Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11879 болып тіркелді.

Жаңартылған

      "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу туралы нұсқауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 наурыздағы № 167 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5651 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған, 2009 жылғы № 7) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ауыл шаруашылығы министрі

А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрі

      ___________ Б. Имашев

      2015 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 14 шілде



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 4-2/602 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы өсімдіктері – дәнді, дәнді бұршақты, жармалық, жемшөптік, майлы, эфирлі-майлы, техникалық, көкөністік, дәрі-дәрмектік, гүлді, жемістік, жидектік дақылдар, картоп, жүзім;

      2) вегетациялық кезең – өскіндердің пайда болуынан бастап пісіп-жетілуіне дейінгі кезең;

      3) деректер банкі – Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) енгізілген сорттарға және Мемлекеттік тізілімге енгізілмеген сорттарға бөле отырып, патент қабілеттілігіне және шаруашылыққа пайдалылығына сараптама және сынақ өткізілген сорттардың паспорттық деректерінің жинағы;

      4) ерекшелікке, біркелкілікке және тұрақтылыққа егістік сынау – әрбір дақыл үшін белгілі әдістемелердегі белгілері бойынша егістік жағдайда жаңа сорттарды үлгі-сорттармен салыстыра отырып зерттеу, олардың ерекшелік, біркелкілік және тұрақтылық критерийлерге сәйкестігін көзбен шолу арқылы бағалау;

      5) зертханалық сынақ – ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарын морфологиялық және биохимиялық белгілері бойынша ерекшелігі мен біртектілігі және селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінімде ұсынылған сипаттамаға сәйкестігі мәніне зертханалық жағдайларда сынау;

      6) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізуді қарастыру жөніндегі сараптама кеңесі (бұдан әрі - Сараптама кеңесі) – мемлекеттік сынау және селекциялық жетістіктерді қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында құрылған Мемлекеттік комиссияның кеңес органы;

      7) Мемлекеттік комиссия – ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды және сынауды жүзеге асыратын, тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия;

      8) өтінім беруші – селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінім және (немесе) селекциялық жетiстiкті Мемлекеттік тізілімге енгізуге арналған өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;

      9) пайдалану циклі – өнімді жинау жүргізілетін аралықтағы көп жылдық шөптерді пайдалану кезеңі;

      10) патент қабілеттілігі – сорттың жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық критерийлерге сәйкестігі;

      11) сараптама ұйымымемлекеттік монополияға (селекциялық жетістіктерді қорғау саласында қызметтер көрсету) жатқызылған салаларда қызметті жүзеге асыратын, селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ведомстволық бағынысты ұйым;

      12) селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;

      13) сорт – шаруашылық және биологиялық қасиеттерi мен морфологиялық белгiлерi бойынша ұқсас, шығу тегi жағынан туыс, өз белгiлерiн тұқым қуалау арқылы келесi ұрпақтарға беретiн және белгiлi бiр ботаникалық таксондағы өсiмдiктердiң басқа топтарынан ең болмағанда бiр белгiсi бойынша ерекшеленетiн бiр дақылдың өсiмдiктер тобы;

      14) сортты сақтау – Қазақстан Республикасында өсімдіктердің қорғалатын сорттарының Мемлекеттік тізіліміндегі ресми сипаттамасына сәйкес сортты қолдау;

      15) сорттық сынақ – селекциялық жетістіктің патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығын сараптамадан және сынақтан өткізу;

      16) сорттың паспорты – сорттық тиесілілікті айқындайтын дәл және қалпына келтірілетін белгілер бойынша сортты сипаттау;

      17) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – тұқым шаруашылығы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      18) шаруашылық пайдалылығы – өнім өндірудің барынша экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін шаруашылық-құнды белгілер кешенінің бар-жоғы;

      19) шаруашылық түсім – жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің бір вегетациялық кезеңінде шығынды шегергенде алғандағы өсірілген өнім көлемі;

      20) шаруашылыққа пайдалылығын егістік сынау – жаңа сорттарды өнімділік деңгейі, өнімнің сапасы, ауруларға және зиянкестерге төзімділігі және әрбір дақыл үшін әдістемелермен айқындалған басқа да шаруашылық-құнды белгілері бойынша стандарттармен салыстыра отырып, жан-жақты және терең зерделеу және бағалау, сондай-ақ олардың экономикалық тиімділігін бағалау.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      3. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын патенттік қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сынауды және бағалауды жүргізу тәсілдері мен әдістері "Ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сорт сынағын жүргізудің әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 06-2/254 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сорт сынағын жүргізудің әдістемесімен (бұдан әрі – әдістеме) айқындалады.

      4. Сорттық сынақ өткізуге арналған тұқымдық және отырғызу материалының үлгiсі өткен жылдың не ағымдағы жылдың өнімінен iрiктеледі және онымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3080 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша тұқымға арналған аттестат немесе куәлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларға сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификат бірге жүреді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      5. Сорттық сынақ өткізу үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін тұқымдық және отырғызылатын материал үлгісі фитосанитарлық сертификатпен және олардың сорттық және егістік сапасын куәландыратын құжаттармен бірге жүреді.

      6. Сорттық сынаққа келіп түсетін тұқымдық және отырғызылатын материал үлгісі, бөтен қоспалардан, басқа өсімдіктердің тұқымдарынан бос болуы, сондай-ақ Мемлекеттік комиссия мен өтінім берушінің арасындағы шартта қарастырылған жағдайларды қоспағанда, қабықтанбаған, дәрiленбеген болуы тиiс.

      7. Сорттық сынаққа ұсынылған тұқымдық және отырғызылатын материал үлгісінде төмендегілерді қамтитын iшкi және сыртқы заттаңбалары болуы тиіс:

      1) сорттың атауы (егер аты әлi айқындалмаса – селекциялық нөмiрi). Шетелдiк сорттың атауы өтiнiш берушiнiң тiлiнде және мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi транскрипцияда жазылады;

      2) тегi, түрiнің атауы (латын және мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде).

      8. Өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға сондай-ақ құрамында гербарий, тұқым, түйнектер, баданалар, қалемшелер, гүлшоғырлары (масақтар, шашақгүлдер, собықтар және өсімдіктердің басқа да бөліктері) бар үлгіні (сорт эталонын) тұқымдық сорттық тектік қорды қалыптастыру және тұрақты сақтау үшін жолдайды.

      9. Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының басқа ұйымдары өткізген, сондай-ақ тиісті шарттар жасалған басқа мемлекеттердің сынақтарының нәтижелерін және өтінім беруші берген деректерді пайдалана алады.

      10. Патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттiк сынақтың немесе өтiнiм берушiнiң деректерi бойынша бағаланатын өсiмдiктердiң тектерi мен түрлерiнiң тiзбелері "Патент қабiлеттiлiгі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттiк сынақтың немесе өтiнiш берушiнiң деректерi бойынша бағаланатын өсiмдiктердiң тектерi мен түрлерiнiң тiзбелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-2/490 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11479 тіркелген) бекітілген.

2. Сорттарды патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу тәртібі

      11. Сортты патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу төмендегілерді қамтиды:

      1) патент беруге арналған өтінімнің көшірмесіне сараптама жүргізу;

      2) сорт жаңалығына сараптама жүргізу;

      3) сорттың атауына сараптама жүргізу;

      4) зертханалық сынақ;

      5) ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына егістік сынау.

      12. Өтінім беруші селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінімді (бұдан әрі – патент беруге арналған өтінім) сараптама ұйымына береді.

      Өтiнiм берiлген күннен бастап екi ай мерзiм өткен соң сараптама жасау ұйымы ол бойынша алдын ала сараптама жүргiзедi. Алдын ала сараптама жүргiзу барысында өтiнiмге басымдық берiлген күн белгiленедi, қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға белгiленген талаптардың орындалуы тексерiледi. Патент беруге жасалған өтiнiмге алдын ала сараптама екi ай мерзiмде жүргiзiледi.

      Алдын ала сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өтінімді одан әрі қара туралы шешім қабылдайды. Патент беруге арналған өтінімнің көшірмесі Мемлекеттік комиссияға жолданады.

      13. Өтінім берушінің деректері бойынша сортты патент қабілеттілігіне сараптама және сынақ өткізу кезінде сорттың ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа егістік сынақ жүргізілмейді.

      14. Өтінім берушінің деректері бойынша сортты патенттік қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу бір жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі.

      15. Мемлекеттік сорттық сынақ деректері бойынша сортты патенттік қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу кемінде екі вегетациялық кезеңде жүргізіледі.

      Мемлекеттік сорттық сынақ деректері бойынша сортты патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу үшін Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымдық және отырғызу материалын жеткізуге арналған наряд (бұдан әрі – тұқым жеткізуге арналған наряд) жолдайды.

      Өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға тұқым жеткізуге арналған нарядта көрсетілген мекенжайлар бойынша және мерзімдерде тұқымдық және отырғызу материалының қажетті санын ұсынады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      16. Патент беруге арналған өтінім көшірмесінің сараптамасы, сорт жаңалығына сараптама, сорттың атауына сараптама, зертханалық сынақ екі ай мерзімінде жүргізіледі.

      17. Патент беруге арналған өтінім көшірмесінің сараптамасын Мемлекеттік комиссия ұсынылған ақпараттың толықтығын тексеру арқылы жүргізеді.

      18. Сорт жаңалығына сараптаманы Мемлекеттік комиссия өтінім беруші ұсынған құжаттарды талдау арқылы және деректер банкін пайдалана отырып жүргізеді.

      Егер, өтінім берілген сортқа жаңалыққа сараптама жүргізу нәтижесінде сорттың жаңалық өлшемшартына сәйкес еместігі анықталса, Мемлекеттік комиссия сәйкессіздік анықталған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы қорытынды (бұдан әрі - патент беруден бас тарту туралы қорытынды) жасайды және оны сараптама ұйымына жолдайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      19. Сорт атауына сараптама жасау кезінде оның мынадай талаптарға сәйкестігі анықталады: сорттың атауы сортты сәйкестендіруге мүмкіндік беруі, қысқа болуы, сол немесе соған жақын ботаникалық түрдің қолда бар сорттарының атауларынан өзгеше болуы тиіс, цифрлардан ғана тұрмауы, қасиеттеріне, шығу тегіне, сорттың маңызына, селекционердің жеке басына қатысты жаңылыстырмауы тиіс, адамгершілік пен мораль қағидаттарына қайшы келмеуі тиіс.

      20. Егер бірдей сортқа арналған өтінім Қазақстан Республикасына және басқа елдерге де берілсе, онда сорттың атауы осы Қағидалардың 19-тармағының талаптарына жауап бермейтін жағдайларды қоспағанда, бірдей сорттың атауы да бірдей болуы тиіс.

      21. Мемлекеттік комиссия сорт атауының осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігіне сараптама жүргізу нәтижелері бойынша патент беруге арналған өтінімнің көшірмесі келіп түскен күннен бастап екі айлық мерзімде осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістіктің атауын тексеру нәтижелері жөніндегі қорытындыны сараптама ұйымына жолдайды.

      Егер, сорттың атауы осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген талаптарға жауап бермесе, сараптама ұйымының сұранымы бойынша өтінім беруші екі айлық мерзімде сорттың жаңа атауын ұсынады.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
      22. алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      23. Зертханалық сынақ барысында:

      1) деректер банкін пайдалана отырып, басқа сорттардан ерекше белгілердің бар-жоғы анықталады;

      2) ұсынылған материалдарды көзбен талдау негізінде белгілердің біртектілігіне баға беріледі;

      3) электрофорез әдісімен биохимиялық зерттеулер жүргізіледі.

      24. Зертханалық сынақтың теріс нәтижелері анықталған кезде (өтінім беруші ұсынған селекциялық жетістік сауалнамасында көрсетілген белгілерге сәйкессіздігі және морфология мен электрофоретикалық спектрдің белоктық формуласы бойынша анық көрінетін ерекше белгілердің болмауы) Мемлекеттік комиссия он жұмыс күннің ішінде сараптама ұйымына патент беруден бас тарту туралы қорытындыны жолдайды.

      25. Зертханалық сынақтың оң нәтижелері алынған кезде Мемлекеттік комиссия ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа егістік сынақтар жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      26. алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      27. Патент беруге арналған өтінім беру сәтінде бар болуы баршаға мәлім болып табылатын сорт кез келген басқа сорттан ерекше болса, сорт ерекшелік талаптарына жауап береді.

      Егістік сынақ кезінде сорттың ерекше өзгешеліктерін айқындауға мүмкіндік беретін белгілер жақсы көрінуі және дәл сипаттау мен қалпына келтіруге икемді болуы тиіс.

      28. Егер көбею ерекшеліктерін ескере отырып селекцияланатын белгілері бойынша біртекті болып қалса, сорт біртекті деп саналады.

      29. Негізгі белгілері әрбір көбеюден кейін, ал көбеюдің ерекше циклы кезінде – әрбір көбею циклы соңында, өзгеріссіз қалса сорт тұрақтылық критерийіне жауап береді.

      30. Сортты ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа сынақтан өткізу нәтижелері деректер банкін пайдалана отырып, Мемлекеттік комиссияда өңделеді.

      31. Егер өтінім беруші екі жыл қатарынан Мемлекеттік комиссияның тұқымды жеткізуге тапсырма құжатына (нарядқа) сәйкес тұқымдық материалды ұсынбаған жағдайда, сорт патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақ өткізуден алынады.

      32. Егер, Мемлекеттік комиссия жүргізген патент қабілеттілігіне сараптама және сынақтан өткізу нәтижесінде өтінім берілген сорттың патент қабілеттілігі шарттарына сәйкестігі анықталса, Мемлекеттік комиссия патент беруге арналған қорытындысы бар сорт сипаттамасын және сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытындыны жасайды және оларды он жұмыс күні ішінде екі данада сараптама ұйымына жолдайды.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      33. Мемлекеттік комиссия өтінім берілген сорттың жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық критерийлерінің біреуіне сәйкессіздігін анықтаған кезде, Мемлекеттік комиссия патент беруден бас тарту туралы қорытынды жасайды және оны екі данада сараптама ұйымына жолдайды.

      34. Патент иеленуші сортты патенттің қолданылу мерзімі ішінде селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін Қазақстан Республикасында өсімдіктердің қорғалатын сорттарының Мемлекеттік тізілімінде оларды тіркеген күні жасалған сорттың ресми сипаттамасында көрсетілген белгілері сақталатындай қалыпта ұстайды.

      35. Патент иеленуші Мемлекеттік комиссияның сұрау салуы бойынша бақылау сынақтарын жүргізу және сорттың сақталуын тексеру үшін тұқымдық материалдың үлгілерін сұрау салу жіберілген күннен бастап он екі ай ішінде жолдайды.

3. Сорттарды шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу тәртібі

      36. Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу:

      1) селекциялық жетiстiкті Мемлекеттік тізілімге қосуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қабылдауды;

      2) өтінімге және сорт атауына сараптама жасауды;

      3) шаруашылыққа пайдалылығына егістік сынақтар жүргізуді;

      4) морфологиялық белгілері бойынша сортты сәйкестендіруді;

      5) деректер банкінде сорттың паспортын тіркеуді қамтиды.

      Егер мәлімделген сортта патент беруге оң қорытынды болса, сорт атауына сараптама жүргізілмейді.

      Ескерту. 36-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      37. Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу үшін өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға мынадай құжаттар мен материалдарды қамтитын өтінімді ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығына сынауға арналған өтініш, екі данада;

      2) өтінім берушінің деректерi бойынша шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткiзу кезiнде – топырақтық-климаттық параметрлер бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің пайдалануы үшін ұсынылатын жағдайларға ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының сортты сынақтан өткізуінің оң нәтижелерін растайтын құжаттама;

      3) селекциялық жетістік сауалнамасы (тиісті дақылға арналған нысан бойынша) екі данада;

      4) тиісті тектер мен түрлерге арналған селекциялық жетістіктің сипаттамасы, екі данада;

      5) гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктерінің және шаруашылықта пайдалану фазасында қалыпты дамыған өсімдіктің сорт атауы көрсетілген масштабты сызғышы бар фотографиялары;

      6) өтінім беруге арналған құқығын растайтын құжат (құқықтық мирасқорлар және делдалдар үшін);

      7) сынаққа берілетін сортта генетикалық түрлендірілген объектілердің жоқ екендігі туралы құжат не генетикалық түрлендірілген объектілердің құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері (шетелдік селекциядағы сорттар үшін);

      8) тұқымдық және отырғызу материалының үлгiлерi.

      Ескерту. 37-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      38. Өтінімді заңды немесе жеке тұлға, ал патент беруге өтінім берілген сорт бойынша – патент беруге арналған өтінім берген адам, не көрсетілген өкілеттіктерді жүзеге асыруға сенімхаты бар өтінім берушінің өкілі береді.

      Шетелдік өтінім берушілерден өтінім Мемлекеттік комиссияға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген олардың өкілдіктері арқылы беріледі. Көрсетілген өкілдіктер өтінім бойынша істер жүргізуге байланысты, оның ішінде кедендік ресімдеу және тұқымды жеткізуге арналған нарядқа сәйкес сынақтан өткізу үшін тұқымдық және отырғызу материалын жіберу жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асырады.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      39. Селекциялық жетістікті кезекті ауыл шаруашылығы жылының мемлекеттік сынақ жоспарларына қосу үшін өтінім беруші өтінімді Мемлекеттік комиссияға:

      жабық топырақ дақылдары бойынша 15 тамыздан;

      күздік егіс дақылдары бойынша 10 қазаннан;

      жаздық дәнді масақты, дәнді-бұршақты, жармалық (күріштен басқа), майлы дақылдар, картоп, көкөніс және бақша дақылдары, біржылдық, көпжылдық шөптер (құмайжүгеріден басқа) және азықтық тамыртүйнектер бойынша 1 желтоқсаннан;

      жүгері, күріш, құмайжүгері бойынша 15 желтоқсаннан;

      иіру, техникалық, эфирмайлы дақылдар, мақта, жеміс, жидек дақылдары, жүзім, тұт, тұт ағашының будандары, гүлді-декоративтік өсімдіктер және дәрілік дақылдар бойынша 25 желтоқсаннан кешіктірмей береді.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      40. Мемлекеттік комиссияға жіберілетін осы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген құжаттарда сорттың атауы (егер аты әлі анықталмаса - селекциялық нөмірі) және өтінім берушінің немесе оның өкілінің қолы болуы тиіс. Сорттың атауы (егер аты әлі анықталмаса-селекциялық нөмірі) көрсетілмеген құжаттар қаралмай қайтарылады.

      41. Өтінімге келіп түскен және өтінімнің бастапқы құжаттарында келтірілмеген және өтінім берілген сорттың мәнін өзгертетін белгілері бар қосымша құжаттар өтінімді қарау кезінде назарға алынбайды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге бір ай мерзімінде жазбаша нысанда хабарлайды.

      Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      42. Мемлекеттік комиссиямен хат алмасуды өтінім беруші немесе уәкілеттік берілген оның өкілі әрбір өтінім бойынша жеке-жеке жүргізеді.

      Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      43. Өтінім берушінің деректері бойынша сортты шаруашылыққа пайдалығына сынақтан өткізу бір жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі.

      44. Мемлекеттік сорттық сынақ деректері бойынша сортты шаруашылыққа пайдалығына сынақтан өткізу егістік тәжірибе отырғызылған күннен бастап, мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

      дәнді, дәнді бұршақты, жармалық, майлы, техникалық, иіру, біржылдық жемшөп, көкөніс, бақша, гүлді-сәнді дақылдары және картоп бойынша екі вегетациялық кезеңнен кем емес;

      көпжылдық шөптері бойынша екі циклді қолданудан кем емес;

      жеміс, жидек дақылдары мен жүзім бойынша екі шаруашылық өнімнен кем емес.

      Сортты шаруашылыққа пайдалығына сынақтан өткізу кезеңінде ауа райының қолайсыз жағдайы, форс-мажор болған жағдайда сынақ мерзімі сортты қосымша зерделеу үшін бір вегетациялық кезеңге созылады.

      45. Мемлекеттік комиссия өтінім келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде өтінімге және сорт атауына сараптама жүргізеді.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен
      46. алып тасталсын – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      47. Сорттың атауына сараптама жасау кезінде оның осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі анықталады.

      Егер сорттың атауы осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген талаптарға жауап бермесе, Мемлекеттік комиссия сәйкессіздік анықталған күнінен бастап он жұмыс күннің ішінде осы туралы өтінім берушіге жазбаша хабарлайды.

      Өтінім беруші екі айлық мерзімде сорттың жаңа атауын ұсынады.

      Егер көрсетілген мерзім ішінде, өтінім беруші жаңа атау ұсынбаса, Мемлекеттік комиссия он жұмыс күннің ішінде оған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанын бойынша сортты шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынақ өткізуден бас тарту туралы қорытындыны жолдайды.

      47-1. Шаруашылыққа пайдалылығына далалық сынақ жүргізу үшін Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге тұқым жеткізуге арналған наряд жолдайды.

      Өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға тұқым жеткізуге арналған нарядта көрсетілген мекенжайлар бойынша және мерзімдерде тұқымдық және отырғызу материалының қажетті санын ұсынады.

      Ескерту. Қағида 47-1-тармақпен толықтырылсын – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      48. Өтінім берушінің деректері бойынша сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу мынадай жағдайларда жүргізілмейді, егер:

      1) өтінім беруші топырақтық-климаттық параметрлер бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің пайдалануы үшін ұсынылатын жағдайларға ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының сортты сынақтан өткізуінің оң нәтижелерін растайтын құжаттаманы бергенде;

      2) өтінім беруші берген ауыл шаруашылығы өсімдігінің сортын сынақтан өткізу нәтижелері түсімділіктің стандарттан жоғарлылығы, негізгі ауруларға төзімділігі стандарт деңгейінде екендігін немесе сортты пайдалану мақсатын анықтайтын айрықша шаруашылық құнды белгілері болғандығы туралы куәландырса.

      Ескерту. Қағида 48-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      49. Дақылдың қолайлы дамуын қамтамасыз ететін жағдайларда, егістік сынақтар бір жерде жүргізіледі.

      50. Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу барысында Мемлекеттік комиссия морфологиялық белгілері бойынша сортты сәйкестендіруді жүргізеді, оның нәтижесінде сорттың ресми сипаттамасы жасалады.

      51. Сорт өтінім берілген сипаттамаға біртектілігі бойынша сәйкес келмеген жағдайда, Мемлекеттік комиссия сортқа тиесілілігін анықтаудың қиындығына немесе мүмкін еместігіне байланысты өтінімді қабылдамау және сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуден бас тарту туралы қорытынды өтінім берушіге шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жолданады.

      Ескерту. 51-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      52. Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу нәтижелері деректер банкінде тіркеледі.

      53. Егер, өтінім беруші өтінім тіркелген сәттен бастап екі жыл қатарынан Мемлекеттік комиссия жолдаған тұқым жеткізуге арналған нарядқа сәйкес сынау үшін тұқымдық және отырғызу материалын ұсынбаған жағдайда, сорт шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуден алынады.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      54. Өтініш берушінің деректері бойынша және мемлекеттік сынақтың деректері бойынша сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу нәтижелері бойынша Мемлекеттік комиссияның Сараптама кеңесі селекциялық жетістікті одан әрі сынақтан өткізуден алып тастау немесе шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша Мемлекеттік тізілімге қосу негіздемесі бар, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды (бұдан әрі – Сараптама кеңесінің қорытындысы) жасайды.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      55. Мемлекеттік комиссия Сараптама кеңесінің қорытындысы жасалған күннен бастап он жұмыс күннің ішінде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган құрған ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі Республикалық комиссияға (бұдан әрі – комиссия) қарастыруға сынақ нәтижелері мен Сараптама кеңесінің қорытындысын жолдайды.

      56. Комиссия сынақ нәтижелері мен Сараптама кеңесінің қорытындысын қарастыру қорытындылары бойынша тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тиісті шешім қабылдау үшін сортты сынақтан өткізуден алып тастау немесе шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша пайдалануға сортты ұсыну туралы ұсыныс енгізеді.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      56-1. Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуден бас тартуға арналған негіздер:

      1) өтінім берушінің сортты сынақтан өткізу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) сортты сынақтан өткізу үшін ұсынылған қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

      Ескерту. Қағида 56-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

  Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерін сұрыптық сынақтан
өткізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

                  (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

      ________________________________________________________________________________

                                    заңды тұлғаның атауы)

Тұқымдық және отырғызу материалын жеткізуге арналған наряд

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі мынадай тұқымдық және (немесе) отырғызу материалын (керегінің асты сызылсын) сорттық сынаққа жіберуді сұрайды:

Дақыл

Сорт

Облыс

Мемлекеттік сорт сынау учаскесінің (станцияның) атауы

Мемлекеттік сорт сынау учаскесінің (станцияың) мекенжайы

Мөлшері, килограмм

1

2

3

4

5

6







      Жеткізу мерзімі 20___жылғы "___" ____________ дейін

      Басшы ___________ ______________________________________________________________

        (қолы)                   (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


  Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерін сұрыптық сынақтан
өткізу қағидаларына
1-1-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің "Ауыл
шаруашылығы дақылдарының
сорттарын сынау жөніндегі
мемлекеттік комиссия"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
  ____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда), қолы, мөрі
(бар болса)) 20 __ жылғы "__" _____

Өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы қорытынды

      Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Өтінім №________________________ Өтінімнің берілген күні:___________________________

      Дақыл (тек, түр)_______________________ Сорт/Будан:________________________________

      Өтінім беруші(лер):_______________________________________________________________

      Сорттың авторы(лары):____________________________________________________________

      Шығу тегі бойынша сипаттама:_____________________________________________________

      Селекция әдісі:___________________________________________________________________

      Өмір салты:__________________________ Даму циклі:_________________________________

      Сынақ басталған күн:__________________ Сынақтан алынған күн:_______________________

      Аудандастырылған жыл:__________ Аудандастырудан алынған жыл:____________________

      DUS-test*-ке зерттеу нәтижелері

      1. Ерекшелігі (distinctness)_________________________________________________________

      2. Біртектілігі (uniformiti)__________________________________________________________

      3. Тұрақтылығы (stabiliti)__________________________________________________________

      4. Сорт бойынша басқа ақпарат:____________________________________________________

      Ескертпе:

      * аббревиатуралардың толық жазылуы:

      DUS-test – distinctness (ерекшелігі), uniformiti (біртектілігі), stabiliti (тұрақтылығы).

      Селекциялық жетістікті патент қабілеттілігіне сараптау

      нәтижелері бойынша қорытынды:___________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сілтеме келтіре отырып, патент

                              беруден бас тарту себебін негіздеу)

      Сараптама кеңесінің мүшелері:      _________________________________________________

                                    _________________________________________________

                                    __________________________________________________

                                    __________________________________________________

 
  Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерін сұрыптық сынақтан
өткізу қағидаларына
1-2-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің "Ауыл
шаруашылығы дақылдарының
сорттарын сынау жөніндегі
мемлекеттік комиссия"
республикалық
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты ( бар
болған жағдайда), қолы, мөрі
(бар болса))
20 __ жылғы "__" __________

Селекциялық жетістіктің атауын тексеру нәтижелері жөніндегі қорытынды

      Ескерту. Қағида 1-2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Өтінім №_______________ Өтінімнің берілген күні____________________________________

      Дақыл:__________________________________________________________________________

      Өтінім беруші(лер):_______________________________________________________________

      Автор(лар):______________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Селекциялық жетістіктің ұсынылған атауы:___________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Селекциялық жетістіктің тіркелген аты:

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Тексеру өткізу негізі: _____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Атаудың қысқаша сипаттамасы:____________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Сараптама нәтижелері:____________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________

      (сорттың атауы сәйкес келмеген жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы

                  заңнамасына сілтеме келтіре отырып, негіздеме көрсету)

      Патент қабілеттілігіне сараптама

      жасау бөлімінің басшысы______________ __________________________________________

                              (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерін сұрыптық сынақтан
өткізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы
(010000, Астана қаласы, Абай даңғылы,
13-үй, "Іскер" бизнес орталығы, 11-қабат, 1111-кабинет)

Өтiнiм нөмiрi







 
Тiркелген күнi







 

Селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығына сынауға арналған өтініш

Өтiнiш берушi(лер)
_____________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), заңды тұлғаның атауы және
мекенжайы)
_____________________________________________________________________________
Азаматтығы
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Хат алмасуға арналған мекенжайы
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Телефоны____________ Электрондық мекенжайы__________________________________
Селекциялык жетiстiк оригинаторының(ларының) атауы(лары),
мекенжайы(лары) және қатысу үлесі, %-бен
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Тек, түр (қазақша атауы)
_____________________________________________________________________________
Тек, түр (орысша атауы)
_____________________________________________________________________________
Тек, түр (латынша атауы)
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Ұсынылып отырған атауы
_____________________________________________________________________________
Селекциялық нөмiрi
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Автор(лар) (егер автор(лар) өтiнiш берушi(лер) болып табылмаса)


Тегi

Аты

Әкесiнiң аты
(бар болған жағдайда)

Үйiнiң мекенжайы

Қатысу үлесi, %











Мендегi (бiздегi) бар ақпарат бойынша басқа авторлары жоқ

Алдыңғы өтiнiмдер

Тiркелген

Өтiнiм нөмiрi

Кезеңі

Қандай атаумен

елі

күнi

Күзет беруге





Шаруашылыққа пайдалылығына сынауға





Мен (бiз) бiрiншi өтiнiмде берiлген материал осы сортты бiлдiретiнiн және осы өтiнiмге сәйкес келетінiн мәлiмдеймiн(мiз)

Оригинатор ұсынып отырған сынақ өткiзу (пайдалану) салалары

Мен (бiз) селекциялық жетiстiктi шаруашылыққа пайдалылығы бойынша мемлекеттiк сынақтан өткiзудi өтiнемiн(мiз).
Мен (бiз) менде (бiзде) бар мәлiметтер бойынша өтiнiмдi қарауға қажеттi және осы өтiнiш пен қосымшаға енгiзiлген ақпарат түпкiлікті және дұрыс екендiгiн мәлiмдеймiн(мiз).
Мен (бiз) үлгiлердiң тиiсiнше алынғандығын және сорттың репрезентативті іріктелгенін көрсететінін растаймын(мыз).
Мен (бiз) Мемлекеттік комиссия мен оның инспектураларының нарядтары бойынша шаруашылыққа пайдалылығына сынақ жүргiзу үшiн тұқымның қажеттi мөлшерiн, сондай-ақ сақтауға сорттың эталондық үлгiсiн өтеусiз беруге мiндеттенемiн(міз).
Өтiнiш берушiнiң (берушілердiң) қолы (қолдары)____________ ___________
____________ ___________
____________ ___________
____________ ___________
____________ ___________
Мөр (бар болса) орны


  Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін
сұрыптық сынақтан өткізу
қағидаларына 3-қосымша

      Нысан

Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуден бас тарту туралы қорытынды № ____

      Өтінім №

      Өтінім берілген күн:

      Дақыл (тек, түр):

      Сорт/будан:

      Өтінім беруші:

      Сорттың автор(лар)ы:

      Шығу тегі бойынша сипаттамасы:

      Бастапқы (ата-аналық) формалары

      көрсетілген селекция әдісі:

      Өмір салты:

      Даму циклы:

      Сынақтан алу күні:

      Қорытынды_______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      _______________________________________________________________

      Басшы _________ _____________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)


  Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерін сұрыптық сынақтан
өткізу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Селекциялық жетістікті одан әрі сынақтан өткізуден алып тастау немесе шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша Мемлекеттік тізілімге қосу негіздемесі бар қорытынды

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.04.2017 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Сорт/будан______________________________________________________________________

      Сынақтан өткізудің басталған жылы_________________________________________________

      ________________________ жылғы орташа көрсеткіштер_______________________________

      Түсімділік, центнер/гектар_________________________________________________________

      Тәлімі жерде_____________________________________________________________________

      Суармалы жерде__________________________________________________________________

Көрсеткіштер

20 _____

20 ____

20___

Орташа

1

2

3

4

5

1. Облыс___________________





Сорт учаскесі_______________





Стандарт___________________





Сорт_______________________





Ауытқушылық





Сорт учаскесі_______________





Стандарт___________________





Сорт_______________________





Ауытқушылық





Сорт учаскесі_______________





Стандарт___________________





Сорт_______________________





Ауытқушылық





Орташа_____________________





Стандарт___________________





Сорт_______________________





Ауытқушылық





Облыс бойынша орташа______





Стандарт___________________





Сорт_______________________





2. Облыс бойынша түсімділіктің кепілдендірілген қосылуы, центнер/гектар
_______________________________________________________

3. Экономикалық тиімділік, %__________________________________________

4. Баға өлшемшарттары________________________________________________

5. 1000 тұқымның, түйнектің, жемістің массасы, грамм_____________________

6. Қорапшаның массасы, грамм_________________________________________

7. Бір қорапшадағы шитті мақтаның массасы, грамм_______________________

8. Шитті мақтадан талшық шығымы, %__________________________________

9. Жапырақтылық, %__________________________________________________

10. Өнімнің түптенуі, сабақ____________________________________________

11. Өсімдік биіктігі, сантиметр_________________________________________

12. Талшық ұзындығы, миллиметр______________________________________

13. Төменгі бұршақтардың бекіну биіктігі, сантиметр______________________

14. Бұршақтардың жарылғыштығы, %___________________________________

15. Ауруларға төзімділігі, балл

Аурулар









16. Зиянкестерге төзімділігі, балл

Зиянкестер









17. Жапырылып қалуға төзімділігі, балл__________________________________

18. Төгілуге төзімділігі, балл___________________________________________

19. Құрғақшылыққа төзімділігі, балл____________________________________

20. Сақталғыштық, %_________________________________________________

21. Вегетациялық кезең, күн____________________________________________

22. Дегустациялық бағасы, балл_________________________________________

23. Сорттың жалпы бағасы, балл________________________________________

24. Өсіп-өнуге төзімділігі, балл_________________________________________

25. Сапалық және технологиялық көрсеткіштері





Көрсеткіштер, %миллиграмм/грамм, миллилитр





      Ескертпе: кестеде көрсетілмеген көрсеткіштер қосымша толтырылады.

      Негіздемені дайындаған

      _________________________________________                         ______________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)                                     (қолы)

      20 ___ жылғы "_____" _______________________

                                          Қорытынды

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      20 ___ жылғы "___" _________________________

      Басшы ___________                   ________________________________________

            (қолы)                        (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)