«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес табиғи монополиялар саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес реттелетін нарықтар саласындағы тексеру парағының нысаны бекітілсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Табиғи монополиялар салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 32-НҚ және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 41-НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9297 тіркелген, 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 187 (28410) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Реттелетін нарық салаларындағы жеке кәсіпкерлік аясындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 31-НҚ және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 42-НҚ бірлескен бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9300 тіркелген, 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 187 (28410) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің төрағасы
_____________________ С. Айтпаева
2015 жылғы «____»___________
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 маусымдағы
№ 463 бұйрыққа
1-қосымша
Нысан
Табиғи монополиялар саласындағы
тексеру парағы
____________________________________________________________ қатысты
Тексеруді тағайындаған орган_________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
(№, күні)
Тексерілетін субъектінің атауы_______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің ЖСН, БСН
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
Уәкілетті органның талап етуі бойынша қаржылық есептілік пен өзге де қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген мерзімде ұсыну |
||||
2 |
Тариф салыстырмалы талдау әдісін қолдана отырып бекітілген жағдайда «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тоқсан (жыл) қорытындылары бойынша қызмет туралы |
||||
3 |
Инвестициялық бағдарламаны (жобаны) іске асыру кезеңінде инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті Заңда белгіленген мерзімде ұсыну |
||||
4 |
Тарифтік сметаны орындау туралы жыл сайынғы есепті Заңда белгіленген мерзімде ұсыну |
||||
5 |
Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, Заңда белгіленген мерзімде инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы туралы есепті бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыру |
||||
6 |
Уәкiлеттi орган мен тұтынушыларды тарифтердi (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) төмендету туралы Заңда белгіленген мерзімде хабардар ету |
||||
7 |
Өңірлік электр желісі компаниясының көрсетілетін қызметтердің нақты (өткен күнтізбелік жыл үшін) және жоспарланып отырған (алдағы күнтізбелік үш жылға арналған) шығындары мен көлемдері туралы, сондай-ақ негіздеуші материалдарды қоса бере отырып қызметтің техникалық-экономикалық көрсеткіштері туралы ақпаратты ұсыну |
||||
8 |
Уәкiлеттi органның бастамасы бойынша тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) немесе олардың шектi деңгейлерi және тарифтiк сметалар қайта қаралған жағдайда, табиғи монополия субъектiсiнің тиісті талапты алған күннен бастап бiр ай мерзiмде экономикалық тұрғыдан негiзделген есептердi және өзге де ақпаратты жаңа тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) бекiту үшiн өтiнiм беру кезiндегiдей ұсыну |
||||
9 |
Тұтынушылардың назарына тарифтердiң (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) немесе олардың шектi деңгейлерiнiң өзгертiлгенi туралы ақпаратты, сондай-ақ қуаттылығы аз табиғи монополия субъектiсi жеткiзу |
||||
10 |
Мемлекет қатысатын кредиттік бюроға кредиттік ақпаратты табыс ету |
||||
11 |
Реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық жағынан байланысты қызметтерді көрсету кезінде табиғи монополия субъектісінің Заңда белгіленген мерзімде осы қызметті көрсететіні туралы хабарлама жіберуі |
||||
12 |
Табиғи монополия субъектiсiнiң (бұдан әрі - Субъект) өндiрiспен және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынумен, сондай-ақ Заңға сәйкес Субъект үшiн рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асырумен байланысы жоқ мүлiкке меншiк және (немесе) шаруашылық жүргiзу құқығына ие болу |
||||
13 |
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан, арнайы қаржы компанияларынан, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан, сондай-ақ табиғи монополия субъектiсi үшiн Заңда рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдардан басқа, коммерциялық ұйымдардың акцияларының (қатысу үлестерінің) болуы немесе олардың қызметiне өзге жолмен қатысуы |
||||
14 |
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiрген және (немесе) ұсынған кезде технологиялық циклда пайдаланылатын жеке меншiк құқығымен немесе заңды негiзде өзгеше тиесiлi мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға, лизингтi қоса алғанда, мүлiктiк жалдау (жалға беру) |
||||
15 |
Ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты талап ету құқығын басқаға беру |
||||
16 |
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) байланысты емес шығындарды олардың тарифтерiне (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) немесе олардың шектi деңгейiне енгiзу |
||||
17 |
Белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларда (жобаларда) көзделген қаражатты мақсатсыз пайдалануға жол беру |
||||
18 |
Тарифтiк сметада қамтылатын, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу мен орнату шығындары және ақы алу тетiгi, реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң есептеу аспаптарын сатып алу және орнату туралы ұсынылатын реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) туралы ақпаратты коммерциялық құпия деп тану |
||||
19 |
Неғұрлым тиімді әдістер мен технологияларды қолдануға, нормативтік техникалық ысыраптарды төмендету жөніндегі іс-шараларды өткізуге немесе реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемдерін табиғи монополия субъектісіне байланысты емес себептер бойынша қысқартуға байланысты немесе конкурстық (тендерлік) рәсімдерді өткізу нәтижелері бойынша шығындарды үнемдеу нәтижесінде туындаған, тарифтік сметаға салынған шығындардың толық пайдаланылмаған бөлігінің кемінде елу пайызын жаңа өндірістік активтерді жасауға, кеңейтуге, қалпына келтіруге, жаңартуға, қолдауға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға |
||||
20 |
Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен шығындары табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтi (бағаны, алым мөлшерлемесін) немесе оның шектi деңгейiн және тарифтiк сметаларды бекiту кезiнде ескерiлетiн қызметтердi (тaуapлapды, жұмыстарды) сатып алуды жүзеге асыру |
||||
21 |
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрi бойынша және тұтас алғанда уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен өзге де қызмет бойынша кiрiстердiң, шығындар мен қолданысқа енгiзiлген активтердiң бөлек есебiн жүргiзу |
||||
22 |
Тарифтiк сметаны орындау |
||||
23 |
Уәкілетті орган бекіткен үлгі шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне, сондай-ақ реттелiп көрсетiлетiн өзге де қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) әрбiр түрiне және (немесе) жиынтығына тұтынушылармен жеке шарттар жасасу |
||||
24 |
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ынтымақтастықтың үлгі шарттарына сәйкес кондоминиум объектісін басқару органымен реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) әрбір түріне ынтымақтастық шарттарын жасасу |
||||
25 |
Қазақстан Республикасының салық заңнамасы тиiсiнше өзгертiлiп, соның нәтижесiнде Субъект шығындарының құны азайған жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтердi (бағаларды, алым мөлшерлемелерін) немесе олардың шектi деңгейлерiн аталған өзгерiстер қолданысқа енгiзiлген күннен бастап уәкiлеттi орган бекiткен тәртiппен төмендету |
||||
26 |
Мүлiктi мемлекет меншiгiне беру жағдайларын қоспағанда, өндiрiске және реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) ұсынуға арналған мүлiктi тендер нысанындағы сауда-саттықта иелiктен айыру |
||||
27 |
Субъектілердің реттелетiн қызмет түрлерi бойынша кiрiстердi, шығындар мен қолданысқа енгізілген активтердiң бөлек есебін жүргізу әдiстемесiн әзiрлеу және келісу |
||||
28 |
Белгіленген тәртіппен бекітілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау және инвестициялық бағдарламада (жобада) көзделген қаражатты қолда бар активтерді қалпына келтіруге, жаңартуға, кеңейтуге, қолдауға, негізгі құралдарды реконструкциялауға, техникалық қайта жарақтандыруға басымдықпен бағыттау |
||||
29 |
Нормативтен тыс ысыраптардың болуына жол беру |
||||
30 |
Нормативтік техникалық ысыраптардың деңгейін уәкілетті орган белгілеген шамаға және мерзімге төмендету |
||||
31 |
Уәкілетті органға Заңның 18-1-бабында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға келісім беру туралы қолдаухатты немесе алдын ала хабарламаны ұсыну |
||||
32 |
Өңірлік электр желісі компаниясының тарифтің өзгеруі туралы ақпаратты тұтынушының назарына Заңда белгіленген мерзімде жеткізуі |
||||
33 |
Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын қайта есептеуден алынған қаражатты тікелей тұтынушыларға не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылумен жабдықтау бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу кезінде тарифті (бағаны, алым мөлшерлемесін) төмендету жолымен қайтару |
||||
34 |
Субъектіні мемлекеттік қайта тіркеу, сондай-ақ оның қызметін тоқтатуды тіркеу туралы Субъектінің өтінішіне уәкілетті органның алдын ала келісімінің болуы |
||||
35 |
Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті лицензияның негізінде лицензиялануға жататын іс-әрекеттерді жүзеге асыру бөлігінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңын талаптарын сақтау |
||||
36 |
Жаңадан құрылған Субъектілер үшін өтінімдерді қарауға Заңда белгіленген мерзімде оларды ұсыну |
||||
37 |
Теттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) уәкілетті орган бекіткен тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) бойынша ұсыну |
||||
38 |
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі - Заң) рұқсат етілген, уәкілетті органнан алынған келісімнің негізінде өзге қызметтен басқа қызметтерді жүзеге асыруға салынған тыйымды сақтау |
||||
39 |
Уәкiлеттi орган белгiлеген мөлшерден асатын реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн ақы алуға салынған тыйымды сақтау |
||||
40 |
Заңда көзделмеген қосымша ақы алу немесе өзінің мазмұны бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтердің мәніне қатысы жоқ (қаржылық қаражаттарды және өзге де мүлікті, мүліктік құқықтарды және басқаны беру) қосымша міндеттемелерді өзге түрде тану жөнінде салынған тыйымды сақтау |
||||
41 |
Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) қол жеткiзу шарттарын күштеп таңуға немесе тұтынушыларды кемсiтуге әкеп соғатын өзге де iс-әрекеттер жасауға салынған тыйымды сақтау |
||||
42 |
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемiн жосықсыз тұтынушылардың төлемеуiне байланысты адал тұтынушыларға реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынудан бас тартуға салынған тыйымды сақтау |
||||
43 |
Мемлекеттiк органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде белгiлеген, реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) ақы талап етуге салынған тыйымды сақтау |
||||
44 |
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тұтынушыларына реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) сапасына қойылатын, мемлекеттік органдар өздерінің құзыреті шегінде белгілеген талаптарға сәйкес жалпыға бірдей қызмет көрсетілуін қамтамасыз етуге салынған тыйымды сақтау |
||||
45 |
Тұтынушыларға ұсынылатын реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшiн олардан өз кассалары, сондай-ақ банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, интернет-ресурстар және (немесе) терминалдар арқылы төлемдер қабылдауды қамтамасыз етуге салынған тыйымды сақтау |
||||
46 |
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізудің тең жағдайларын ұсыну |
||||
47 |
Тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейi бекiтiлген жағдайда, барлық тұтынушылар үшiн реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тарифтiң (бағаның, алым мөлшерлемесінің) шектi деңгейiнен аспайтын бiрыңғай тарифтер (бағалар, алым мөлшерлемелері) деңгейлерi бойынша ұсыну |
||||
48 |
Тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) есептеу аспаптарын сатып алмау және оларды тұтынушыларға орнату |
||||
49 |
Есептеу аспабы iстен шыққан жағдайда, есептеу аспаптарының орташа айлық көрсеткiштерi бойынша реттелiп көрсетiлетiн коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен ақы өндiрiп алу |
||||
50 |
Реттелiп көрсетiлетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) ұсынуға шарттар жасасу кезiнде тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол беру |
||||
51 |
Заңның 7-бабының 3-1) тармақшасында көзделген жағдайды ескере отырып, уәкілетті орган бекіткен тарифтердің (бағалардың, алымдар мөлшерлемелерінің) шекті деңгейлері бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер ұсыну |
||||
52 |
Тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын сақтау |
||||
53 |
Акционерлік қоғамдар болып табылатын табиғи монополиялар субъектілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғи монополия субъектісінің интернет -ресурсында орналастырып және мерзімді баспасөз басылымдарында жариялап, табиғи монополия субъектілері үшін жыл сайынғы міндетті аудитті жүргізу |
||||
54 |
Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында тарифтік сметаның орындалуы туралы есепті орналастыру |
||||
55 |
Тоқсан сайын өзінің интернет-ресурсында бос және қолжетімді қуаттылықтардың, сыйымдылықтың, орындардың, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер (тауарлар, жұмыстар) желілерінің өткізу қабілеттері, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар схемасының бар екендігі туралы ақпаратты орналастыру |
||||
56 |
«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инженерлік коммуникациялар туралы мәліметтерді өзінің интернет-ресурсында беруді қамтамасыз ету |
||||
57 |
Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызметі туралы негіздемелерімен және оларды бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастыра отырып, жыл сайын есеп беруді жүргізу |
||||
58 |
Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тұтынушыларды инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың), тарифтік сметалардың орындалу барысы туралы өзінің интернет-ресурсы не уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы жарты жылда бір рет хабардар ету |
Лауазымды адам (дар): __________________________ ______________
(лауазымы) (қолы)
________________________________________________________
(Аты, әкесінің аты, тегі, ол болған жағдайда)
__________________________ ______________
(лауазымы) (қолы)
____________________________________________________________
(Аты, әкесінің аты, тегі, ол болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің
басшысы: ________________________________________ _________________
(Аты, әкесінің аты, тегі (ол болған жағдайда), лауазымы) (қолы)
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 27 маусымдағы
№ 463 бұйрыққа
2-қосымша
Нысан
Реттелетін нарықтар саласындағы
тексеру парағы
____________________________________________________________ қатысты
Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган_____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________
_____________________________________________________________________
(№, күні,)
Тексерілетін субъектінің атауы_______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің ЖСН, БСН
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан мекенжайы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
1 |
Уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы қаржылық есептілікті ұсыну |
||||
2 |
Уәкілетті органға уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмей өндіру (өткізу) деңгейі және өндірілетін (өткізілетін) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) босатылу бағалары туралы ай сайынғы ақпаратты ұсыну |
||||
3 |
Реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаның (жобаның) іс-шараларын орындау |
||||
4 |
Уәкілетті органға оның талап етуімен бағаға сараптама жүргізу үшін қажетті ақпаратты уәкілетті орган белгілеген мерзімде қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде ұсыну |
||||
5 |
Уәкілетті органға, шекті бағада ескерілген, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын инвестициялық бағдарламаның (жобаның) орындалуы не орындалмауы туралы жартыжылдық ақпаратты уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Заңда белгіленген мерзімде ұсыну |
||||
6 |
Алдағы уақытта тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалардың шекті бағадан жоғары өсетіні және өсу себептерін растайтын (реттелетін нарықтарда үстем немесе монополиялық жағдайға ие емес бөлшек сауда нарығы субъектілерін қоспағанда) негіздемелік материалдарды ұсына отырып, олардың өсу себептері туралы кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын жазбаша түрде немесе уәкілетті органның электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы электрондық құжат түрінде уәкілетті органды хабардар ету |
||||
7 |
Баға деңгейін растайтын негіздемелік материалдарды қоса бере отырып, босату бағалары туралы ақпаратты Заңда белгіленген мерзімде ұсыну |
||||
8 |
Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті лицензияның негізінде лицензиялануға жататын іс-әрекеттерді жүзеге асыру бөлігінде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңың талаптарын сақтау |
||||
9 |
Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу тәртібін сақтау |
||||
10 |
Алынған және шекті бағаларда ескерілген инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) іске асыруға пайдаланылмаған табысты тікелей тұтынушыларға не тұтынушылардың толық тізбесін белгілеу мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтарда баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету арқылы қайтару |
||||
11 |
Шекті бағаны негізсіз көтеру нәтижесінде алынған кірісті тікелей тұтынушыларға уәкілетті орган мұндай фактіні анықтаған кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей не тұтынушылардың толық тізбесін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, реттелетін нарықтардағы баға белгілеу тәртібіне сәйкес алдағы кезеңге шекті бағаның деңгейін төмендету жолымен қайтару жөніндегі талапты сақтау |
Лауазымды адам (дар): __________________________ ______________
(лауазымы) (қолы)
____________________________________________________________
(Аты, әкесінің аты, тегі, ол болған жағдайда)
__________________________ ______________
(лауазымы) (қолы)
____________________________________________________________
(Аты, әкесінің аты, тегі, ол болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің басшысы: _______________________________________________________ _____________
(Аты, әкесінің аты, тегі (ол болған жағдайда), лауазымы) (қолы)