«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесін табыс ету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 10 шілде
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2015 жылғы 30 маусым
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 421 бұйрығына
1-қосымша
Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті
мәліметтер тізбесі
1. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ұсынатын мәліметтер тізбесі:
1) жөнелткен елі;
2) тауарларға арналған декларацияның тіркеу нөмірі (бұдан әрі - ТД).
3) декларациялаудың мемлекеттік кірістер департаменті;
4) тауардың шыққан елі;
5) бизнес-әріптес;
6) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының (СЭҚҚ) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)/атауы;
7) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының жеке растаушы номері (ЖСН)/ бизнес растаушы номері (БСН);
8) сыртқы экономикалық қызметке қатысушы, заңды мекенжайы;
9) Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (КО СЭҚ ТН) бойынша тауардың коды;
10) тауар атауы;
11) тауар декларациясындағы (ТД) тауардың сипаттамасы;
12) тауар салмағы, нетто (кг);
13) саны, қосымша өлшем бірліктермен (ҚӨБ);
14) тауардың шартты шығарылуы туралы белгі;
2. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ұсынатын мәліметтер тізбесі:
1) өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты/атауы, мекенжайы, БСН/ЖСН;
2) дайындаушының (өндірушінің) атауы;
3) Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы (КО СЭҚ ТН) бойынша коды (кодтары);
4) тауарлар бойынша сандық мәліметтер;
5) нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан олардың сәйкестігін растау жүргізілгені туралы ақпарат;
6) өнімнің нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігіне дәлел ретінде сәйкестікті растау жөніндегі органға өтінім беруші ұсынған құжаттар туралы ақпарат, жүргізілген зерттеулер (сынақтар) және өлшеулер туралы ақпарат (сынақтар хаттамасының күні, нөмірі, сынақтар хаттамасын берген сынақ зертханасының атауы және аккредиттеу аттестатының нөмірі, шетелдік сертификаттың берілген күні, нөмірі, оны берген органның атауы);
7) сәйкестік сертификатының (сәйкестік туралы декларацияның) қолданылуын тоқтата тұру, қайта жалғастыру немесе тоқтату күні және себебі;
8) сәйкестік сертификатының (сәйкестік туралы декларация) берілген күн, оның қолданылуын ұзарту мерзімі және оны ұзарту негізі;
9) сәйкестік сертификатына (сәйкестік туралы декларацияға) қосымша (қосымшалар) туралы мәліметтер;
10) сәйкестік сертификатын (сәйкестік туралы декларацияны) берген (тіркеген) сәйкестікті растау жөніндегі органның атауы, мекенжайы, аккредиттеу аттестатының нөмірі мен берілген күні;
11) сәйкестік сертификатын (сәйкестік туралы декларацияны) берген (тіркеген) сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының тегі, аты мен әкесінің аты (болған жағдайда);
12) сарапшы-аудитордың (сарапшының) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
13) сәйкестік сертификатының (сәйкестік туралы декларацияның) қолданылу мерзімі, тіркеу нөмірі, сәйкестік сертификаты (сәйкестік туралы декларация) ресімделген бланкінің есептік нөмірі.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 5 маусымдағы
№ 421 бұйрығына
2-қосымша
Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер
тізбесін Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу
саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі
органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының)
табыс ету қағидалары
1. Осы Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер тізбесін табыс ету қағидалары «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтарының) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы, импортталатын тауарлар бойынша және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосына (бұдан әрі – ведомство) өнімдердің сәйкестігін растауға (бағалауға) жүгінген өтініш берушілер туралы мәліметтер тізбесін табыс ету тәртібін, сондай-ақ камералдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында олардың мәліметтерді беру нысаны мен тәсілдерін айқындайды.
2. Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдар осы Қағидаларға сәйкес мәліметтерді ведомствоға табыс етеді.
3. Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдар осы Қағидаларға сәйкес мәліметтерді дайындауға, беруге жауапты лауазымды адамдарды айқындау туралы жазбаша түрде ведомствоға хабарлайды.
4. Кеден ісі саласындағы және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органдар осы Қағидалардың 5 және 7-тармақтарында көзделген мерзімдерде электрондық жеткізгіштегі немесе қорғалған байланыс арналары арқылы ақпаратты қоса бере отырып, «қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар ілеспе хатты ресімдеу жолымен мәліметтерді ведомствоға табыс етеді.
Ілеспе хатқа қоса берілетін ақпарат (мәліметтер) тізбеленген форматтардың (Excel, SQL, DBF) бірінде қорғалған байланыс арналары арқылы немесе электрондық жеткізгіштермен жіберіледі.
5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бес бесінші күніне дейін ұсынатын мәліметтердің тізбесіне сәйкес мәліметтерді ведомствоға табыс етеді.
6. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган сәйкестікті растау жөніндегі органдардан өнім және өнімнің сәйкестігін растау (бағалау) үшін жүгінген өтінім берушілер туралы мәліметтер жинауды ұйымдастырады.
7. Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган ай сайын есепті айдан кейінгі айдың оңыңшы күніне дейін ұсынатын мәліметтердің тізбесіне сәйкес мәліметтерді ведомствоға табыс етеді.
8. Сынақ зертханалары (орталықтары) «Техникалық реттеу туралы» 2014 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 5-тармағына сәйкес ведомствоға сынақ жұмыстарын жүргізу, үшінші елдердің аккредиттеу субъектілері жүргізген сынақ жұмыстарының нәтижелерін тану үшін жүгінген өтініш берушілер, сынақтардың нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.