«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы С. Омаров
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________Ә. Исекешев
2015 жылғы 10 маусым
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 11 тамыз
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 4-4/500 бұйрығына
1-қосымша
«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндiк сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 (қырық) минут;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тартады.
5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификатты немесе осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіз бойынша дәлелді бас тарту;
2) порталда – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген электрондық құжат нысанындағы рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде;
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
демалыс және мереке күндері – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты кестесіне сай.
Өтінім қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.
Белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығы шегінен тыс өтінім қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты кестесіне сай белгілейді.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні немесе көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты кестесіне сай жүзеге асырылады).
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.06.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
Порталда:
осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес, электрондық құжат нысанындағы өтінім.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін және құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
Шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша түрде почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы қол қойған шағымда оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» электрондық өтініш жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған («Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде).
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Карантинге жатқызылған өнімді
Қазақстан Республикасының аумағында
тасуға карантиндік сертификат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша
Нысан
________________________________________________ |
Өтінім
_______________________________мынадай карантинге жатқызылған өнімді
(облыстан, қаладан)
әкетуге карантиндік сертификат беруді сұраймын:
1 __________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен көлемі, оның сипаттамасы,
_____________________________________________________________________
орын саны және орама сипаттамасы, айырым белгілері,
_____________________________________________________________________
межелі мақсаты)
2.___________________________________________________________________
(өсімдіктердің ботаникалық атауы)
3.___________________________________________________________________
(облыстың (қаланың) атауы, карантинге жатқызылған
_____________________________________________________________________
өнімнің межелі мекенжайы)
4.___________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді тиеп жөнелту күні және орны)
5.___________________________________________________________________
(жөнелту станциясының атауы)
6. __________________________________________________________________
(межелі станцияның атауы)
7. __________________________________________________________________
(жүк алушы, карантинге жатқызылған өнім жүк алушысының мекенжайы)
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес дұрыс емес мәлімет бергенім үшін
жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы ______ _______________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландаратын
құжатта бар болса)
20__ жылғы «___» ______________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 4-4/500 бұйрығына
2-қосымша
«Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 (қырық) минут;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту береді.
5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде – карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты немесе осы стандарттың 10-тармағында көрсетілген негіз бойынша дәлелді бас тарту;
2) порталда – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен орны көрсетілген электрондық құжат нысанындағы рұқсат беру құжатының дайындығы туралы хабарлама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде;
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
демалыс және мереке күндері – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты кестесіне сай.
Өтінім қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.
Белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығы шегінен тыс өтінім қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты кестесіне сай белгілейді.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні немесе көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты кестесіне сай жүзеге асырылады).
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.06.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
3) импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талаптары.
Порталда:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес, электрондық құжат нысанындағы өтінім.
2) импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметінің өсімдіктер карантині саласындағы талаптары;
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін және құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) өтініш берушінің карантинге жатқызылған өнімді тексеріп қарауға ұсынбауы;
2) карантинге жатқызылған өнімде карантинді объектілердің анықталған жағдайда;
3) импорттаушы елдің фитосанитариялық талаптарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда;
4) өтініш берушінің фитосанитариялық сертификат алудан өз еркімен бас тартуы;
5) уәкілетті органның ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшелерінен ақпараттарды алғаннан кейін 30 күнтізбелік күн ішінде өнім иесіне фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартуға, жеткізу орынының өзгеруі жағдайын қоспағанда, бірнеше рет (2 рет және одан көп) қызмет берушінің лауазымды тұлғасына карантинге жатқызылған өнімді хабарламау және ұсынбау негіз болып табылады.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
Шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша түрде почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы қол қойған шағымда оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» электрондық өтініш жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған («Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде).
14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Карантинге жатқызылған өнiмді Қазақстан
Республикасынан тыс жерлерге әкетуге
фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына қосымша
Нысан
________________________________________________
(өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган

ведомствосының аумақтық бөлімшесі)

(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке

тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын
куәландыратын құжатта бар болса)
________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке
сәйкестендіру нөмірі)
Өтінім
Қазақстан Республикасынан мынадай карантинге жатқызылған өнімді
әкетуге фитосанитариялық сертификат беруді сұраймын:
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімнің атауы мен көлемі, оның сипаттамасы,
орын саны және орамасының сипаттамасы, айырым белгілері, таңбалануы)
_____________________________________________________________________
(өсімдіктердің ботаникалық атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жүк алушы, карантинге жатқызылған өнім жүк алушысының мекенжайы)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімнің межелі орны)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(фитосанитариялық талаптарға сәйкес фитосанитариялық сертификаттың
қосымша декларациясында көрсетілуі тиіс мәліметтер)
_____________________________________________________________________
(залалсыздандыру жүргізілгені туралы мәліметтер)
_____________________________________________________________________
(фитосанитариялық талаптарда не келісімшартта (шартта) көзделген
карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру тәсілі)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды (фумигациялауды)
жүргізу кезінде пайдаланылған пестицидтің атауы)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру (фумигациялауды)
жүргізу кезіндегі тұрақты экспозиция)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыру (фумигациялау) қандай
температурада жүргізілді)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімді залалсыздандыруды (фумигациялауды)
_____________________________________________________________________
жүргізу кезінде пайдаланылған пестицидтің концентрациясы)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнім туралы қосымша ақпарат)
_____________________________________________________________________
(импорттаушы елдің атауы)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылатын өнімнің межелі мекенжайы)
_____________________________________________________________________
(көлік түрі, көлік құралының нөмірі немесе кеменің атауы,
тасымалдау түрі)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнімнің жүру маршруты)
_____________________________________________________________________
(тиеп жөнелту күні, тиеп жөнелту орны)
_____________________________________________________________________
(сол арқылы карантинге жатқызылған өнімді әкелу болжанатын
импортаушы елдiң шекаралық пунктiнiң атауы)
_____________________________________________________________________
(карантинге жатқызылған өнім шығарылған ел)
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес дұрыс емес мәлімет бергенім үшін
жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы______ _____________________________________________ (қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса)
Мөр орны 20 __ жылғы «___» _____________
Қазақстан Республикасы
Ауыл министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 29 мамырдағы
№ 4-4/500 бұйрығына
3-қосымша
«Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 40 (қырық) минут;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан дәлелді бас тарту береді.
5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: «Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) әкелуге келісім-хат;
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру нысаны: электрондық түрде;
Портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жолданады.
Қағаз жеткізгіштегі мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне жүгінген кезде, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық форматта рәсімделеді, басып шығарылады және мөрмен расталады және қызмет берушінің лауазымды адамы қол қояды.
7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінім қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17-30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс күні аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.06.2016 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат және өкiлдiң өкiлеттiлiгiн растайтын құжат (жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін);
Порталда:
осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына қосымшаға сәйкес электронды құжат нысанындағы өтінім.
Жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
көрсетілетін қызметті берушіге – көшірмесінде құжаттардың топтамасын қабылдау уақыты мен күнін және құжатты қабылдаған жауапты адамның тегі, аты, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
Шағым мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша түрде почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда электрондық түрде не жұмыс күндері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы қол қойған шағымда оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде шағым жасаудың тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы «жеке кабинеттен» электрондық өтініш жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып тұрады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.
4. Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметті көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған («Қолдау және көрсетілетін қызметтер» бөлімінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» кіші бөлімінде).
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді
объектілерді (карантинді зиянды организмдерді)
әкелуді келісу» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына қосымша
Нысан
________________________________________________
(өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган
________________________________________________
ведомствосының аумақтық бөлімшесі)
________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке
________________________________________________
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (жеке басые
растайтын құжатта бар болса)
________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)
Өтінім Ғылыми-зерттеу мақсатында карантинді объектілерді (карантинді зиянды организмдерді) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге келісім-хат беруді сұраймын:
_____________________________________________________________________
(карантинді объектінің ғылыми атауы)
_____________________________________________________________________
материалдың типі)
_____________________________________________________________________
(материалдың саны)
1. Карантинді объектілерді әкелу қажеттілігінің
негіздемесі__________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Ғылыми зерттеулерді орындаудың мерзімі, сипаты және міндеттері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Карантинді объектілерді әкелудің болжамды мерзімі_________________
4. Жеткізу тәсілі____________________________________________________
5. Экспорттаушы ел (жеткізушінің мекенжайын қоса алғанда)____________
6. Транзит елі_______________________________________________________
7. Мекендейтін елі___________________________________________________
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу
пункті_______________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Жеткізу орны және сақтау шарттары_________________________________
үй-жайлардың мекенжайы және сипаттамасы, объекті ұсталатын
_____________________________________________________________________
оқшаулау шарттары)
10. Ғылыми зерттеулер аяқталғаннан кейін карантинді объектіні жою
қажеттігін қоса алғанда жүргізілетін болжамды стандартты жұмыс
рәсімдері____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
11. Тікелей ғылыми зерттеулер жүргізілетін зертханаға өсімдіктер
карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың кіруін қамтамасыз етуге
міндеттенемін (карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру
(фумигациялауды) жүргізу кезіндегі тұрақты экспозиция)
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес дұрыс емес мәлімет бергенім үшін
жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Басшы________ ___________________________________________________
(қолы) тегі, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын
құжатта бар болса)
201__ жылғы «___» _______________