Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 тамыздағы № 596 бұйрығы. Қазақстан республикасының Әділет минстрлігінде 2015 жылы 7 қыркүйекте № 12027 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 176-1-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2015 жылғы 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

Қазақстан Республикасы


Ұлттық экономика министрі

Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау және

      әлеуметтік даму министрі

      __________Т. Дүйсенова

      2015 жылғы " "



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 6 тамыздағы
№ 596 бұйрығымен
бекітілген

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру және кері қайтарып алу қағидалары, мерзімдері
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар үшін біліктілік санаттарын беру туралы куәліктерді беру және қайтарып алу қағидалары, мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 176-1-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар адамдарға біліктілік санатын беру тәртібін, сондай-ақ оларды беру және біліктілік санатын беру туралы куәлікті кері қайтарып алу мерзімдерін айқындайды.

      2. Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылды:

      1) біліктілік санатын беру туралы куәлік - тиісті біліктілік санатының берілгенін растайтын құжат (бұдан әрі - куәлік);

      2) маман - медициналық білімі бар, санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі қызметкер;

      3) маманның үздіксіз кәсіптік дамыту жүйесіндегі сынақ бірлігі (бұдан әрі - СБ) - маманның кәсіптік қызметінің белгілі бір кезеңінде үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысу көлемін өлшеудің біріздендірілген шартты бірлігі;

      4) сынақ бірліктерінің жинақтау жүйесі - үміткердің соңғы бес жылда үздіксіз кәсіптік даму іс-шараларына қатысуын жинақтап есепке алу жүйесі;

      5) үміткер - нақты мамандық бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлікті алуға үміткер маман;

      6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы.

      3. 2015 жылғы 9 қазанға дейін берілген біліктілік санаты берілетін сертификаттар, сондай-ақ мерзімсіз сертификаттар біліктілік санаты берілетін куәлікке теңестіріледі және оларда көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін қолданылады.

2. Біліктілік санатын беру туралы куәлікті беру тәртібі

      4. Біліктілік санатын беру кәсіптік даярлықты бағалау және растаудың (бұдан әрі - Бағалау) оң нәтижелері негізінде жүзеге асырылады. Мамандарды бағалау Кодекстің 176-1-бабының 1-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      Бағалаудың теріс нәтижелерін алған адамдар куәлікті алуға жіберілмейді.

      5. Нақты мамандық бойынша біліктілік санатын беру туралы куәлікті беруді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Ведомство) және Ведомствоның аумақтық департаменттері (бұдан әрі - аумақтық департаменттер) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін жүргізеді.

      Куәлік "Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы № 774 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5885 болып тіркелген) бекітілген мамандықтар бойынша беріледі.

      6. Құжаттар қабылдауды Ведомство және аумақтық департаменттер үміткердің тұратын жері бойынша жүзеге асырады.

      Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары білімі бар мамандарға жоғары санатты беру үшін куәлікті алуға арналған құжаттарды үміткер Ведомствоға ұсынады.

      Санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі орта білімі бар мамандарға жоғары санатты, жоғары және орта білімі бар мамандар үшін екінші және бірінші санатты беру үшін куәлікті алуға арналған құжаттар аумақтық департаменттерге ұсынылады.

      7. Үміткерлер куәлікті алуға арналған құжаттарды Ведомствоға немесе аумақтық департаментке қолда бар куәліктің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алты ай бұрын тапсырады.

      Өтініштерді қабылдау және куәлікті беру Ведомствоның немесе оның аумақтық департаментінің кеңсесі арқылы не "электрондық үкіметтің" www.e.gov.kz веб-порталы, www.elicense.kz "Е-лицензиялау" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      8. Куәлікті алу үшін үміткерлер Ведомствоға және аумақтық департаменттерге мынадай құжаттарды ұсынады:

      мерзімі 5 жылға арналған куәлікті алу үшін:

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді;

      бағалаудың оң нәтижесінің көшірмесін (нотариалдық куәландырылған);

      білімі туралы құжаттың көшірмесін (нотариалдық куәландырылған);

      соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысуын растайтын құжаттардың көшірмесін (нотариалдық куәландырылған);

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін (нотариалдық куәландырылған);

      соңғы 2 жыл ішіндегі үміткердің есебін (көрсеткіштерді қысқа талдамалық шолуы бар, үміткердің қалауы бойынша осы мамандық үшін анағұрлым маңызды көрсеткіштер).

      9. Бірінші немесе жоғары біліктілік санаты берілетін (тұрақты мерзімге) мерзімсіз куәлікті алу үшін мамандар Ведомствоға және аумақтық департаменттерге осы Қағидаларға 5-тармаққа сәйкес мынадай құжаттарды ұсынады:

      осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;

      осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтерді;

      Бағалаудың оң нәтижесінің көшірмесін (нотариалдық куәландырылған);

      соңғы 5 жыл ішінде үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысуын растайтын құжаттардың көшірмесін (нотариалдық куәландырылған);

      бұрын алынған үш куәліктің көшірмесін (нотариалдық куәландырылған).

      10. Бірінші, жоғары санат берілетін маманның мерзімсіз куәлігі маманның қолданыстағы куәлігінің мерзімі аяқталуына дейін кемінде алты ай бұрын, бірақ куәліктің қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 1 жылдан кешіктірмей қоса берілетін растайтын құжаттардың негізінде беріледі.

      Үміткердің өкілі жүгінген жағдайда өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік құқығына өкілеттікті куәландыратын құжат ұсынылады.

      Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттағы деректерді Ведомство және оның аумақтық департаменттері уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Үміткер өтінішті толтырудың дұрыстығын, сондай-ақ өзі көрсеткен мәліметтердің дәйектілігін қамтамасыз етеді.

      11. Маманның жоғарғы немесе бірінші санат берілетін мерзімсіз куәлікті алуы үшін қатарынан берілген санаттар арасындағы үзілістің бір жылдан аспауына жол беріледі.

      12. Порталда электрондық құжат нысанындағы сұрау салуды жіберу үміткердің "жеке кабинетінен" жүзеге асырылады. Сұрау салу автоматты түрде Ведомствоға немесе аумақтық департаменттерге жіберіледі.

      13. Ұсынылған құжаттардың толықтығын және мәліметтер нысанының дұрыс толтырылуын тексеруді оларды алған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде Ведомствоның немесе аумақтық департаменттің лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.

      Куәлікті алу үшін осы Қағидаларға сәйкес құжаттар толық ұсынылмаған және маманның білімі атқаратын лауазымы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда Ведомствоның және аумақтық департаменттің басшысы үміткерге құжаттар тіркелген күннен бастап 2 жүмыс күні ішінде құжаттарды одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша бас тарту жібереді.

      14. Жоғары санатқа өтініш берілетін куәлік маманға алдыңғы біліктілік санатын алған күннен бастап үш жылдан ерте берілмейді.

      15. Біліктілік санаты мамандарға "Біліктілік санаттарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 493 бұйрығымен (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11794 болып тіркелген) бекітілген Біліктілік санаттарының тізбесіне сәйкес беріледі.

      16. Екінші біліктілік санаты жоғары және орта медициналық білімі бар, өтініш берілген мамандық бойынша еңбек өтілі кемінде үш жыл, өтініш берілген санатқа Бағалаудың оң нәтижесі бар мамандарға:

      1) кемінде 120 СБ (оның ішінде негізгі 108 СБ, қосымша 12 СБ) көлемінде жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан жоғары білімі бар мамандар үшін екінші санатқа.

      2) кемінде 108 СБ (негізгі) көлемінде жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан орта білімі бар мамандар үшін екінші санатқа беріледі.

      Бірінші біліктілік санаты жоғары және орта медициналық білімі бар, өтініш берілген мамандық бойынша еңбек өтілі кемінде алты жыл, өтініш берілген санатқа Бағалаудың оң нәтижесі бар мамандарға:

      1) кемінде 254 СБ (оның ішінде негізгі 216 СБ, қосымша 38 СБ) көлемінде жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан жоғары білімі бар мамандар үшін бірінші санатқа.

      2) кемінде 240 СБ (оның ішінде негізгі 216 СБ, қосымша 24 СБ) көлемінде орта медициналық білімі бар мамандар үшін үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан орта білімі бар мамандар үшін бірінші санатқа беріледі.

      Жоғары біліктілік санаты жоғары және орта медициналық білімі бар, өтініш берілген мамандық бойынша еңбек өтілі кемінде он жыл, өтініш берілген санатқа Бағалаудың оң нәтижесі бар мамандарға:

      1) кемінде 270 СБ (оның ішінде негізгі 216 СБ, қосымша 54 СБ) көлемінде жоғары медициналық білімі бар үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан жоғары білімі бар мамандар үшін жоғары санатқа.

      2) кемінде 254 СБ (оның ішінде негізгі 216 СБ, қосымша 38 СБ) көлемінде орта медициналық білімі бар үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысқан орта білімі бар мамандарға жоғары санатқа беріледі.

      17. Біліктілік санатын беру кезінде маманның үздіксіз кәсіптік дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысу көлемі СБ-ны қайта есептеу жүйесіне сәйкес СБ-мен (негізгі және қосымша) өлшенеді.

      Біліктілікті арттыруды үміткер біліктілігін арттыру курсынан өткен, қосымша кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын Ведомствоның ұйымдары, мемлекеттік аттестаттаудан өткен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар және білім беру ұйымдары, оның ішінде шетелдік ұйымдар жүзеге асырады.

      Біліктілікті арттыру сағаттарын негізгі СБ-ға ауыстыруды үміткер біліктілігін арттыру курсынан өткен Ведомствоның ұйымдары, денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар және білім беру ұйымдары жүзеге асырады. СБ оқытудан өткені туралы құжатта көрсетіледі.

      Іс-шараларды қосымша СБ-ға ауыстыруды осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы жоғары және орта медициналық білімі бар мамандарға біліктілік санатын беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесін Ведомствоның және аумақтық департаменттің лауазымды тұлғасы жүзеге асырады.

      18. Әңгімелесу өткізу үшін Ведомство және аумақтық департаменттер басшысының бұйрығымен Ведомство, аумақтық департаменттер, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталықтары, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы республикалық және ғылыми ұйымдардың қызметкерлері қатарынан мамандандырылған комиссиялар (бұдан әрі - мамандандырылған комиссия) құрылады.

      19. Әңгімелесу бір жыл ішінде тоқсанына 1 реттен сиретпей өткізіледі.

      20. Мамандандырылған комиссия мүшелерінің құрамы тақ саннан тұратын кемінде 9 адамнан болуы тиіс. Мамандандырылған комиссияның төрағасы санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мәселелерге жетекшілік ететін Ведомство төрағасының орынбасары немесе аумақтық департаменттің санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі мәселелерге жетекшілік ететін басшысының орынбасары болып табылады.

      21. Мамандандырылған комиссияның төрағасы мамандандырылған комиссия мүшелері қатарынан төрағаның орынбасарын тағайындайды.

      22. Мамандандырылған комиссияның отырысы оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, занды деп есептеледі.

      Дауыс беру нәтижесі комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен айқындалады. Мамандандырылған комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады.

      Комиссия хатшысы мамандандырылған комиссияның құрамына кірмейді.

      23. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандандырылған комиссия отырысының хаттамасы ресімделеді.

      24. Ведомство және аумақтық департаменттер әңгімелесуден кейін Ведомство және аумақтық департаменттер басшысының бұйрығы түрінде ресімделетін куәлік беру туралы шешімді шығарады.

      25. Куәлікті Ведомство және аумақтық департамент қажетті құжаттар тіркелген күннен бастап 22 жұмыс күні ішінде береді.

      Порталда үміткер куәлікті осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттар тіркелген күннен бастап 22 жұмыс күні ішінде уәкілетті лауазымды тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетінде" алады.

      Үміткер қағаз тасығыштағы куәлікті алу үшін Ведомствоға немесе аумақтық департаментке жүгінген жағдайда, қажеттілігіне қарай куәлік электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен куәландырылады және уәкілетті орган басшысының қолы қойылады.

      26. Куәлікті алу кезінде мыналар ескеріледі:

      1) егер маман өтініш берілген мамандық бойынша соңғы екі жыл ішінде екі және одан да көп денсаулық сақтау ұйымдарында, Ведомствода немесе аумақтық департаментте жұмыс істесе, онда есепті осы ұйымдардың басшылары жеке-жеке бекітеді;

      мамандығы бойынша еңбек қызметінде 12 айдан артық үзіліс болған жағдайда біліктілік санаты берілетін маман куәлігін алу және есеп беру үшін үміткерлер бір жыл жұмыс істейді;

      мамандығы бойынша еңбек қызметінде кемінде 12 ай үзіліс болған жағдайда үміткер өндірістік қызметтің екі жылын құрайтын жиынтықта үзіліске дейін және үзілістен кейін жұмыс істеген кезеңі үшін есеп береді;

      бала күтімі бойынша үш жылдан артық демалыста болған жағдайда үміткер бір жыл жұмыс істеуі тиіс, есеп үзіліске дейін және үзілістен кейін жұмыс істеген кезеңі үшін жиынтықта беріледі;

      2) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметшілер болып табылатын, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік одақтарда (бірлестіктерде) жұмыс істейтін, "қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша санат алуға үміткер адамдардың жұмыс өтіліне денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде мемлекеттік қызметтегі, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік одақтардағы жұмыс өтілі де есептеледі.

      27. Куәлік Қазақстан Республикасының аумағында Ведомствоның немесе аумақтық департаменттердің басшысы оны беру туралы шешім шығарған күннен бастап бес жыл бойы қолданылады. Осы мерзім өткеннен кейін куәліктің қолданылуы тоқтатылады.

      28. Тиісті мамандық бойынша бірінші, жоғары санат берілетін куәліктің қолданылуы өтініш берілген мамандық бойынша қатарынан үш рет бірінші, жоғары санатты алған адамдар үшін мерзімсіз болып табылады.

3. Біліктілік санатын беру туралы куәлікті кері қайтарып алу тәртібі

      29. Куәлікті кері қайтарып алуды мемлекеттік орган:

      1) мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша анықталған тиісті біліктілік санатын алу кезінде мәліметтер нысанында бұрмаланған немесе дұрыс емес ақпараттың ұсынылу;

      2) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу бойынша заңсыз қызметпен айналысу;

      3) халықтың декреттелген топтарына гигиеналық оқыту жүргізу бойынша заңсыз қызметпен айналысу;

      4) азаматтардың және заңды тұлғалардың соңғы екі жыл ішіндегі тексеру актілерімен расталған, мемлекеттік органдарға бір жеке тұлғаның қызметіне халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтерді көрсетуіне үш және одан артық негізді шағымдарының (өтініштерінің) болу фактілері анықталған жағдайларда жүзеге асырады.

      30. Куәлікті кері қайтарып алу осы куәлікті берген Ведомствоның және аумақтық департаменттердің бұйрығы негізінде осы Қағидалардың 29-тармағында санамаланған жағдайлардың болуы анықталған немесе ол туралы ақпарат алынған сәттен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

      31. Аумақтық департаменттер куәлікті кері қайтарып алу туралы бұйрықтың көшірмесін Ведомствоға және үміткердің жұмыс орнына жібереді.

  Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандар үшін
біліктілік санатын беру туралы
куәлікті беру және кері қайтарып
алу қағидалары, мерзімдеріне
1-қосымша

      нысан

Тиісті біліктілік санаты берілетін маман куәлігі

      _____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________

      (номенклатура бойынша мамандық)

      мамандығы бойынша___________________________________біліктілік санаты

      беріле отырып, осы куәлікті алды.

      Куәлікті беру туралы шешім шығарған мемлекеттік орган басшысының 20__жылғы "__" №_____ бұйрығы.

      Куәлік__________________________________ мерзімге жарамды.

      (5 жыл немесе тұрақты деп көрсету)

      Тіркеу № ______________

      Берілген күні 20__жылғы "__" ________________

      Басшының қолы _________________________

      (Т.А.Ә, (бар болса)

  Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандар үшін
біліктілік санатын беру туралы
куәлікті беру және кері қайтарып алу
қағидалары, мерзімдеріне
2-қосымша

      нысан

      ____________________________

      (мемлекеттік органның атауы,

      басшының Т.А.Ә. (бар болса)

      басшысы

      ____________________________

      ____________________________

      кімнен______________________

      ________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының,

      Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН)

      ________________________________

      ________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны

Өтініш

      Сізден

      _____________________________________________________________________

      (мамандық атауы)

      мамандығы бойынша________________________біліктілік санаты берілетін

      біліктілік емтиханына жіберуді сұраймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      ________________________________________

  (көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20__жылғы " " ______________________
(толтырылған күні)
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандар үшін
біліктілік санатын беру туралы
куәлікті беру және кері қайтарып алу
қағидалары, мерзімдеріне
З-қосымша
нысан

Мәліметтер нысаны

      1. Білімі

      2. Дипломының нөмірі

      3. Дипломының сериясы

      4. Білім беру ұйымының толық атауы

      5. Түскен жылы

      6. Аяқтаған жылы

      7. Диплом бойынша мамандығы

      8. Диплом бойынша біліктілігі

      9. Дипломды нострификациялау (қажет болған жағдайда)

      Өтініш берілген мамандық бойынша қайта даярлау жөніндегі куәлік

      туралы мәліметтер

      10. Қайта даярлау жөніндегі куәліктің нөмірі

      11. Қайта даярлау мамандығы

      12. Оқытатын ұйымның атауы

      13. Оқыту көлемі сағатпен

      14. Оқытудың басталуы

      15. Оқытудың аяқталуы

      Қолданыстағы куәлік мәліметтері

      16. Берілген күні

      17. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі

      18. Берген орган

      19. Куәліктің қолданылу мерзімі

      20. Мамандығы

      21. Біліктілік санаты

      Қазіргі жұмыс орны туралы мәліметтер

      22. Өтініш берілген мамандық бойынша жұмыс өтілі

      23. Жалпы медициналық жұмыс өтілі

      24. Қазіргі уақыттағы жұмыс орны

      25. Атқаратын лауазымы

      Өтініш берілген мамандық бойынша еңбек қызметі:

Қабылданған

күні

Босатылған

күні

Жұмыс

орны

Атқаратын

лауазымы

бұйрық

Бұйрықтың

шығарылған

күні














      Өтініш берілген мамандық бойынша үздіксіз кәсіптік дамуға ықпал ететін іс-шараларға үміткердің қатысуы туралы ақпарат.

      26. Соңғы 5 жыл ішінде жинақталған сынақ бірліктерінің жалпы саны (негізгі және қосымша сынақ бірліктері).

      27. Өтініш берілген мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішінде жинақталған негізгі сынақ бірліктерінің саны:

      1) өтініш берілген мамандық бойынша біліктілікті арттыру куәлігі туралы мәліметтер;

      2) біліктілікті арттыру туралы куәліктің нөмірі;

      3) циклдің атауы;

      4) оқытатын ұйымның атауы;

      5) оқудың басталуы;

      6) оқудың аяқталуы;

      7) оқу көлемі сағатпен.

      28. Мамандық бойынша соңғы 5 жыл ішінде жинақталған қосымша сынақ бірліктерінің саны:

      уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін санат беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесіне сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша іс-шаралардан өткенін куәландыратын құжат туралы мәліметтер (барлық іс-шараларды, оқу тақырыбының атауын, оқытатын ұйымның атауын, оқудың басталуын, оқудың аяқталуын, сағаттағы немесе сынақ бірліктеріндегі оқу көлемін атап көрсету).

      Статистикалық көрсеткіштерді көрсете отырып, алғашқы есептік құжаттама деректеріне сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша соңғы 2 жыл ішіндегі үміткердің есебі (үміткердің қалауы бойынша көрсеткіштерге қысқаша талдамалық шолуы бар осы мамандық үшін анағұрлым маңызды көрсеткіштер. Көлемі 1 файлдан аспайтын мәтіндік есеп)

      Статистикалық көрсеткіштер

(көлем, сапа және тиімділік

индикаторлары) көрсеткіштері

20__ жыл

20__ жыл











      Тәртіптік, әкімшілік жазалар, көтермелеулер туралы мәліме 5 жыл ішінде)

      29. Тәртіптік жазалар:

      1) Ескерту;

      2) Сөгіс;

      3) қатаң сөгіс;

      4) еңбек шартын бұзу.

      30. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік жазалар (бапты көрсете отырып)

      31. Көтермелеулер

  Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандар үшін
біліктілік санатын беру туралы
куәлікті беру және кері қайтарып алу
қағидалары, мерзімдеріне
4-қосымша

      нысан

      _____________________________

      (мемлекеттік органның атауы,

      басшының Т.А.Ә. (бар болса)

      басшысы

      ____________________________

      ____________________________

      кімнен______________________

      ________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының,

      Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН)

      ________________________________

      ________________________________

      Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны

Өтініш

      Сізден________________________________________________мамандығы

      (мамандық атауы)

      бойынша__________________________біліктілік санатын беру туралы

      (бірінші, жоғары)

      мерзімсіз куәлікті беруді сұраймын.

      1)____________ мамандығы бойынша__жылғы "__" №___куәлік.

      2) ___________ мамандығы бойынша__жылғы "__" №___куәлік.

      3) ___________ мандығы бойынша ___ жылғы "__" №__куәлік.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      _____________________________________

  (көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20 ___ жылғы " " ___________________
(толтырылған күні)
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандар үшін
біліктілік санатын беру туралы
куәлікті беру және кері қайтарып алу
қағидалары, мерзімдеріне
5-қосымша

Мәліметтер нысаны

      Бұрын алынған үш куәлік туралы мәліметтер:

      № 1 куәлік

      1. Берілген күні

      2. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі

      3. Берген орган

      4. Куәліктің қолданылу мерзімі

      5. Мамандығы

      6. Біліктілік санаты

      № 2 куәлік

      7. Берілген күні

      8. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі

      9. Берген орган

      10. Куәліктің қолданылу мерзімі

      11. Мамандығы

      12. Біліктілік санаты

      № 3 куәлік

      13. Берілген күні

      14. ӘҚНЖК нөмірі/тіркеу нөмірі

      15. Берген орган

      16. Куәліктің қолданылу мерзімі

      17. Мамандығы

      18. Біліктілік санаты

      Үміткердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ететін іс-шараларға қатысуы туралы ақпарат

      19. Соңғы 5 жылда жинақталған сынақ бірліктерінің жалпы саны (негізгі және қосымша сынақ бірліктері)

      20. Соңғы 5 жылда жинақталған негізгі сынақ бірліктерінің саны:

      1) біліктілігін арттыру куәлігі туралы мәліметтер

      2) өтініш берілген мамандық бойынша біліктілігін арттыру туралы куәліктің нөмірі

      3) циклдың атауы

      4) оқытатын ұйымның атауы

      5) оқудың басталуы

      6) оқудың аяқталуы

      7) оқудың сағатпен көлемі

      21. Соңғы 5 жыл ішінде жинақталған қосымша сынақ бірліктерінің саны:

      уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін жоғары және орта медициналық білімі бар мамандар үшін санат беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу жүйесіне сәйкес өтініш берілген мамандық бойынша іс-шаралардан өткенін куәландыратын құжат туралы мәліметтер (барлық іс-шараларды, оқу тақырыбының атауын, оқытушы ұйымның атауын, оқудың басталуын, оқудың аяқталуын, сағаттағы немесе сынақ бірліктеріндегі оқу көлемін атап көрсету).

  Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандар үшін
біліктілік санатын беру туралы
куәлікті беру және кері қайтарып алу
қағидалары, мерзімдеріне
6-қосымша

      нысан

Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы
саласындағы жоғары және орта медициналық білімі бар мамандарға
біліктілік санатын беру кезінде сынақ бірліктерін қайта есептеу
жүйесі

Іс-шаралар

Жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін сынақ бірліктерінің (СБ) саны

Орта медициналық білімі бар мамандар үшін сынақ бірліктерінің (СБ) саны

1

2

3

4

Негізгі сынақ бірліктері

1

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша біліктілікті арттыру: оқудың 1 аптасы - 54 сағат Ведомствоның ұйымдарында, мемлекеттік аттестаттаудан өткен денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарда және білім беру ұйымдарында, оның ішінде шетелдік ұйымдарда өткен өтініш берілген мамандық бейіні бойынша біліктілікті арттыру сағаттары ескеріледі

54

54

Қосымша сынақ бірліктері

2

Сертификатпен расталған:

1) облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда (қатысу/баяндамамен қатысу)

2) республикалық (қатысу/баяндамамен қатысу)

3) халықаралық (қатысу/баяндамамен қатысу) деңгейдегі съезд, конгресс, конференция жұмысына қатысу (тақырыбы, өткен жері, өткізуді ұйымдастырушы, күні)

3/6

5/10

7/14

3/6

5/10

7/14

3

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша Ведомствоның органдары мен ұйымдары, мемлекеттік медициналық білім беру және ғылыми ұйымдар өткізетін семинарларға, дәрістерге, медициналық білім беру және ғылыми ұйымдардың, медициналық журналдардың, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық порталдардың мамандандырылған сайттары, оның ішінде қашықтықтан білім беру технологияларын (ТД; телемедициналық технологияларды қоса алғанда желілік технологияларды) қолдана отырып, өткізетін вебинарларына қатысу (тақырыбы, ұзақтығы сағатпен, өткен жері, өткізуді ұйымдастырушы, күні)

1 сағат = 1






4

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша монографияны жариялау (тақырыбы, авторлары, басылымы, күні):

1) Моноавторлық/бірінші автор

2) Бірлескен авторлық




20

10




5

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша ғылыми мақаланы МАК тізбесі бойынша басылымдарда жариялау (тақырыбы, авторлары, басылымның атауы және №, күні):

1) Моноавторлық / бірінші автор

2) Бірлескен авторлық





7

5






6

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша ғылыми мақаланы шетелдік басылымдарда жариялау (тақырыбы, авторлары, басылымның атауы және №, күні):

1) Моноавторлық / бірінші автор

2) Бірлескен авторлық

Беделді халықаралық деректер базасында индекстелетін, халықаралық рецензия алатын журналдарда (peer-reviewed):

1) Моноавторлық / бірінші автор

2) Бірлескен авторлық





10

8




20

15






7

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша ғылыми мақаланы басқа мамандандырылған (медициналық) басылымдарда, оның ішінде медициналық білім беру және ғылыми ұйымдардың, медициналық журналдардың, денсаулық сақтау саласындағы ақпараттық порталдардың мамандандырылған сайттарында жариялау (тақырыбы, авторлары, атауы, күні, басылымның № немесе сайтқа сілтеме):

1) Моноавторлық / бірінші автор

2) Бірлескен авторлық









5

3









10

8

8

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша баяндама тезистерін ғылыми-практикалық конференциялардың жинақтарында жариялау * (тақырыбы, авторлары, басылымның атауы және №, күні):

1) республикалық деңгейде

2) халықаралық деңгейде

автор мен бірінші 3 бірлескен авторға есептеледі





1 тезис = 3

1 тезис = 5





1 тезис = 3

1 тезис = 5

9

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша әдістемелік ұсынымдарды жариялау (тақырыбы, авторлары, басылым, күні):

1) Моноавторлық/бірінші автор

2) Бірлескен авторлық




7

5




7

5

10

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша өнертабысқа патент алу (куәліктің берілген күні және №)

20

20

11

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша зияткерлік меншік туралы куәлік алу (куәліктің берілген күні және №)

15

15

12

Жұмыс сағаттарының саны туралы құжат берумен расталған өтініш берілген мамандық бейіні бойынша шетелде тағылымдамадан өту (жұмыс орнында оқу) (тақырыбы, ұзақтығы, өткен жері, күні)

1 күн = 5

1 күн = 5

13

Өтініш берілген мамандық бойынша мастер-класқа, тренингке, оның ішінде қашықтықтан технологияларын қолдана отырып қатысу (тақырыбы, ұзақтығы, өткізілген жері, өткізуді ұйымдастырушы, күні):

1) Қазақстан Республикасында 1 күн - 6 сағат;

2) шетелде - 1 күн - 6 сағат






6

8






6

8

14

Өтініш берілген мамандық бейіні бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс (тақырыбы, телеарна мен бағдарламаның атауы, күні): - денсаулық сақтау мәселелеріне арналған теле- және радио хабарларына қатысу

4

4

15

Құжаттамамен расталған өтініш берілген мамандық бейіні бойынша зертеулердің/өлшеулердің жаңа әдістемесін практикалық қызметке енгізу (енгізу актісі)

10

10

16

Мамандығы бойынша үздік атағына кәсіптік байқаулардағы номинация:

1) Республикалық деңгейде:

1-орын / 2-орын / 3-орын

2) Облыстық, республикалық деңгейдегі қалалар:

1-орын / 2-орын / 3-орын

3) Қалалық деңгейде

1-орын / 2-орын / 3-орын

4) Аудандық деңгейде 1-орын / 2-орын / 3-орын



30/25/20



20/15/10



15/12/8



12/8/6



30/25/20



20/15/10



15/12/8



12/8/6

17

Медицина ғылымының ғылыми атағының болуы:

1) медицина ғылымының кандидаты

2) медицина ғылымының докторы



10

20



-


      Ескертпе: қосымша бірліктер алу үшін СБ-ны жұмыстардың бір немесе бірнеше түрлерін бірнеше рет орындау есебінен жинауға болады.

  Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық
саламаттылығы саласындағы мамандар үшін
біліктілік санатын беру туралы
куәлікті беру және кері қайтарып алу
қағидалары, мерзімдеріне
7-қосымша

      нысан

Мамандандырылған комиссия отырысының
20____ жылғы "__" ______№ __хаттамасы

      _____________________________________________________________________

      (органның атауы)

      ___________________________________________________________комиссиясы

      1. Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)____________________

      2. Мамандығы_________________________________________________________

      3. Бағалау нәтижесі__________________________________________________

      4. Әңгімелесу нәтижесі_______________________________________________

      5. Мынадай:__________________________________________________________

      ____________________________________________________мамандығы бойынша

      (номенклатура бойынша мамандық)

      ____________________________________біліктілік санатын беру ұсынылды.

      ____________________________________________________мамандығы бойынша

      (номенклатура бойынша мамандық)

      _____________________________біліктілік санатын беруден бас тартылды.

      ____________________________________________________мамандығы бойынша

      (номенклатура бойынша мамандық)

      өтініш білдірген________біліктілік санатынан тәмен_________біліктілік

      санатын беру ұсынылды.

      6. Мамандандырылған комиссия мүшелерінің шешім қабылдау бойынша

      дауыс беру қорытындылары: "иә", _______ "қарсы" ______________.

      7. Мамандандырылған комиссияның ескертулері, ұсынымдары

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы ________________________

      Комиссия хатшысы _________________________

      Комиссия мүшелері: _______________________

      хаттамамен таныстым_______________________

      (үміткердің қолы және күні)