«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы, 13-бабы 3-тармағы, 15-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес автомобиль көлігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес теміржол көлігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бақылау саласындағы автомобиль көлігі саласында тексеру парағының нысаны;
4) осы бірлескен бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бақылау саласындағы теміржол көлігі саласында тексеру парағының нысаны;
5) осы бірлескен бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы ішкі су көлігі саласында тексеру парағының нысаны;
6) осы бірлескен бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы сауда мақсатында теңізде жүзу саласында тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Осы бірлескен бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму Ұлттық экономика министрі
министрі ______________ Е. Досаев
_______________Ә. Исекешев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының
Құқықтық статистика және
арнайы есепке алу жөніндегі
комитетінің төрағасы
_________________ С. Айтпаева
2015 жылғы «____»__________
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 739 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 543 бірлескен бұйрығына
1 қосымша
Автомобиль көлігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Жалпы ережелер
1. Осы автомобиль көлігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына 11 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Критерийлерде мына негізгі түсінік қолданылады:
1) автомобиль көлігі саласындағы субъектілерді тексеру – автомобильмен тасымалдаушылар, такси тасымалдаушылар, автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету пункттері көрсететін қызметтер, техникалық қарап тексеру операторлары;
2) Тәуекел – тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде салдарының ауырлық дәрежесі ескеріле отырып, адамның өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
3) Тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері – тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, тексерілетін субъектілерді әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
4) тәуекел дәрежесін бағалаудың объектівті критерийлер (бұдан әрі – объектівті критерийлер) – белгілі қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне байлагнысты және жеке тексерілетін субъектіден (объектіден) тікелей байланысты емес тексаерілетін субъектілерді (объектілерді) таңдау үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
5) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъектівті критерийлер (бұдан әрі – субъектівті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектісі (объектісі) қызметі нәтижесіне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) таңдау үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
3. Осы критерийлер объективті және субъективті критерийлер арқылы қалыптастырылады.
2. Объективті критерийлер
4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша бастапқы жатқызылуы объективті критерийлер негізінде жүзеге асырылады.
5. Автомобиль саласындағы тәуекелді анықтау тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру, қоршаған ортаға, ұйымдардың жеке және заңды тұлғаларының заңды мүддесіне зиян келтіру мүмкіндігіне және автокөлік құралдары мен көлік инфрақұрылымын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуіне байланысты жүргізіледі.
6. Объективті критерийлер бойынша жоғары тәуекел дәрежесіне:
1) автомобильмен тасымалдаушы;
2) таксимен тасымалдаушы;
3) техникалық қарап тексеру операторы;
7. Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты таңдаулы, жоспардан тыс тексерістер мен басқа бақылау түрлері жүргізіледі.
3. Субъективті критерийлер
8. Субъективті критерийлерді белгілеу тексеру нәтижесін және көлік оқиғалары жөніндегі ақпараттарды талдау негізінде жүзеге асырылады.
9. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін келесі ақпарат көздері қолданылады:
1) алдыңғы тексерулердің нәтижелері. Бұл ретте бұзушылық дәрежесінің ауыртпалығы (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңдары талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді;
2) тексерілетін субъектілер беретін, соның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы берілетін есеп мен мәліметтерді мониторингтау нәтижесі.
3) расталған шағымдар мен үндеулердің болуы және саны;
4) мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми интернет-ресурстарын талдау;
5) уәкілетті органдар және ұйымдар берген мәліметтерді талдау нәтижесі;
10. Осы критерийдің 9-тармағында көрсетілген ақпарат көздері негізінде осы критерийге қосымшаға сәйкес субъективті критерийлер айқындалады, солар арқылы тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері беріледі.
11. Субъективті критерийлердің тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша бағаланады.
12. Алдыңғы тексерулер нәтижелері бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін тексерілетін субъектілерге ұсынылатын талаптар өрескел, елеулі және елеусізге бөлінген.
Өрескелге аса ауыр жағдайларға әкеліп соғатын критерийлер жатқызылған.
Тәуекел дәрежесін есептеу кезінде орындалмаған талаптардың (индикаторлар) үлес салмағы анықталады.
Бір өрескел дәрежедегі критерийдің сақталмауы 100 көрсеткішке теңестіріледі.
Егер өрескел дәрежедегі критерий (индикаторлар) анықталмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі талаптардың (индикаторлар) жиынтық көрсеткіштері есептеледі.
Елеулі көрсеткіштерді айқындау барысында 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептелінеді:
Рз = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
мұнда:
Рз елеулі дәрежедегі критерийлер көрсеткіші;
Р1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) ұсынылған елеулі дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
Р2 –елеулі дәрежедегі бұзушылық критерийлерінің (индикаторларының) саны.
Елеусіз дәрежедегі көрсеткішті айқындаған кезде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептелінеді:
Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
мұнда:
Рн елеусіз дәрежедегі критерийлер көрсеткіші;
Р1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) ұсынылған елеусіз дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
Р2 – елеусіз дәрежедегі бұзушылық критерийлерінің (индикаторларының) саны.
13. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және келесі формула бойынша көрсеткіштерді жиынтықтау жолымен айқындалады:
Р = Рз + Рн
мұнда:
Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
Рз елеулі дәрежедегі критерийлер көрсеткіштері;
Рн – елеусіз дәрежедегі критерийлер көрсеткіштері;
14. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші бойынша тексерілетін субъектісі мыналарға жатады:
1) жоғарғы тәуекел дәрежесіне – 60-тан 100-ге дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты ішінара тексерулер жүргізіледі;
2) жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандар - 0-ден 60-қа дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты ішінара тексерулер жүргізілмейді.
15. Талдау және тәуекел дәрежесін бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды.
16. Ішінара тексерулер жүргізу мерзімділігі жылына бір рет.
17. Ішінара тексерулер тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастыратын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
18. Ішінара тексерулер тізімдері мыналарды есепке ала отырып жасалады:
1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығы;
2) мемлекеттік органның тексерулерді жүргізетін лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелері.
Автомобиль көлігі саласындағы тәуекел
дәрежесін бағалау критерийлеріне
қосымша
Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері
№ |
Критерийлер |
Бұзушылықтар дәрежесі |
|
Алдыңғы тексерулердің нәтижелері (бұзушылықтың ауырпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді) |
|||
1) Такси тасымалдаушылары |
|||
1 |
Жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жергілікті атқару органына такси тасымалдаушысы ретінде өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жолдауы |
елеулі |
|
2 |
Арнайы басқаруы, соның ішінде толық қолмен, сондай-ақ оң жақты рульмен басқаруы бар және төрттен кем қабырға есіктері бар автокөлік құралдарын такси тасымалдау үшін пайдаланылуды болдырмау |
өрескел |
|
3 |
Автокөлік құралдары рейс алдында техникалық байқаудан етуін, такси жүргізушілерінің рейс алдында және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан өтуін қамтамасыз ету |
өрескел |
|
4 |
Таксиде жарамды таксометр немесе бақылау-кассалық аппараты болуы |
елеулі |
|
2) Автовокзалдар және автостанциялар қызметін көрсететін тұлғалар |
|||
5 |
Автобустар тұрағы үшін алаңның болуы |
елеулі |
|
6 |
Автовокзал және автостанцияда жолаушылар үшін күту залының бар болуы |
елеулі |
|
7 |
Автовокзал және автостанцияда сату үшін, соның ішінде алдын ала жол құжатын (билеті) сату үшін кассаның (кассалардың) болуы |
елеулі |
|
8 |
Автовокзал мен автостанцияларда багажды сақтау камерасы (камералары) болуы |
елеулі |
|
9 |
Автовокзалдарда 5 жасқа дейін балалары бар жолаушыларға және жүкті әйелдерге қосымша қызмет көрсету үшін ана мен бала бөлмесі және мүгедек жолаушыларды отырғызу мен түсіру үшін құрылғының болуы |
өрескел |
|
3) Жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша қызмет көрсететін автомобильмен тасымалдаушылар |
|||
10 |
Жасы жиырма бір жастан кем емес, тиісті категориядағы жүргізуші куәлігі және жүргізушінің үш жылдан кем емес еңбек өтілі, соның ішінде бір жылдан кем емес, «С» категориясына жататын көлік құралдарымен басқару өтілі бар жүргізушілердің жолаушыларды автобуспен, микроавтобуспен, троллейбуспен тасымалдауға рұқсаты болуы |
өрескел |
|
11 |
Мамандар мен жүргізушілердің кәсіптік біліктілігін растайтын, сондай-ақ белгіленген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды уақтылы автомобильмен тасымалдау үшін қажетті құжаттардың болуы (куәліктері, жүру схемасы, автовокзал, автостанция және жолаушыларға қызмет көрсету пункттермен жасалған шарты, паспорттары мен келісім-шарттары) |
өрескел |
|
12 |
Ұйымдастырылған балалар топтарын екі және одан көп автобустардың колоннасымен тасымалдау кезінде уәкілетті органның арнайы автокөлігімен алып жүру |
өрескел |
|
13 |
Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау үшін арналған автобустарды сары түсті жарқыл шамшырағы болуы |
елеусіз |
|
14 |
Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау үшін арналған автобустардың алдында және артында «балаларды тасымалдау» айырым белгісі болуы |
елеусіз |
|
15 |
Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдайтын жүргізушілердің жасы жиырма бірден кем емес болуы, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және жүргізуші болып еңбек өтілі бір жылдан кем емес болуы |
елеулі |
|
16 |
Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау үшін арналған автобустарда екі есіктен кем емес болуы |
елеулі |
|
17 |
Автокөлік құралдарына рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық байқаудан өту үшін және жүргізушілерді рейс алдында және рейстен кейін медициналық байқаудан өту үшін тиісті қызметтің және білікті персоналдың болуы, немесе тиісті ұйымдармен жасалған шарты болуы |
өрескел |
|
18 |
Тасымалдаушылар жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдайтын автобустарды рейс алдында (ауысым алдында) техникалық байқаудан өткізуді және автобустар, микроавтобустар және троллейбустар жарамсыз болған жағдайда оларды уақытылы ауыстыруды қамтамасыз ету |
өрескел |
|
19 |
Автокөлік құралдарын жолаушылар мен азық-түлікті, сондай-ақ тасымалдау кезінде мемлекеттік органдардың қорытындысын қажет ететін жүктерді халықаралық тасымалдауға рұқсат беру туралы санитарлық-эмидемиологиялық органның қорытындысы болуы |
өрескел |
|
20 |
Жөндеу және өндірістік базасы, техникалық құралдары, тиеу-түсіру тетіктері, бақылау-өлшеу аппаратуралары, жабдықталған қызметтік жайдың болуы немесе өзінің жөндеу және өндірістік базасы жоқ кәсіпорында басқа кәсіпорындармен жасалған тиісті жұмыс түрлерін орындауға шарттың болуы |
елеулі |
|
21 |
Тахографпен жабдықталған автобустардың, жүк көліктің және қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдау, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау, сондай-ақ қалааралық облыс аралық уақтылы, ауданаралық (облыс ішінде қалааралық) уақтылы емес жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау барысында пайдаланылатын мамандырылған автомобильдердің болуы |
өрескел |
|
4) Қауіпті жүкті тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін ұсынатын автомобиль тасымалдаушылары |
|||
22 |
Тасымалдаушыда 1, 6 және 7 класты қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаты болуы |
өрескел |
|
5) Ірі габаритті және ауыр салмақты жүкті тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін, автомобиль тасымалдаушылары |
|||
23 |
Автокөлік жолдарымен көлік құралымен ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаты болуы |
өрескел |
|
24 |
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүру үшін арналған, уәкілетті орган габариттер, салмақ және (немесе) оське түсетін жүктеме автокөлік құралының белгіленген ұйғарынды параметрлерінен артып түскен жүкпен немесе жүксіз Қазақстан Республикасы аумағында отандық немесе шетелдік ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты автокөліктің жүруі үшін ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдары жүруі не арнайы рұқсаттың болуы |
өрескел |
|
6) Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын автомобиль тасымалдаушылар |
|||
25 |
Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігі болуы |
елеулі |
|
26 |
Автокөлік құралдарына халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат карточкасы болуы |
елеулі |
|
27 |
Тахографпен жабдықталған автобустардың, жүк көліктің және қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдау, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау, сондай-ақ қалааралық облыс аралық уақтылы, ауданаралық (облыс ішінде қалааралық) уақтылы емес жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау барысында пайдаланылатын мамандырылған автомобильдердің болуы |
өрескел |
|
7) Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін, автомобиль тасымалдаушылар |
|||
28 |
Автокөлік құралдарын жолаушылар мен азық-түлікті, сондай-ақ тасымалдау кезінде аталған мемлекеттік органдардың қорытындысын қажет ететін жүктерді халықаралық тасымалдауға жіберу туралы санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қорытындысы бойынша талаптарды орындауды қамтамасыз ету |
елеулі |
|
29 |
Қазақстан Республикасында тіркелген, уәкілетті органмен берілетін тез бұзылатын жүктерді халықаралық тасымалдау үшін арналған автокөлік құралдарына Куәлігі болуы |
өрескел |
|
30 |
Кәсіпорында жөндеу және өндірістік базасы, техникалық құралдары, тиеу-түсіру тетіктері, бақылау-өлшеу аппаратуралары, жабдықталған қызметтік жайдың болуы немесе өзіні жөндеу және өндірістік базасы жоқ кәсіпорында басқа кәсіпорындармен жасалған тиісті жұмыс түрлерін орындауға шарттың болуы |
өрескел |
|
8) Техникалық байқау операторлары |
|||
31 |
Техникалық байқау операторы елді-мекен атауы, автокөлік құралына міндетті техникалық байқау жүргізген жері туралы мәліметтері көрсетілген, қызмет көрсету аймағы шегінде автокөлік құралына міндетті техникалық байқау жүргізу үшін шығу кестесін жасауды қамтамасыз ету |
елеусіз |
|
32 |
Стационарлық және (немесе) мобильдік желі қолданып міндетті техникалық байқау жүргізу |
өрескел |
|
33 |
Қызмет көрсету аймағы шегінде автокөлік құралына міндетті техникалық байқау жүргізу |
елеусіз |
|
34 |
Міндетті техникалық байқау жүргізу нәтижесі бойынша көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйеге мәлімет беруді қамтамасыз ету |
өрескел |
|
35 |
Көлік құралдары мен тіркемелерді пайдалануға тыйым салынатын жарамсыздық пен жағдайлар анықталмаған, көлік құралына міндетті техникалық байқауды мерзімдік жүргізуіне сәйкес келесі міндетті техникалық байқау мерзімі көрсетілген диагностикалық картасын беруді қамтамасыз ету |
өрескел |
|
36 |
Біліктілігі біліктілік талаптарға сәйкес келмейтін қызметшілерді міндетті техникалық байқау өткізуге жібермеу |
өрескел |
|
37 |
Күнтізбелік бес күн ішінде техникалық байқау орталығының орналасқан жері ауысуы туралы хабарламаны беру |
елеулі |
|
Тексерілетін субъект ұсынған, соның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы ұсынған есептер мен мәліметтерді мониторингтау нәтижесі негізінде субъективті критерийлер |
|||
1 |
«Техбайқау» бірыңғай ақпараттық жүйесіне жалған және/немесе толық емес мәліметтерді енгізу |
өрескел |
|
Расталған шағымдар мен үндеулер бойынша субъективті критерийлер |
|||
1 |
Автомобиль көлігі саласында бір расталған шағым мен үндеудің болуы |
елеулі |
|
2 |
Автомобиль көлігі саласында екі және одан артық расталған шағымдар мен үндеулердің болуы |
өрескел |
|
Мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдарының ресми ғаламтор-ресурстарын талдау негізінде субъективті критерийлер |
|||
1 |
Мемлекеттік органдардың ресми ғаламтор-ресурстарында техникалық реттеу және метрология саласындағы бұзушылықтар туралы мәліметтің болуы |
елеулі |
|
2 |
Бұқаралық ақпарат құралдарының ресми ғаламтор-ресурстарында техникалық реттеу және метрология саласындағы бұзушылықтар туралы мәліметтің болуы |
елеусіз |
|
Уәкілетті органдар және ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау негізінде субъективті критерийлер |
|||
1 |
Қаупсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органнан жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша қызмет көрсететін әкімшілік материал саны (екі және одан артық) бойынша ақпараттың болуы |
елеулі |
|
2 |
Автомобиль көлігі саласында көлікті бақылау органы желіде жасаған және автоматты түрде істейтін және әкімшілік бұзушылық жасауды тіркейтін арнайы автоматтандырылған өлшеу құралының болуы |
елеулі |
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 739 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 543 бірлескен бұйрығына
2 қосымша
Теміржол көлігі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері
1. Жалпы ережелер
1. Осы теміржол саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері (бұдан әрі - критерийлер) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тәуекел – темір жол көлігі саласында тексерілетін субъектінің қызметі нәтижесінде адам өмірі немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне, оның салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдылығы;
2) тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері – тексеру субъектілерін түрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін тексеретін субъект қызметіне тікелей байланысты, осы дамуына әсер ететін салалық даму және факторлық ерекшеліктермен, сапалық және сандық көрсеткіштердің жиынтығы;
3) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті критерийлері (бұдан әрі – объективті критерийлер) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері;
4) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері (бұдан әрі – субъективті критерийлер) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері;
5) теміржол көлігі саласындағы тексерілетін субъектілер – Ұлттық инфрақұрылым операторы, локомотивтiк тартқыш операторы, вагондар (контейнерлер) операторы, тасымалдаушы, тармақ иеленушi, теміржол көлігінің көмекші қызметі, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде теміржол вокзалдарын иеленуші тұлғалар.
3. Осы критерийлер объективті және субъективті критерийлер арқылы қалыптастырылады.
2. Объективті критерийлер
4. Тексерілетін субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша алғашқы жатқызу объективті критерийлер негізінде жүзеге асырылады.
5. Теміржол көлігі саласында тәуекелді айқындау адам өмірі және денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, қоршаған ортаға, сондай-ақ тасымалдау процесiне қатысушылардың авариясыз жұмыс iстеуі, магистральдық темiржол желiсiн, темiржол жылжымалы құрамын, теміржолдарды, құрылыстарды, жабдықтарды, механизмдер мен тетiктердi ақаусыз ұстау шарттарын сақтамаудан зиян келтіру ықтималдылығы, болуы мүмкін авария салдарын жоюға байланысты жүзеге асырылады.
6. Объективті критерийлер бойынша жоғарғы тәуекел дәрежесіне мына тексерілетін субъектілер (объектілер) жатады:
1) теміржолдар;
2) локомотивтік тартқыш операторы;
3) вагондар (контейнерлер) операторы;
4) Ұлттық инфрақұрылым операторы;
5) тасымалдаушылар;
6) теміржол көлігінің көмекші қызметі.
Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылмағанға меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде теміржол вокзалдарын иеленуші тұлғалар жатады.
7. Жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылған тексерілетін субъектілерге қатысты ішінара, жоспардан тыс тексерулер және өзге де нысандағы бақылау жүргізіледі.
3. Субъективті критерийлер
8. Субъективті критерийлерді айқындау тексерулер нәтижесінің талдауы және көлік оқиғалары бойынша ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
9. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін келесі ақпарат көздері қолданылады:
1) тексерілетін субъекті кінәсінен көлік оқиғаларының орын алуы;
2) алдыңғы тексерулердің нәтижелері. Бұл ретте бұзушылық дәрежесінің ауыртпалығы (өрескел, елеулі, елеусіз) тексеру парақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының заңдары талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді.
10. Осы критерийдің 9-тармағында көрсетілген ақпарат көздері негізінде осы критерийге қосымшаға сәйкес субъективті критерийлер айқындалады, солар арқылы тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері беріледі.
11. Субъективті критерийлердің тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша бағаланады.
12. Алдыңғы тексерулер нәтижелері бойынша тәуекелдер дәрежесін бағалау үшін тексерілетін субъектілерге ұсынылатын талаптар өрескел, елеулі және елеусізге бөлінген.
Өрескелге аса ауыр жағдайларға әкеліп соғатын критерийлер жатқызылған.
Тәуекел дәрежесін есептеу кезінде орындалмаған талаптардың (индикаторлар) үлес салмағы анықталады.
Бір өрескел дәрежедегі критерийдің сақталмауы 100 көрсеткішке теңестіріледі.
Егер өрескел дәрежедегі критерий (индикаторлар) анықталмаған жағдайда, тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және елеусіз дәрежедегі талаптардың (индикаторлар) жиынтық көрсеткіштері есептеледі.
Елеулі көрсеткіштерді айқындау барысында 0,7 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептелінеді:
Рз = (Р2 х 100/Р1) х 0,7
мұнда:
Рз елеулі дәрежедегі критерийлер көрсеткіші;
Р1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) ұсынылған елеулі дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
Р2 – елеулі дәрежедегі бұзушылық критерийлерінің (индикаторларының) саны.
Елеусіз дәрежедегі көрсеткішті айқындаған кезде 0,3 коэффициенті қолданылады және осы көрсеткіш мынадай формула бойынша есептелінеді:
Рн = (Р2 х 100/Р1) х 0,3
мұнда:
Рн елеусіз дәрежедегі критерийлер көрсеткіші;
Р1 – тексерілетін субъектіге (объектіге) ұсынылған елеусіз дәрежедегі индикаторлардың жалпы саны;
Р2 – елеусіз дәрежедегі бұзушылық критерийлерінің (индикаторларының) саны.
13. Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және келесі формула бойынша көрсеткіштерді жиынтықтау жолымен айқындалады:
Р = Рз + Рн
мұнда:
Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
Рз елеулі дәрежедегі критерийлер көрсеткіштері;
Рн – елеусіз дәрежедегі критерийлер көрсеткіштері;
14. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіші бойынша тексерілетін субъектісі мыналарға жатады:
1) жоғарғы тәуекел дәрежесіне – 60-тан 100-ге дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты ішінара тексерулер жүргізіледі;
2) жоғарғы тәуекел дәрежесіне жатқызылмағандар - 0-ден 60-қа дейінгі көрсеткіш кезінде және оған қатысты ішінара тексерулер жүргізілмейді.
15. Талдау және тәуекел дәрежесін бағалау кезінде нақты тексерілетін субъектіге қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті критерийлердің деректері қолданылмайды.
16. Ішінара тексерулер жүргізу мерзімділігі жылына бір рет.
17. Ішінара тексерулер тиісті есептік кезең басталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі уәкілетті органға жіберілетін жүргізілген талдау және бағалау нәтижелері бойынша жартыжылдыққа қалыптастыратын ішінара тексерулер тізімдері негізінде жүргізіледі.
18. Ішінара тексерулер тізімдері мыналарды есепке ала отырып жасалады:
1) субъективті критерийлер бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығы;
2) мемлекеттік органның тексерулерді жүргізетін лауазымдық тұлғаларына түсетін жүктемелері.
Теміржол көлігі саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
критерийлеріне қосымша
Тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті критерийлері
Критерийлер |
Бұзушылықтар дәрежесі |
|
Тексеру субъектісі кінәсінен көлік оқиғаларының орын алуы |
||
1 |
Нәтижесінде соқтығысуға алып келген оқиғалар |
өрескел |
2 |
Магистральдық, станциялық немесе кірме жолдарда, оның ішінде темір жолдарда жүк немесе жолаушылар поездарында жылжымалы құрамның рельстен шығу, сондай-ақ нәтижесінде адамдар қаза болған немесе ауыр дене жарақаттарына алып келген оқиғалар |
өрескел |
3 |
Жылжымалы құрамның күрделі жөндеу көлемінде бүлінген немесе теміржол жылжымалы құрамының мүкәммалдан шығарылу дәрежесіне дейін зақымдалуына алып келген оқиғалар |
өрескел |
4 |
Жылжымалы құрамының зақымдануы ағытылу көлемінде және жөндеуге алып келген оқиғалар |
өрескел |
5 |
Жолдың жоғарғы құрылысының зақымдануына алып келген оқиғалар |
өрескел |
6 |
Энергиямен қамтамасыз ету құрылғыларының зақымдануына алып келген оқиғалар |
өрескел |
7 |
Байланыс және белгі беру құрылғыларының зақымдануына алып келген оқиғалар |
өрескел |
Алдыңғы тексерулердің нәтижелері (бұзушылықтың ауырпалық дәрежесі (өрескел, елеулі, елеусіз) Қазақстан Республикасының заң талаптарын сақтамаған жағдайда белгіленеді) |
||
1 |
Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу |
елеулі |
2 |
Теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдауға лицензия болуы |
елеулі |
3 |
Халыққа қызмет көрсетуге арналған вокзал құрылыстары жарамды техникалық жай-күйде ұсталуға тиіс |
өрескел |
4 |
Теміржол вокзалында халық жолаушылар поездарының жөнелтілу және келу уақыттары, жолаушылардың жол жүру және багажды, жүк-багажды тасымалдау құны, поездарда бос орындардың болуы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітапшасының тұрған орны туралы, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал үй-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі |
елеусіз |
5 |
Тасымалдау процесіне қатысушылар мен жылжымалы теміржол құрамының иелері уәкілетті органға жылжымалы теміржол құрамына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат береді |
елеусіз |
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 739 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 543 бірлескен бұйрығына
3 қосымша
Нысан
Мемлекеттік бақылау саласындағы автомобиль көлігі саласында тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________
_____________________________________________________________________
Орналасу орны _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
р/қ № |
Талаптар тізімі |
Қажет етіледі |
Қажет етілмейді |
Талаптарға сәйкестігі |
Талаптарға сәйкес келмеуі |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|||
Такси тасымалдаушыларына қатысты |
||||||||
1 |
Жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар жергілікті атқару органына такси тасымалдаушысы ретінде өз қызметін бастағаны туралы хабарлама жолдауы |
|||||||
2 |
Арнайы басқаруы, соның ішінде толық қолмен, сондай-ақ оң жақты рульмен басқаруы бар және төрттен кем қабырға есіктері бар автокөлік құралдарын такси тасымалдау үшін пайдаланылуды болдырмау |
|||||||
3 |
Автокөлік құралдары рейс алдында техникалық байқаудан етуін, такси жүргізушілерінің рейс алдында және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан өтуін қамтамасыз ету |
|||||||
4 |
Таксиде жарамды таксометр немесе бақылау-кассалық аппараты болуы |
|||||||
Автовокзал және автостанциялар қызметін көрсететін тұлғаларға қатысты |
||||||||
1 |
Автобустар тұрағы үшін алаңның болуы |
|||||||
2 |
Автовокзал мен автостанцияларда жолаушылар үшін күту залы (залдары) болуы |
|||||||
3 |
Автовокзал мен автостанцияларда билеттерді, соның ішінде алдын ала жүру құжаттарын (билеттерін) сату үшін кассаның (кассалардың) болуы |
|||||||
4 |
Автовокзал мен автостанцияларда багажды сақтау камерасы (камералары) болуы |
|||||||
5 |
Автовокзалдарда 5 жасқа дейін балалары бар жолаушыларға және жүкті әйелдерге қосымша қызмет көрсету үшін ана мен бала бөлмесі және мүгедек жолаушыларды отырғызу мен түсіру үшін құрылғының болуы |
|||||||
Жолаушылар мен багажды тасымалдау бойынша қызмет көрсететін автомобильмен тасымалдаушыларына қатысты |
||||||||
1 |
Жасы жиырма бірден кем емес, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі бар, жүргізуші болып еңбек өтілі үш жылдан кем емес, соның ішінде «С» категориясына жататын көлік құралдарымен басқару өтілі бір жылдан кем емес жүргізушілердің жолаушыларды автобуспен, микроавтобуспен, троллейбуспен тасымалдауға рұқсаты болуы |
|||||||
2 |
Мамандар мен жүргізушілердің кәсіптік біліктілігін растайтын, сондай-ақ белгіленген маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды уақтылы автомобильмен тасымалдау үшін қажетті құжаттардың болуы (куәліктері, жүру схемасы, автовокзал, автостанция және жолаушыларға қызмет көрсету пункттермен жасалған шарты, паспорттары мен келісім-шарттары) |
|||||||
3 |
Ұйымдастырылған балалар топтарын екі және одан көп автобустардың колоннасымен тасымалдау кезінде уәкілетті органның арнайы автокөлігімен алып жүру |
|||||||
4 |
Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау үшін арналған автобустарды сары түсті жарқыл шамшырағы болуы |
|||||||
5 |
Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау үшін арналған автобустардың алдында және артында «балаларды тасымалдау» айырым белгісі болуы |
|||||||
6 |
Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдайтын жүргізушілердің жасы жиырма бірден кем емес болуы, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және жүргізуші болып еңбек өтілі бір жылдан кем емес болуы |
|||||||
7 |
Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау үшін арналған автобустарда екі есіктен кем емес болуы |
|||||||
8 |
Автокөлік құралдарына рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық байқаудан өту үшін және жүргізушілерді рейс алдында және рейстен кейін медициналық байқаудан өту үшін тиісті қызметтің және білікті персоналдың болуы, немесе тиісті ұйымдармен жасалған шарты болуы |
|||||||
9 |
Тасымалдаушылар жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдайтын автобустарды рейс алдында (ауысым алдында) техникалық байқаудан өткізуді және автобустар, микроавтобустар және троллейбустар жарамсыз болған жағдайда оларды уақытылы ауыстыруды қамтамасыз ету |
|||||||
10 |
Автокөлік құралдарын жолаушылар мен азық-түлікті, сондай-ақ тасымалдау кезінде мемлекеттік органдардың қорытындысын қажет ететін жүктерді халықаралық тасымалдауға рұқсат беру туралы санитарлық-эмидемиологиялық органның қорытындысы болуы |
|||||||
11 |
Жөндеу және өндірістік базасы, техникалық құралдары, тиеу-түсіру тетіктері, бақылау-өлшеу аппаратуралары, жабдықталған қызметтік жайдың болуы немесе өзінің жөндеу және өндірістік базасы жоқ кәсіпорында басқа кәсіпорындармен жасалған тиісті жұмыс түрлерін орындауға шарттың болуы |
|||||||
12 |
Тахографпен жабдықталған автобустардың, жүк көліктің және қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдау, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау, сондай-ақ қалааралық облыс аралық уақтылы, ауданаралық (облыс ішінде қалааралық) уақтылы емес жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау барысында пайдаланылатын мамандырылған автомобильдердің болуы |
|||||||
Қауіпті жүкті тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін автомобиль тасымалдаушыларына қатысты |
||||||||
1 |
Тасымалдаушыда 1, 6 және 7 класты қауіпті жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаты болуы |
|||||||
Ірі габаритті және ауыр салмақты жүкті тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін, автомобиль тасымалдаушыларына қатысты |
||||||||
1 |
Автокөлік жолдарымен көлік құралымен ірі габаритті және (немесе) ауыр салмақты жүкті тасымалдауға арнайы рұқсаты болуы |
|||||||
2 |
Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүру үшін арналған, уәкілетті орган габариттер, салмақ және/немесе осьқа түсетін жүктеме автокөлік құралының белгіленген ұйғарынды параметрлерінен артып түскен жүкпен немесе жүксіз Қазақстан Республикасы аумағында отандық немесе шетелдік ірі габаритті және/немесе ауыр салмақты автокөліктің жүруі үшін ауыр салмақты және (немесе) ірі габаритті автокөлік құралдары жүруі не арнайы рұқсаттың болуы |
|||||||
Техникалық байқау операторларына қатысты |
||||||||
1 |
Техникалық байқау операторы елді-мекен атауы, автокөлік құралына міндетті техникалық байқау жүргізген жері туралы мәліметтері көрсетілген, қызмет көрсету аймағы шегінде автокөлік құралына міндетті техникалық байқау жүргізу үшін шығу кестесін жасауды қамтамасыз ету |
|||||||
2 |
Стационарлық және (немесе) мобильдік желі қолданып міндетті техникалық байқау жүргізу |
|||||||
3 |
Қызмет көрсету аймағы шегінде автокөлік құралына міндетті техникалық байқау жүргізу |
|||||||
4 |
Міндетті техникалық байқау жүргізу нәтижесі бойынша көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйеге мәлімет беруді қамтамасыз ету |
|||||||
5 |
Көлік құралдары мен тіркемелерді пайдалануға тыйым салынатын жарамсыздық пен жағдайлар анықталмаған, көлік құралына міндетті техникалық байқауды мерзімдік жүргізуіне сәйкес келесі міндетті техникалық байқау мерзімі көрсетілген диагностикалық картасын беруді қамтамасыз ету |
|||||||
6 |
Біліктілігі біліктілік талаптарға сәйкес келмейтін қызметшілерді міндетті техникалық байқау өткізуге жібермеу |
|||||||
7 |
Күнтізбелі бес күн ішінде техникалық байқау орталығының орналасқан жері ауысуы туралы хабарламаны беру |
|||||||
Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын автомобиль тасымалдаушылар қатысты |
||||||||
1 |
Халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат куәлігі болуы |
|||||||
2 |
Автокөлік құралдарына халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат карточкасы болуы |
|||||||
3 |
Тахографпен жабдықталған автобустардың, жүк көліктің және қауіпті жүктерді автомобильмен тасымалдау, жолаушыларды, багажды және жүктерді халықаралық автомобильмен тасымалдау, сондай-ақ қалааралық облыс аралық уақтылы, ауданаралық (облыс ішінде қалааралық) уақтылы емес жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдау барысында пайдаланылатын мамандырылған автомобильдердің болуы |
|||||||
Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау бойынша қызметтерді көрсететін, автомобиль тасымалдаушыларға қатысты |
||||||||
1 |
Автокөлік құралдарын жолаушылар мен азық-түлікті, сондай-ақ тасымалдау кезінде аталған мемлекеттік органдардың қорытындысын қажет ететін жүктерді халықаралық тасымалдауға жіберу туралы санитарлық-эпидемиологиялық органдардың қорытындысы бойынша талаптарды орындауды қамтамасыз ету |
|||||||
2 |
Қазақстан Республикасында тіркелген, уәкілетті органмен берілетін тез бұзылатын жүктерді халықаралық тасымалдау үшін арналған автокөлік құралдарына Куәлігі болуы |
|||||||
3 |
Кәсіпорында жөндеу және өндірістік базасы, техникалық құралдары, тиеу-түсіру тетіктері, бақылау-өлшеу аппаратуралары, жабдықталған қызметтік жайдың болуы немесе өзіні жөндеу және өндірістік базасы жоқ кәсіпорында басқа кәсіпорындармен жасалған тиісті жұмыс түрлерін орындауға шарттың болуы |
Лауазымдық тұлға (тұлғалар) ___________ ______ ______________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
___________ _________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің жетекшісі __________________________________ (Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы) (қолы)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 739 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 543 бірлескен бұйрығына
4 қосымша
Нысан
Мемлекеттік бақылау саласындағы теміржол көлігі саласында тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт __________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН ____________________
_____________________________________________________________________
Орналасу орны _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Кірме жолдарға қатысты |
|||||
1 |
Тасымалдау процесіне қатысушылар мен жылжымалы теміржол құрамының иелері уәкілетті органға жылжымалы теміржол құрамына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат береді |
||||
Теміржол вокзалына қатысты |
|||||
1 |
Халыққа қызмет көрсетуге арналған вокзал құрылыстары жарамды техникалық жай-күйде ұсталуға тиіс |
||||
2 |
Теміржол вокзалында халық жолаушылар поездарының жөнелтілу және келу уақыттары, жолаушылардың жол жүру және багажды, жүк-багажды тасымалдау құны, поездарда бос орындардың болуы, шұғыл медициналық көмек, шағымдар мен ұсыныстар кітапшасының тұрған орны туралы, билет және багаж кассаларының жұмыс режимі, вокзал үй-жайларының орналасуы, сондай-ақ халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етіледі. Ақпаратты беру тілдерді, мәтіндерді, Брайль қарпін, тактильдік қатынасты, ірі қаріпті, қолжетімді мультимедиялық құралдарды пайдалана отырып, мүгедектер үшін де қамтамасыз етіледі |
||||
Тасымалдау процесіне қатысушыларға қатысты |
|||||
1 |
Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу |
||||
2 |
Теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдауға лицензия болуы |
||||
3 |
Тасымалдау процесіне қатысушылар мен жылжымалы теміржол құрамының иелері уәкілетті органға жылжымалы теміржол құрамына, сондай-ақ магистральдық, станциялық және кірме жолдарға жүргізілген жоспарлы жөндеу туралы ақпарат береді |
Лауазымдық тұлға (тұлғалар) ______________ __________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
______________ _________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің жетекшісі _________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы) (қолы)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 739 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 543 бірлескен бұйрығына
5 қосымша
Нысан
Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы ішкі су көлігі саласында тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті_____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН) БСН______________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы_________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ішкi су жолдарына қатысты |
|||||
1 |
Iшкi су жолдарының жағалау белдеуiне, навигациялық шырақтарды қоспағанда, кеме жолына қарай бағытталған қандай да бiр тұрақты шырақтар орнатуға тыйым салудың қамтамасыз етілуі |
||||
2 |
Навигациялық жабдықтар құралдарын, оның iшiнде жүзу жабдықтары мен өзге де жабдықтарды орнатуы |
||||
3 |
Кемелердiң, салдардың және басқа да жүзу объектiлерiнiң кедергiсiз және қауiпсiз өткiзiлуiн қамтамасыз ету |
||||
4 |
Өз есебiнен олардың кiреберiстерiнде қажеттi су түбiн тереңдету және су түбiн тазалау жұмыстарын жүргiзу |
||||
5 |
Кемелердiң қауiпсiз жүрiп өтуi үшiн қажеттi құрылыстар мен керек-жарақтарды дайындау, орнату және күтiп ұстау |
||||
6 |
Көтерме көпiрлер қанаттарын ашу және көтеру |
||||
База тұрақтарына қатысты |
|||||
1 |
База-тұрақта шағын көлемді кемелердің жүзуге шығуға және қайтуына, олардың жарамдылығын, жолаушылар сыйымдылығы және жүккөтергіш нормаларын сақтау бойынша, сондай-ақ кеме жүргізушілерін ауа райы туралы хабарлауға кеме жүргізушілерінде міндетті кеме және кеме жүргізушінің құжаттары болуын көздейтін режимді орнату бойынша талаптардың сақталуы |
||||
2 |
База-тұрақтың аумағы мыналармен жабдықталуы: |
||||
3 |
База-тұрақта шағын көлемді кемелердiң шығуы мен олардың қайта келуiн есепке алу журналының еркін нысанда жүргiзiлуi |
||||
4 |
Мыналар орналастыратын база-тұрақта стендті ресімдеу бойынша талаптардың сақталуы: |
Лауазымдық тұлға (тұлғалар) ______________ __________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
______________ _________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің жетекшісі _________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы) (қолы)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 739 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 543 бірлескен бұйрығына
6 қосымша
Нысан
Мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы сауда мақсатында
теңізде жүзу саласында тексеру парағы
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акті_____________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы__________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (ЖСН), БСН_____________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан орнының мекенжайы ________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Теңіз порттарына қатысты |
|||||
1 |
Мемлекеттік органдардың (көлік, шекара, санитариялық-карантиндік, фитосанитариялық, мемлекеттік кіріс органдарының және басқаларының) лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруы үшін олардың теңіз портына келетін кемелерге кіруін қамтамасыз ету |
||||
Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) білім беру ұйымдарына қатысты |
|||||
1 |
Білім беру ұйымдары және теңіз оқу-тренажер орталықтары теңіз көлігі мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды уәкілетті органның хабарламасынан кейін жүзеге асырады. Хабарламаға уәкілетті орган айқындаған уәкілетті ұйымның оң қорытындысы қоса беріледі. Теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны білім беру ұйымдары, теңіз оқу-тренажер орталықтары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен береді. |
||||
2 |
Білім беру ұйымдары теңіз көлігі мамандарын даярлау (қайта даярлау) кезінде жүзу практикасын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. |
Лауазымдық тұлға (тұлғалар) ______________ __________________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
______________ _________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің жетекшісі _________________________________
(Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы) (қолы)
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 29 маусымдағы
№ 739 және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 20 шілдедегі
№ 543 бірлескен бұйрығына
7 қосымша
Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
1. «Автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 385 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 192 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде № 7089 тіркелген, «Юридическая газета» газетінде 2011 жылғы 10 тамызда № 114 (2104); 2011 жылғы 11 тамызда № 115 (2105) жарияланған.
2. «Автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 385 және Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 192 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 447 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 255 бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде № 7929 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 24 қазанда № 696-701 (27773) жарияланған.
3. «Автомобиль және темір жол көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау, сауда мақсатында теңізде жүзу және ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік қадағалау бойынша жеке кәсіпкерлік саласында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 23 маусымдағы № 385 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 29 маусымдағы № 192 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 15 мамырдағы № 358 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 01-04-03/77 НҚ бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде № 8523 тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 24 шілде № 176 (28115) жарияланған.