Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 № 553 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған орта мерзімді кезеңге (2014 - 2016 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.
2. Инвестициялық саясат департаменті (Аязбаев Н.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның мемлекеттік органның интернет-ресурсында, «Әділет» ақпараттық-кұқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.
Министр Е. Досаев
Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің
2014 жылғы 27 мамырдағы
№ 156 бұйрығымен
бекітілген
Орта мерзімді кезеңге (2014 – 2016 жылдарға) концессияға
беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі
Р/с № |
Атауы |
Конкурсты ұйымдастырушы |
1 |
2 |
3 |
1. Реконструкциялануы және пайдаланылуы концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншiк объектiлерi |
||
2. Құрылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын объектiлер |
||
1. |
«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі |
2. |
Теміртау қаласында балабақшалар кешенін салу және пайдалану |
Қарағанды облысының әкімдігі |
3. |
«Маңғыстау (Тамақ) станциясы» теміржол вокзалын салу |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
4. |
Ақтау қаласында автовокзал салу |
Маңғыстау облысының әкімдігі |
5. |
Семей қаласында балабақшалар кешенін салу және пайдалану |
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі |
6. |
Өскемен қаласында балабақшалар кешенін салу және пайдалану |
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі |