Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 153-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10336 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 25) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларының 153-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларында:
5, 37, 38-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бір мамандық бойынша қызметкерлер ауысқан (жоғары тұрған, бірдей, төмен тұрған лауазымға тағайындалған) кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жақын мамандықтар бойынша ІІО-ның мамандықтар тізбесіне сәйкес сыныптық біліктілігі расталмайды.
37. Қызмет өтілі мен қол жеткізген кәсіби деңгейін есепке ала отырып, әскери қызметшілерге мынадай сыныптық біліктіліктер беріледі (жоғарылатылады, расталады):
«III сыныпты маман» кемінде бір жыл қызмет өтілі бар (мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін үш айдан кейін), осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген әскери қызметшілерге.
«II сыныпты маман», «III сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі бар (мерзімді қызмет әскери қызметшілері үшін алты айдан кейін) осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген әскери қызметшілерге.
«I сыныпты маман», «II сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі бар осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа, әскери қызметшілерге.
«I сыныпты маман - тәлімгер (шебер)», «Тәлімгер (шебер)», «I сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі бар осы Қағидалардың 54-тармағында көзделген өлшемшарттарға сәйкес кәсіби деңгейге қол жеткізген мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен басқа, әскери қызметшілерге.
38. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының штаттық спорт командасының мына әскери қызметшілері үшін сыныптық біліктілік беріледі (расталады):
1) Ұлттық ұланның штаттық спорт командасының резерві құрамына кіретін мерзімді қызмет әскери қызметшілері-спортшыларға:
«IIІ сыныпты маман» - «спорт шеберіне кандидат» спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Қазақстан Республикасы чемпионатының жүлдегері немесе Қазақстан Республикасы Кубогінің жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған (әскерге шақыру күнінен бастап үш айдан кейін);
«II сыныпты маман» – «III сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, «спорт шеберіне кандидат» спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионы немесе Қазақстан Республикасы Кубогінің жеңімпазы атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге (әскерге шақыру күнінен бастап алты айдан кейін);
2) Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметші-спортшыларға (дене шынықтыру және спорт жөніндегі аға нұсқаушыларға):
«IIІ сыныпты маман» – кемінде бір жыл қызмет өтілі, «спорт шебері» спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионы немесе Қазақстан Республикасы Кубогінің жеңімпазы атақтарын жеңіп алған әскери қызметшілерге;
«II сыныпты маман» – «III сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі, «спорт шебері» спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Азия чемпионатының жүлдегері, Азия ойындарының жүлдегері, Дүниежүзілік Универсиада жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;
«I сыныпты маман» – «II сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі, «спорт шебері» спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Азия ойындарының чемпионы, Азия чемпионы, Әлем кубогі кезеңінің жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;
«I сыныпты маман - тәлімгер (шебер)» – «I сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі, «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Әлем чемпионатының жүлдегері, Әлем кубогінің жүлдегері, Олимпиада ойындарының жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;
3) офицерлер құрамындағы әскери қызметші-спортшыларға (спорт жөніндегі аға нұсқаушыларға):
«IIІ сыныпты маман» – кемінде бір жыл қызмет өтілі, «спорт шебері» спорттық атағынан төмен емес атағы бар және таңдаған спорт түрінен Азия чемпионатының жүлдегері, Азия ойындарының жүлдегері, Дүниежүзілік Универсиада жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;
«IІ сыныпты маман» – «IІІ сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі, «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» атағынан төмен емес спорттық атағы және таңдаған спорт түрінен Азия ойындарының чемпионы, Азия чемпионы, Әлем Кубогі кезеңінің жүлдегері атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;
«I сыныпты маман» – «IІ сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі, «еңбек сіңірген спорт шебері» атағынан төмен емес спорттық атағы бар және таңдаған спорт түрінен Әлем чемпионатының жүлдегері, Әлем кубогінің жүлдегері, Олимпиада ойындарының жүлдегері, Әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;
«I сыныпты маман - тәлімгер (шебер)» – «I сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі, «еңбек сіңірген спорт шебері» спорттық атағы бар және таңдаған спорт түрінен Олимпиада ойындарының чемпионы, Әлем чемпионы, Әлем кубогінің жеңімпазы атақтарының біреуін жеңіп алған әскери қызметшілерге;
4) Офицерлер құрамындағы әскери қызметшілерге (команда бастығына, бас жаттықтырушыға, команданың аға жаттықтырушысына, жаттықтырушыға):
«III сыныпты маман» – кемінде бір жыл қызмет өтілі бар, «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» немесе «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағынан төмен емес спорттық атағы немесе жаттықтыру жұмысында қызмет өтілі бес жылдан кем емес болғанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының чемпионы, Қазақстан Республикасы Кубогінің жеңімпазы, Азия жүлдегері, Азия ойындарының жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы, Дүниежүзілік Универсиада жеңімпазы – атақтарының бірін жеңіп алған штаттық спорт командасының әскери қызметшісін дайындаған әскери қызметшілерге;
«II сыныпты маман» – «IІІ сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде төрт жыл қызмет өтілі бар, «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» немесе «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағынан төмен емес спорттық атағы немесе жаттықтыру жұмысында қызмет өтілі сегіз жылдан кем емес болғанда, сондай-ақ Азия чемпионы, Азия ойындарының чемпионы, Әлем кубогі кезеңінің жүлдегері – атақтарының бірін жеңіп алған штаттық спорт командасының әскери қызметшісін дайындаған әскери қызметшілерге;
«I сыныпты маман» – «IІ сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде жеті жыл қызмет өтілі бар, «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» немесе «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағынан төмен емес спорттық атағы немесе жаттықтыру жұмысында қызмет өтілі он жылдан кем емес болғанда, сондай-ақ Олимпиада ойындарының жүлдегері, Әлем чемпионатының жүлдегері, Әлем кубогінің жүлдегері, Әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы – атақтарының бірін жеңіп алған штаттық спорт командасының әскери қызметшісін дайындаған әскери қызметшілерге;
«I сыныпты маман – тәлімгер (шебер)» – «I сыныпты маман» сыныптық біліктілігі, кемінде он жыл қызмет өтілі бар, «халықаралық дәрежедегі спорт шебері» немесе «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағынан төмен емес спорттық атағы немесе жаттықтыру жұмысында қызмет өтілі он екі жылдан кем емес болғанда, сондай-ақ Олимпиада ойындарының чемпионы, Әлем чемпионы, Әлем кубогінің жеңімпазы – атақтарының бірін жеңіп алған штаттық спорт командасының әскери қызметшісін дайындаған әскери қызметшілерге.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Сыныптық біліктілік кәсіби даярлық деңгейіне, қызмет өтілі және әскери тәртібінің жай-күйіне (тәртіптік жазасының болуы) қарай:
офицерлерге және сарбаздар мен сержанттар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге – осы Қағидаларға сәйкес жылына бір рет;
мерзімді қызмет әскери қызметшілеріне – осы Қағидаларға сәй кес айқындалады.
Әскери қызметшілердің кәсіби даярлығының деңгейін айқындау инспекторлық (қорытынды) тексерістер, мемлекеттік және бітіру емтихандары, бақылау сабақтары, аттестаттау кезеңінде (нәтижелері бойынша) жүргізіледі».
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Егер әскери қызметшілердің кінәсінен:
бұрын берілген сыныптық біліктілігін растауға арналған өлшемшарттар орындалмаса;
қаруды ұстау қағидаларын бұзуға жол берілсе;
әскери және арнайы техниканы (ұшуды), инженерлік-техникалық құралдарды, автоматтандыру құралдарын және жабдықты пайдалану және сақтау қағидаларын бір жыл ішінде (олардың кінәлары анықталған күннен бастап) бұзуға жол берілсе;
әскери және арнайы техниканы, инженерлік-техникалық құралдарды және автоматтандыру құралдарын жөндеуде ақау жіберілсе;
жауынгерлік (ішкі) қызмет, жауынгерлік кезекшілік, әскерді жасырын басқару, байланыс қауіпсіздігінің қағидалары өрескел бұзылса, олардың сыныптық біліктілігі бір саты төмендетіледі.
Бұл ретте сыныптық біліктілік тек бір сатыға төмендетіледі, ал алып тастау «ІІІ сыныпты маман» сыныптық біліктілігі бар әскери қызметшілерге қатысты жүргізіледі».;
53, 54, 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Сыныптық біліктілігі төмендетілген мерзімді қызмет сарбаздарынан басқа, әскери қызметшілер төмендетілген күннен бастап бір жылдан ерте емес уақытта кезекті сыныптық біліктілігін беруге жіберіледі.
54. Сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау үшін мынадай кәсіби деңгей көрсету қажет:
«ІІІ сыныпты маман» - барлық тексерілген пәндер бойынша «жақсы» бағадан төмен емес (шекті мәндер орындалған) бағаланған, сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ;
Ұлттық ұлан Әскери институтының бітіруші курсының курсанттары – егер мемлекеттік емтиханға шығарылатын пәндер және диплом жұмысын (жоба, міндеттер) қорғау нәтижелері бойынша «жақсы» бағадан төмен емес бағаға бағаланған.
«ІІ сыныпты маман» – барлық тексерілген пәндер бойынша «жақсы» және «өте жақсы» деген бағаға (шекті мәндер орындалған) бағаланған, сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ;
«І сыныпты маман» – барлық тексерілген пәндер бойынша 30%-дан кем емес «өте жақсы» деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша (шекті мәндер орындалған) «жақсы» деген бағаға бағаланған және сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ.
«І сыныпты маман - тәлімгер (шебер)», «Тәлімгер (шебер)» - барлық тексерілген пәндер бойынша 50%-дан кем емес «өте жақсы» деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша «жақсы» деген бағаға (шекті мәндер орындалған) бағаланған және сыныптық біліктілікті айқындау сәтінде тәртіптік жазалары жоқ.
Ұлттық ұланның авиациялық бөлімдерінде инженерлік-техникалық құрамның лауазымдарындағы сержанттар мен сарбаздар лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметшілерге сыныптық біліктілікті жоғарылатуға (растауға) кезінде қызмет көрсетілетін авиациялық техниканың инженерлік-техникалық даярлық бағдарламалары (Инженерлік-техникалық құрамның жауынгерлік даярлық курсы) көлемінде тексеріледі және инженерлік-техникалық даярлық бойынша алған бағаларға байланысты айқындалады.
60. Бір мамандық бойынша мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлері ауысқан (жоғары тұрған, бірдей, төмен тұрған лауазымға тағайындалған) кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жақын мамандықтар бойынша ІІО-ның мамандықтар тізбесіне сәйкес сыныптық біліктілік расталмайды.»;
55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«55. Әскери қызметшілерге:
Министр – Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы Бас қолбасшысына, оның орынбасарларына және «Әскери ұшқыш (штурман) – мергенге»;
Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы – өңірлік қолбасшылық, Әскери институт, тікелей бағыныстағы бөлімдер қолбасшылығына, «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөліністер орталығына (Арнайы операциялар орталығы) және әскери қызметшілерге «І сыныпты маман – тәлімгер (шеберге)», «Тәлімгер (шеберге)» және «І сыныпты әскери ұшқыш (штурманға)» дейін қоса алғанда;
өңірлік қолбасшылық қолбасшылары, Әскери институт бастығы, тікелей бағыныстағы бөлім командирлері - «I сыныпты маманға» дейінгі сыныптық біліктілікті қоса алғанда;
әскери бөлім командирлері – «II сыныпты маман» сыныптық біліктіліктерін беруге, жоғарылатуға, растауға, төмендетуге және алып тастауға құқылы.
Оқу орнында сыныптық біліктілік берілмеген Ұлттық ұланның жоғары оқу орындарының бітірушілеріне бітірушінің қызмет ету орнына келуі бойынша «III сыныпты маман» сыныптық біліктіліктің біліктілік талаптарын орындағанын растайтын тиісті құжаттарды ұсынған кезде әскери бөлімнің командирі бөлім тізіміне енгізілген күннен бастап бір айдан кешіктірмей береді.»;
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы мен оның орынбасарларының сыныптық біліктілігі осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен бес жылда бір рет расталады».
10-қосымша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жазылады.
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 13-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы (Р.Ф. Жақсылықов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 маусымдағы
№ 511 бұйрығына
1-қосымша
Ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау
қағидаларына 10-қосымша
Нысан
«1-сыныпты МАМАН-ТӘЛІМГЕР (ШЕБЕР)»
әскери қызметшілерге (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен
басқа) арналған кеуде белгісі
«МАМАН» (1,2,3 - сыныпты маман)
әскери қызметшілерге (мерзімді қызмет әскери қызметшілерінен
басқа) арналған кеуде белгісі
«МАМАН» (2,3 - сыныпты маман)
мерзімді қызмет сарбаздарына
арналған кеуде белгісі
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2015 жылғы 8 маусымдағы
№ 511 бұйрығына
2-қосымша
Ішкі істер органдарының қызметкерлері
мен әскери қызметшілеріне сыныптық
біліктілігін беру, жоғарылату, растау,
төмендету және алып тастау
қағидаларына 13-қосымша
______________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты-жөні)
сыныптық біліктілік беруге (растауға) даярлығын бақылау карточкасы
Р/с |
Теориялық сұрақтың мазмұны |
Бақылау тақырыптары |
Сынақтық сұрақтар. Орындалғаны туралы белгі (күні) |
Тақырыпты игеру бағасы. Қосымша тапсырмалар туралы ұсыныстар және мерзімі |
1 |
Әуе кемесінің конструкциясы |
1. Әуе кемесінің жалпы сипаттамасы |
1. Әуе кемесінің аэродинамикалық құрылысы |
Тақырып _____ деген бағаға игерілді немесе: |
(карточканың сыртқы жағы)
Р/с№ |
Практикалық жұмыстардың түрлері |
Бақылау жұмыстары. Орындалғаны туралы белгі |
Сынақ жұмыстары. |
Практикалық жұмыстарды игеру бағасы немесе қосымша жұмыстарды орындау бойынша ұсыныстар және мерзімі |
1. |
Әуе кемесін ұшуға дайындау |
1. Әуе кемесіне оттегін толтыру |
1. Жанар-жағармай материалдарын құю |
Практикалық жұмыстар _____ деген бағаға игерілді немесе: қосымша тренажерлар мен сабақтар өткізу қажет |
2. |
Реттеу жұмыстары |
1. Дөңгелектердің тежеу жүйесін реттеу |
1. Басқару жүйесін реттеу |
Ескертпе:
1. 3-баған инженерлік-техникалық құрамды жауынгерлік даярлау курсының тақырыбын және пайдалану тәжірибесін пайдалана отырып толтырылады.
2. Сынақ жұмыстары бақылау жұмыстарының негізгілерінен тұруы тиіс.