Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 10.12.2018 № 865 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 10.12.2018 № 865 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
__________Б. Сұлтанов
2015 жылғы 2 шілде
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________ Е. Досаев
2015 жылғы 20 шілде
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 705 бұйрығымен бекітілген |
Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтері
Ескерту. Нормативтер жаңа редакцияда – ҚР Көлік министрінің м.а. 04.08.2025 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-кесте |
№ | Облыстардың атауы |
Ағымдағы жөндеу |
Күтіп-ұстау |
Жол қызметін басқару | |
Автомобиль жолдарын | Автомобиль жолдарын паспорттау | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Абай | 1 108,14 | 2 032,92 | 140,56 | 100,49 |
2 | Ақмола | 1 021,42 | 2 385,84 | 140,29 | 105,99 |
3 | Ақтөбе | 971,03 | 2 193,62 | 135,92 | 98,31 |
4 | Алматы | 886,05 | 1 897,99 | 160,01 | 125,24 |
5 | Атырау | 522,04 | 1 747,39 | 139,71 | 99,77 |
6 | Батыс Қазақстан | 914,41 | 2 121,59 | 138,16 | 100,30 |
7 | Жамбыл | 865,3 | 2 031,81 | 149,74 | 114,56 |
8 | Жетісу | 886,05 | 1 897,99 | 154,54 | 120,84 |
9 | Қарағанды | 932,3 | 2 310,7 | 146,53 | 110,03 |
10 | Қостанай | 893,31 | 2 091,5 | 142,39 | 102,85 |
11 | Қызылорда | 588,41 | 1 848,84 | 138,61 | 102,49 |
12 | Маңғыстау | 487,76 | 1 791,02 | 167,88 | 121,83 |
13 | Павлодар | 928,56 | 2 057,58 | 134,60 | 93,41 |
14 | Солтүстік Қазақстан | 951,89 | 2 026,24 | 133,32 | 92,29 |
15 | Түркістан | 600,03 | 1 851,47 | 154,45 | 123,49 |
16 | Ұлытау | 932,3 | 2 310,7 | 135,83 | 97,35 |
17 | Шығыс Қазақстан | 1 108,14 | 2 032,92 | 149,35 | 111,10 |
1. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеуді, күтіп-ұстауды және жол қызметін басқаруды қаржыландыру нормативтері (бұдан әрі - қаржыландыру нормативтері) күтіп-ұстаудағы автомобиль жолдарын көгалдандыру және қысқы күтіп-ұстау шығындарын қамтиды.
2. Автомобиль жолдарын қаржыландыру нормативтері III техникалық санаттағы жолдың 1 км үшін келтірілген.
3. Қажетті санаттың қаржыландыру нормативтерін есептеу үшін төменде келтірілген жол санаттары бойынша саралау коэффициенттері қолданылады:
2-кесте |
Жұмыстар түрі | Автомобиль жолдарының техникалық санаттары | ||||||
Iа/Iб 8 жолақ | Iа/Iб 6 жолақ | Iа/Iб 4 жолақ | II | III | IV | V | |
Саралау коэффициенттері | |||||||
Ағымдағы жөндеу | 5,06/3,37 | 3,90/2,60 | 2,73/1,82 | 1,13 | 1 | 0,74 | 0,47 |
Жол қызметін басқару, күтіп-ұстау, | 4,59/3,06 | 3,63/2,42 | 2,67/1,78 | 1,24 | 1 | 0,89 | 0,73 |
4. Қаржыландыру нормативтері 2023 жылғы бағада ҚҚС-сыз келтірілген. ҚҚС тиісті жылға арналған "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерде қабылданады.
5. 2023 жылғы базалық бағадан ағымдағы деңгейге көшу АЕК өзгеру индексі арқылы жүзеге асырылады - жоспарланған жылдың АЕК-нің 2023 жылдың АЕК-не қатынасы. АЕК мөлшері бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын белгіленеді.
6. Автомобиль жолдарының учаскелерінде нақты қозғалыс қарқындылығы нормативтен асатын жағдайда қаржыландыру нормативтеріне қосымша арттырушы коэффициенті қолданылады:
II техникалық санатты автомобиль жолдары үшін 7000 көлік/тәуліктен жоғары - 1,5;
I техникалық санатты автомобиль жолдары үшін 14 000 көлік/тәуліктен жоғары - 1,7;
7. Құрылыстан/реконструкциялаудан, орташа/күрделі жөндеуден кейін кепілдікте тұрған автомобиль жолдарының учаскелерінде қаржыландыру нормативтеріне - 0,75 төмендету коэффициенті қосымша қолданылады. Жол киімдерінің конструкциясын қалпына келтіру жұмыстары құрылыс, реконструкциялау, орта, күрделі жөндеу мердігерінің есебінен орындалады.
8. Қаржыландыру нормативтеріне автомобиль жолдары мен олардағы құрылыстарды жарықтандыруға арналған электр энергиясының, сондай-ақ ақылы автомобиль жолдарында жол жүру ақысын алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін жөндеуге және күтіп-ұстауға, ақылы автомобиль жолдарындағы интеллектуалдық көлік жүйесін жөндеуге және күтіп-ұстауға арналған шығындар кірмейді.
9. Жол қызметін басқарудағы қаржыландыру нормативтері мынадай кезеңділікпен жұмыстардың мынадай түрлеріне арналған шығындарды қамтиды: үш жылда бір рет диагностикалау, бес жылда бір рет паспорттау.
10. Нормативтік-техникалық базаны жетілдіруге арналған қаржыландыру нормативтері "Көлік саласындағы мемлекеттік тапсырманың құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушысының 2025 жылғы 20 маусымдағы № 195 бұйрығына және "Көлік саласындағы зерттеулердің және консалтингтік көрсетілетін қызметтердің құнын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 16 шілдедегі № 217 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36483 болып тіркелген) сәйкес анықталады.
11. Қаржыландыру нормативтерінде су тасқынынан бұзылу салдарын жою көзделмейді.
12. Қаржыландыру нормативінің жылдық қажеттілік мөлшері шеңберінде тиісті облыстың автомобиль жолдарының учаскелері арасында жылдық ақша қаражатын қайта бөлуге жол беріледі.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
км – километр;
ҚҚС - қосылған құн салығы;
АЕК - айлық есептік көрсеткіш.