"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25–03–02/120 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 18-03/624 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 тамызда № 11864 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25–03–02/120 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық аткілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7602 болып тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269–273 (27347) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      бұйрықтың кіріспесі мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 9-бабы 1-тармағының 33) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру қағидасында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. «Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер», «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атақтары (бұдан әрі – құрметті атақтар), «Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін», «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгілері (бұдан әрі – төсбелгілер) және құрмет грамоталары:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне;
      2) Комитеттің қарамағындағы ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлеріне;
      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми қызметкерлерге;
      4) облыстық атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бөлімшелерінің қызметкерлеріне;
      5) жануарлар дүниесін қорғау мен өсімін молайтуды жүзеге асыратын аңшылық және балық шаруашылығы субъектілерінің қызметкерлеріне беріледі.»;
      56 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Құрмет грамотасы саналы жұмысы, кәсіби шеберлігі, сала алдына қойылған міндеттерді шешуге жеке үлес қосқан және осы ұжымда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер мен жұмыскерлерге, сондай-ақ жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін еңбек ұжымдарына беріледі.
      6. Құрметті атақтар,төсбелгілерін, және құрмет грамоталарын беру Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беру жөніндегі ұсыныстарды қарау және оларды дайындау үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде (бұдан әрі – Министрлік) комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беруге ұсынымдарды Комитетке:
      1) облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының басшылары және оның бөлімшелері;
      2) жергілікті атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі бөлімшелері;
      3) аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілері;
      4) Комитеттің қарауындағы ведомстволық бағынысты ұйымдар;
      5) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдар жолдайды.»;
      мынадай мазмұндағы 12-1-тармақпен толықтырылсын:
      «12-1. Құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беруге ұсынымдарды Комитет Министрлікке жолдайды.»;
      1516171819 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «15. Құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын беруге ұсынымдарды Комитет Министрлікке мерекелік, мүшелтойлық күндерге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей жібереді.
      16. Қызметкерлер мен еңбек ұжымдарын ынталандырудың барлық түрін есепке алуды Комитеттің кадр қызметі жүзеге асырады.
      17. Құрметті атақтарды, төсбелгілерін және олардың куәліктерін, сондай-ақ құрмет грамоталарын тапсыру Министр немесе басқа да лауазымды тұлғалар арқылы салтанатты жағдайда жүргізіледі.
      18. Құрметті атақтар, төсбелгілерін және құрмет грамоталарын тапсыру кезінде осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша құрметті атақтар, төсбелгілерін беруге және құрмет грамотасын тапсыруға хаттамалар толтырылады.
      19. «Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін», «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгілерімен олардың куәліктері осы Қағидаға 6 және 7-қосымшаларда көрсетілген сипаттамаларға сәйкес жасалады.
      20. Құрмет грамоталарын жасау осы Қағидаға 8-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.»;
      Қағиданың 12467 және 8-қосымшалары осы бұйрыққа 12345 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      Қағиданың 5 және 9-қосымшалары алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2015 жылғы 9 шілдедегі    
№ 18-03/624 бұйрығына    
1-қосымша          

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет   
грамоталарын беру қағидасында
1-қосымша          

Үлгі

«Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер»
құрметті атағының төсбелгісі

      «Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атағына төс белгі емен жапырақты екі бұтақтан өрілген сопақша венок пішінді. Бұтақтардың ұштарына төменгі жағынан лента оралған. Веноктың ортасында құрметті атақтың атауы жазылған өрнекті жазба орналастырылған. Жазбаның төбесінде – Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Жазбаның астында терек жапырағы мен ұшып бара жатқан бүркіт бейнеленген. Белгінің сырт жағы дөңес. Барлық суреттер мен жазба бедерлі. Белгінің сыртқы жағында – киімге бекітетін винт. Белгінің мөлшері: биіктігі – 40 миллиметр, ені – 30 миллиметр, күмістен жасалады.

Құрметті атақтың куәлігі

      Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.
      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:
      Куәлік
      Удостоверение
      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:
      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
      Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      Куәлік №_____
      Удостоверение
      Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің эмблемасы.
      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:
      Құрметті атақ аңшылық және балық шаруашылығы саласын дамытуға, жануарлар дүниесі объектілерін сақтауға және көбейтуге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ лауазымдарда кемінде 15 жыл мінсіз және толассыз жұмыс істеген жоғары білікті мамандарға жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізгені үшін беріледі;
      «Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атағы берілді.
Министр _____________________________________________________________
             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)
_____________________________________________________________________
                    (марапатталған күні, айы, жылы)

М.О.

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2015 жылғы 9 шілдедегі    
№ 18-03/624 бұйрығына    
2-қосымша          

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет   
грамоталарын беру қағидасында
2-қосымша          

Үлгі

«Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер»
құрметті атағына төсбелгісі

      «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» құрметті атағына төсбелгісінің емен жапырақты екі бұтақтан өрілген көк түсті кестеленген формасы алтын сияқты жапсырылған.
      Қалқанын былайша бедерленіп салынған:
      Қазақстан Республикасының елтаңбасының жоғарғы бөлігі алтын түстес (сырт жағы дөңес);
      орта бөлігінде – «Балық шаруашылығы саласында еңбек сіңірген қызметкер» деген жазу – шрифты алтын түстес (сырт жағы дөңес);
      төменгі бөлігі – шеңбердің ішінде көк түсті толқын бейнеленген, оған шығып келе жатқан күн бейнеленген. Негізгі шеңберде «бекіре» балығы ирек жолақпен бейнеленген.
      Белгінің сыртқы жағында – киімге бекітетін винт.
      Белгінің мөлшері: биіктігі – 40 миллиметр, ені – 30 миллиметр, күмістен жасалады.

Құрметті атақтың куәлігі

      Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.
      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:
      Куәлік
      Удостоверение
      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:
      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
      Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      Куәлік № _____
      Удостоверение
      Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің эмблемасы.
      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:
      Құрметті атақ аңшылық және балық шаруашылығы саласын дамытуға, жануарлар дүниесі объектілерін сақтауға және көбейтуге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ лауазымдарда кемінде 15 жыл мінсіз және толассыз жұмыс істеген жоғары білікті мамандарға жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізгені үшін беріледі.
Министр _____________________________________________________________
             (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)
_____________________________________________________________________
                    (марапатталған күні, айы, жылы)

М.О.

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2015 жылғы 9 шілдедегі    
№ 18-03/624 бұйрығына    
3-қосымша          

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет   
грамоталарын беру қағидасында
4-қосымша          

Нысан

Құрметті атақ беру төсбелгілерімен марапаттау мен
құрмет грамоталарын тапсыру хаттамасы

_____________________________________________________________________
       (қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)
Мен, ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
   (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің тегі, аты,
             әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 20___жылғы
«____»_____________ № ____ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі атынан:_________________________________
_____________________________________________________________________
(марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және
                             лауазымы)
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________ тапсырдым.
Министр: ____________________________________________________________
          (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы және
                               министрліктің мөрі)
Комиссия хатшысы_____________________________________________________
                (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)
Марапатталған тұлғаның (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
қолы):
_____________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2015 жылғы 9 шілдедегі    
№ 18-03/624 бұйрығына    
4-қосымша          

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет   
грамоталарын беру қағидасында
6-қосымша          

Нысан

«Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін»
төсбелгісінің сипаттамасы

      Төсбелгісі диаметрі 34 миллиметр металл шеңбер (бұдан әрі – шеңбер) болып табылады, онда стильді үш элемент: терек жапырағы, ұшып бара жатқан бүркіт және су бейнеленген, оның ішінде ақ түсте «Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» деген бедерлі жазу бар.
      Терек жапырағы орманды бейнелейді және терек жапырағының бейнесі Қазақстанның бүкіл аумағында өсетін теректі білдіреді.
      Ұшып бара жатқан бүркіт Қазақстанның жануарлар дүниесін бейнелейді, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің сақталуына бақылауды білдіреді.
      Су тамшысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өмірінің негізін, сондай-ақ ормандардың су қорғау рөлін білдіреді.
      Шеңбер тартпа мен сақинаның көмегімен мөлшері 55х34 миллиметр қалыпқа бекітілген, ол жасыл матамен керілген, алтын түсті жолақтары бар алтын жиектемемен көмкерілген.
      Құрметті төсбелгісі мыс – никель құймасынан жасалады.
      Төсбелгінің сыртында (реверс) тіркеу нөмірі ойылған.

Төсбелгісі куәлігінің сипаттамасы

      «Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісінің куәлігі бүктемелі кітапша түрінде тығыз қағаздан жасалған.
      Бланкінің бүктелген күйіндегі мөлшері 75х110 миллиметр.
      Ашық күйінде сол жақ бетінде төсбелгісінің бейнесі орналасқан.
      Ашық күйінде оң жағында жоғарғыда «№ ____ КУӘЛІК» деген жазу бар, оның астында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) жазылатын орын бар, ал одан кейін:
      «Жануарлар дүниесін қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталады» деп жазылған.
      Төменде:
      «20___ жылғы «___»_____________ №____ бұйрық»
      Төмендегі мәтін:
      «Министр»
      _______________________________________________________________
              (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      (мөр орны)

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2015 жылғы 9 шілдедегі    
№ 18-03/624 бұйрығына    
5-қосымша          

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет   
грамоталарын беру қағидасында
7-қосымша          

Үлгі

«Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін»
төсбелгісінің сипаттамасы

      Латуннан жасалған және диаметрі 34 миллиметр дұрыс металл шеңбер.
      Төсбелгісінің сырт жағында ортада шеңбер орналасқан. Шеңбердің ішінде үстінде шығып келе жатқан күн бейнеленген су айдынын білдіретін көгілдір түсті толқындар салынған. Шеңбердің бетінде ирек сызықтар астында «бекіре» балығы бейнеленген.
      Шеңберді айнала «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» деп жазылған.
      Сырт жағында шеңбер бейнеленген, оның ортасында «ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті» деп және одан төмен сызық астында «№ және сегіз санды нөмірден тұратын белгіден тұратын төсбелгісінің реттік нөмірі жазылған.
      Белгі құлақша мен сақинаның көмегімен бес бұрышты тартпаға қосылған, ол латуннан жасалып, ені 32 миллиметр, ұзындығы 50 миллиметр сарытүсті 3 жолақпен Қазақстан Республикасының жалауы түстес жібек муарлы лентамен көмкерілген.
      Төсбелгісіндегі барлық бейнелер мен жазбалар бедерлі.
      Белгі түйреуішпен киімге бекітіледі.

Төсбелгісі куәлігінің сипаттамасы

      «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметіүшін» төсбелгісінің куәлігі бүктемелі кітапша түрінде тығыз қағаздан жасалған.
      Куәліктің бүктелген күйіндегі көлемі 75х110 миллиметр.
      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадайжазба бар:
      Куәлік
      Удостоверение
      Ашық күйінде сол жақ бетінде төсбелгісінің бейнесі орналасқан.
      Ашық күйінде оң жағында жоғарғыда «№ ____ КУӘЛІК» деген жазу бар, оның астында марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты жазылатын орын бар,(бар болған жағдайда), ал одан кейін:
      «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталады» деп жазылған.
      Төменде:
      «20___ жылғы «___»_____________ №____ бұйрық»
      Төмендегі мәтін:
      «Министр»
      _______________________________________________________________
           (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы)

      (мөр орны)

Қазақстан Республикасы    
Ауыл шаруашылығы министрінің 
2015 жылғы 9 шілдедегі    
№ 18-03/624 бұйрығына    
6-қосымша          

Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласында құрметті атақтар,
төсбелгілер және құрмет   
грамоталарын беру қағидасында
8-қосымша          

Үлгі

Құрмет грамотасы

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫ

_______________________________
_______________________________
_______________________________

М А Р А П А Т Т А Л А Д Ы
Министр
Астана 20__жыл

Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

ПОЧЕТНАЯ ГРАМОТА
Н А Г Р А Ж Д А Е Т С Я
_______________________________
_______________________________
_______________________________

Министр
Астана 20__ год