РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-1-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
Е. Досаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
__________Т. Дүйсенова
2015 жылғы " "
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 6 тамыздағы № 596 бұйрығымен бекітілген |
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдері
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.07.2018 № МЗ-1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санаттарын беру туралы куәліктерді беру және қайтарып алу қағидалары, мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 176-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және орта (техникалық және кәсіптік), орта арнаулы білімнен кейінгі, жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар адамдарға біліктілік санатын беру тәртібін, сондай-ақ оларды беру және біліктілік санатын беру туралы куәлікті кері қайтарып алу мерзімдерін айқындайды.
Біліктілік санатын беру ерікті рәсім болып табылады.
2. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:
1) біліктілік санатын беру туралы куәлік – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тиісті біліктілік санатының берілгенін растайтын құжат (бұдан әрі – куәлік);
2) маман – медициналық және фармацевтикалық бiлiмi бар қызметкер;
3) маманның үздіксіз кәсіптік даму жүйесіндегі сынақ бірлігі (бұдан әрі – СБ) – маманның кәсіптік қызметінің белгілі бір кезеңінде үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысу көлемін өлшеудің біріздендірілген шартты бірлігі;
4) сынақ бірліктерінің жинақтау жүйесі – үміткердің соңғы бес жылда үздіксіз кәсіптік даму іс-шараларына қатысуын жинақтап есепке алу жүйесі;
5) үміткер – нақты мамандығы бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлікті алуға үміткер маман;
3. Біліктілік санаты берілетін сертификаттар, сондай-ақ мамандарға 2015 жылғы 9 қазанға дейін берілген мерзімсіз сертификаттар біліктілік санаты берілетін куәлікке теңестіріледі және оларда көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін қолданылады.
2-тарау. Біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру тәртібі және мерзімдері
4. Біліктілік санатын беру кәсіптік даярлықты бағалау және растаудың (бұдан әрі – Бағалау) оң нәтижелері негізінде жүзеге асырылады. Мамандарды бағалау Кодекстің 176-1-бабының 1-тармағына сәйкес жүргізіледі.
5. Нақты мамандық бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлікті беруді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық департаменттері (бұдан әрі – аумақтық департаменттер) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орта (техникалық және кәсіптік), орта арнаулы білімнен кейінгі, жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін жүргізеді.
Куәлік "Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) бекітілген мамандықтар бойынша беріледі. 9. Құжаттар қабылдауды аумақтық департаменттер үміткердің тұратын жері бойынша "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырады.
6. Құжаттар қабылдауды аумақтық департаменттер үміткердің тұратын жері бойынша "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жүзеге асырады.
7. Үміткерлер куәлікті алуға арналған құжаттарды аумақтық департаменттерге "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы қолда бар куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын тапсырады.
8. Мерзімі 5 жылға арналған куәлікті алу үшін үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;
кәсіптік даярлықты бағалау және растаудың оң нәтижесінің электрондық көшірмесі;
білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;
соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
соңғы 2 жыл ішіндегі үміткердің есебі (көрсеткіштерді қысқа талдамалық шолуы бар, үміткердің қалауы бойынша осы мамандық үшін анағұрлым маңызды көрсеткіштер);
Қазақстан Республикасынан тыс жерде медициналық білім алған адамдар үшін білімі туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы куәліктің электрондық көшірмесі.
9. Бірінші немесе жоғары біліктілік санаты берілетін (тұрақты мерзімге) мерзімсіз куәлікті алу үшін үміткерлер мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;
соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысуын растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
кәсіптік даярлықты бағалау және растаудың оң нәтижесінің электрондық көшірмесі;
бұрын алынған үш сертификаттың немесе біліктілік санаты берілетін куәліктердің не біліктілік санатын беру туралы бұйрықтардың электрондық көшірмелері.
Бірінші, жоғары санат берілетін мерзімсіз куәлікті алу үшін претендент тиісті мамандқтары бойынша үш рет қатарынан бірінші, жоғары санатты алуы тиіс.
10. Аумақтық департаменттерге құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда, құжаттар тіркелген күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде үміткерге өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді бас тарту жібереді.
11. Куәлікті Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген қажетті құжаттар тіркелген күннен бастап бес жұмыс күн ішінде аумақтық бөлімше береді.
12. Куәлік беру туралы шешім аумақтық департаменттер басшысының бұйрығы түрінде ресімделеді.
13. Қағидалардың 8 және 9-тармақтарында көрсетілген талаптарға үміткер және (немесе) ұсынылған мәліметтер сәйкес келмеген жағдайда қажетті құжаттар тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде үміткерге куәлікті беруден жазбаша уәжді бас тарту жіберіледі.
14. Тегі, аты немесе әкесінің аты (бар болса) өзгерген кезде тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) ауыстырғанын растайтын құжат беріледі;
15. Бірінші, жоғары санат берілетін маманның мерзімсіз куәлігі маманның қолданыстағы сертификаттың немесе куәлігінің мерзімі аяқталуына дейін кемінде алты ай бұрын, бірақ сертификаттың немесе куәліктің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 1 жылдан кешіктірмей беріледі.
16. Маманның жоғары немесе бірінші санат берілетін мерзімсіз куәлікті алуы үшін қатарынан берілген санаттар арасындағы үзілістің бір жылдан аспауына жол беріледі.
17. Жоғары санатқа өтініш берілетін куәлік маманға алдыңғы біліктілік санатын алған күннен бастап үш жылдан ерте берілмейді.
18. Біліктілік санаты мамандарға "Біліктілік санаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 493 бұйрығымен (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11794 болып тіркелген) бекітілген Біліктілік санаттарының тізбесіне сәйкес беріледі.
19. Екінші біліктілік санаты жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар, өтініш берілген мамандық бойынша еңбек өтілі кемінде үш жыл, өтініш берілген санатқа Бағалаудың оң нәтижесі бар мамандарға:
1) кемінде 120 СБ (оның ішінде негізгі 108 СБ, қосымша 12 СБ) көлемінде жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан, жоғары білімі бар мамандар үшін екінші санатқа;
2) кемінде 108 СБ (негізгі) көлемінде орта медициналық білімі бар мамандар үшін үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан, орта техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар үшін екінші санатқа беріледі.
Бірінші біліктілік санаты жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар, өтініш берілген мамандық бойынша еңбек өтілі кемінде алты жыл, өтініш берілген санатқа Бағалаудың оң нәтижесі бар мамандарға:
1) кемінде 254 СБ (оның ішінде негізгі 216 СБ, қосымша 38 СБ) көлемінде жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан, жоғары білімі бар мамандар үшін бірінші санатқа;
2) кемінде 240 СБ (оның ішінде негізгі 216 СБ, қосымша 24 СБ) көлемінде орта медициналық білімі бар мамандар үшін үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан, орта техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар үшін бірінші санатқа беріледі.
Жоғары біліктілік санаты жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар, өтініш берілген мамандық бойынша еңбек өтілі кемінде он жыл, өтініш берілген санатқа Бағалаудың оң нәтижесі бар мамандарға:
1) кемінде 270 СБ (оның ішінде негізгі 216 СБ, қосымша 54 СБ) көлемінде жоғары медициналық білімі бар үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан, жоғары білімі бар мамандар үшін жоғары санатқа;
2) кемінде 254 СБ (оның ішінде негізгі 216 СБ, қосымша 38 СБ) көлемінде орта медициналық білімі бар үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан, орта техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарға жоғары санатқа беріледі.
20. Біліктілік санатын беру кезінде маманның үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысу көлемі СБ қайта есептеу жүйесіне сәйкес СБ-мен (негізгі және қосымша) өлшенеді.
Біліктілікті арттыруды үміткер біліктілігін арттыру курсынан өткен, қосымша кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын ғылыми ұйымдар және денсаулық сақтау саласындағы ұйымдарда, оның ішінде шетелдік ұйымдарда жүзеге асырады (1 апталық оқу – 54 сағат).
Біліктілікті арттыру сағаттарын СБ-ға ауыстыруды үміткер біліктілігін арттыру курсынан өткен ғылыми ұйымдар және денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар жүзеге асырады. СБ оқытудан өткені туралы құжатта көрсетіледі.
Іс-шараларды қосымша СБ-ға ауыстыруды осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесіне сәйкес аумақтық департаменттің лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.
21. Куәлікті алу кезінде мыналар ескеріледі:
1) егер маман өтініш берілген мамандық бойынша соңғы екі жыл ішінде екі және одан да көп денсаулық сақтау органдары және (немесе) ұйымдарында жұмыс істесе, есеп осы органдар және (немесе) ұйымдарда істеген кезге жиынтықтап беріледі;
мамандығы бойынша еңбек қызметінде 12 айдан артық үзіліс болған жағдайда біліктілік санаты берілетін маман куәлігін алу және есеп беру үшін үміткерлер бір жыл жұмыс істейді;
мамандығы бойынша еңбек қызметінде 12 айдан кем үзіліс болған жағдайда үміткер өндірістік қызметтің екі жылын құрайтын жиынтықта үзіліске дейін жұмыс істеген кезеңі үшін есеп береді;
2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметшілер болып табылатын, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік одақтарда (бірлестіктерде) жұмыс істейтін, "қоғамдық денсаулық сақтау" мамандығы бойынша санат алуға үміткер адамдардың жұмыс өтіліне денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік одақтардағы жұмыс өтілі де есептеледі.
22. Куәлік Қазақстан Республикасының аумағында аумақтық департамент басшысы оны беру туралы шешім шығарған күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Осы мерзім өткеннен кейін куәліктің қолданылуы тоқтатылады.
23. Тиісті мамандық бойынша бірінші, жоғары санат берілетін куәліктің қолданылуы осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша қатарынан үш рет бірінші, жоғары санатты алған және бірінші, жоғары санат берілетін мерзімсіз куәлік алған адамдар үшін мерзімсіз болып табылады.
3-тарау. Біліктілік санатын беру туралы куәлікті кері қайтарып алу тәртібі
24. Бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша куәлікті алу кезінде нақты емес ақпарат және куәлікті заңсыз беру фактілері анықталған жағдайда аумақтық департамент куәлікті кері қайтарып алады.
25. Куәлікті кері қайтарып алу осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген фактілердың болуы туралы ақпарат анықталған немесе ол туралы ақпарат алынған сәттен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде аумақтық департаменттің бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.
26. Аумақтық департаменттер куәлікті кері қайтарып алу туралы бұйрықтың көшірмесін үміткердің жұмыс орнына жібереді.
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
Тиісті біліктілік санаты берілетін маман куәлігі
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
___________________________________________________________________
(номенклатура бойынша мамандық)
мамандығы бойынша _______________________________ біліктілік санаты
беріле отырып, осы куәлікті алды.
Куәлікті беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының
20 __ жылғы "__"______________ №_____ бұйрығы.
Куәлік __________________________________________ мерзімге жарамды.
(5 жыл немесе тұрақты деп көрсету)
Тіркеу № ______________
Берілген күні 20__жылғы "__" ________________
Басшының қолы _______________________________ (Т.А.Ә (бар болса)
Өтініш
Сізден ____________________________________________________________
(мамандық атауы)
мамандығы бойынша _________________________________________________
біліктілік санатын беру туралы куәлікті беруді сұраймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін. _______________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20 __ жылғы "__" ________________ (толтырылған күні)
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларына 3-қосымша |
Мәліметтер нысаны
1. Білімі
2. Диплом нөмірі
3. Диплом сериясы
4. Білім беру ұйымының толық атауы
5. Түскен жылы
6. Аяқтаған жылы
7. Диплом бойынша мамандығы
8. Диплом бойынша біліктілігі
9. Дипломды нострификациялау (қажет болған жағдайда)
10. Қайта даярлау туралы куәліктің нөмірі
11. Қайта даярлау мамандығы
12. Оқытатын ұйым атауы
13. Оқу көлемі сағатпен
14. Оқудың басталуы
15. Оқудың аяқталуы
Қолданыстағы куәліктің мәліметтері
16. Берілген күні
17. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі
18. Берген орган
19. Куәліктің қолданылу мерзімі
20. Мамандығы
21. Біліктілік санаты
Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер
22. Өтініш берілген мамандық бойынша жұмыс өтілі
23. Жалпы медициналық жұмыс өтілі
24. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны
25. Атқаратын лауазымы
Өтініш берілген мамандық бойынша еңбек қызметі:
Қабылданған күні | Босатылған күні | Жұмыс орны | Атқаратын лауазымы | Бұйрық № | Бұйрықтың шығарылған күні |
Өтініш берілген мамандық бойынша үздіксіз кәсіптік дамуға ықпал ететін іс-шараларға үміткердің қатысуы туралы ақпарат.
26. Соңғы 5 жыл ішінде жинақталған сынақ бірліктерінің жалпы саны (негізгі және қосымша сынақ бірліктері).
27. Өтініш берілген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішінде жинақталған негізгі сынақ бірліктерінің саны:
1) біліктілікті арттыру туралы куәлік нөмірі
2) циклдың атауы
3) оқытатын ұйымның атауы
4) оқудың басталуы
5) оқудың аяқталуы
6) оқу көлемі сағатпен.
28. Мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішінде жинақталған қосымша сынақ бірліктерінің саны:
уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін санат беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесіне сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша іс-шаралардан өткенін куәландыратын құжат туралы мәліметтер (барлық іс-шараларды, оқу тақырыбының атауын, оқытатын ұйымның атауын, оқудың басталуын, оқудың аяқталуын, сағаттағы немесе сынақ бірліктеріндегі оқу көлемін атап көрсету).
Статистикалық көрсеткіштер көрсетіле отырып, бастапқы есепке алу құжаттамасының деректеріне сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша соңғы 2 жыл ішіндегі үміткерлдің есебі (көрсеткіштерді қысқа талдамалық шолуы бар, үміткердің қалауы бойынша осы мамандық үшін анағұрлым маңызды көрсеткіштер. Есептің мәтіндік көлемі 1 файлдан аспайды).
Статистикалық көрсеткіштер
(көлем, сапа және тиімділік индикаторлары) көрсеткіштері | 20___ жыл | 20___ жыл |
Өтініш
Сізден __________________________________________ мамандығы бойынша
(мамандық атауы)
____________________________________ біліктілік санатын беру туралы
мерзімсіз куәлікті беруді сұраймын.
1) ______________________________________________ мамандығы бойынша
20__жылғы "__" ________________ № ________ куәлік;
2) ______________________________________________ мамандығы бойынша
20__жылғы "__" ________________ № ________ куәлік;
3) ______________________________________________ мамандығы бойынша
20__жылғы "__" ________________ № ________ куәлік.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
_____________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20__жылғы "__" ________________ (толтырылған күні)
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларына 5-қосымша |
Мәліметтер нысаны
Бұрын алынған үш куәліктер туралы мәліметтер:
№ 1 куәлік
1. Берілген күні
2. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі
3. Берген орган
4. Куәліктің қолданылу мерзімі
5. Мамандығы
6. Біліктілік санаты
№ 2 куәлік
7. Берілген күні
8. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі
9. Берген орган
10. Куәліктің қолданылу мерзімі
11. Мамандығы
12. Біліктілік санаты
№ 3 куәлік
13. Берілген күні
14. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі
15. Берген орган
16. Куәліктің қолданылу мерзімі
17. Мамандығы
18. Біліктілік санаты
Үміткердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысуы туралы ақпарат:
19. Соңғы 5 жылда жинақталған сынақ бірліктерінің жалпы саны (негізгі және қосымша сынақ бірліктері)
20. Соңғы 5 жылда жинақталған негізгі сынақ бірліктерінің саны:
1) өтініш берілген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы куәліктің нөмірі
2) циклдың атауы
3) оқытатын ұйымның атауы
4) оқудың басталуы
5) оқудың аяқталуы
6) оқудың сағатпен көлемі
21. Соңғы 5 жыл ішінде жинақталған қосымша сынақ бірліктерінің саны:
уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін жоғары және орта медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандар үшін санат беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесіне сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша іс-шаралардан өткенін куәландыратын құжат туралы мәліметтер (барлық іс-шараларды, оқу тақырыбының атауын, оқытушы ұйымның атауын, оқудың басталуын, оқудың аяқталуын, сағаттағы немесе сынақ бірліктеріндегі оқу көлемін атап көрсету).
Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларына 6-қосымша |
|
нысан |
Біліктілік санатын беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесі
№ | Іс-шаралар | Жоғары білімі бар мамандар үшін сынақ бірліктерінің (СБ) саны | Орта білімі бар мамандар үшін сынақ бірліктерінің (СБ) саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
Негізгі сынақ бірліктері | |||
1 |
Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша біліктілікті арттыру | 54 | 54 |
Қосымша сынақ бірліктері | |||
2 |
Сертификатпен расталған: |
6 |
6 |
3 |
Сертификатпен расталған өтініш берілген мамандық бейіні бойынша семинар, мастер-класқа, тренингке, оның ішінде қашықтық технологияларын қолдана отырып қатысу (тақырыбы, ұзақтығы, өткізілген жері, өткізуді ұйымдастырушы, күні): |
|
|
4 |
Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша монографияны жариялау (тақырыбы, авторлары, басылымы, күні немесе сайтқа сілтеме): |
40 |
40 |
5 |
Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша мақаланы жариялау (тақырыбы, авторлары, басылымның атауы және №, күні немесе сайтқа сілтеме): |
7 |
5 |
6 |
Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша мақаланы ғылыми басылымдарда, оның ішінде шетелдік басылымдарда жариялау (тақырыбы, авторлары, басылымның атауы және №, күні немесе сайтқа сілтеме): |
20 |
20 |
7 |
Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша баяндама тезистерін, ғылыми-практикалық конференция жинақтарында* жариялау (тақырыбы, авторлары, басылымның атауы және №, күні): |
1 тезис = 3 |
1 тезис = 3 |
8 |
Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша әдістемелік ұсынымдарды жариялау (тақырыбы, авторлары, басылым, күні): |
7 |
7 |
9 | Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша өнертабысқа патент алу (куәліктің берілген күні және №) | 20 | 20 |
10 | Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша зияткерлік меншік туралы куәлік алу (куәліктің берілген күні және №) | 15 | 15 |
11 | Құжат берумен расталған өтініш берілген мамандық бейіні бойынша шетелде тағылымдамадан өту (жұмыс орнында оқу) (тақырыбы, ұзақтығы, өткізілген жері, күні) | 1 күн = 5 | 1 күн = 5 |
12 |
Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс (тақырыбы, телеарна мен бағдарламаның атауы, күні): | 4 | 4 |
13 | Құжаттамамен расталған өтініш берілген мамандық бейіні бойынша зерттеулердің/ өлшеулердің жаңа әдістемесін практикалық қызметке енгізу (енгізу актісі) | 10 | 10 |
14 |
Мамандығы бойынша үздік атағына кәсіптік байқаулардағы номинация: |
30/25/20 |
30/25/20 |
15 |
Медицина ғылымының ғылыми атағының болуы: |
5 |
- |
Ескертпе: қосымша бірліктер алу үшін СБ-ны жұмыстардың бір немесе бірнеше түрлерін бірнеше рет орындау есебінен жинау жеткілікті.