«Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған республикалық меншікке жататын орта мерзімді кезеңге (2015 – 2017 жылдарға) арналған концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. «Орта мерзімді кезеңге (2014 – 2016 жылдарға) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 156 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9540 болып тіркелген).
3. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 20 шілде
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі
№ 553 бұйрығымен бекітілген
Республикалық меншікке жататын орта мерзімді кезеңге
(2015 – 2017 жылдарға) концессияға ұсынылатын
объектілердің тізбесі
Р/с |
Атауы |
1 |
2 |
1 Реконструкциялануы және пайдаланылуы концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншiк объектiлерi |
|
2. Құрылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын объектiлер |
|
1. |
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану |