Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 16 маусымдағы № 694 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 23 шілдеде № 11737 болып тіркелді

Қолданыстағы

      «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ______________ А. Мамытбеков
      2015 жылғы 9 шілде

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 14 шілде

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ______________ Қ. Қасымов
      2015 жылғы 1 шілде

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      ______________ В. Школьник
      2015 жылғы 14 шілде

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму    
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 16 маусым      
№ 694 бұйрығымен бекітілген 

Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Химиялық өнімнің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 8-1-бабына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалардың қолданысы айналамына, өңдеуіне, қайта өндеуіне, өндіруіне, сатып алуына, өткізуіне, сақтауына, пайдалануына, жоюына қатысты «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заң) сәйкес рұқсат беру тәртібі белгіленген химиялық өнімдерге қолданылмайды:
      1) есірткі құралдар, психотроптық заттар, прекурсорлар;
      2) жарылғыш және пиротехникалық заттар;
      3) улар;
      4) пестицидтер (улы химикаттар);
      5) бояғыштар, синтетикалық жуғыш құралдар;
      6) дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдары;
      7) тамаққа қоспалар.
      3. Осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тіркелмеген химиялық өнім, Заңның 3-бабының 2-тармағында көрсетілген химиялық өнімді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында айналымға жіберілмейді.
      4. Осы Қағидаларда Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) химиялық өнімді тіркеу туралы куәліктер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – оның тіркелуі туралы қажетті мәліметтерді қамтитын және химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүргізетін химиялық өнімнің тізбесі;
      2) химиялық өнімді тіркеу - уәкілетті органның мәлімделген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша тізілімге химиялық өнім туралы мәліметтерді енгізу және химиялық өнімді тіркеу туралы куәлікті беру;
      3) химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік - химиялық өнімге оның тіркеу растау және тізілімге енгізу мақсатында уәкілетті орган беретін құжат.

2. Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу тәртібі

      5. Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу процесі өзіне мыналарды қамтиды:
      1) химиялық өнімді тіркеу үшін өтінім беруші (өндіруші, жеткізуші, импорттаушы) ұсынатын құжаттарды қабылдау;
      2) құжаттарды қарау және химиялық өнімді тіркеу немесе бас тарту туралы шешім қабылдау;
      3) химиялық өнім туралы мәліметтерді тізілімге енгізу немесе дәлелді бас тартуды дайындау;
      4) Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес химиялық өнімді тіркеу туралы куәлікті немесе дәлелді бас тартуды беру.
      6. Химиялық өнімді есепке алу тізілімге мәліметтерді енгізу арқылы уәкілетті орган жүргізеді.
      7. Химиялық өнімді тіркеу және есепке алу үшін өтінім беруші (өндіруші, жеткізуші, импорттаушы) уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша химиялық өнімді тіркеу туралы куәлікті алуға өтінім;
      2) Занның 15-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, мемлектеттік және орыс тілдерінде химиялық өнім қауіпсіздігінің паспорты.
      8. Шетел тұлғалары және шетелдік заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең дәрежеде өтінім беруші (өндіруші, жеткізуші, импорттаушы) бола алады.
      9. Уәкілетті орган өтінім түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және химиялық өнімді тіркеу немесе дәлелді бас тартуды беру туралы шешім қабылдайды.
      Бас тартылған жағдайда, уәкілетті орган өтінім беруші (өндіруші, жеткізуші, импорттаушы) ұсынған барлық құжаттарды қайтарады және оны бас тарту себебін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етеді.
      10. Химиялық өнімді тіркеуден бас тарту үшін негіз мыналар болып табылады:
      1) химиялық өнімнің қауіпсіздігі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына химиялық өнімнің сәйкессіздігі;
      2) химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспортында Занның 15-бабында көрсетілген толық емес ақпаратты ұсыну;
      3) химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспортында химиялық өнім туралы дұрыс емес мәліметтер ұсыну.
      11. Химиялық өнімді тіркеуден бас тарту туралы шешімге «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңның 20-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес өтінім беруші (өндіруші, жеткізуші, импорттаушы) шағымдана алады.
      12. Уәкілетті органның ескертулерін жойған жағдайда, өтінім беруші (өндіруші, жеткізуші, импорттаушы) осы Қағидаларда бекітілген тәртіпте уәкілетті органға қайта жүгінеді.
      13. Химиялық өнімді тіркеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі бес жыл.

Химиялық өнімді тіркеу    
және есепке алу қағидаларына
1-қосымша          

нысан

Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік

      ҚР-ХП-N_________                           ____________________
                                                 (өтінім беруші, ел)
Қолдану саласы ______________________________________________________
____________________________________________________________түріндегі
                          (шығару нысаны)
_____________________________________________________________________
                          (өндіруші фирма)
_____________________________________________________________________
                  (химиялық өнімнің толық атауы)
_______________________________________________________химиялық өнімі

Қазақстан Республикасында тіркелген.

Тіркелген күні ______________________________________________________
Құжат ________________________________________________ дейін жарамды.

      Уәкілетті тұлға__________________________________М.О.

Химиялық өнімді тіркеу    
және есепке алу қағидаларына
2-қосымша          

нысан

Қазақстан Республикасы Инвестициялар    
және даму министрлігінің Индустриялық   
даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті
____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының толық атауы)

Мекенжайы __________________________________
(индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй №,
телефон)                
Көрсетілетін қызметті алушының деректемелері
____________________________________________
(ЗТ/ДК мемлекеттік тіркеу туралы куәлік №,
БСН, ЖСН)                  

Химиялық өнімді тіркеу туралы куәлікті алуға арналған
өтінім

      _______________________________________________________________
химиялық өнімді тіркеу туралы куәлік беруді сұраймыз.

қағаз тасығышта ______ (егер, куәлікті қағаз
тасығышта алу қажет болса, Х белгісін қою)

      Қосымша: ____ парақта.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны
құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      20___ жылғы «___»___________ _____________ (қол қою)