Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 мамырдағы № 19-1/441 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 шілдеде № 11811 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 84-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидалары бекiтілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы 11 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Е. Досаев

      2015 жылғы 3 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      ___________ Қ. Қасымов

      2015 жылғы 28 маусым

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________ В. Школьник

      2015 жылғы 4 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 15 мамырдағы
№ 19-1/441 бұйрығымен
бекітілген

Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң
нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың атауы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.04.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Су объектілерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 84-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және су объектiлерiне жол берілетін шектi зиянды әсерлердiң нормативтерiн әзiрлеу және бекiту (бұдан әрi – ЖШЗӘ нормативi) тәртiбiн айқындайды.

      2. Су объектiлерiне ЖШЗӘ-нiң нормативтерi жер бетi және жер асты суларын экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай жай-күйде ұстау мақсатында белгiленедi және оның мақсатты нысанасын ескере отырып, шаруашылық қызметтiң әрбiр түрiнiң су объектiсiне әсерiн кешендi бағалау үшiн қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) зиянды әсер – оның салдарынан экологиялық жүйенiң тұрақты жай-күйiнiң бұзылуы, нақты су объектiсiнiң, бассейннiң немесе оның бiр бөлiгiнiң (учаскесiнiң) сандық жағынан айтарлықтай азаюы немесе жай-күйi сапасының нашарлауы орын алған, шаруашылық қызмет түрiнiң су объектiсiне зиянды әсерi;

      2) су объектiлерiне ЖШЗӘ нормативi – оның сақталмауы су объектiсiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң (учаскесiнiң) экологиялық жүйесiнің табиғи жай-күйiнiң бiржола бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн, белгiленген тәртiппен бекiтiлген шаруашылық қызмет түрiнiң су объектiсiне жол берілетін шекті зиянды әсерiнiң көрсеткіші;

      3) шаруашылық қызмет түрiнiң су объектiсiне жол берілетін шекті зиянды әсерi – экологиялық жүйенiң табиғи құрылымы мен қалыпты жұмыс iстеуi сақталатын және халықтың денсаулығына зиян келтiрiлмейтiн, шаруашылық қызмет түрiнiң су объектiсiне жол берілетін зиянды әсерiнiң (антропогендiк жүктеме шамасы) шектi деңгейi.

2-тарау. Су объектiлерiне жол берілетін шекті зиянды әсерлердің
нормативтерiн әзiрлеу мен бекiту

      Ескерту. 2-тараудың атауы жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.04.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Су объектiлерiне жол берiлетiн шектi зиянды әсерлердiң нормативтерi:

      1) ұзақ уақыт әсер етуi су объектiсiнiң экологиялық жүйесiнiң өзгеруiне әкеп соқтырмайтын, антропогендiк жүктеменiң жол берiлетiн шектi шамасы;

      2) су объектiсiне және оның су жинау алаңына түсуi мүмкiн зиянды заттардың жол берiлетiн шекті массасы мен шоғырлануы негізінде белгiленедi.

      4-1. Осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарын ескере отырып, шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде су объектiлерiне ШЖЗӘ-нiң нормативтерi мыналар ретінде анықталады:

      1) су ресурсын жол берілетін шекті алу – антропогендік әсер ету кезінде экожүйеге залал келтірместен уақыт бірлігінде су объектісінен ағысты алудың жол берілетін көлемін білдіретін шекті шаманың мәні;

      2) су объектісіне химиялық заттардың шекті жол берілетін түсуі – уақыт бірлігіндегі зиянды химиялық заттардың су объектілеріне түсуінің шекті жол берілетін массасы мен шоғырлануын білдіретін мәні болып табылады.

      Ескерту. Қағидалар 4-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.04.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Су объектiлерiне ЖШЗӘ-нiң нормативтерiн әзiрлеу рәсiмi мыналарды:

      1) су объектiсiн мақсатты пайдалану, оның бассейнiндегi шаруашылық қызмет туралы ақпарат жинауды және қолда бар ақпаратты талдауды;

      2) санитариялық-эпидемиологиялық, балық шаруашылығы және экологиялық талаптарды ескере отырып, су объектiсiнiң қазiргi жай-күйiн бағалауды;

      3) су объектiсiне әсер ету көздерiнiң сандық және сапалық сипаттамасын қамтиды.

      6. Су объектiлерiне ЖШЗӘ-нiң нормативтерiн iздестiру және жобалау жұмыстары нәтижесiнiң негiзiнде ғылыми жұмыстарды және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды жүргізуге құқығы бар ғылыми, мамандандырылған және жобалау ұйымдары әзiрлейдi.

      7. Бiрiншi кезекте шаруашылық қызмет түрiнiң ұзақ уақыт және қарқынды әсерiне ұшыраған аумақтарда орналасқан су объектiлерiне және/немесе ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерiне арналған нормативтер әзiрленедi.

      7-1. Су ресурсын шекті жол берілетін алу мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Wалу – экожүйе үшін залал келтірмей су объектісінен алуға жол берілетін, ағыс ретінде айқындалған су ресурсын шекті жол берілетін алу (текше километр (бұдан әрі – км3/жыл));

      Wтабиғи – табиғи гидрологиялық режим кезінде ағыстың қамтамасыз етілуіне байланысты айқындалатын жылдық ағыс көлемі (км3/жыл);

      Wэкологиялық – ағыстың қамтамасыз етілуіне қатысты экожүйенің ең төменгі қажетті мұқтаждығы ретінде айқындалатын жылдық ағыс көлемінің есептік мәні (км3/жыл);

      Р% – ағыстың қамтамасыз етілуі (суы көп жыл үшін – 25%, суы орташа жыл үшін (ағыс нормасына жақын) – 50%, суы орташа аз жыл үшін – 75%, суы аз жыл үшін – 95%).

      Экологиялық жылдық ағыстың көлемі нақты су объектісі бойынша ғылыми зерттеу, іздестіру және жобалық жұмыстарды жүргізу барысында айқындалады.

      Экологиялық жылдық ағыстың көлемі мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Wэкологиялық – ағыстың қамтамасыз етілуіне қатысты экожүйенің ең төменгі қажетті мұқтаждығы ретінде айқындалатын жылдық ағыс көлемінің есептік мәні (км3/жыл);

      Р% – ағыстың қамтамасыз етілуі (суы көп жыл үшін – 25%, суы орташа жыл үшін (ағыс нормасына жақын) – 50%, суы орташа аз жыл үшін – 75%, суы аз жыл үшін – 95%);

      a – есептік қамтамасыз етілудің табиғи ағыс нормасынан экологиялық ағысқа көшу коэффициенті;

      Wтабиғи – табиғи гидрологиялық режим кезінде ағыстың қамтамасыз етілуіне байланысты айқындалатын жылдық ағыс көлемі (км3/жыл).

      Су ресурсын шекті жол берілетін алу әрбір су объектісінің әрбір бөлігі (бұдан әрі – су шаруашылығы учаскесі) үшін есептеледі, ол үшін ағыстың қамтамасыз етілуін (жылдың сулылығын) ескере отырып, су ресурстарын тартуға (алуға) лимиттер белгіленеді.

      Ағыстың қамтамасыз етілуіне (жылдың сулылығына) байланысты су ресурсын шекті жол берілетін алудың нормативтерінің алынған мәндері осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес 1-кестеде көрсетіледі.

      Ескерту. Қағидалар 7-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.04.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-2. Су объектiсiне химиялық заттардың шекті жол берілетін түсуі мына формула бойынша есептеледі:



      мұнда:

      Массатүсу – әрбір химиялық зат бойынша (I) есептік кезеңдегі химиялық заттардың су объектісіне немесе су шаруашылығы учаскесіне (V) шекті жол берілетін түсуінің массасы (тонна/жыл);

      ССС – "Су объектілерінде су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 151 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14513 болып тіркелген) негізінде айқындалатын әрбір химиялық зат бойынша (I) су сапасы стандарттарының сандық мәні (текше метрде грамм (бұдан әрі – г/м3));

      Qөзен – өзеннің орташа көпжылдық жылдық табиғи ағысы (секундына текше метр (бұдан әрі – м3/с));

      Qалу – су пайдаланушылардың өзеннен су алуы (м3/с) ;

      Qсарқынды – өзенге немесе есептік су шаруашылығы учаскесіне түсіп жатқан сарқынды сулардың жиынтық өтімі (м3/с);

      Cнақты – бағалау кезіндегі су объектісінің есептік тұстамасындағы ластаушы заттардың нақты концентрациясы (г/м3);

      0,031 – грамм/секундтан тонна/жылға аудару коэффициенті (егер Массатүсу мәнін грамм/секундтан тонна/тоқсанға аудару есебінен анықтау қажет болса, онда аудару коэффициентінің мәні 0,0078 құрайды).

      Ағыстың әр түрлі қамтамасыз етілуі үшін су объектісіне химиялық заттардың шекті жол берілетін түсуі мәндерін айқындау үшін (3) формула бойынша алынған нәтижені мыналарға көбейту қажет:

      суы көп жыл үшін (ағыстың қамтамасыз етілуі 25%) 1,25-ке;

      суы орташа жыл үшін (ағыстың қамтамасыз етілуі – 50%) 1,02-ге;

      суы орташа аз жыл үшін (ағыстың қамтамасыз етілуі – 75%) 0,88-ге;

      суы аз жыл үшін (ағыстың қамтамасыз етілуі – 95%) 0,78-ге.

      Су объектісіне химиялық заттардың шекті жол берілетін түсуі су объектісінің әрбір су шаруашылығы учаскесіне есептеледі.

      Су объектісіне химиялық заттардың шекті жол берілетін түсуі нормативтерінің алынған мәндері осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 2-кестеде көрсетіледі.

      Ескерту. Қағидалар 7-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.04.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Су объектiлерiне ЖШЗӘ-нiң әзiрленген нормативтерi қоршаған ортаны қорғау, жер қойнауын зерделеу мен пайдалану саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы және азаматтық қорғау саласындағы уәкiлеттi органға келiсуге жолданады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.04.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Су объектiлерiне ЖШЗӘ-нiң келісілген нормативтерін су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкiлетті орган ведомствосы бекiтедi.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 06.08.2020 № 183 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Су объектiсi бассейнiндегi экологиялық ахуал өзгерген немесе су объектiсiнiң жай-күйі туралы жаңа деректер алынған жағдайда су объектiлерiне ЖШЗӘ-нiң белгiленген нормативтерi осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен қайта қаралады.

  Су объектілерiне жол берілетін
шекті зиянды әсерлердiң
нормативтерiн әзiрлеу мен
бекiту қағидаларына
1-қосымша
  1-кесте

Су ресурсын шекті жол берілетін алудың нормативтерінің мәні

      Ескерту. Қағидалар 1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.04.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Өзеннің атауы

Тұстаманың атауы

Табиғи ағыс (текше километр)

Экологиялық ағыс (текше километр)

Ағысты алудың нормативтері (текше километр/жыл)

Қамтамасыз етілуі (жылдың сулылығы), пайыздар

25

50

75

95

25

50

75

95

25

50

75

95

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15














































     

  Су объектілерiне жол берілетін
шекті зиянды әсерлердiң
нормативтерiн әзiрлеу мен
бекiту қағидаларына
2-қосымша
  2-кесте

Су объектісіне химиялық заттардың шекті жол берілетін түсуінің мәндері

      Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.04.2018 № 150 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Нормаланатын көрсеткіштер

Су объектісіне химиялық заттардың шекті жол берілетін түсуінің мәндері (тонна/жыл (тонна/тоқсан))

Қамтамасыз етілуі (жылдың сулылығы), пайыздар

25

50

75

95

1

2

3

4

5

6