Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19-1/441 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 шілдеде № 11811 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 84-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидалары бекiтілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ___________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 11 маусым

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ___________ Е. Досаев
      2015 жылғы 3 шілде

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ___________ Қ. Қасымов
      2015 жылғы 28 маусым

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      ___________ В. Школьник
      2015 жылғы 4 маусым

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 15 мамырдағы 
№ 19-1/441 бұйрығымен  
бекітілген       

Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң
нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 84-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және су объектiлерiне жол берілетін шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу және бекiту (бұдан әрi – ЖШЗӘ нормативi) тәртiбiн айқындайды.
      2. Су объектiлерiне ЖШЗӘ-нiң нормативтерi жер бетi және жер асты суларын экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жай-күйде ұстау мақсатында белгiленедi және оның мақсатты нысанасын ескере отырып, шаруашылық қызметтiң әрбiр түрiнiң су объектiсiне әсерiн кешендi бағалау үшiн қолданылады.
      3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) зиянды әсер – оның салдарынан экологиялық жүйенiң тұрақты жай-күйiнiң бұзылуы, нақты су объектiсiнiң, бассейннiң немесе оның бiр бөлiгiнiң (учаскесiнiң) сандық жағынан айтарлықтай азаюы немесе жай-күйi сапасының нашарлауы орын алған, шаруашылық қызмет түрiнiң су объектiсiне зиянды әсерi;
      2) су объектiлерiне ЖШЗӘ нормативi – оның сақталмауы су объектiсiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң (учаскесiнiң) экологиялық жүйесiнің табиғи жай-күйiнiң бiржола бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн, белгiленген тәртiппен бекiтiлген шаруашылық қызмет түрiнiң су объектiсiне жол берілетін шекті зиянды әсерiнiң көрсеткіші;
      3) шаруашылық қызмет түрiнiң су объектiсiне жол берілетін шекті зиянды әсерi – экологиялық жүйенiң табиғи құрылымы мен қалыпты жұмыс iстеуi сақталатын және халықтың денсаулығына зиян келтiрiлмейтiн, шаруашылық қызмет түрiнiң су объектiсiне жол берілетін зиянды әсерiнiң (антропогендiк жүктеме шамасы) шектi деңгейi.

2. Су объектiлерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердің
нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту

      4. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерi:
      1) ұзақ уақыт әсер етуi су объектiсiнiң экологиялық жүйесiнiң өзгеруiне әкеп соқтырмайтын, антропогендiк жүктеменiң жол берiлетiн шектi шамасы;
      2) су объектiсiне және оның су жинау алаңына түсуi мүмкiн зиянды заттардың жол берiлетiн шекті массасы мен шоғырлануы негізінде белгiленедi.
      5. Су объектiлерiне ЖШЗӘ-нiң нормативтерiн әзiрлеу рәсiмi мыналарды:
      1) су объектiсiн мақсатты пайдалану, оның бассейнiндегi шаруашылық қызмет туралы ақпарат жинауды және қолда бар ақпаратты талдауды;
      2) санитариялық-эпидемиологиялық, балық шаруашылығы және экологиялық талаптарды ескере отырып, су объектiсiнiң қазiргi жай-күйiн бағалауды;
      3) су объектiсiне әсер ету көздерiнiң сандық және сапалық сипаттамасын қамтиды.
      6. Су объектiлерiне ЖШЗӘ-нiң нормативтерiн iздестiру және жобалау жұмыстары нәтижесiнiң негiзiнде ғылыми жұмыстарды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми, мамандандырылған және жобалау ұйымдары әзiрлейдi.
      7. Бiрiншi кезекте шаруашылық қызмет түрiнiң ұзақ уақыт және қарқынды әсерiне ұшыраған аумақтарда орналасқан су объектiлерiне және/немесе ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiне арналған нормативтер әзiрленедi.
      8. Су объектiлерiне ЖШЗӘ-нiң әзiрленген нормативтерi қоршаған ортаны қорғаужер қойнауын зерделеу мен пайдалану саласындағы,  өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға, халықтың  санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органға келiсуге жолданады.
      9. Су объектiлерiне ЖШЗӘ-нiң келісілген нормативтер су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлетті органмен бекiтіледi.
      10. Су объектiсi бассейнiндегi экологиялық ахуал өзгерген немесе су объектiсiнiң жай-күйі туралы жаңа деректер алынған жағдайда су объектiлерiне ЖШЗӘ-нiң белгiленген нормативтерi осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен қайта қаралады.