Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17 бабының 14) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытындының нысаны бекітілсін.
2. «Міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытындының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 43-ө бұйрығының (Нормативтік құқыктық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4554 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде 2007 жыл, сәуір № 4, 109-құжат жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі В. Школьник
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
________________Е. Досаев
2015 жылғы 23 маусым
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 11 мамырдағы
№ 343 бұйрығымен
бекітілген
Нысан
Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытынды
20__ жылғы «___» ____________ № ______
________________________________________басшысына
(аудитке жататын субъектінің тегі, аты, әкесінің
аты (ол болған жағдайда) немесе толық атауы
(жеке немесе заңды тұлға)
БСН (ЖСН)* ______________________________________
Мекен-жайы ______________________________________
Міндетті экологиялық аудит жөніндегі қорытынды
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (аумақтық
бөлімше) Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық
кодексінің 17-бабындағы 14) тармақшасына сәйкес _____________________
_____________________________________________________________________
(аудитке жататын субъектінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
жағдайда) немесе толық атауы)
міндетті экологиялық аудит өткізу туралы шешім қабылдады.
Аудитке жататын субъектінің мекен-жайы: _____________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Аудитке жататын субъектінің шаруашылық және өзге де қызметімен
байланысты қоршаған орта үшін болатын мүмкін қауіп-қатерлердің
сипаты:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Міндетті экологиялық аудит өткізу үшін негіздер:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға міндетті
экологиялық аудиттің нәтижелері бойынша экологиялық аудиторлық есеп
берудің (алған кезден бастап алты айдан аспайтын) мерзімі:___________
_____________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік экологиялық
инспекторы
Мөр Күні
Ескертпе:
Міндетті экологиялық аудит жүргізу туралы қорытынды Қазақстан
Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық
реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің ресми
бланкісінде ресімделеді.
* Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) және жеке сәйкестендіру
нөмірі (ЖСН) бар болған жағдайда көрсетіледі.