Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 532 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 шілдеде № 11793 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _________________ Е. Досаев
      2015 жылғы 23 маусым

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      _________________ Қ. Қасымов
      2015 жылғы 16 мамыр

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _________________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 8 мамыр

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің     
2015 жылғы 30 сәуірдегі
№ 532 бұйрығымен   
бекітілген     

Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 23-15) тармақшасын iске асыру мақсатында әзiрлендi және автомобильмен тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға тарту тәртiбiн айқындайды.

2. Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды тарту тәртібі

      2. Төтенше жағдайларды жоюға автомобильмен тасымалдаушыларды тарту төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларды көлiктiк қамтамасыз етудi жедел ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылады.
      3. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдайды енгiзу кезiнде төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға автомобильмен тасымалдаушыларды тартуды орталық атқарушы және жергілікті атқарушы органдармен (бұдан әрi – тапсырыс беруші) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды жою жөніндегі бекітілген іс-қимылдар жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Төтенше жағдайларды жоюға автомобильмен тасымалдаушыларды тарту үшiн тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексімен (Ерекше бөлім), Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексімен (Жалпы бөлім) белгіленген тәртiпте жасалған шарттар шеңберiнде Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларына сәйкес автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға арналған өтінімді жасайды және оны тасымалдаушыларға жібереді.
      5. Өтінімде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес, нысан бойынша  тапсырыс беруші мыналарды:
      1) автомобиль тасымалының түрiн;
      2) пайдаланылатын автокөлiк құралдарының типтерiн;
      3) тасымалдардың сипаты мен ерекшелiктерiн;
      4) жүк жөнелтушiнiң атауын;
      5) жүк алушының атауын;
      6) тиеу (отырғызу) пункттерiнiң атауын;
      7) түсiру (шығару) пункттерiнiң атауын;
      8) автокөлiк құралдарын тиеу (отырғызу) пунктiне беру күнi мен уақытын;
      9) тапсырыс берушінің автокөлiк құралдарын пайдалануының жалпы уақытын көрсетедi.
      6. Төтенше жағдайларды жою үшiн автокөлiк құралдарын жiберетiн автомобильмен тасымалдаушылар жүргiзушілердi адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, өмiрi мен денсаулығын сақтауға, төтенше жағдайлардың сипатына және ауқымына байланысты табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғауға қажеттi қосымша жеке қорғаныс құралдарымен, арнайы құрал-жабдықтармен, саймандармен және аспаптармен қамтамасыз етедi.
      7. Қажет болған жағдайда тапсырыс беруші автокөлiк құралдарының тиеу (отырғызу) және түсiру (шығару) орындарына кедергiсiз жүрiп өтуiн және автокөлiк құралдарын күзетудi қамтамасыз етедi.
      8. Тасымалдаушы автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде автокөлiк құралында жүргiзушінiң рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан және автокөлiк құралының міндетті түрде  техникалық тексеруден өткенi туралы белгiлерi бар жол парағының болуын қамтамасыз етедi.
      9. Автомобильмен тасымалдаушылар төтенше жағдайларды жою жөнiндегi iс-шараларға қатысқан автокөлiк құралдарын олардың тұрақты орналасу орындарына қайтаруды жүзеге асырады.
      10. Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы автокөлiк құралдарын пайдалану тәртiбi «Адамдарды құтқару үшін және аса қажет болған жағдайда төтенше жағдайлар аймағындағы ұйымдардың байланыс, көлік құралдарын, мүлкі мен өзге де материалдық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 1126 қаулысына сәйкес айқындалады.
      Автокөлiк құралдарын төтенше жағдайлар кезінде пайдалану тәртібі «Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай аймағына бару үшін, сондай-ақ егер кідірту адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болса, шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды емдеу мекемелеріне жеткізу үшін, меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда оны өтей отырып, көлікті (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінен басқа) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1357 қаулысына сәйкес айқындалады.

3. Төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды орындауға
байланысты шығындарды өтеу

      11. Төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды орындауға байланысты шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне (бұдан әрi – Бюджет кодексі) 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар резервiнің қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      12. Төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстарды орындауға байланысты шығындарды өтеу көлiктік жұмыстардың нақты орындалған көлемiн және автокөлiк құралдарының нақты пайдаланылған уақытын есепке ала отырып, Бюджет кодексіне сәйкес төтенше жағдайларды жою жөнiндегi жұмыстар аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.

Төтенше жағдайларды жоюға
тасымалдаушыларды тарту
қағидаларына қосымша 

Нысан

Төтенше жағдайларды жоюға тасымалдаушыларды
тартуға арналған өтінім

Ұстанымның атауы

Мазмұны

1.

Автомобиль тасымалының түрі


2.

Пайдаланылатын автокөлік құралдарының типтері


3.

Тасымалдардың сипаты және ерекшеліктері


4.

Жүк жөнелтушінің атауы


5.

Жүк алушының атауы


6.

Тиеу (отырғызу) пункттерінің атауы


7.

Түсіру (шығару) пункттерінің атауы


8.

Автокөлік құралдарын алғашқы тиеу (отырғызу) пунктіне беру күні мен уақыты


9.

Тапсырыс берушінің автокөлік құралдарын пайдалануының жалпы уақыты


      Төтенше жағдайларды жою
      басшысы                     ___________________________