«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 шілдегі № 587 бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 11731 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 шілдеде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімдік баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбековаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 14 тамыздағы
№ 665 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 15 шілдедегі
№ 587 бұйрығына қосымша
Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға
2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
р/с |
Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары |
Бөлінген орындардың саны |
Мамандықтардың атауы |
Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжі |
911, оның ішінде қазақ тілінде 497 білім алушы |
Емдеу ісі |
97, оның ішінде қазақ тілінде 74 білім алушы, Ауғанстаннан келген 8 тыңдаушы |
Мейіргер ісі |
417, оның ішінде қазақ тілінде 201 білім алушы, оның ішінде - 30 «Массажист» біліктілігімен, оның ішінде 175, оның ішінде қазақ тілінде 100 білім алушы, «Массажист» біліктілігімен орыс тілінде 16 білім алушы жаңадан қабылдау |
|||
Ортопедиялық стоматология |
қазақ тілінде 50 білім алушы, оның ішінде қазақ тілінде 25 білім алушы жаңадан қабылдау |
|||
Зертханалық диагностика |
248, оның ішінде қазақ тілінде 124 білім алушы, оның ішінде жаңадан қабылдау: 75, оның ішінде қазақ тілінде 50 білім алушы |
|||
Фармация |
орыс тілінде 51 білім алушы, оның ішінде орыс тілінде 25 білім алушы жаңадан қабылдау |
|||
Гигиена және эпидемиология |
қазақ тілінде 48 білім алушы |
|||
2. |
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы |
қазақ тілінде 299 білім алушы |
Емдеу ісі |
қазақ тілінде 150 білім алушы, оның ішінде қазақ тілінде 50 білім алушы жаңадан қабылдау |
Фармация |
қазақ тілінде 99 білім алушы, оның ішінде |
|||
Мейіргер ісі |
қазақ тілінде 50 білім алушы, оның ішінде қазақ тілінде 25 білім алушы жаңадан қабылдау |
|||
3. |
«Эмили» медициналық орталығы |
54, оның ішінде қазақ тілінде 28 білім алушы |
Мейіргер ісі |
54, оның ішінде қазақ тілінде 28 білім алушы |
4. |
Қарағанды қаласының медициналық колледжі |
73, оның ішінде қазақ тілінде 50 білім алушы |
Мейіргер ісі |
48, оның ішінде қазақ тілінде 25 білім алушы |
Емдеу ісі |
қазақ тілінде 25 білім алушы |