шешім қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнін құрайды.

      44. Сертификаттық тексеру осы Қағидаларға 1, 8 және 9-қосымшаларға сәйкес сертификаттық талаптарға және сертификаттық тексерудiң үлгі бағдарламасына сәйкес жүргізіледi. Үлгілік бағдарлама тексерудің көлемі мен элементтерін, олардың сертификаттау талаптарына сәйкестігін және сәйкессіздік деңгейлерін анықтайды.

      45. Сертификаттық тексеру нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттық тексеру актісі әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) нақты жай-күйін, сертификат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы тұжырымдамалар, ұсынымдар мен қорытындыларды көрсете отырып, екі данада жасалады. Сертификаттық тексеру актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге ұсынылады.

      Сертификаттық тексеру кезінде анықталған сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер: 1-деңгей, 2-деңгей және 3-деңгей болып үш деңгейге бөлінеді.

      1-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      2-деңгейге азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      3-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде ол жойылуға тиіс сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      46-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      46. 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздіктер өтініш берушінің техникалық және қаржылық мүмкіндіктері негізге алына отырып, адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды, ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге өтініш берушінің қабілетсіздігімен сипатталады.

      1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкессіздік кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым сертификат (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәлік) беруден бас тартады не өтініш беруші анықталған сәйкессіздіктерді жойған кезге дейін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен сертификаттың (авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған куәліктің) қолданысын шектейді.

      2-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті ұйым:

      1) анықталған сәйкессіздікті жою үшін ол анықталған сәттен бастап үш айдан аспайтын мерзімге келіседі.

      Егер қолайсыз ауа райы жағдайлары, эпидемиологиялық жағдай, құрылыс жұмыстарын жүргізу, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сатып алуды жүзеге асыру сияқты объективті себептер болса, үш ай ішінде сәйкессіздікті жоюға уақытша кедергі келтіретін болса, анықталған сәйкессіздікті жою үшін уәкілетті ұйым неғұрлым ұзақ мерзімге келісуі мүмкін. Бұл ретте өтініш беруші ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздіктің белгіленгенге баламалы деңгейін қамтамасыз ететін қосымша шаралар қабылдайды.

      Өтініш беруші анықталған сәйкессіздікті жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын әзірлейді және сертификаттық тексеру нәтижелерімен танысқан сәттен бастап он жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға ұсынады;

      2) анықталған сәйкессіздікті жою бойынша өтініш беруші ұсынған шараларды бағалау негізінде түзету іс-қимылдарының жоспарын келіседі не оны негіздемемен пысықтауға қайтарады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      47-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Уәкілетті ұйым әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушының түзету іс-қимылдары жоспарын ұсынуын және (немесе) жоспарда белгіленген мерзімдерде түзету іс-қимылдарының орындалуын бақылайды.

      Егер әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы түзету іс-қимылдарының қолайлы жоспарын ұсынбаса немесе уәкілетті ұйым белгілеген мерзімдерде түзету іс-әрекеттерін орындамаса, 2-деңгейдің сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуі 1-деңгейдегі сертификаттау талаптарына сәйкес келмеіне айналады және уәкілетті ұйым сертификат беруден бас тартады, бұрын берілген сертификатты кері қайтарып алады немесе тоқтата тұрады.

      48. Сертификатты беру мүмкiндiгi туралы қорытынды қамтылған сертификаттық тексеру актісі сертификат беру үшiн негiз болып табылады.

      49. Сертификатты ресімдеу және беру мерзімі сертификаттық тексеру актiсi жасалғаннан кейiн он жұмыс күнін құрайды.

      Сертификат беруден бас тарту туралы шешім қабылданған кезде уәкілетті ұйым өтініш берушіге бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ өтініш берушіге алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.

      Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      Тыңдау нәтижелері бойынша уәкілетті ұйым сертификат береді немесе сертификат беруден дәлелді бас тартады.

      50. Сертификат немесе жазбаша дәлелді бас тартуды уәкілетті ұйымның уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      51. Сертификат беруден бас тарту үшін негіздемелер мыналар болып табылады:

      1) өтініш берушінің сертификат алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) өтініш берушінің және (немесе) сертификат беру үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Заңның 64-бабы 1-тармағында белгіленген талаптарға, әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына және сертификаттық талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) оның негізінде өтініш беруші жарамдылық сертификатын алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған өтініш берушіге қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

      5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

      52. Сертификатты беруден бас тартқан кезде өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетіліп, дәлелді жауап беріледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      53-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      53. Уәкілетті ұйым мынадай жағдайларда:

      1) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы сертификаттау талаптарын сақтамаса;

      2) әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушының өтінімі бойынша сертификаттың қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұрады.

      Уәкілетті ұйым сертификаттың қолданылуын жоғарыда көрсетілген жағдайларды анықтаған (тапқан) кезден бастап тоқтатады.

      Анықталған кемшіліктер жойылғаннан және уәкілетті ұйымға растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейін сертификаттың қолданылуын қалпына келтіруді сертификаттық тексеруден кейін уәкілетті ұйым жүзеге асырады.

      54. Егер әуеайлақты (тікұшақ айлығын) пайдаланушы тоқтата тұру негіздемесінің анықталған сәйкессіздіктерін жоймаса, уәкілетті ұйым сертификатты қайтарып алады.

      55. Сертификат қайтарып алынған жағдайда ол осы Қағидаларда көзделген тәртіппен қайтадан сертифкаттау жүргізілгеннен кейін беріледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      56-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      56. Сертификаттың қолданысын тоқтата тұрған немесе кері қайтарылып алынған жағдайда, уәкілетті ұйым сертификаттың иесіне қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      Сертификаттың қолданысын тоқтату сертификаттың қолданысын тоқтату немесе сертификатты қайтадан алу туралы хабарламаны әуеайлақ пайдаланушысы алынған сәттен бастап күшіне енеді.

      Әуеайлақ пайдаланушысы уәкілетті ұйымға хабарлама алғаны туралы дереу хабарлайды.

      57. Өтініш беруші мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымды шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған уәкілетті ұйымға, лауазымды адамға береді.

      Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған уәкілетті ұйым, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған уәкілетті ұйым, лауазымды адам егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса не әрекет жасаса, ол шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.

      58. Жекелеген жағдайларда, уәкілетті ұйымның келісімі бойынша, егер мұндай шегіністер нақты жағдайға байланысты ұшу қауіпсіздігі үшін Заңның 66-бабының 10 тармағына сәйкес тәуекелдерді бағалаумен және/немесе аэронавигациялық зерттеулермен расталса, сертификаттау талаптарынан уақытша шегінуге (алып тастауға) жол беріледі.

      Ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді бағалауды немесе аэронавигациялық зерттеуді әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) пайдаланушысы қосымша баламалы шараларын енгізу жолымен белгіленген баламалы ұшу қауіпсіздігі деңгейіне қол жеткізу мүмкіндігін көрсету үшін орындайды.

      Егер әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы туындаған ауытқулар туралы өтініш берген кезде уәкілетті ұйымға сертификаттау талаптарынан ауытқу себептерін және оларды арыз беру сәтінде жою мүмкін еместігін негіздемесін ұсынғанда алып тастауға жол беріледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      59-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      59. Осы Қағидалардың 69-тармағында тізбесі берілген әуеайлақта ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін (бұдан әрі - ҰҚБД) әзірлеу және өзгерістерді жоспарлау кезінде әуеайлақ (тікұшақ айлағы) пайдаланушысында қолданыстағы ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі шеңберінде ұшу қауіпсіздігін бағалау жүргізіледі, оның барысында мынадай рәсімдер орындалады:

      1) ұшу қауіпсіздігі саласындағы проблема айқындалады және нормалардың сақталуын бағалау жүргізіледі;

      2) ұшу қауіпсіздігі үшін қауіп факторлары айқындалады, оларға талдау жүргізіледі;

      3) тәуекелді бағалау жүргізіледі және ұшу қауіпсіздігінің баламалы деңгейін қамтамасыз ету үшін тәуекелді төмендету шаралары әзірленеді;

      4) осы шараларды іске асыру жөніндегі жоспар әзірленеді.

      Ұшу қауіпсіздігін бағалау уәкілетті ұйым әзірлейтін және бекітетін нұсқаулық материалдарға сәйкес жүргізіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      60-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. ҰҚБД-н қамтамасыз ету және әуеайлақтағы өзгерістерді жоспарлау үшін ұшу қауіпсіздігін бағалауды жүргізу үшін әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушыға тиісті ғылыми-зерттеу және/немесе өзге де құзыретті ұйымдарды тартуға жол беріледі. Бағалау жүргізу кезінде уәкілетті ұйыммен кеңесу қажет.

      Ұшу қауіпсіздігін бағалау құжатталады, әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) пайдаланушысы қол қояды және ол енгізілгенге дейін уәкілетті ұйымның қарауына жіберіледі.

      61. Уәкілетті ұйым:

      1) барлық мүдделі тараптармен келісудің болуын белгіленуі;

      2) тәуекел түрін анықтау және бағалау үшін құжаттық материалдардың болуын анықтауы (мысалы, физикалық құбылыстарды немесе адам факторының аспектілерін зерттеу, алдыңғы авиациялық оқиғалар мен инциденттерді талдау);

      3) тәуекелді тиісінше көрсететін тәуекелді төмендету бойынша ұсынылатын шаралардың болуын белгіленуі;

      4) енгізудің қолайлы жоспарланатын мерзімдерінің болуын белгілеу арқылы жүзеге асырылылуы үшін ұшу қауіпсіздігін бағалауға талдау жүргізеді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      62-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      62. ҰҚБД қамтамасыз ету және әуеайлақтағы өзгерістерді жоспарлау үшін ұшу қауіпсіздігін бағалауды талдау аяқталғаннан кейін уәкілетті ұйым:

      1) әуеайлақ пайдаланушысын ұшу қауіпсіздігін бағалаудың қабылданғаны туралы хабардар етеді;

      2) егер тәуекелдің кейбір түрлері толық көлемде бағаланса немесе анықталмаса, әуеайлақ пайдаланушысымен ұшу қауіпсіздігін бағалаудың қолайлылығына қатысты келісімге қол жеткізу бойынша өз іс-әрекеттерін үйлестіреді;

      3) егер келісімге қол жеткізу мүмкін болмаса, әуеайлақты пайдаланушы бағалау рәсімін ықтимал қайта ұсынуды ескере отырып, ұсынысты қабылдамайды;

      4) немесе ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шектеу шараларын белгілей алады.

      63. Ұшу қауіпсіздігін бағалау қабылданғаннан кейін ҰҚБД-н енгізу немесе осы әуеайлақта (тікұшақ айлағында) жоспарланатын өзгерістер туралы ақпарат әуеайлақ (тікұшақ айлағы) бойынша басшылыққа енгізіледі, сондай-ақ ҰҚБД-не сипатына және әуеайлақта (тікұшақ айлағында) жоспарланатын өзгерістерге байланысты іс-шаралары туралы ақпарат мүдделі тараптардың назарына жеткізіледі, оның ішінде егер қамтамасыз ету қағидаларында азаматтық авиациядағы аэронавигациялық ақпарат, аэронавигациялық ақпараттың біріктірілген пакетінің элементтері немесе әуеайлақ ауданындағы ақпаратты автоматты беру қызметі (ATIS) арқылы жарияланады.

      64. Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы ұшу қауіпсіздігінің нақты бағалауын, оның кейіннен жаңартылуы мен түзетулерін қоса, бекітуге және енгізуге жауапты болады.

      65. Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушы мұндай ерекшеліктерді беру қажеттілігін жою мақсатында ерекшеліктерді үнемі қайта қарайды, сондай-ақ қолданылатын өтемдік шаралардың жарамдылығы мен сенімділігін тексереді.

      66. Егер осы Қағидалардың ережелері эпидемиологиялық ахуалдың, дүлей зілзалалардың, өңірдегі әлеуметтік шиеленістің, төтенше жағдайдың, төтенше ережелердің, авиациялық инспекторлардың шығуына, жүріп-тұруына немесе өмірі мен денсаулығына кедергі келтіретін шектеулердің немесе салдарлардың салдарынан орындау мүмкін болмаса, онда уәкілетті ұйым қажеттілік туындаған жағдайда әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) пайдаланушысына уақытша босатуды ұсынады, жекелеген ережелерін орындаудан, авиациялық инспекторлардың осы қағидалардың ережелерін орындауы үшін қосымша уақыт қажеттілігін ескере отырып, туындаған шектеулер жойылғанға дейінгі кезеңге сертификаттық тексерусіз жарамдылық сертификатының қолданылу мерзімін ұзарту жолымен. Егер ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді бағалау немесе уәкілетті ұйым жүргізген талдау әуеайлақ (тікұшақ айлағы) пайдаланушысының ұшу қауіпсіздігінің қолайлы деңгейін қамтамасыз ету қабілетін растайтын болса, босатуды беруге жол беріледі.

      Босату кезеңінде уәкілетті ұйым әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушының сертификаттау талаптарын және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне қашықтықтан мониторингті жүзеге асырады.

      67. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) пайдаланушысына берілген ерекшелік немесе босату туралы ақпаратты уәкілетті ұйым аэронавигациялық ақпараттың біріктірілген пакетін жариялайды. Бұл ретте, егер босатуды ұсыну ИКАО стандарттарымен және ұсынылатын практикамен айырмашылыққа әкеп соқтырса, уәкілетті ұйым ИКАО-ға осындай айырмашылықтар туралы хабарлауды қамтамасыз етеді.

      68. Азаматтық авиация ұйымының атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген және сертификаттау талаптарына және әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуіне алып келмейтін басқа да өзгерістер болғанда сертификатқа тиісті өзгерістер енгізіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      69-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      69. Уәкілетті ұйым тарапынан келісімді алу үшін сертификат иесі өзгерістер енгізілгенге дейін:

      1) ұшу түрлерін;

      2) қонуға кіру және ұшу шарттарын;

      3) ұшу-қону жолақтарының физикалық және геометриялық сипаттамаларын;

      4) такси жолдарын, әуе кемелерінің тұрақ орындарын, перрондарын;

      5) жарық сигналдық, электр жабдықтарын орнату, реконструкциялау немесе жаңғырту;

      6) әуеайлақтың жарамдылық сертификатына өзгерістер енгізуді талап ететін талап етілетін өрттен қорғау деңгейі бойынша ҰҚЖ санатындағы өзгерістерін;

      7) бұрын уәкілетті ұйым белгілеген шектеулерді алып тастауын;

      8) әуеайлақтағы үшінші тараптардың мердігерлік жұмыстарына байланысты ұзақ мерзімді өзгерістерін (реконструкция, күрделі жөндеу);

      9) әуеайлақтың кодтық белгілеуімен салыстырғанда анағұрлым жоғары кодты әріппен әуе кемелерінің операциялары;

      10) сертификаттың қолданылу аясындағы өзгерістер растайтын құжаттарды уәкілетті ұйымға хабарламаны және өзгерістерді жібереді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      70-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      70. Осы Қағидалардың 49-тармағында көрсетілген өзгерістерге қатысты әуеайлақты пайдаланушы қолданыстағы ҰҚБЖ элементі ретінде өзгерістерді басқару үдерісі шеңберінде қауіпті факторларды анықтау және әуеайлақты пайдалануға әсер ететін олардың қауіптілігін азайту шараларын әзірлеу мақсатында осы Қағидалардың 60, 61, 62, 63, 64-тармақтарының талаптарына сәйкес ұшу қауіпсіздігін бағалауды жүргізеді. Ұшу қауіпсіздігін бағалау уәкілетті ұйымға жіберіледі.

      Уәкілетті ұйым ұсынылған құжаттарды 10 жұмыс күні ішінде қарайды, қажет болған жағдайда әуеайлаққа, пайдалану рәсімдеріне тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды. Қарау немесе жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша әуеайлақ пайдаланушысы ұсынған өзгерістерді уәкілетті ұйым келісіледі және қажет болған жағдайда әуеайлақтың жарамдылық сертификатына тиісті өзгерістер енгізіледі немесе егер әуеайлақ пайдаланушысы ұсынған өзгерістерді іске асыру кезіндегі шаралар сертификаттау талаптарына сәйкес келетін ұшу қауіпсіздігінің деңгейін қамтамасыз етпесе, қабылданбайды.

      Әуеайлақты пайдаланушы өзгерістерді жүзеге асыру кезеңінде әуеайлақты пайдалану рәсімін уәкілетті ұйымға қарау үшін ұсынады.

      Егер әуеайлақты пайдаланушы уәкілетті ұйым тарапынан алдын ала келісуді талап ететін жоғарыда көрсетілген өзгерістерді мұндай келісімсіз жүзеге асырса, уәкілетті ұйымның Заңның 5-бабының 16-3 тармағына және 8-бабына сәйкес жарамдылық сертификатының қолданылуын тоқтата тұруға, жарамдылық сертификатын қайтарып алуға немесе жарамдылық сертификатының қолданылуы шеңберінде жүзеге асырылатын әуеайлақ пайдаланушысының қызметіне тиісті шектеулер қоюға құқығы бар.

      Техникалық қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу, өндіріс көлемінің уақытша қысқаруынан туындаған инфрақұрылымның, техникалық құралдардың немесе қызметтің жұмыс деңгейінің уақытша төмендеуі әуеайлақтың жарамдылық сертификатын жарамсыз етпейді және оған өзгерістер енгізуді талап етпейді.

      71. Сертификатқа өзгерiстер енгiзу үшін сертификаттың иесі негiздемесімен, тиiсті өзгерiстердi растайтын құжаттармен қоса еркiн нысандағы өтiнiшті бередi.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      72-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      72. Сертификат иесі өзгерістерді ескере отырып, әуеайлақ объектісінің пайдалану сертификаттау талаптарына сәйкестігін белгілейді және өзгерістер енгізу үшін уәкілетті ұйымның мақұлдауын алуға өтінім жібереді.

      Әуеайлақтың пайдалану талаптарына сәйкестігін белгілеу жөніндегі жұмысқа қажеттілік бойынша өзгерістерді ескере отырып, ғылыми-зерттеу немесе өзге де құзыретті ұйымдар тартылады.

      73. Өзгерістерге мақұлдау алу үшін өтінім уәкілетті ұйымға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген ныcанда ұсынылады. Өтінімге сертификаттық құжаттардың өзгерістерге байланысты түзетулері қоса беріледі.

      74. Берілген өтінім уәкілетті ұйымға түскен кезден бастап он жұмыс күн ішінде қаралады.

      75. Уәкілетті ұйым өтінімді қараған соң және қажет болған жағдайда әуеайлақты тексереді, сертификаттың иесіне қарау нәтижелері туралы хабарлайды және қажет болған жағдайда әуеайлақтың сертификатына өзгеріс енгізеді.

  Әуеайлақтарды
(тікұшақ айлақтарының)
жарамдылығын сертификаттау
және оларға сертификат беру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан

ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ Серия АРД № _____

  20__ жылғы "__"______ берілді
20_ жылғы "_"__ дейін жарамды

      1. Әуеайлақ (әуеайлақ атауы) ______________________________________

      2. Әуеайлақтың орналасқан жері (әкімшілік және географиялық

      координаталары)______________________________________________________

      3. Әуеайлақтың иесі _____________________________________________

      4. Әуеайлақтың пайдаланушысы __________________________________

      5. Әуеайлақтың сыныбы және ИКАО коды __________________________

      6. Әуеайлақта талап етілетін өрт қауіпсіздігі санаты __________________

      7. Осы арқылы әуеайлақтың азаматтық әуеайлақтарды пайдалану талаптарына және

      жарамдылық нормаларына сәйкес келетіні куәландырылады. Осы сертификаттың

      ажырамас бөлігі болып табылатын сертификатқа қосымшада қолданылу саласында

      көрсетілген ережелер мен шектеулерді ескере отырып, ұшуларды орындауға рұқсат

      етіледі.

      8. Сертификатты беру үшін негіз: 20__ жылғы "______"

      ___________________ сертификаттық тексеру актісі

      _______________________________________________________________

      (сертификатты берген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))

  Әуеайлақтың жарамдылық
сертификатына қосымша
АРД сериясы
№__________

ӘУЕАЙЛАҚТЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

Ұшу шарттары

Кіру түрі және қону бағыты

Ескертпе

1




2




3




4




5




Шектеулер


1



2



3



4



      _________________________________________________________________

      (сертификатты берген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)

  Әуеайлақтарды (тікұшақ
айлақтарының) жарамдылығын
сертификаттау және оларға
сертификат беру қағидаларына
2-қосымша
нысан

ТІКҰШАҚ АЙЛАҒЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ ВРД сериясы № _____

  20__ жылғы "__"______ берілді
20_ жылғы "_"__ дейін жарамды

      1. Тікұшақ айлағы (атауы) _______________________________________

      2. Тікұшақ айлағының орналасқан жері (әкімшілік және географиялық

      координаталары) _______________________________________________

      3. Тікұшақ айлағының орналасқан жері ____________________________

      4. Тікұшақ айлағының иесі _______________________________________

      5. Тікұшақ айлағын пайдаланушы__________________________________

      6. Тікұшақ айлағының ИКАО бойынша сыныбы (HІ, HІІ, HІІІ)

      _______________________________________________________________

      7. Осымен тікұшақ айлағы осы сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылатын

      қолданылу саласын есепке ала отырып, азаматтық тікұшақ айлақтарын пайдалану

      талаптары мен жарамдылық нормаларына сәйкес келетіні куәландырылады.

      8. Сертификатты беру үшін негіз: 20__ жылғы "___"__________________

      Сертификаттық тексеру актісі

      _____________________________________________________________

      (Сертификатты берген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)

  Тікұшақ айлағының
жарамдылық сертификатына
қосымша
ВРД сериясы
№_________________

ТІКҰШАҚ АЙЛАҒЫНЫҢ ЖАРАМДЫЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

Ұшулар шарттары

Қону бағыты

Ескертпе

1




2




3




4




5




Шектеулер


1



2



3



4



      ____________________________________________________________________

      (Сертификатты берген адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      3-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Көлік министрінің м.а. 18.11.2024 № 379 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Әуеайлақтарды (тікұшақ
айлақтарының) жарамдылығын
сертификаттау және оларға
сертификат беру қағидаларына
3-қосымша

Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) сертификаттық тексеру актісі ____

      20__жылғы "_" ____ №_____ бұйрықпен тағайындалған мынадай құрамдағы комиссия:

      Комиссия төрағасы ______________________________________________

      Комиссия мүшелері:_____________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)

      ______________________________кезеңінде ұсынылған құжаттаманы қарады,

      әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) сертификаттық талаптарға сәйкестiгiне зерттеп-

      қарау жүргiздi және мыналарды анықтады:

      1. Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      _______________________________________________________________

      (№ , берілген күні және қолданылу мерзімі)

      2. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) пайдалануға жарамдылық сертификаты

      ______________________________________________________________

      (№, берілген күні және қолданылу мерзімі)

      3. Құжаттама жиынтығының сәйкестігі және құжаттаманы басқару.

      4. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) физикалық сипаттамалары, жарық сигналдық

      жабдықтан басқа көрнекі құралдар.

      5. Әуеайлақты (тікұшақ айлағын) күтіп ұстау:

      1) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жұмыс алаңын инспекциялау (қарап-тексеру);

      2) әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және басқа да объектілердің жұмыс алаңына

      техникалық қызмет көрсету;

      3) қар мен мұздан және басқа да қауіпті метеорологиялық жағдайлардан қорғау;

      4) өндірістік база (әуеайлақ объектілерін пайдалануды және оларға техникалық қызмет

      көрсетуді, оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персоналға арналған

      материалдар, құралдар, жабдықтар, ғимараттар мен үй-жайлар);

      5) әуеайлаққа қызмет көрсету және жөндеу үшін арнайы техника.

      6. Кедергілерді есепке алу және шектеу және ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін

      қызметті бақылау.

      7. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) туралы деректер және оларды ұсыну.

      8. Құстар мен жануарлар тудыратын қауіпті басқару.

      9. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарық сигналдық жабдығының жүйесі және оған

      техникалық қызмет көрсету.

      10. Электрмен жабдықтау және электр жүйелері, тексеру, техникалық қызмет көрсету.

      11. Ұшуларды авариялық-құтқару қамтамасыз ету.

      12. Авиаотынмен қамтамасыз ету, отын құю кешендерінің жабдығы (ЖЖМ

      қоймалары), авиаЖЖМ зертханасы және сапасын бақылау, отын құю машиналары мен

      тетіктері.

      13. Әуеайлақта қызметті ұйымдастыру:

      1) әуеайлақта (тікұшақ айлағында) жұмыстар жүргізу кезінде ұшулардың қауіпсіздігі;

      2) перрондағы қызметті ұйымдастыру. Перрондағы қызметтің қауіпсіздігін басқару;

      3) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) бойынша арнайы техниканың, арнайы көліктің,

      машиналар мен механизмдердің қозғалысын ұйымдастыру;

      4) ЖЖБИ операцияларының қауіпсіздігі.

      14. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі.

      Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) сертификаттау талаптарына сәйкестігі туралы

      комиссияның қорытындысы.

      Комиссия төрағасы _____________________________________________

      Комиссия мүшелері: ____________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Таныстым:____________________________________________________

      (Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) азаматтық авиация ұйымдары, қолы)

      Сертификаттық тексеру жүргізу күні "___"_____ 20 ___ жыл.

  Әуеайлақтарды (тікұшақ
айлақтарының) жарамдылығын
сертификаттау және оларға
сертификат беру қағидаларына
4-қосымша

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығына сертификаттауды жүргiзуге ӨТIНIМ

      1.___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің,

      аты (егер бар болса), оның мекенжайы) атынан

      _____________________________________________________________________

      (әуеайлақтың атауы)

      ________________________________________________________ негiзiнде әрекет

      ететiн _______________________________________________________________

      (басшының лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса))

      _____________________________________________________________________

      (нормативтiк актiлердi көрсету және атауы) талаптарына сәйкес келетiндiгiн

      мәлiмдейдi және осы объектiнiң сертификаттау талаптарына сәйкестiгiне

      инспекциялық тексеру жүргiзудi сұрайды.

      2. Қосымша ақпарат (әуеайлақ (тікұшақ айлағы) класы, қону аспаптарын ескере отырып

      (көзбен шолу, аспаптар бойынша, нақты емес немесе нақты кірулер) ұшу шарттары

      ________________________________________________________________

      3. Қосымша _____________________________________________________

      Басшы _________________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса)) (қолы)

      М.О.

      (егер бар болса) Күнi _____________

  Әуеайлақтарды (тікұшақ
айлақтарының) жарамдылығын
сертификаттау және оларға
сертификат беру қағидаларына
5-қосымша

"Әуе айлағының (тікұшақ айлығының) жарамдылығы сертификатын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Көлік министрінің 17.01.2024 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

ном

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

35 (отыз бес) жұмыс күні

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жарамдылық сертификаты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі уәкілетті ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем өлшемі және оны алу тәсілдері

Әуеайлақтың (тікұшақ әуеайлағының) жарамдылық сертификатын беру – "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына және Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы қызметтерінің тізбесіне және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелеріне сәйкес ақылы.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 08.30-дан 17.30-ға дейін.
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) пайдаланушының аэронавигациялық қызмет көрсетуді және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жеткізушімен өзара іс-қимыл жасау шарттарының электрондық көшірмелері (қызметтерді сатып алу кезінде);
3) ұшуларды жарықпен сигналдық қамтамасыз ету жүйесін ұшуларды тексерудің қолданыстағы актілерінің электрондық көшірмелері;
4) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) бойынша нұсқаудың электрондық көшірмелері, әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын жедел жүргізу және өрт сөндіру жөніндегі жоспар;
5) авиациялық және инженерлік-техникалық персоналдың оқудан және кәсіптік деңгейін қолдауды растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
6) уәкілетті ұйымның қызметі үшін ақы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
7) ұшу қауіпсіздігін және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді үздіксіз қадағалау жөніндегі уәкілетті ұйым жүзеге асырғаны үшін Азаматтық авиация саласындағы төлемдерді алу қағидаларымен және Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның ақылы көрсетілетін қызметтерінің тізбесін және азаматтық авиация саласындағы төлем мөлшерлемелерімен айқындалатын тәртiппен және мөлшерде мiндеттi аударымдарды төлегенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (қайта сертификаттау кезенде).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз

1) сертификатты және (немесе) олардағы деректерді (мәліметтерді) алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың дәйексіз болуын анықтау;
2) өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Заңның 64-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға, сертификаттық талаптарға және әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларына сәйкес келмеуі;
3) өтініш берушіге қатысты оның негізінде өтініш беруші жарамдылық сертификатын алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайларда тоқтатылады;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартады.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де
талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі болады.
"Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық
жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға өтініш беруші келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414",8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.

  Әуеайлақтарды (тікұшақ
айлақтарының) жарамдылығын
сертификаттау және оларға
сертификат беру қағидаларына
6-қосымша

Әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығына сертификаттау жүргiзуге өтiнiм бойынша шешімі

  20__ жылғы "____" __________

      Сiздiң әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) жарамдылығын сертификаттауға өтiнiмiңiзді

      және құжаттамаңызды қарап, мынаны хабарлаймыз:

      1. Сертификаттық тексеру ____ бастап ___ кезеңiнде жүргiзiледi.

      2. Тексеру ____________________________________________________

      (нормативтік құжаттардың атауы) талаптарына сәйкес жүргiзiледi

      3. Сертификаттық тексеруді "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ

      ______________________________________________________________

      (әуеайлақтың атауы)

      объектілерді тексеру (сынау) жолымен жүзеге асырады,

      4. Жұмыстар ____________________________өтінім негізінде жүргізіледі

      М.О. (егер бар болса)

  Лауазымды тұлға уәкілетті
ұйымның не оған уәкілеттік
берілген адамның (тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса) (қолы)
  Әуеайлақтарды (тікұшақ
айлақтарының) жарамдылығын
сертификаттау және оларға
сертификат беру қағидаларына
7-қосымша

Әуеайлақты сертификаттық зерттеп-қараудың үлгі бағдарламасы

      Әуеайлақ пайдаланушысының атауы ____________________________________

      Тексеру күні, бұйрық № _______________________________________________

      Комиссия мүшелері___________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), комиссия мүшелерінің лауазымы)

Облыстың және тексеру элементтері

сәйкестікті бағалау (+ / -)

сәйкессіздік деңгейі

1

2

3

4

1. Құжаттама жиынтығының болуы және сәйкестігі

1.

Өтініш берушінің (әуеайлақты пайдаланушының) сертификаттау талаптарына сәйкестігі туралы өтінімі мен декларациясы



2.

Өтініш берушінің жарғысы (құрылтай шарты)



3.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік* немесе анықтама.
Ескертпе: * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды



4.

Өтініш берушінің (әуеайлақты пайдаланушының) ұйымдық құрылымы, штат кестесі, жүктелген функцияларды орындау үшін жеткіліктілігі



5.

Басшы құрам мен мамандардың (қызметкерлердің) міндеттері мен жауапкершілігін айқындайтын лауазымдық нұсқаулықтар



6.

ХААҰ DOC 9774 AN\969 "Әуеайлақтарды сертификаттау жөніндегі нұсқаулыққа" сәйкес әзірленген әуеайлақ нұсқаулығы



7.

Авиация персоналының, жауапты басшының, техникалық директорлардың және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспектордың (менеджердің) біліктілігін арттыру курстарынан өтуге арналған сертификаттар, жоспар және/немесе шарттар



8.

Авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі авариялық жоспары



2. Өндірістік база (әуеайлақ объектілерін пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді, оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персоналға арналған материалдар, құралдар, жабдықтар, ғимараттар мен үй-жайлар)

1.

Әуеайлақ объектілерін, қоймаларды пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын персонал үшін өндірістік үй-жайлардың, кеңселердің жеткілікті санының болуы, олардың жай-күйі, қажетті ұйымдастыру техникасымен, байланыс құралдарымен жарақтандырылуы. Жалға берілетін ғимараттар мен құрылыстарды пайдаланған жағдайда шарттардың болуы.



2.

Әуеайлақ объектілерін пайдалану және техникалық қызмет көрсету, жөндеу және күтіп ұстау үшін жеткілікті техникалық құралдар мен жабдықтардың болуы



3.

Арнайы техника мен жабдыққа техникалық және маусымдық қызмет көрсету бағдарламалары



4.

Метрологиялық жұмысты жүргізу, міндетті тексеруге жататын өлшеу құралдарының тізбесі, ГОСТ және стандарттар талаптарын сақтау



5.

Әуежай ішіндегі байланыс жүйесін сипаттау және қамтамасыз ету (радиобайланыс, телефон байланысы, АФТН, ИНТЕРНЕТ, электрондық пошта)



6.

Әуеайлақ объектілерін пайдалану, күтіп ұстау және жөндеу кезінде қолданылатын төмендетілмейтін шығыс материалдарының, химиялық реагенттердің, жөндеу материалының, арнайы сұйықтықтардың, қазандық отынының, ЖЖМ-нің болуы



3.Құжаттаманы басқару

1.

Нормативтік құжаттаманың (нормативтік-құқықтық актілердің, ИКАО стандарттарының, нұсқаулықтардың, технологиялық нұсқаулықтардың және т.б.) бақылау даналарының болуы



2.

Пайдалану персоналының тізбесі және құжаттарға қолжетімділігі, олардың негізінде әуеайлақты пайдалану жүзеге асырылатын таратудың уақтылығы. Олардың негізінде әуеайлақты пайдалану жүзеге асырылатын құжаттарды зерделеу журналы



3.

Пайдалану құжаттамасын уақтылы қайта қарау, тексерулер мен құжаттарды ұстаушыларды бақылау



4.

Жазбаларды жүргізу, есепке алу, жазбаларды сақтауын бақылануы



4. Әуеайлақ объектілеріне, құралдар мен жабдықтарға пайдалану қызметін, техникалық қызмет көрсетуді және осы қызметті басқаруды жүзеге асыратын авиациялық персоналға қойылатын талаптар. Құзыреттілікті дайындау және тексеру бағдарламалары

1.

Персоналдың біліктілік талаптарына сәйкестігі



2.

Орындалатын міндеттер мен функцияларды ескере отырып, персоналдың әрбір санаты үшін оқыту бағдарламаларының тізбесі. Бастапқы даярлауды, қайта даярлауды, кәсіптік деңгейді қолдауды (қызметті жүзеге асырудағы ұзақ үзілістен кейінгі ағымдағы оқу және оқыту) қоса алғанда, оқыту бағдарламаларының болуы, мазмұны және талаптарына сәйкестіг



3.

Жыл сайынғы кадрларды даярлау жоспарлары



4.

Ішкі нұсқаушылардың құрамы, олардың құзыреті



5.

Оқу, көрнекі, үлестірме материал



6.

Оқу сабақтарына арналған үй-жайлардың болуы, жай-күйі, оларда өндірістік санитария талаптарының, өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуы



7.

Оқу-әдістемелік базаның жабдықтары: техникалық, әдістемелік сыныптар, техникалық кітапхана, азаматтық авиация бойынша әдістемелік құжаттар, оқу көрнекі құралдары, оқытудың техникалық құралдары және әдістемелік әзірлемелер



8.

Персоналды уақтылы оқыту, растайтын жазбалар (ведомостар, сертификаттар)



9.

Қызметкерлердің тағылымдамасы. Өздігімен жұмыс істеуге рұқсат (тәртіп, бұйрық)



10.

Жеке құрамға, арнайы техника, машиналар мен механизмдер жүргізушілеріне медициналық қызмет көрсету (ауысым алдындағы медициналық тексеру)



5. Әуеайлақтың физикалық сипаттамалары

1.

Әуеайлақтың кодтық белгіленуі және сыныбы



2.

Критикалық әуе кемелері



3.

Ұзындығы, ені, бұрылу радиустары, еңістері, тегістігін қоса алғанда, әуеайлақ элементтерінің геометриялық өлшемдері (ҰҚЖ, ҰЖ, СТЖ, ЕА, СҚБ, БРЖ, ТО және т.б.). Геометриялық өлшемдердің кодтық белгілеуге (әуеайлақ сыныбына) сәйкестігі



4.

Жарияланған қашықтықтар



5.

Бөлу қашықтықтары



6.

Жасанды жабындардың беріктігі



7.

Топырақтың беріктігі, топырақтың ҰҚЖ, БРЖ көтергіштігі көрсеткіші



8.

ҰҚЖ, БРЖ, перрон жасанды жабындарының, нығайтылған учаскелердің, бүйірлік қауіпсіздік жолақтарының жай-күйі, жасанды жабындардың және бөгде заттардың ақаулары, бұзылу өнімдерінің болуы



6. Көрнекі құралдар жарық сигналдық жабдықтан басқа

1.

Әуеайлақтың жұмыс алаңының жасанды жабындарын таңбалау



2.

Әуеайлақ жабындарындағы таңбалау белгілері



3.

Маркерлер (орналасуы, саны, түсі, сынғыштығы, күйі)



4.

Жел көрсеткіші



5.

Кедергілер мен объектілерді күндізгі таңбалау



7. Әуеайлақтың жұмыс алаңын инспекциялау (тексеру)

1.

Әуеайлақты инспекциялау кезінде ӘҚҚ органымен іс-қимылды үйлестіру



2.

Әуеайлақтың жұмыс алаңына инспекция жүргізу жөніндегі нұсқаулықтардың болуы (жедел, бақылау және жоспардан тыс қарап-тексеру-1-деңгейді қарап-тексеру), бақылау парақтарын қолдана отырып инспекциялау рәсімдерін орындау (1-деңгейді тексеру)



3.

Инспекциялау барысында анықталған кемшіліктерді жою бойынша әуеайлақ пайдаланушысының персоналы қабылдайтын шаралар



4.

ҰҚЖ ылғалды немесе қар-мұз түзілімдерімен немесе тұрақты сумен ластанған кезде ҰҚЖ бетінің жай-күйін бағалау жөніндегі нұсқаулықтың болуы, ҰҚЖ жай-күйі туралы хабарламаны ӘҚҚ және ААҚ органдарына дайындау және беру, әуежай персоналының жай-күйін бағалау рәсімдерін орындау



5.

ҰҚЖ жай-күйі туралы хабарламаны дайындау және беру, байланыс арналары



6.

Ілінісу коэффициентін өлшеу



7.

ҰҚЖ жай-күйін тексеру, бағалау нәтижелерін жазу, ұшу алаңының жай-күйі туралы журнал жүргізу



8.

Әуеайлақтың техникалық жарамдылығы туралы ақпарат бергені үшін жауапкершілік (тағайындау туралы бұйрық)



8. Әуеайлақтың және басқа да объектілердің жұмыс алаңына техникалық қызмет көрсету

1.

Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу (әуеайлақтың жұмыс алаңының жасанды жабындары, таңбалау, дренаж жүйесі, ҰЖ-ның топырақ учаскелері, БРЖ, ЕА, КҚБ белдеулері, қоршаулар, ғимараттар мен құрылыстар) бойынша басшылық, ашылатын мәселелердің толықтығы. Белгіленген талаптарға сәйкестігі және енгізілетін өзгерістердің уақтылығы



2.

Әуеайлақтың жұмыс алаңының жасанды жабындарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және күтіп-ұстау, таңбалауды, дренаж жүйесін, ҰЖ-ның топырақ учаскелерін, БРЖ, ЕА, СҚБ белдеулерін, қоршауларды, ғимараттар мен құрылыстарды жаңарту жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және әуеайлақта орындау



3.

Әуеайлаққа қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарын жоспарлау бойынша құжаттаманы жүргізу



4.

Әуеайлақ жабындарының ақауы (ақау актілері, әуеайлақ элементтерін тексеру актілері)



5.

ҰҚЖ бетіндегі үйкеліс сипаттамаларын мерзімді өлшеу, олардың барабарлығын бағалау және қажетті профилактикалық әрекеттерді қолдану



6.

Әуеайлаққа техникалық қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу кезінде қолданылатын әуеайлақтық арнайы техника мен жабдықтардың тізбесі, олардың техникалық жай-күйі, радиостанциялармен, жарқылдауық оттармен жабдықталуы



7.

Әуеайлаққа қызмет көрсету, күтіп ұстау және жөндеу кезінде қолданылатын төмендетілмейтін материалдардың, химиялық заттардың, арнайы сұйықтықтардың болуы



9. Қар мен мұздан және басқа да қауіпті метеорологиялық жағдайлардан қорғау

1.

Пайдаланылатын құралдар мен рәсімдерді (технологиялық карталарды) қамтитын, сондай-ақ ҰҚЖ жабылуына және кейіннен ашылуына байланысты міндеттер мен өлшемшарттарды айқындайтын қар мен мұздануға қарсы күрес жоспары



2.

Әуеайлақты қысқы күтіп ұстауға арналған арнайы техниканың қажетті саны



3.

Қар-мұз түзілімдерін жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу, ЖЖБИ-де тежеу тиімділігін орташа деңгейден кем емес қамтамасыз ету, әуеайлақтағы операцияларды шектеу



4.

Әуеайлақ учаскелерін пайдалануды уақытша тоқтатуға байланысты өлшемшарттарды қоса алғанда, әуеайлақта орын алуы мүмкін қауіпті метеорологиялық құбылыстар (найзағай, қатты жер бетіндегі желдер мен дауылдар, құмды дауылдар және т. б.) жағдайларында жұмыс қағидаларының болуы және қолданылуы



5.

Әуеайлақ жабындары үшін жарамды көктайғаққа қарсы реагенттердің қажетті қорының болуы



10. Жарық сигналдық жабдық және оған техникалық қызмет көрсету

1.

Жарық-техникалық жабдықтардың тізбесі, техникалық құжаттамасы және сертификаттары



2.

Аэронавигациялық шамдар (шамдардың құрамы, саны, орналасуы, түсі, қарқындылығы, жай-күйі, сынғыштығы)



3.

Аэронавигациялық жарық маяктары және кедергілерді жарықтандыру



4.

Әуеайлақ белгілері (орналасуы, мөлшері, түсі, жарықтандырылуы, сынғыштығы, жай-күйі)



5.

Жарық сигналдық жабдықты қашықтан басқару жүйесі



6.

Әуеайлақтың жарияланған санатындағы жарық сигнал жабдығының сәйкестігі



7.

Аэронавигациялық емес шамдар



8.

Жарық-сигнал жабдығына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі нұсқаулық



9.

Бақылау парақтарын пайдалана отырып, жердегі тексерулер (күнделікті, мерзімді)



10.

Анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі шаралар



11.

Бас тартқан жағдайда рәсімдер, бас тартуларды тіркеу



12.

Жердегі өткізген сынақ актілері, хаттамалар



13.

Ұшуды тексеру актілері



11. Электр жүйелері, тексерулер, техникалық қызмет көрсету

1.1

Әуеайлақтың электр қамтамасыз ету объектілерін жабдықтауға техникалық құжаттама, сәйкестік сертификаттары



2.2

Электр жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу бойынша нұсқаулық



3.3

Электр жабдығы, оның жай-күйі, тексерулер, қызмет көрсету



4.4

Автономды (резервтік) электрмен жабдықтау, олардың жай-күйі, қызмет көрсету



5.5

Электр желілері, кабельдер, олардың жай-күйі, қызмет көрсету



6.6

Тексеру актілері және сынақ хаттамалары



7.7

Техникалық қызмет көрсету персоналы



12. Кедергілерді шектеу және есепке алу, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін қызметті бақылау

1.

Кедергілерді шектеу беттері анықталған және ҰҚЖ санатына сәйкес келеді



2.

Объектілердің мүмкін болатын ең аз саны кедергілерді шектеу беттерінен жоғары көтеріледі



3.

Кедергілерден бос аймақ белгіленді (ҰҚЖ үшін, қонуға дәл кіру үшін жабдықталған), аймақ шегінде сынғыш негізде аэронавигация мақсаттарына арналған объектілерден басқа объектілер жоқ



4.

ҰҚЖ немесе БРЖ -на іргелес аймақтардағы объектілер (ұшу жолақтары; кедергілерден бос жолақтар; тежеудің соңғы жолақтары; ҰҚЖ қауіпсіздігінің соңғы аймақтары; БРЖ жолақтары; радио биіктік өлшегіштердің жұмыс аймақтары; ҰҚЖ табалдырықтарының алдындағы аймақтар) белгіленген талаптарға жауап береді



5.

А типті кедергілер картасы құрастырылған және жарияланған



6.

Кедергілерді және басқа да қызметтің ұшу қауіпсіздігіне әсерін анықтау, бағалау, кедергілерді жою, есепке алу, күндізгі таңбалау және жарық қоршау, ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін аэронавигациялық емес оттарды жою жөнінде тиісті шаралар қабылдау, әуеайлақ ауданында және әуеайлақ маңындағы аумақта құрылыс жұмыстары мен басқа да қызметтердің жүргізілуіне мониторинг жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу



7.

Азаматтық авиация әуеайлағының ауданында және әуеайлақтар ауданынан тыс жерлерде әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін, келісілмеген объектілердің құрылысы мен тұрғызылуын анықтайтын қызмет үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссияның жұмысын ұйымдастыру



8.

Әуеайлақта және әуеайлақ ауданында құрылыс жұмыстарын келісуді есепке алу журналы



13. Әуеайлақ туралы деректер және оларды ұсыну

1.

ААҚ-не ұсынылатын деректердің толықтығын, дұрыстығын және тұтастығын тексеру рәсімі (деректерді жинау, деректердің дұрыстығын тексеру, деректерді беру, жарияланған деректер мен ақпаратты тексеру және өзгерту)



2.

Құрылыс жұмыстарынан кейінгі ақпаратты жаңарту



3.

Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) сенімді аэронавигациялық деректерін аэронавигациялық ақпарат қызметіне ұсыну рәсімі, ААҚ-мен келісім



4.

Әуеайлақ бойынша деректер мен ақпаратты ұсыну бойынша ӘҚҚ органымен үйлестіру (келісім, өзара іс-қимыл жөніндегі нұсқаулық)



5.

NOTAM, SNOTAM жариялау



6.

Аэронавигациялық құжаттамада (AIP, NOTAM) қажетті ақпаратты жариялау



14. Ұшуды авариялық-құтқару қамтамасыз ету

1.

ӨҚТД бойынша ЖІӨ санаты белгіленген және қызмет көрсетілетін әуе кемелеріне сәйкес келеді, AIP-те жарияланған. ӨҚТД өзгерістері уақтылы жарияланады және ӘҚҚК органына жеткізіледі



2.

Өрт сөндіру автомобильдерінің саны, ОТС көлемі және өнімділігі ӨҚТД белгіленген санатына сәйкес келеді



3.

Штаттық авариялық-құтқару командалары, олардың жасақталуы, орналасуы, қамтамасыз етілуі, оқытылуы



4.

Авариялық-құтқару командаларын орналастыру (уақыт, карталар, рәсімдер, жаттығулар, есептер)



5.

Байланыс және авариялық құлақтандыру жүйесі өрт станциясы, бақылау-диспетчерлік пункт, құтқару және өртке қарсы көлік құралдары арасындағы байланысты қамтамасыз етеді



6.

Авариялық-құтқару құралдары (өрт сөндіру автомобильдерінің, санитариялық автомобильдердің және басқа да авариялық-құтқару құралдарының саны, сипаттамасы және жинақталуы белгіленген талаптарға сәйкес келеді), олардың жай-күйі мен техникалық құжаттамасы



7.

Авариялық-құтқару құралдарына техникалық қызмет көрсету тәртібі және оны бақылау



8.

Резервтік қорды қоса алғанда, өрт сөндіргіш заттардың түрлері мен саны қолданылатын нормаларға сәйкес келеді



9.

Қорғаныс арнайы киімдері мен газ-түтіннен қорғайтын жабдықтар қолданылатын нормаларға сәйкес келеді. Газ түтінінен қорғайтын жабдық тексеріледі және оның құрамы бақыланады



10.

Өрт гидранттары (орналасуы, жай-күйі), су айдындары



11.

Әуежайдың авариялық-құтқару қызметтерін өрістету аймағында су айдындары болған кезде арнайы құтқару жабдығы



12.

Әуеайлақта авариялық жағдай болған жағдайда жаңартылатын жоспардың болуы, онда персоналдың және бөгде ұйымдардың міндеттерін, функциялары мен міндеттерін, онымен үйлестіру тәртібін сипаттайтын Қағидалардың болуы



13.

Төтенше жағдай туралы ескерту



14.

Авариялық жағдай болған жағдайда жоспарды жүзеге асыруға байланысты тұрақты оқу-жаттығулар өткізу, талап етілетін ең аз авариялық жабдықтың, оның ішінде тиісті түрде жарақтандырылған авариялық басқару орталығы мен жылжымалы командалық пункттің болуы



15.

Қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемесін алып тастау жоспарының болуы (басқа агенттіктермен іс-қимылдарды қажетті үйлестіруді қоса алғанда, әуеайлақ пайдаланушысының жауапкершілігі функциялары)



16.

Қозғалу қабілетін жоғалтқан әуе кемесін алып тастау үшін қолда бар құралдар немесе тартылуы мүмкін құралдар



15. Құстар мен жануарлар тудыратын қауіптерді басқару

1.

Құстар мен жануарлар тудыратын қауіптерді басқаруға қатысатын білікті персоналдың жеткілікті саны



2.

Құстардың соқтығысуын бақылау бағдарламасының болуы, ұсталуы, үнемі қайта қаралуы, оның тиімділігін бағалау



3.

Әуе кемелерінің құстармен және жануарлармен соқтығысу жағдайлары бойынша оның ішінде уәкілетті ұйымға ақпарат беру



4.

Табылған қалдықтарды анықтау



5.

Әуеайлақтағы құстар мен жануарлар туралы деректерді патрульдеу, жинау және талдау



6.

Маневр жасау алаңына кіруді қоса алғанда, ӘҚҚ органымен іс-қимылдарды үйлестіру, әуе кемелеріне қауіп төндіретін құстарды немесе жануарларды байқау туралы хабарлама



7.

ӘК құстармен және жануарлармен соқтығысу тәуекелдерін бағалау және азайту



8.

Белсенді қорқыту шаралары (рәсімдер, техникалық құралдар, шаралардың тиімділігі)



9.

Кіруді шектеу (қоршаудың болуы және жай-күйі). Тіршілік ету ортасын басқару



10.

Жыл сайынғы іс-шаралар жоспарлары мен талдаулары



16. Әуеайлақта жұмыс жүргізу кезіндегі ұшу қауіпсіздігі

1.

Әуеайлақ пайдаланушысында әуеайлақта жұмыс жүргізу жағдайына хабарламаны, тәуекелдерді бағалауды, ұшу қауіпсіздігі шараларын, жұмыстарды орындау барысында ұшу қауіпсіздігін бақылауды, пайдалануға арналған құрылыстарды ашу тәртібін, ӘҚҚ органымен қажетті үйлестіруді қамтитын қағидалардың болуы.



2.

Қағидалар негізінде жасалған жұмыс бағдарламасының (жоспарының) болуы, нақты орындалуы



3.

ӘҚҚ органымен өзара іс-қимыл



17. Перрондағы қызметті ұйымдастыру. Перрондағы қызметтің қауіпсіздігін басқару

1.

Перронның схемасы мен шекаралары



2.

ӘҚҚ органымен іс-қимылдарды үйлестіру



3.

Әуе кемелерінің тұрақ орындарын бөлу, әрбір ресми белгіленген тұрақ орнында рұқсат етілген ұшақтарды пайдалану



4.

Перрон мен ТО-да ӘК-нің орналасуы мен қозғалысының сызбасы



5.

ӘК сүйреу бойынша рәсімдер және оларды орындау



6.

Перрон аймағындағы барлық агенттер қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жалпы нұсқаулықтар (перрондағы қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық)



7.

Перрон инспекциясын жүргізу қағидалары мен тәртібі



8.

әуеайлақты пайдаланушы қызметтерімен және перронға қолжетімділігі бар басқа да ұйымдармен (ЖЖМ қызметі, мұздануды өңдеуді қамтамасыз ететін қызмет, жерге қызмет көрсету, өрт қауіпсіздігі бойынша қызметтер) іс-қимылдарды үйлестіруді қамтамасыз етуді тексеру



18. Әуеайлақ бойынша арнайы техниканың, арнайы көліктің, машиналар мен механизмдердің қозғалысын ұйымдастыру

1.

Әуеайлақ пайдаланушысында әуеайлақта көлік құралдарын басқару қағидаларының болуы және қағидаларды сақтау



2.

Әуеайлақта көлік құралдары мен әуе кемелерінің қозғалысын ұйымдастыру схемасы



3.

әуеайлақтың жұмыс алаңындағы Көлік құралдарын тиісінше жарақтандыру (жарқылдауық маяктар, сүйреу тросы, радиостанция, таңбалау, гараж нөмірлері, транспондер және т. б.)



4.

Жүргізушілерді перрондағы қозғалыс ережелеріне, маневр алаңына дайындау, көлік құралын басқаруға рұқсат беру тәртібі



5.

Абоненттердің шақыру хаттары және радио келіссөздердің фразеологиясы



19. ЖҰҚЖ-да операцияларының қауіпсіздігі

1.

Тиісті мөлшердегі әрбір ҰҚЖ үшін ӘК шығып кету жағдайлары үшін ұшу қауіпсіздігінің соңғы аймақтарының немесе авариялық тежеу жүйесінің болуы



2.

ЖҰҚЖ-н қорғау шамдары



3.

ҰҚЖ-да күту орындарында БРЖ осьтік желісінің жақсартылған таңбалануы



4.

ҰҚЖ операцияларының қауіпсіздігі жөніндегі жұмыс тобының болуы, құрамы, кездесуі



5.

Әуеайлақта қолданылатын белгілер, таңбалау, жарық-сигнал жабдығы белгіленген талаптарға сәйкес келеді және олардың өзгерістерін әуеайлақтағы қозғалыс қарқындылығы мен көріну жағдайларын ескере отырып, ҰҚЖ-ға санкцияланбаған шығу жағдайларының алдын алу мақсатында ҰҚЖ операцияларының қауіпсіздігі жөніндегі жұмыс тобы кешенді түрде қаралады



6.

ҰҚЖ операцияларының қауіпсіздігі жөніндегі жұмыс тобы әуежайда бар ӘК ұшу-қону операцияларының саны мен жиілігін, көлік құралдарының қозғалысын, жоспарланған жұмыстарды ескере отырып, тәуекелдерді бағалауды жүргізеді. Тәуекелдерді азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу, олардың енгізілуін және тиімділігін бақылау



7.

ҰҚЖ - дағы барлық авиациялық оқиғалар бойынша ақпарат жинау, талдауды, тергеуді орындау



8.

Анықталған тәуекелдерді азайту жөніндегі жоспарды әзірлеу және іске асыру



9.

Маневр жасау алаңындағы көлік құралдарының ең аз саны, ІІО тарапынан олардың қозғалысын бақылау



10.

Радио байланысын жүргізу кезінде көлік құралдары жүргізушілерінің стандартты фразеологизмдерді қолдануы



11.

Көру мүмкіндігі шектеулі жағдайларда жұмыс рәсімдерінің болуы және орындалуы



12.

Әуеайлақтағы қауіпті учаскелер анықталады, олар туралы ақпарат жарияланады, қауіптерді азайту жөніндегі шаралар әзірленеді



20. Авиаотынмен қамтамасыз ету

1.

Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі ұйым туралы ереже



2.

Азаматтық әуе кемелерін жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жөніндегі операцияларға тартылған мамандардың лауазымдық нұсқаулықтары



3.

Мамандарды оқыту, мамандарды өз бетінше жұмыс істеуге жіберу (отын сапасы, жабдықты қауіпсіз пайдалану, авариялық рәсімдер, адами фактор және өрт қауіпсіздігі бойынша даярлау бағдарламасы)



4.

Авиаотынмен қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттаманың бақылау даналарының болуы



5.

Жанар-жағармай материалдарының сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық



6.

Құбырларды байлаудың технологиялық схемасы, сорғыны басқару, сүзу пунктінің сипаттамасы



7.

Авиаотынның технологиялық картасы-қамтамасыз ету (нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес бақылау түрлері және орындалатын операциялар)



8.

Азаматтық әуе кемелерінің ЖЖМ қамтамасыз ету процесін егжей-тегжейлі көрсететін технологиялық нұсқаулықтар (карталар)



9.

Жанар-жағармай материалдары қоймасының технологиялық жабдығы, жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған резервуарлар (резервуарлар, тыныс алу және сақтандыру клапандары, сорғы құрылғылары, өртке қарсы қамтамасыз ету құралдары және ЖЖМ қоймасында пайдаланылатын басқа да жабдықтар)



10.

Техникалық қызмет көрсету регламенті, технологиялық жабдықтар мен техникалық құралдар (паспорттар, жабдыққа техникалық қызмет көрсету жөніндегі журналдар, актілер, сыйымдылықтарды тазарту кестелері, жерге тұйықтау контурларын өлшеу және басқалар)



11.

Қойма сипаттамасы
Резервуарлардың көлемі (жай-күйі, коррозияға қарсы жабынның болуы),
авиаотынды сүзу пункті (түрі, сатылары, сүзгі элементтері және басқалары)
Құбыр байланысы



12.

Қысымның төмендеуі журналын, резервуарлық журналды жүргізу және толтыру, актілер жасау және басқалар



13.

СП-да, ЖҚ-да фильтроэлементтерді ауыстыру кезеңділігі (жазбалар)



14.

Резервуарларда, ЖҚ-да тазалауды жүргізу



15.

Сүзу пунктіндегі, ЖҚ-ғы үлестірмелі жеңдерді тексеру кезеңділігі



16.

Кезеңділігі найзағай бұрғыштарын, жерге тұйықтау контурын (актілер, R өлшемдері және т. б.) тексеруді жүргізу



Зертхана мен авиаЖЖМ сапасын бақылау

17.

Зертхана туралы ереже



18.

ЖЖМ зертханасы басшысының және қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары



19.

Авиациялық жанар-жағармай материалының сапасын тексеру



20.

АвиаЖЖМ талдауын жүргізуге арналған зертханалардың куәлігі



21.

Зертхана айқындайтын авиаЖЖМ көрсеткіштерінің саны



22.

ЖЖМ сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық



23.

Жұмыс журналын, сынама алу журналын жүргізу және толтыру, паспорттарды есепке алу (сапаны талдау), бақылау талондарын беру және есепке алу журналы, актілер. Сынамаларды іріктеу және талдау нәтижелерін тіркеуге арналған бақылау құжаттамасы



24.

ЖЖМ сапа паспорттары (сертификаттары),
ЖЖМ дайындаушылардың (жеткізушілердің) сәйкестік сертификаттары



25.

Зертхананы жарақтандыру (жабдық, тексеру жүргізу және т. б.)



26.

Зертханалардың жабдықтарына метрологиялық тексеру жүргізу



Жанармай құю машиналары мен механизмдері

27.

ӘК құю технологиясы (авиаотынның сапасын қамтамасыз ету, әуеайлақтық бақылау, өткізу кезеңділігі және авиаотынды тасымалдау кезінде авиаотынның сапасын қамтамасыз ету және т. б.)



28.

ЖҚ-дағы формулярлар, ЖҚ-ға техникалық қызмет көрсету рәсімі (шассиді, арнайы жабдықты, жерге қосу кабельдерін және басқаларын тексеру)



29.

ЖҚ-да орнатылған жабдықты тексеру (сүзгі элементтері, жеңдер, манометрлер, есептегіштер, сүзгілердегі қысымның төмендеуі және т. б.)



30.

Перронда әуеайлақтық бақылау жүргізуге арналған аспаптардың болуы



31.

ӘК және ЖҚ арасындағы жерге тұйықтау және потенциалды теңестіру кабельдерінің болуы және тексерілуі



32.

Отын құюшылардың жай-күйін бақылау және ӘК-ге авиаотын құюға рұқсат беру



21. Ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі

1.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету саясаты мен мақсаттары



2.

Ұшу қауіпсіздігі үшін тәуекелдерді басқару



3.

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету



4.

Ұшу қауіпсіздігі мәселелерін насихаттау



      Ескерту:

      ( * ) бұл пайдаланушы үшін міндетті емес;

      (-1) қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуі;

      (-2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуі;

      (-3) қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуі.

      Қосымша:_______ парақтағы (парақтардағы) сәйкессіздіктер тізбесі.

      Комиссия мүшелері:______________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Таныстым:

      Азаматтық авиация ұйымының басшысы (өтініш беруші)

      _______________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Сертификаттық тексеру жүргізу күні "___" ________ 20___ жыл

  Әуеайлақтарды (тікұшақ
айлақтарының) жарамдылығын
сертификаттау және оларға
сертификат беру қағидаларына
8-қосымша

Тікұшақ айлақта сертификаттық зерттеп-қараудың үлгі бағдарламасы

      Тікұшақ айлағының пайдаланушысының атауы __________________________

      Тексеру күні, бұйрық № ______________________________________________

      Комиссия мүшелері__________________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты (егер бар болса), комиссия мүшелерінің лауазымы)

Салалар мен тексерілетін элементтер

Сәйкестікті бағалау
( + / - )

Сәйкессіздік деңгейі

1

2

3

4

1. Құжаттама жиынтығының болуы және сәйкестігі

1

Тікұшақ айлағының жарамдылық сертификатын алу үшін сертификаттық талаптарға сәйкестігін растайтын өтінім және құжаттар



2

Өтініш берушінің (әуеайлақты пайдаланушының) ұйымдық құрылымы, штат кестесі, жүктелген функцияларды орындауға жеткіліктілігі



3

Басшы құрамның және мамандардың (қызметкерлердің) міндеттері мен жауапкершілігін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар



4

Өрт сөндіру қауіпсіздігі, өндірістік санитария және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулар мен рәсімдер



5

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тікелей байланысты басшы құрамы мен мамандар жөніндегі деректер және анықтылығы, олардың сәйкестігі



6

Тікұшақ айлағын пайдалану негізінде жүзеге асырылатын құжаттардың тізбесі және оның болуы. Тікұшақ айлағын пайдалану негізінде жүзеге асырылатын құжаттарды зерделеу жазбалары



7

Тікұшақ айлағының аэронавигация паспорты (Ұшуды жүргізу нұсқаулығы), сұрақтардың толықтығы.
Белгіленген талаптарға сәйкес келуі және енгізілетін өзгерістердің уақтылы болуы



8

Тікұшақ айлағының техникалық жарамдылығы туралы ақпаратты беру үшін жауапкершілік



9

Тікұшақ айлағы жағдайының журналы



10

"D" мөлшері



11

"D" "ЧИНУК" мөлшері



12

"t" мөлшері



13

Тікұшақ айлағының теңіз деңгейінен биіктігі



14

Қондырғының/кеменің тану белгісі (атаудың тұрған жері, әрiптердiң өлшемдері, жарықтандыру, көрінуі)



15

Тікұшақ айлағының,
Кеменің/қондырғының сызбалары мен жоспарлары



16

Барлық кедергілер, ыстық және салқын шығарындылар көздерінің 210, 150 және 180-секторлары көрсетілген сызбалар



17

Тікұшақ айлағының таңбалануы, тікұшақ айлағының желісі, жарық-сигналды, метеорологиялық, радиотехникалық өртке қарсы және авариялық жабдықтың орналасуы, тікұшақ айлағына бару орындары, жел көрсеткіштері көрсетілген сызбалар



2. Нормативтік-құқықтық актілер, құжаттар және ақпараттық қамтамасыз ету

1

Нұсқаулар және нормативтік құжаттар: Авариялық жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар нұсқаулықтары мен жоспарлары, ауа бойынша қауіпті жүктерді тасымалдау бойынша нұсқау



2

Тікұшақтың қауіпті аймақтарының диаграммалары



3

Ұшудың алдындағы бейнебрифингте жолаушыларға көрсету үшін жабдық



4

Жолаушыларды, багажды және жүктерді декларациялау.
Жауапкершiлiк және нысандар.



3. Радио жабдықтар

1

Радиотехникалық жабдықтардың тізбесі, техникалық құжаттар және радиотехникалық жабдыққа берілген сертификат, аэронавигациялық қызмет көрсетушіге берілген сертификат



2

Негізгі және резервтегі АМ ӨЖЖ радиостанциясы



3

Тасымалданатын ӨЖЖ радиостанциялар



4

Негізгі және резервтегі ЖЖ радиостанциясы



5

Барлық бағытта бағытталған радиомаяк



6

Сөйлеу ақпаратын құжаттау аппаратурасы



7

Авиациялық сағат



8

Қосалқы бөлшектер және радиотехникалық жабдықтар



9

Авариялық ден қою жөніндегі нұсқаулық (бас тартқан жағдайда)



4. Метеорологиялық жабдықтар

1

Анемометр



2

Ауаның температурасы туралы деректерді көрсету бойынша жабдық



3

Барометр



4

Көрінуді, бұлттардың төменгі шекарасын, бұлт қаптаған аспанды бейнелеу бойынша жабдық



5

Теңіздің жай-күйін көрсету бойынша жабдық



6

Қисаю, тігінен ауысу, дифферентті көрсету бойынша жабдық



7

Метеорология ақпаратты көрсететін дисплейдің (индикатор) орны, METAR автоматтық кодтың болуы



8

Персоналды уақтылы оқыту, растайтын жазбалар (ведомостар, сертификаттар)



9

Метеорологиялық жабдықтарға сертификаттар, техникалық құжаттар



5. Тiкұшақ айлағына қызмет көрсету жөніндегі персонал

1

Авиация станциясының операторы (радиооператор), қолданыстағы АСО куәлігінің болуы



2

Тiкұшақты қондыру жөніндегі маман, қолданыстағы сертификаттың болуы



3

Тiкұшақты қондыру жөніндегі маманның көмекшісі ТҚМҚ, қолданыстағы сертификаттың болуы



4

Тікұшақ айлағының өртке қарсы командасы, қолданыстағы сертификаттардың болуы



5

Дабыл және оқу жаттығуларын тұрақты өткізуін растайтын құжаттардың болуы



6. Қауіпті жүктер

1

ҚЖ тасымалды жөніндегі ИКАО\ИАТА нұсқау



2

ҚЖ жөніндегі жауапты персонал



3

ҚЖ жөніндегі персоналдың біліктілігі



4

ҚЖ жөніндегі басшылар және нұсқаулықтар



5

ҚЖ бойынша оқытудың жоспарлары мен жазбаларының бар болуы



6

ҚЖ тасымалдау жөніндегі ілеспе құжаттама



7

ҚЖ бойынша декларация бланкілерінің бар болуы



8

ҚЖ тексеру жөніндегі бақылау тізімдерінің бар болуы



9

ҚЖ таңбалану белгілері



10

ҚЖ қаптауға арналған арнайы құралдардың бар болуы



11

Сіңіргіш және амортизациялайтын материалдардың бар болуы



12

ҚЖ сақтау қоймасы



13

(Әуе кемелерінің экипаждарын хабарландыру – NOTOC) құжаттама



14

ҚЖ тасымалдау кезіндегі басқа объектілерге жариялау жүйесі



15

Жүктер мен багажды тексеру жөніндегі жауапты персонал



16

ҚЖ жөніндегі плакаттар/кітапшалар



17

ҚЖ байланысты авариялық жағдайларда ден қою жөніндегі нұсқаулық



18

ҚЖ төгілулерін жинауға арналған құралдар



7. Тікұшақ айлағының жабдықтары

1

Қалып



2

Байлау арқаны/арқандар



3

Жүктер мен багажға арналған таразы



4

Тікұшақтың сыртқы іске қосу аппараты



5

Мұз/қар тазалауға арналған жабдықтар



6

Қонуға тыйым салу таңбасының бар болуы



7

Жел көрсеткіші



8

Теңіз биноклі



8. Тікұшақ айлағының беті

1

Түсі



2

Жай-күйі



3

Сырлауды соңғы жаңарту күні



4

Тайғанамау жөніндегі сипаттамалар



5

Іліністі соңғы өлшеу (тікұшақ айлағының желісі болмаған кезде)



6

Су ағатын астауша, ағынды жүйе



7

Дренаж



8

Тікұшақ айлағының герметикасы



9

Әуе кемесін тоқтату орындары



10

Жүктемемен соңғы тексеру ( акті)



9. Тікұшақ айлағының өлшемі

1

Тікұшақ алаңының жалпы беті



2

Қауіпсіз қону аймағы



3

Екпін алу аймағы



10. Тікұшақ айлағын таңбалау.

1

Орнату/бұрғылау



2

Периметр жолағы



3

Көздеу шеңбері



4

Шеврон



5

"D" мөлшері



6

Периметр бойынша "D" мөлшері



7

"Н"



8

"t" мөлшері (ең жоғарғы рұқсат етілген қону салмағы)



9

Қонуға тыйым салынған сектор



11. Тікұшақ айлағының желісі

1

Материалдар



2

Түрі



3

Орналасқан орны (алатын аймағы)



4

Пайдалану мерзімі және жай-күйі



5

Арқанның диаметрі



6

Ұяшық өлшемі



7

Тордың өлшемі



8

Керіліс



9

Торды керу орындары



10

Бекіту әдісі



12. Периметр торы

1

Материалдар



2

Ені



3

Жай-күйі



4

Жүктемемен соңғы сынау



5

Аспалы тор әсері



6

Еңіс



7

Құлау мүмкіндігі бар барлық аймақтарды жабады



13. Тікұшақ айлағына кіру

1

Тікұшақ айлағына кіру орындарының орналасуы



2

Тұтқалар



3

ТҚ арналған плакаттар (тікұшақ айлағына рұқсатсыз кіруді алдын ала ескертетін белгілер, жазулар)



4

Тікұшақ операциялары кезінде жолаушыларды бақылау жүйесі/рәсімі



14. Турбуленттік

1

Құрылыстар



2

Ыстық шығарындылар



3

Суық шығарындылар



4

Әуеайлақ астындағы әуе саңылауы



15. Қоршаған кедергілер

1

210 градус секторының кедергілері



2

ҚҚА ішіндегі 150 градустық секторлардағы кедергілер



3

5:1 (еңіс. градиент) 180 градус секторының кедергілері



4

Уақытша объектілер



16. Тікұшақ айлағының периметрін жарықтандыру

1

Периметр жарығының тізбесі, техникалық құжаттары және сертификаттары. Техникалық талаптарға сәйкес болуы



2

Жарықтың түсі және жабдықтың түрі



3

Жарамдылық



4

Резервтік периметрлі жарық қорының болуы



5

Орналасуы және биіктігі



6

Номиналды қуаты, авариялық қуат көзіне қосылуы



7

Іске қосу



8

Қауіпсіз қону аймағының шектелуі



17. Тікұшақ айлағын прожектор арқылы жарықтандыру

1

Прожектр жарығының тізбесі, техникалық құжаттары және сертификаттары. Техникалық талаптарға сәйкес болуы



2

Жарықтығы/Жарамдылығы



3

Резерв жарық қорының болуы



4

Орналасуы және биіктігі



5

Авариялық қуат көзіне қосылуы



6

Іске қосу



18. Жалпы жарықтандыру

1

Қондырғыны/ кемені прожектор арқылы жарықтандыру



2

Жарықпен ластану



19. Кедергілерді жарықтандыру және таңбалау

1

Тікұшақ айлағының деңгейінен жоғары (15 м) орналасқан объектілер



2

Ең биік нүкте



3

Көтеретін кранды таңбалауға қойылатын талаптар



4

Кедергіледі жарықтандыру шамына берілетін тізбе, техникалық құжаттама және сертификат. Техникалық талаптарға сәйкестендіру.



20. Тікұшақ айлағының мәртебесін анықтау жарықтары

1

Мәртебені анықтайтын шамдардың тізбесі, техникалық құжаттамасы және сертификаты. Техникалық талаптарға сәйкестендіру.



2

Барлық бағыттардың көрінуі



3

Авариялық қуат көзіне қосылуы



4

Іске қосу



5

Іске қосылу қауіпінің деңгейі



21. Отын құю құралдары

1

Зертхана, авиациялық жанар-жағармай материалдарының сапасын тексеру (растайтын құжаттар)



2

Отын құю машиналары мен механизмдері



3

Жанар-жағармай материалдарының қоймасы, жанар-жағармай материалдарын сақтауға арналған резервуарлар



22. Өртке қарсы жабдықтар

1

Өрт сөндіру жабдығының тізбесі, техникалық құжаттары және сертификаттары. Техникалық талаптарға сәйкестендіру



2

Көбік мониторлары (саны, түрі)



3

Аспирациялық мониторлар



4

Қоспаны беру жылдамдығы



5

Көбіктендіру



6

Сертификаттар (көбікті зертханалық тексеру және жұмыс көбіктерінің нәтижелері)



7

Қосалқы көбік шоғырлану



8

Көбік шоғырланудың температуралық режимі



9

Гидранттар



10

Қол желілері



11

Реттелетін режимі бар саптама



12

Аспирациялық саптама



13

Көбік индукторлары



14

Көбік өрт сөндіргіш арбалар



15

Құрғақ ұнтақты өрт сөндіргіштер



16

Көміртек өрт сөндіргіш (СО2)



17

Қосалқы (құрғақ ұнтақ және СО2)



23. Авариялық-құтқару жабдықтары

1

Авариялық-құтқару жабдығының тізбесі, техникалық құжаттары және сертификаттары. Техникалық талаптарға сәйкестендіру



2

Авариялық-құтқару жабдықтарының жәшігі (жәшіктері)



3

Жабдықтардың орналасуы



4

Тікұшақ айлағына кірудің барлық жағынан қол жеткізу



5

Бақылау тізімі



6

Ажыратылмалы кілт



7

Үлкен құтқару балтасы



8

Бұрандаманы кесу құралы



9

Үлкен сүймен



10

Қармақ немесе ілмек



11

Ауыр қолара



12

Кенептер (алмас)



13

Өртке қарсы жамылғы



14

Баспалдақ



15

Құтқару арқаны/белдігі



16

Бүйірлік тістеуіктер



17

Бұрауыштар жиынтығы



18

Құтқару лебедкасына арналған пышақ және пышақсауыттары



19

Тыныс алу аппараттары



20

Фонарь



21

Электр сымдарын кесуге арналған құрал-сайман



24. Жеке қорғаныш құралдары

1

Сақтау түрі



2

Қорғағыш күнқағары бар дулыға



3

Қолғаптар



4

Аяқ киім



5

Өртке қарсы костюм



      Ескерту:

      ( * ) бұл пайдаланушы үшін міндетті емес;

      (-1) қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуі;

      (-2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімдерде жойылған немесе шектеулер енгізілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуі;

      (-3) қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкес келмеуі.

      Қосымша:_______ парақтағы (парақтардағы) сәйкессіздіктер тізбесі.

      Комиссия мүшелері:______________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Таныстым:

      Азаматтық авиация ұйымының басшысы (өтініш беруші)

      _______________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Сертификаттық тексеру жүргізу күні "___" ________ 20___ жыл

  Әуеайлақтарды (тікұшақ
айлақтарының) жарамдылығын
сертификаттау және оларға
сертификат беру
қағидаларына
9-қосымша

Персоналды даярлау және құзыреттілікті тексеру бағдарламалары

      1. Әуеайлақта тиісті қызметті орындау үшін тиісті құзыреттілікті, қағидаларды, рәсімдерді, функциялар мен міндеттерді білуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 28 қыркүйектегі № 764 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8785 болып тіркелген) бекітілген Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын (бұдан әрі – Үлгілік бағдарламалар) талаптарын ескеріп, әуеайлақты пайдаланушы әуеайлақ объектілерін пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз ететін, ұшуды жермен қамтамасыз етуді орындайтын персоналды кәсіби даярлау бағдарламасын әзірлейді және іске асырады және осы қызметті басқарады (жауапты басшы, техникалық директорлар, қызмет бастықтары және т. б.).

      2. Кәсіптік даярлық персонал орындайтын міндеттер мен функцияларға сәйкес келеді, тиісті технологиялық операцияларды және әуеайлақта белгіленген талаптарды, көлік құралдарын басқаруды зерделеуді қамтиды.

      3. Әуеайлақты пайдаланушы әуеайлақтың жұмыс алаңына және әуеайлақтың басқа да өндірістік учаскелеріне еріп жүрмейтін қолжетімділігі бар бөгде ұйымдардың персоналын қоса алғанда, қызметкерлердің өздері орындайтын міндеттеріне қарай қажетті көлемде алдын ала оқудан өтуін қамтамасыз етеді.

      4. Персоналды кәсіптік даярлау бастапқы даярлауды, қайта даярлауды, кәсіптік деңгейді қолдауды (ағымдағы оқуды және қызметті жүзеге асырудағы ұзақ үзілістен кейін оқытуды қоса алғанда) қамтиды.

      5. Әуеайлақты пайдаланушы міндеттерді өз бетінше орындауға рұқсат берілгенге дейін және әуеайлақтың жұмыс алаңына еріп жүрусіз қол жеткізгенге дейін персоналдың қажетті бастапқы даярлықтан және тиісті тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етеді.

      6. Бастапқы дайындық тиісті ұзақтықтың теориялық және практикалық дайындығын және оқытудан кейінгі персоналдың құзыреттілігін бағалауды қамтиды.

      7. Өз міндеттерін өз бетінше орындауды жалғастыру және әуеайлақтың жұмыс алаңына және әуеайлақтың бақыланатын аймағының басқа да объектілеріне сүйемелдеусіз қол жеткізу мүмкіндігі үшін әуеайлақты пайдаланушы персоналдың:

      1) кәсіптік деңгейді қолдау бағдарламасына байланысты бастапқы даярлық аяқталған сәттен бастап 24 немесе 36 айдан аспайтын аралықпен кәсіптік деңгейді қолдау шеңберінде қайта даярлаудан өтті. Егер дайындық көрсетілген аралықтың соңғы 3 күнтізбелік айы ішінде жүргізілсе, аралықтың жаңа кезеңі аралықтың бастапқы кезеңі аяқталған күннен бастап есептеледі.

      2) жұмыста үш айдан он екі айға дейін үзіліс болған жағдайда әуеайлақты пайдаланушы өз міндеттерін орындауға рұқсат беру және әуеайлақтың бақылауындағы аймаққа еріп жүрусіз қол жеткізу алдында кәсіби деңгейді қолдау шеңберінде персоналды даярлауды қамтамасыз етеді.

      3) жұмыста он екі айдан астам үзіліс болған жағдайда персонал бастапқы даярлықтан өтеді.

      4) технологиялық процестердің өзгеруіне, жаңа талаптардың пайда болуына байланысты ағымдағы оқыту, сондай-ақ маусымдық дайындық.

      8. Персоналдың тұрақты құзыреттілігіне және оның функциялары мен міндеттеріне қатысты қағидалар мен рәсімдер туралы хабардар болуына кепілдік беру мақсатында әуеайлақты пайдаланушы персоналдың құзыретін тексеруді қамтамасыз етеді, оның барысында персонал өз міндеттерін орындау кезінде білімі мен дағдыларын көрсетеді.

      9. Құзыреттілікті тексеру кәсіби деңгейді қолдау бағдарламасына байланысты бастапқы даярлық аяқталған сәттен бастап 24 немесе 36 айдан аспайтын интервалдармен жүргізіледі.

      10. Әуеайлақты пайдаланушы мыналарды қамтамасыз етеді:

      1) оқытуды, білімді бағалауды және біліктілікті тексеруді білікті және тәжірибелі нұсқаушылар және/немесе аттестаттау комиссияларының мүшелері жүргізеді;

      2) оқыту және біліктілікті тексеру тиісті құралдар мен жабдықтарды пайдалана отырып, дайындалған оқу сыныптарында, арнайы жабдықталған алаңдарда жүргізіледі.

      11. Әуеайлақты пайдаланушы оқыту және құзыреттілікті тексеру бағдарламаларын іске асыру үшін рәсімдерді белгілейді және енгізеді және қамтамасыз етеді:

      1) осы талапқа сәйкестігін көрсету үшін персоналдың біліктілігі, кәсіптік даярлығы және құзыреттілігін тексеру туралы тиісті жазбаларды жүргізу;

      2) мұндай жазбаларды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның авиациялық инспекторларына ұсынады.

      12. Персоналды кәсіптік даярлау бағдарламасы міндетті түрде қауіпсіздікті басқару жүйесі бойынша дайындықты қамтиды, оның егжей-тегжейлі деңгейі жеке жауапкершілік пен қауіпсіздікті басқару жүйесіне қатысуға сәйкес келеді, сондай-ақ адами және ұйымдастырушылық факторларды ескереді.

      13. Кәсіби дайындық бағдарламасы келесі элементтерден тұрады:

      1) дайындық стандарттарын айқындау процесі, соның ішінде:

      үлгілік бағдарламалардың талаптарын ескере отырып, нұсқаушылар мен емтихан (аттестаттау) комиссияларының мүшелерін қоса алғанда, оқу курстарының сипаттамасы, оқу және тақырыптық жоспарлары, персоналдың әрбір санаты үшін даярлаудың әрбір түрі бойынша ұзақтығы мен кезеңділігі;

      даярлау және құзыреттілікті бағалау әдісі (лары); тыңдаушылар қол жеткізуі тиіс нәтижелер; сондай-ақ

      қажетті дайындықтан өтуді бақылау;

      2) оқыту тиімділігін бағалау үшін валидация процесі;

      3) бастапқы дайындық;

      4) Практикалық дайындық және / немесе тағылымдама;

      5) кәсіптік деңгейді ұстап тұру (мерзімді даярлауды, жұмыстағы ұзақ үзіліске байланысты даярлауды, ағымдағы және маусымдық даярлықты қоса алғанда);

      14. Кәсіптік даярлау бағдарламасы персоналдың білімін, құзыреттілігін бағалауды жүргізу рәсімдерін, сондай-ақ егер персонал қажетті стандарттарға қол жеткізбесе немесе қолдамаса, рәсімдерді қамтиды.

      15. Әуеайлақ пайдаланушысы әрбір қызметкер үшін, оның ішінде басшылық құрам үшін оқу файлы қалыптастырылуын, қызметкерлердің оқу талаптарын анықтауға және қадағалауға, сондай-ақ қызметкерлердің қажетті/жоспарланған оқудан өткенін тексеруге көмектесетін жүйе құрылуын қамтамасыз етеді.

      16. Белгілі бір жұмысты орындау үшін құзыреттілікті растау-бұл қызметкерлер, әдетте, құзыреттілікті тексерудің сәтті нәтижелерімен теориялық білімді, практикалық дағдыларды және жергілікті ерекшеліктерді тиісті кешенді қолдану қабілетін көрсетеді.

      17. Тәжірибелі маман тапсырылған тапсырманы орындау кезінде емтихан алушының дағдыларын сүйемелдейтін және бағалайтын күнделікті қызмет процесінде құзыреттілікке тексерулер жүргізуге рұқсат етіледі.

      Бұл ретте тапсырылған міндеттің барлық кезеңдерінің орындалуын тіркеу және бағалау жүргізіледі.

      18. Құзыреттілікті бағалау кезінде анықталған барлық кемшіліктерді ескере отырып, оқу материалын, дайындық тақырыбын немесе мерзімді дайындықтың жүйелілігін қайта қарау және жаңарту қажет.

      Кез-келген авиациялық оқиғадан, оқиғадан немесе ауыр оқиғадан кейін оқу бағдарламаларын олардың өзектілігін сақтау үшін қайта қарау ұсынылады.

      19. Талаптары осы қосымшада келтірілген персоналды кәсіптік даярлау процестері мен рәсімдерінің сипаттамасы әуеайлақ пайдаланушысының персоналын кәсіптік даярлауды қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта келтіріледі.