Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11879 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары бекітілсін.
      2. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу туралы нұсқауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 наурыздағы № 167 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5651 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған, 2009 жылғы № 7) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                   А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі
      ___________ Б. Имашев
      2015 жылғы «___» __________

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 14 шілде

Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 2 шілдедегі  
№ 4-2/602 бұйрығымен 
бекітілген       

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

     1. Осы Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және  «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) ауыл шаруашылығы өсімдіктері – дәнді, дәнді бұршақты, жармалық, жемшөптік, майлы, эфирлі-майлы, техникалық, көкөністік, дәрі-дәрмектік, гүлді, жемістік, жидектік дақылдар, картоп, жүзім;
      2) вегетациялық кезең – өскіндердің пайда болуынан бастап пісіп-жетілуіне дейінгі кезең;
      3) деректер банкі – Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) енгізілген сорттарға және Мемлекеттік тізілімге енгізілмеген сорттарға бөле отырып, патент қабілеттілігіне және шаруашылыққа пайдалылығына сараптама және сынақ өткізілген сорттардың паспорттық деректерінің жинағы;
      4) ерекшелікке, біркелкілікке және тұрақтылыққа егістік сынау – әрбір дақыл үшін белгілі әдістемелердегі белгілері бойынша егістік жағдайда жаңа сорттарды үлгі-сорттармен салыстыра отырып зерттеу, олардың ерекшелік, біркелкілік және тұрақтылық критерийлерге сәйкестігін көзбен шолу арқылы бағалау;
      5) зертханалық сынақ – ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарын морфологиялық және биохимиялық белгілері бойынша ерекшелігі мен біртектілігі және селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінімде ұсынылған сипаттамаға сәйкестігі мәніне зертханалық жағдайларда сынау;
      6) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізуді қарастыру жөніндегі сараптама кеңесі (бұдан әрі - Сараптама кеңесі) – мемлекеттік сынау және селекциялық жетістіктерді қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында құрылған Мемлекеттік комиссияның кеңес органы;
      7) Мемлекеттік комиссия – ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды және сынауды жүзеге асыратын, тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия;
      8) өтінім беруші – селекциялық жетістікке патент беруге өтінім және (немесе) селекциялық жетiстiкті пайдалануға рұқсат беруге арналған өтінімді берген жеке немесе заңды тұлға;
      9) пайдалану циклі – өнімді жинау жүргізілетін аралықтағы көп жылдық шөптерді пайдалану кезеңі;
      10) патент қабілеттілігі – сорттың жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық критерийлерге сәйкестігі;
      11) сараптама ұйымы – мемлекеттік монополияға (селекциялық жетістіктерді қорғау саласында қызметтер көрсету) жатқызылған салаларда қызметті жүзеге асыратын, селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ведомстволық бағынысты ұйым;
      12) селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
      13) сорт – шаруашылық және биологиялық қасиеттерi мен морфологиялық белгiлерi бойынша ұқсас, шығу тегi жағынан туыс, өз белгiлерiн тұқым қуалау арқылы келесi ұрпақтарға беретiн және белгiлi бiр ботаникалық таксондағы өсiмдiктердiң басқа топтарынан ең болмағанда бiр белгiсi бойынша ерекшеленетiн бiр дақылдың өсiмдiктер тобы;
      14) сортты сақтау – Қазақстан Республикасында өсімдіктердің қорғалатын сорттарының Мемлекеттік тізіліміндегі ресми сипаттамасына сәйкес сортты қолдау;
      15) сорттық сынақ – селекциялық жетістіктің патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығын сараптамадан және сынақтан өткізу;
      16) сорттың паспорты – сорттық тиесілілікті айқындайтын дәл және қалпына келтірілетін белгілер бойынша сортты сипаттау;
      17) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – тұқым шаруашылығы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      18) шаруашылық пайдалылығы – өнім өндірудің барынша экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін шаруашылық-құнды белгілер кешенінің бар-жоғы;
      19) шаруашылық түсім – жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің бір вегетациялық кезеңінде шығынды шегергенде алғандағы өсірілген өнім көлемі;
      20) шаруашылыққа пайдалылығын егістік сынау – жаңа сорттарды өнімділік деңгейі, өнімнің сапасы, ауруларға және зиянкестерге төзімділігі және әрбір дақыл үшін әдістемелермен айқындалған басқа да шаруашылық-құнды белгілері бойынша стандарттармен салыстыра отырып, жан-жақты және терең зерделеу және бағалау, сондай-ақ олардың экономикалық тиімділігін бағалау.
      3. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын патенттік қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сынауды және бағалауды жүргізу тәсілдері мен әдістері «Ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сорт сынағын жүргізудің әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 06-2/254 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сорт сынағын жүргізудің әдістемесімен (бұдан әрі – әдістеме) айқындалады.
      4. Сорттық сынақ өткізуге арналған тұқымдық және отырғызылатын материал үлгiсі былтырғы жылғы не ағымдағы жылдың өнімінен iрiктеледі және «Тұқымға арналған құжаттаманың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3080 тіркелген) бекітілген нысандар бойынша тұқымның аттестатымен немесе куәлігімен, сондай-ақ «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 32) тармақшасына сәйкес берілген карантиндік сертификатпен бірге жүреді.
      5. Сорттық сынақ өткізу үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін тұқымдық және отырғызылатын материал үлгісі фитосанитарлық сертификатпен және олардың сорттық және егістік сапасын куәландыратын құжаттармен бірге жүреді.
      6. Сорттық сынаққа келіп түсетін тұқымдық және отырғызылатын материал үлгісі, бөтен қоспалардан, басқа өсімдіктердің тұқымдарынан бос болуы, сондай-ақ Мемлекеттік комиссия мен өтінім берушінің арасындағы шартта қарастырылған жағдайларды қоспағанда, қабықтанбаған, дәрiленбеген болуы тиiс.
      7. Сорттық сынаққа ұсынылған тұқымдық және отырғызылатын материал үлгісінде төмендегілерді қамтитын iшкi және сыртқы заттаңбалары болуы тиіс:
      1) сорттың атауы (егер аты әлi айқындалмаса – селекциялық нөмiрi). Шетелдiк сорттың атауы өтiнiш берушiнiң тiлiнде және мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi транскрипцияда жазылады;
      2) тегi, түрiнің атауы (латын және мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде).
      8. Өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға сондай-ақ құрамында гербарий, тұқым, түйнектер, баданалар, қалемшелер, гүлшоғырлары (масақтар, шашақгүлдер, собықтар және өсімдіктердің басқа да бөліктері) бар үлгіні (сорт эталонын) тұқымдық сорттық тектік қорды қалыптастыру және тұрақты сақтау үшін жолдайды.
      9. Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының басқа ұйымдары өткізген, сондай-ақ тиісті шарттар жасалған басқа мемлекеттердің сынақтарының нәтижелерін және өтінім беруші берген деректерді пайдалана алады.
      10. Патент қабiлеттiлiгi мен шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттiк сынақтың немесе өтiнiм берушiнiң деректерi бойынша бағаланатын өсiмдiктердiң тектерi мен түрлерiнiң тiзбелері «Патент қабiлеттiлiгі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттiк сынақтың немесе өтiнiш берушiнiң деректерi бойынша бағаланатын өсiмдiктердiң тектерi мен түрлерiнiң тiзбелерiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-2/490 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11479 тіркелген) бекітілген.

2. Сорттарды патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу тәртібі

       11. Сортты патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу төмендегілерді қамтиды:
      1) патент беруге арналған өтінімнің көшірмесіне сараптама жүргізу;
      2) сорт жаңалығына сараптама жүргізу;
      3) сорттың атауына сараптама жүргізу;
      4) зертханалық сынақ;
      5) ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына егістік сынау.
      12. Өтінім беруші селекциялық жетістікке патент беруге арналған  өтінімді (бұдан әрі – патент беруге арналған өтінім) сараптама ұйымына береді.
      Өтiнiм берiлген күннен бастап екi ай мерзiм өткен соң сараптама жасау ұйымы ол бойынша алдын ала сараптама жүргiзедi. Алдын ала сараптама жүргiзу барысында өтiнiмге басымдық берiлген күн белгiленедi, қажеттi құжаттардың бар-жоғы және оларға белгiленген талаптардың орындалуы тексерiледi. Патент беруге жасалған өтiнiмге алдын ала сараптама екi ай мерзiмде жүргiзiледi.
      Алдын ала сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өтінімді одан әрі қара туралы шешім қабылдайды. Патент беруге арналған өтінімнің көшірмесі Мемлекеттік комиссияға жолданады.
      13. Өтінім берушінің деректері бойынша сортты патент қабілеттілігіне сараптама және сынақ өткізу кезінде сорттың ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа егістік сынақ жүргізілмейді.
      14. Өтінім берушінің деректері бойынша сортты патенттік қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу бір жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі.
      15. Мемлекеттік сорттық сынақ деректері бойынша сортты патенттік қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу екі вегетациялық кезеңнен кем емес уақытта жүргізіледі.
      16. Патент беруге арналған өтінім көшірмесінің сараптамасы, сорт жаңалығына сараптама, сорттың атауына сараптама, зертханалық сынақ екі ай мерзімінде жүргізіледі.
      17. Патент беруге арналған өтінім көшірмесінің сараптамасын Мемлекеттік комиссия ұсынылған ақпараттың толықтығын тексеру арқылы жүргізеді.
      18. Сорт жаңалығына сараптаманы Мемлекеттік комиссия өтінім беруші ұсынған құжаттарды талдау және деректер банкін пайдалана отыру арқылы жүргізеді.
      Егер мәлімделген сорт жаңалыққа сараптама нәтижесінде сорттың жаңалық критерийіне сәйкес еместігі анықталса, Мемлекеттік комиссия сәйкессіздік анықталған күннен бастап, он жұмыс күннің ішінде «Патент беруге қорытынды жасаумен сортты сипаттаудың, сорттың патент қабілеттілігі туралы қорытынды нысандарын бекіту туралы нысандар бойынша (өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беру туралы), өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы қорытынды және селекциялық жетістіктің атауын тексеру нәтижесі бойынша қорытынды туралы қорытындының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 26 наурыздағы № 168 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5646 тіркелген) (бұдан әрі – бұйрық) бекітілген нысан бойынша өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы қорытынды (бұдан әрі – патент беруден бас тарту туралы қорытынды) жасайды және оны сараптама ұйымына жолдайды.
      19. Сорт атауына сараптама жасау кезінде оның мынадай талаптарға сәйкестігі анықталады: сорттың атауы сортты сәйкестендіруге мүмкіндік беруі, қысқа болуы, сол немесе соған жақын ботаникалық түрдің қолда бар сорттарының атауларынан өзгеше болуы тиіс, цифрлардан ғана тұрмауы, қасиеттеріне, шығу тегіне, сорттың маңызына, селекционердің жеке басына қатысты жаңылыстырмауы тиіс, адамгершілік пен мораль қағидаттарына қайшы келмеуі тиіс.
      20. Егер бірдей сортқа арналған өтінім Қазақстан Республикасына және басқа елдерге де берілсе, онда сорттың атауы осы Қағидалардың 19-тармағының талаптарына жауап бермейтін жағдайларды қоспағанда, бірдей сорттың атауы да бірдей болуы тиіс.
      21. Егер сорттың атауы осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген талаптарға жауап бермесе, онда сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша өтінім беруші екі айлық мерзімде жаңа атау ұсынады.
      22. Селекциялық жетістіктің сауалнамасында көрсетілген белгілерге сәйкестігіне зертханалық сынақ жүргізу үшін Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымдық және отырғызылатын материалды жеткізуге тапсырма құжатын (наряд) (бұдан әрі – тұқымды жеткізуге тапсырма құжаты (наряд)) жолдайды.
      Өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға тұқымды жеткізуге тапсырма құжатында (нарядта) көрсетілген мекенжайлар бойынша және мерзімдерде тұқымдық және отырғызылатын материалдың қажетті санын ұсынады.
      23. Зертханалық сынақ барысында:
      1) деректер банкін пайдалана отырып, басқа сорттардан ерекше белгілердің бар-жоғы анықталады;
      2) ұсынылған материалдарды көзбен талдау негізінде белгілердің біртектілігіне баға беріледі;
      3) электрофорез әдісімен биохимиялық зерттеулер жүргізіледі.
      24. Зертханалық сынақтың теріс нәтижелері анықталған кезде (өтінім беруші ұсынған селекциялық жетістік сауалнамасында көрсетілген белгілерге сәйкессіздігі және морфология мен электрофоретикалық спектрдің белоктық формуласы бойынша анық көрінетін ерекше белгілердің болмауы) Мемлекеттік комиссия он жұмыс күннің ішінде сараптама ұйымына патент беруден бас тарту туралы қорытындыны жолдайды.
      25. Зертханалық сынақтың оң нәтижелері алынған кезде Мемлекеттік комиссия ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа егістік сынақтар жүргізу туралы шешім қабылдайды.
      26. Ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа егістік сынақтар жүргізу үшін Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге тұқымдық және отырғызылатын материалдың тапсырма құжатын (нарядын) жолдайды.
      Өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға тапсырма құжатында (нарядында) көрсетілген мекенжайлар бойынша және мерзімде тұқымдық және отырғызылатын материалдың қажетті санын ұсынады.
      27. Патент беруге арналған өтінім беру сәтінде бар болуы баршаға мәлім болып табылатын сорт кез келген басқа сорттан ерекше болса, сорт ерекшелік талаптарына жауап береді.
      Егістік сынақ кезінде сорттың ерекше өзгешеліктерін айқындауға мүмкіндік беретін белгілер жақсы көрінуі және дәл сипаттау мен қалпына келтіруге икемді болуы тиіс.
      28. Егер көбею ерекшеліктерін ескере отырып селекцияланатын белгілері бойынша біртекті болып қалса, сорт біртекті деп саналады.
      29. Негізгі белгілері әрбір көбеюден кейін, ал көбеюдің ерекше циклы кезінде – әрбір көбею циклы соңында, өзгеріссіз қалса сорт тұрақтылық критерийіне жауап береді.
      30. Сортты ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа сынақтан өткізу нәтижелері деректер банкін пайдалана отырып, Мемлекеттік комиссияда өңделеді.
      31. Егер өтінім беруші екі жыл қатарынан Мемлекеттік комиссияның тұқымды жеткізуге тапсырма құжатына (нарядқа) сәйкес тұқымдық материалды ұсынбаған жағдайда, сорт патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақ өткізуден алынады.
      32. Егер Мемлекеттік комиссия жүргізген патент қабілеттілігіне сараптама және сынақтан өткізу нәтижесінде өтінім берілген сорт патент қабілеттілігі шарттарына сәйкестігі анықталса, Мемлекеттік комиссия бұйрықпен бекітілген нысан бойынша патент беруге қорытындымен сорттың сипаттамасын және сорттың патент қабілеттілігі туралы өсімдік шаруашылығындағы (өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беру туралы) қорытындыны жасайды және оларды он жұмыс күннің ішінде екі данада сараптама ұйымына жолдайды.
      33. Мемлекеттік комиссия өтінім берілген сорттың жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық критерийлерінің біреуіне сәйкессіздігін анықтаған кезде, Мемлекеттік комиссия патент беруден бас тарту туралы қорытынды жасайды және оны екі данада сараптама ұйымына жолдайды.
      34. Патент иеленуші сортты патенттің қолданылу мерзімі ішінде селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін Қазақстан Республикасында өсімдіктердің қорғалатын сорттарының Мемлекеттік тізілімінде оларды тіркеген күні жасалған сорттың ресми сипаттамасында көрсетілген белгілері сақталатындай қалыпта ұстайды.
      35. Патент иеленуші Мемлекеттік комиссияның сұрау салуы бойынша бақылау сынақтарын жүргізу және сорттың сақталуын тексеру үшін тұқымдық материалдың үлгілерін сұрау салу жіберілген күннен бастап он екі ай ішінде жолдайды.

3. Сорттарды шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу тәртібі

      36. Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу:
      1) селекциялық жетiстiкті пайдалануға рұқсат беруге арналған өтінімді (бұдан әрі – рұқсат беруге арналған өтінім) қабылдауды;
      2) өтінімге және сорт атауына сараптама жасауды;
      3) шаруашылыққа пайдалылығына егістік сынақтар жүргізуді;
      4) морфологиялық белгілері бойынша сортты сәйкестендіруді;
      5) деректер банкінде сорттың паспортын тіркеуді қамтиды.
      Егер мәлімделген сортта патент беруге оң қорытынды болса, сорт атауына сараптама жүргізілмейді.
      37. Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу үшін өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға рұқсат беруге арналған мынадай құжаттар мен материалдарды қамтитын өтінімді ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістікті пайдалануға рұқсат беру өтініші, екі данада;
      2) өтінім берушінің деректерi бойынша шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткiзу кезiнде – топырақ - климаттық параметрлері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жағдайларына ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сортын сынақтан өткізудің оң нәтижелерін растайтын құжаттама;
      3) ғылыми ұйымдар үшін – селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынаққа беру туралы Ғылыми кеңес отырысының хаттамасынан үзінді көшірме бір данада;
      4) селекциялық жетістік сауалнамасы, екі данада (тиісті дақылдарға арналған нысан бойынша);
      5) тиісті тектері мен түрлеріне арналған селекциялық жетістіктің сипаттамасы, екі данада;
      6) гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктердің және шаруашылықта пайдалану сатысында жақсы дамыған өсімдіктің сорт атауы көрсетілген масштабты сызғышы бар ақ фонда түсірілген суреттері (сурет өлшемі 9х12 сантиметр немесе 13х18 сантиметр);
      7) сортқа технологиялық анықтама;
      8) рұқсат беруге арналған өтінімді беру құқығын растайтын құжат (құқықтық мирасқорлар және делдалдар үшін);
      9) генетикалық түрлендірілген объектілердің (жүгері, дәнді бұршақ, майлы, көкөніс дақылдары бойынша) құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері;
      10) тұқымдық және отырғызылатын материалдың үлгiлерi.
      38. Рұқсат беруге арналған өтінімді заңды немесе жеке тұлға, ал патент беруге өтінім берілген сорт бойынша – патент беруге өтінім берген адам не көрсетілген өкілеттіктерді жүзеге асыруға сенімхаты бар өтінім берушінің өкілі береді.
      Шетелдік өтінім берушілер атынан рұқсат беруге арналған өтінім Мемлекеттік комиссияға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген олардың өкілдіктері арқылы беріледі. Көрсетілген өкілдіктер өтінім бойынша істер жүргізуге байланысты әрекеттерді, оның ішінде кедендік ресімдеу және тапсырма құжаты (наряд) бойынша сынақтан өткізу үшін тұқым материалдарын жіберу жөніндегі әрекеттерді жүзеге асырады.
      39. Жаңа сортты кезекті ауыл шаруашылығы жылының мемлекеттік сынақ жоспарларына енгізуге арналған рұқсат беруге арналған өтінім Мемлекеттік комиссияға:
      жабық тапырақ дақылдары бойынша – 15 тамыздан;
      күздік егіс дақылдары бойынша – 10 қазаннан;
      жаздық дәнді масақты, дәнді бұршақты, жармалық (күріштен басқа), майлы дақылдар (күнбағыстан басқа), картоп, көкөніс және бақша дақылдары, біржылдық, көпжылдық шөптер (құмай жүгеріден басқа), жемдік тамыртүйнек және күнбағыс бойынша – 1 желтоқсаннан;
      жүгері, күріш, құмай жүгері бойынша – 15 желтоқсаннан;
      иіру, техникалық, эфирмайлы дақылдар, мақта, жеміс, жидек дақылдары, жүзім, тұт ағашы, тұт ағашының будандары, гүлді-сәнді өсімдіктер және дәрілік дақылдар бойынша – 25 желтоқсаннан кешікпей түсуі тиіс.
      40. Мемлекеттік комиссияға жіберілетін осы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген құжаттарда сорттың атауы (егер аты әлі анықталмаса - селекциялық нөмірі) және өтінім берушінің немесе оның өкілінің қолы болуы тиіс. Сорттың атауы (егер аты әлі анықталмаса-селекциялық нөмірі) көрсетілмеген құжаттар қаралмай қайтарылады.
      41. Рұқсат беруге арналған өтінімге келіп түскен және өтінімнің бастапқы құжаттарында келтірілмеген және мәлімделген сорттың мәнін өзгертетін белгілері бар қосымша құжаттар рұқсат беруге арналған өтінімді қарау кезінде назарға алынбайды. Ол туралы Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге бір ай мерзімде жазбаша нысанда хабарлайды.
      42. Мемлекеттік комиссиямен хат алмасуды өтінім беруші немесе уәкілеттік берілген оның өкілі әрбір рұқсат беруге арналған өтінім бойынша жеке жүргізеді.
      43. Өтінім берушінің деректері бойынша сортты шаруашылыққа пайдалығына сынақтан өткізу бір жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі.
      44. Мемлекеттік сорттық сынақ деректері бойынша сортты шаруашылыққа пайдалығына сынақтан өткізу егістік тәжірибе отырғызылған күннен бастап, мынадай мерзімдерде жүргізіледі:
      дәнді, дәнді бұршақты, жармалық, майлы, техникалық, иіру, біржылдық жемшөп, көкөніс, бақша, гүлді-сәнді дақылдары және картоп бойынша екі вегетациялық кезеңнен кем емес;
      көпжылдық шөптері бойынша екі циклді қолданудан кем емес;
      жеміс, жидек дақылдары мен жүзім бойынша екі шаруашылық өнімнен кем емес.
      Сортты шаруашылыққа пайдалығына сынақтан өткізу кезеңінде ауа райының қолайсыз жағдайы, форс-мажор болған жағдайда сынақ мерзімі сортты қосымша зерделеу үшін бір вегетациялық кезеңге созылады.
      45. Мемлекеттік комиссия өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде өтінімге және сорт атауына сараптама жүргізеді.
      46. Рұқсат беруге арналған өтінімге сараптама жасау осы Қағидалардың 37-тармағында көрсетілген құжаттардың дұрыс толтыруын тексеру жолымен жүргізіледі.
      47. Сорттың атауына сараптама жасау кезінде оның осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі анықталады.
      Егер сорттың атауы осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген талаптарға жауап бермесе, Мемлекеттік комиссия сәйкессіздік анықталған күнінен бастап он жұмыс күннің ішінде осы туралы өтінім берушіге жазбаша хабарлайды.
      Өтінім беруші екі айлық мерзімде сорттың жаңа атауын ұсынады.
      Егер көрсетілген мерзім ішінде, өтінім беруші жаңа атау ұсынбаса, Мемлекеттік комиссия он жұмыс күннің ішінде оған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанын бойынша сортты шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынақ өткізуден бас тарту туралы қорытындыны жолдайды.
      48. Өтінім берушінің деректері бойынша сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу мынадай жағдайларда жүргізілмейді, егер:
      1) өтінім беруші рұқсат беруге ұсынылатын топырақ-климаттық параметрлері бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жағдайларына ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сортын сынақтан өткізудің оң нәтижелерін растайтын құжаттаманы бергенде;
      2) өтінім беруші берген ауыл шаруашылығы өсімдігінің сортын сынақтан өткізу нәтижелері түсімділіктің стандарттан жоғарлылығы, негізгі ауруларға төзімділігі стандарт деңгейінде екендігін немесе сортты пайдалану мақсатын анықтайтын айрықша шаруашылық құнды белгілері болғандығы туралы куәландырса.
      49. Дақылдың қолайлы дамуын қамтамасыз ететін жағдайларда, егістік сынақтар бір жерде жүргізіледі.
      50. Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу барысында Мемлекеттік комиссия морфологиялық белгілері бойынша сортты сәйкестендіруді жүргізеді, оның нәтижесінде сорттың ресми сипаттамасы жасалады.
      51. Сорт мәлімделген сипаттамаға сәйкес келмеген жағдайда, Мемлекеттік комиссия сортқа тиесілілігін анықтаудың қиындығына немесе мүмкін еместігіне байланысты өтінімді қабылдамау және сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.
      Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуден бас тарту туралы қорытынды өтінім берушіге шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күннің ішінде жолданады.
      52. Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу нәтижелері деректер банкінде тіркеледі.
      53. Егер өтінім беруші өтінім тіркелген кезден бастап екі жыл қатар Мемлекеттік комиссияға жолданған тұқымды жеткізуге тапсырма құжатына (нарядқа) сәйкес сынау үшін тұқымдық және отырғызылатын материалды рұқсат беруге ұсынбаған жағдайда сорт шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуден алынады.
      54. Өтініш берушінің деректері бойынша және мемлекеттік сынақтың деректері бойынша сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу нәтижелері бойынша Мемлекеттік комиссияның Сараптама кеңесі сортты одан әрі сынақтан өткізуден алып тастауды немесе шаруашылық-құнды белгілері кешені бойынша сортты пайдалануға рұқсат беруді негіздей отырып, осы Қағидаларға 4-қосымша сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – Сараптама кеңесінің қорытындысы) қорытынды жасайды.
      55. Мемлекеттік комиссия Сараптама кеңесінің қорытындысы жасалған күннен бастап он жұмыс күннің ішінде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган құрған ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі Республикалық комиссияға (бұдан әрі – комиссия) қарастыруға сынақ нәтижелері мен Сараптама кеңесінің қорытындысын жолдайды.
      56. Комиссия сынақ нәтижелері мен Сараптама Кеңесінің қорытындысын қарастыру қорытындысы бойынша тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тиісті шешім қабылдау үшін сортты сынақтан өткізуден алып тастау немесе шаруашылық-құнды белгілердің кешені бойынша сортты пайдалануға рұқсат беру туралы ұсыныс енгізеді.

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық
сынақтан өткізу қағидаларына
1-қосымша

Нысан

_____________________________________________________________________
   (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),
                       заңды тұлғаның атауы)

Тұқымдық және отырғызылатын материалды жеткізуге тапсырма
құжаты (наряд)

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы» ММ мынадай тұқымдық және (немесе) отырғызылатын материалды (керегінің асты сызылсын) сорттық сынаққа жіберуді сұрайды: 

Дақыл

Сорт

Облыс

Мемлекеттік сорт сынау учаскесінің (станцияның) атауы

Мемлекеттік сорт сынау учаскесінің (станцияың) мекенжайы

Мөлшері, килограмм

1

2

3

4

5

6



















      Жеткізу мерзімі 20___жылғы « » дейін

Басшы___________ ________________________________________________
       (қолы)      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін
сұрыптық сынақтан өткізу
қағидаларына 2-қосымша

Нысан

Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылы министрлігінің Ауыл
шаруашылығы дақылдарының сорттарын
сынау жөнiндегi мемлекеттiк
комиссиясы (010000, Астана қаласы,
Орынбор көшесі, 8, 17 В блогы)

Өтiнiм нөмiрi







Тiркелген күнi







Селекциялық жетістікті пайдалануға жіберуге өтініш 

Өтiнiш берушi(лер)
________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда),
заңды тұлғаның атауы және мекенжайы)
________________________________________________________________
Азаматтығы
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Хат алмасу мекенжайы
________________________________________________________________
________________________________________________________________

Телефон__________ Электрондық мекенжайы ___________ Селекциялык
жетiстiк оригинаторының (ларының) атауы (лар), мекенжайы (лар)
және қатысу үлесі %-да__________________________________________
________________________________________________________________
Тек, түр (орысша атауы)
________________________________________________________________
Тек, түр (латынша атауы)
________________________________________________________________
Ұсынылып отырған атауы
________________________________________________________________
Селекциялық нөмiрi
________________________________________________________________

Автор(лар) (егер автор(лар) өтiнiш берушi(лер) болып табылмаса

Тегi

Аты

Әкесiнiң аты

Үйiнiң мекенжайы

Қатысу үлесi, %











Мендегi (бiздегi) бар ақпарат бойынша басқа авторлары жоқ

Алдыңғы өтiнiмдер

Тiркелген

Өтiнiм нөмiрi

Кезеңі

Қандай атаумен

елі

күнi

Қорғауды беруге





Пайдалануға жiберуге





Мен (бiз) бiрiншi өтiнiмде берiлген материал осы сортты бiлдiретiнiн және осы өтiнiмге сәйкес екендiгiн мәлiмдеймiн(мiз)

Оригинатор ұсынып отырған сынақ өткiзу (пайдалану) салалары

Мен (бiз) селекциялық жетiстiктi шаруашылыққа пайдалылығы бойынша мемлекеттiк сынақтан өткiзудi өтiнемiн(мiз).
Мен (бiз) менде (бiзде) бар мәлiметтер бойынша осы өтiнiмдi қарауға қажеттi және осы өтiнiшке және қосымшаға енгiзiлген ақпарат түпкi және дұрыс екендiгiн мәлiмдеймiн(мiз).
Мен (бiз) үлгiлердiң тиiсiнше алынғандығын және сорттың сәйкес іріктелгенін растаймын(мыз).
Мен (бiз) тiркеу сынақтарын және Мемкомиссия мен оның инспектураларының рұқсат қағаздары бойынша шаруашылыққа пайдалылығына сынақ жүргiзу үшiн тұқымның қажеттi мөлшерiн, сондай-ақ сортты сақтауға эталондық үлгiсiн өтеусiз беруге мiндеттенемiн.
Өтiнiш берушiнiң (берушілердiң) қолы (қолдары)
______________ ______________
____________________ _________________________
____________________ _________________________
____________________ _________________________
____________________ _________________________
____________________ _________________________
____________________ _________________________
Мөр орны ____________________ __________________

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін
сұрыптық сынақтан өткізу
қағидаларына 3-қосымша

Нысан

Сортты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуден бас тарту туралы қорытынды № ____

      Өтінім №
      Өтінім берілген күн:
      Дақыл (тек, түр):
      Сорт/будан:
      Өтінім беруші:
      Сорттың автор(лар)ы:
      Шығу тегі бойынша сипаттамасы:
      Бастапқы (ата-аналық) формалары
      көрсетілген селекция әдісі:
      Өмір салты:
      Даму циклы:
      Сынақтан алу күні:

Қорытынды_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________

Басшы _________ _____________________________________________________
       (қолы)     (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін
сұрыптық сынақтан өткізу
қағидаларына 4-қосымша

Нысан

Сортты одан әрі сынақтан өткізуден алып тастау немесе
шаруашылық-құнды белгілері кешені бойынша сортты пайдалануға
рұқсат беру негіздемесімен қорытынды

Дақыл__________________________________________
Сорт/будан ____________________________________
Сынақ өткізудін басталу жылы __________________
Орташа жылдық көрсеткіш ________________жылдары
Түсімділік, центнер/гектар ____________________
Тәлімі жерде __________________________________
Суармалы жерде ________________________________ 

Көрсеткіштер

20 _____

20 ____

20___

Орташа

1

2

3

4

5

1. Облыс________________





Сорт учаскесі_____________





Стандарт__________________





Сорт _____________________





Ауытқушылық





Сорт учаскесі_____________





Стандарт__________________





Сорт _____________________





Ауытқушылық





Сорт учаскесі_____________





Стандарт__________________





Сорт _____________________





Ауытқушылық





Орташа ___________________





Стандарт__________________





Сорт _____________________





Ауытқушылық





Облыс бойынша орташа _____





Стандарт_________________





Сорт _____________________





2. Облыс бойынша түсімділіктің кепілді қосымшасы, центнер/гектар_________

3. Экономикалық тиімділік, %________________________________________

4. Баға критерийі____________________________________________________

5. 1000 тұқымның, түйнектің, жемістің массасы, грамм_________________

6. Қорапшаның массасы, грамм________________________________________

7. Бір қорапшадағы шитті мақтаның массасы, грамм____________________

8. Шитті мақтаның талшығының шығымы, % _____________________________

9. Жапырақтық, % ____________________________________________________

10. Сабақтың өнімді түптенуі________________________________________

11. Өсімдік биіктігі, сантиметр______________________________________

12. Талшық ұзындығы, миллиметр_______________________________________

13. Төменгі бұршақтардың бекіну биіктігі, сантиметр__________________

14. Бұршақтардың жарылғыштығы, % ___________________________________

15. Ауруларға төзімділігі, балл

Аурулар

















16. Зиянкестерге төзімділігі, балл

Зиянкестер













17. Жапырылып қалуға төзімділігі, балл______________________________

18. Төгілуге төзімділігі, балл_______________________________________

19. Құрғақшылыққа төзімділігі, балл__________________________________

20. Сақталғыштық, % _________________________________________________

21. Вегетациялық кезең, күн__________________________________________

22. Дегустациялық бағасы, балл_______________________________________

23. Сорттың жалпы бағасы, балл_______________________________________

24. Өсіп-өнуге төзімділігі, балл_____________________________________

25. Сапалық және технологиялық көрсеткіштері





Көрсеткіштер, % миллиграмм/грамм, миллилитр





Ескертпе: Кестеде көрсетілмеген көрсеткіштер қосымша толтырылады

Негіздемені дайындаған
________________________________________________      _________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)          (қолы)

«_____» _______________________ 20 ____ жылғы

Қорытындысы

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

«___» ______________ 20 __ жылғы

Басшы __________ _________________________________________________
        (қолы)     (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)