Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 587 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 шілдеде № 11731 тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 453 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                     Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және 
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 15 шілдедегі 
№ 587 бұйрығына қосымша

Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға
2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 14.08.2015 № 665 (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

Бөлінген орындардың саны

Мамандықтардың атауы

Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны

1

2

3

4

5

1.

Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледжі

911, оның ішінде қазақ тілінде 497 білім алушы
 
 
 
 
 

Емдеу ісі

97, оның ішінде қазақ тілінде 74 білім алушы, Ауғанстаннан келген 8 тыңдаушы

Мейіргер ісі


417, оның ішінде қазақ тілінде 201 білім алушы, оның ішінде - 30 «Массажист» біліктілігімен, оның ішінде 175, оның ішінде қазақ тілінде 100 білім алушы, «Массажист» біліктілігімен орыс тілінде 16 білім алушы жаңадан қабылдау

Ортопедиялық стоматология

қазақ тілінде 50 білім алушы, оның ішінде қазақ тілінде 25 білім алушы жаңадан қабылдау

Зертханалық диагностика

248, оның ішінде қазақ тілінде 124 білім алушы, оның ішінде жаңадан қабылдау: 75, оның ішінде қазақ тілінде 50 білім алушы

Фармация


орыс тілінде 51 білім алушы, оның ішінде орыс тілінде 25 білім алушы жаңадан қабылдау

Гигиена және эпидемиология

қазақ тілінде 48 білім алушы

2.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

қазақ тілінде 299 білім алушы
 

Емдеу ісі

қазақ тілінде 150 білім алушы, оның ішінде қазақ тілінде 50 білім алушы жаңадан қабылдау

Фармация

қазақ тілінде 99 білім алушы, оның ішінде
қазақ тілінде 25 білім алушы жаңадан қабылдау

Мейіргер ісі

қазақ тілінде 50 білім алушы, оның ішінде қазақ тілінде 25 білім алушы жаңадан қабылдау

3.

«Эмили» медициналық орталығы

54, оның ішінде қазақ тілінде 28 білім алушы

Мейіргер ісі

54, оның ішінде қазақ тілінде 28 білім алушы

4.

Қарағанды қаласының медициналық колледжі

73, оның ішінде қазақ тілінде 50 білім алушы

Мейіргер ісі

48, оның ішінде қазақ тілінде 25 білім алушы

Емдеу ісі

қазақ тілінде 25 білім алушы