"Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 259 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 тамызда № 11964 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған "Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті (А.Р. Райымқұлова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ.А. Ахмедьяровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
міндетін атқарушы
Д. Болатханұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің міндетін
атқарушының
2015 жылғы 29 шілдедегі
№ 259 бұйрығымен
бекітілген

"Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектігі бар адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 01.12.2022 № 346 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 01.07.2023 № 166 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы:

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі.

      2. Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары:

      Бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектігі бар адамдар, он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар.

      3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:

№ п/п

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/ нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Норманың/нормативтің мөлшері

1

2

3

4

1.

Бюджет қаражаты есебінен өткізетін концерттік мекемелерге қол жетімділікті қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.

2.

Бюджет қаражаты есебінен өткізетін театрларға қол жетімділікті қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.

3.

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мәдени-ойын-сауық мекемелеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.

4.

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын кітапханаларға қол жетімділікті қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.

5.

Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын музейлер және музей- қорықтарға қол жетімділікті қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі;
"Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бірінші және екінші топ мүгедектігі бар адамдар мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектігі бар адамдар көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді.

6.

Бюджет қаражаты есебінен өткізетін цирктердің қойылымдарына қол жетімділікті қамтамасыз ету