Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Бақылау және қадағалау әдіснамасы департаменті (Әбдірахманов Н.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
5. Осы қаулы Тізбенің 1-қосымшасының 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін реттік нөмірі 65, 67 және 95-жолдарын, Тізбенің 3-қосымшасының реттік нөмірі 45, 47 және 67-жолдарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Тізбенің 1-тармағының тоқсан үшінші – тоқсан жетінші абзацтары, Тізбенің 2-тармағының елу алтыншы – алпыс бірінші абзацтары 2015 жылғы 1 тамыздан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 4-тармағы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.
Тізбенің 1-қосымшасының реттік нөмірі 86 және 87-жолдары және Тізбенің 3-қосымшасының реттік нөмірі 58 және 59-жолдары 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 17 шілдедегі
№ 140 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі
1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. «Банк конгломератына арналған нормативтік мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7601 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банк конгломератына арналған нормативтік мәндері және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерінде, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффиценті мынадай мөлшерлерде белгіленеді:
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,075 (қоса алғанда);
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,08 (қоса алғанда);
2017 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,09 (қоса алғанда);
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,10 (қоса алғанда);
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап кемінде 0,12 (қоса алғанда).».
4. «Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8594 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2013 жылғы 5 қыркүйекте № 133 (2334) жарияланған, 2013 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетені № 8, 46-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі – банктер) мынадай бағалы қағаздармен:
«В-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «В2»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) рейтингісі бар шетел эмитенттерінің облигацияларымен;
«В-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «В2»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) рейтингісі не жоғарыда көрсетілген рейтингтік агенттіктердің ұлттық шкаласы бойынша осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигацияларымен сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асырады деп белгіленсін. Осы абзацтың мақсаттары үшін жарғылық капиталдарына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының 50 (елу) пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Ұлттық Банкке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар болып табылатын Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингісін иеленетін Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигациялары ретінде танылады;
«ВВВ-»-тен төмен емес (Standard & Poor's және (немесе) Fitch рейтингтік агенттіктердің жіктеуі бойынша) немесе «Ваа3»-тен төмен емес (Moody's Investors Service рейтингтік агенттіктің жіктеуі бойынша) шетел валютасындағы ұзақ мерзімді тәуелсіз рейтингісі бар елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен сатып алу-сату мәмілелерін жүзеге асырады деп белгіленсін.»;
2-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесіне
1-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесінің
2-қосымшасы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесінің
3-қосымшасы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
банк қызметін реттеу мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесінің
4-қосымшасы
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.