Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 маусымдағы № 705 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 тамызда № 11928 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативтері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      __________Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 2 шілде

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Е. Досаев
      2015 жылғы 20 шілде

Қазақстан Республикасы   
Инвестициялар және даму  
министрі міндетін атқарушының
2015 жылғы 17 маусымдағы  
№ 705 бұйрығымен бекітілген 

Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ
пайдаланыталын автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп-ұстауды
қаржыландыру нормативтері

                               1 километр (бұдан әрі - км), мың теңге

Р/с

Облыстардың атаулары

Ағымдағы жөндеу

Күтіп-ұстау

1

2

3

4

1

Ақмола

440,5

324,9

2

Ақтөбе

402,3

308,6

3

Алматы

343,8

281,6

4

Атырау

343,9

165,9

5

Шығыс Қазақстан

370,2

335,4

6

Жамбыл

375,8

275,0

7

Батыс Қазақстан

391,4

290,6

8

Қарағанды

432,2

296,3

9

Қызылорда

360,5

187,0

10

Қостанай

386,6

283,9

11

Маңғыстау

356,9

155,0

12

Павлодар

375,7

295,1

13

Солтүстік Қазақстан

366,5

302,5

14

Оңтүстік Қазақстан

360,0

190,7

      Ескертпе:
      1. Күтіп-ұстауға арналған нормативтер қысқы күтіп-ұстау шығындарын қамтиды.
      2. Нормативтер қосылған құн салығынсыз (ҚҚС) 2001 жылғы базалық бағалармен келтірілген.
      3. 2001 жылғы базалық бағалардан ағымдық деңгейге ауыстыру бюджет заңнамасына сәйкес жыл сайын белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өзгеру индексі арқылы жүзеге асырылады.
      4. ҚҚС 2008 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес тиісті жылға белгіленетін мөлшерде қабылданады.
      5. Қаржыландыру нормативтері ІІІ техникалық санаттағы жолдың 1 км арналып келтірілген. Талап етілетін санаттың нормативін есептеу үшін жол санаттары бойынша төменде келтірілген саралау коэффициенттері қолданылады:

Жұмыс түрі

Автомобиль жолдарының санаттары

Iа/Іб
8 жолақ

Iа/Іб
6 жолақ

Iа/Іб
4 жолақ

II

III

IV

V

Саралау коэффициенттері

Ағымдағы жөндеу

5,06/3,37

3,90/2,60

2,73/1,82

1,13

1

0,74

0,47

Күтіп-ұстау

4,59/3,06

3,63/2,42

2,67/1,78

1,24

1

0,89

0,73